Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
1
және 3 кестелердегі деректер бойынша
кәсіпорын меншігінің көздері
793353 теңгеге төмендеді, бұл
Қаржыландыру коэффициенті 6,45-тен 7,02 дейін өсті.
Қарыздық пен меншікті капитал коэффициенттерінің қатынасы 0,16 –дан 0,14% дейін төмендеді. Қарыздық капитал үлесінің нормативтік шамасын анықтау үшін активтердің жалпы соммасындағы негізгі капиталдың үлес салмағын 0,25 көбейтіп, ағымдағы активтердің үлес салмағын 0,5 көбейту керек. Алынған нәтижелерді қарыздық капиталдың үлесі мен бірлігінің ауытқуына бөлу арқылы қаржылық рычаг коэффициентінің нормативтік мәнін анықтай аламыз. Біздің жағдайымызда 2008 жылы қарыздық капиталдың нормативтік үлесі 0,4725 (0,11 0,25 + 0,89 0,5) құрауы тиіс, ал қаржылық рычагтың шамасы немесе қарыздық және меншікті капиталдың қатынасы 0,896 [0.4725/ (1 – 0.4725)] құрауы тиіс. Оның шамасы - 0,14 –бұл нормативтік шамадан едәуір кем, яғни қаржылық тәуекелдің деңгейі төмен деуге болады. Инвестицияландыру коэффициенті 5,55 тармаққа өсті (2,56 – дан 8,11дейін), бұл меншікті капиталдың тек қана негізгі құралдарды иемденуге ғана емес, ағымдағы активтерге де толық көлемде жұмсалатындығының белгісі. Автономия коэффициентінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, ал қаржылық тәуекел коэффициентінің деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтің нәтижелеріне байланысты. Егер өндірістік және қаржылық жоспарлар сәтті жүзеге асырылатын болса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң әсерін тигізеді және керісінше, егер өндіріс пен өнімді өткізу бойынша жоспар толығымен орындалмайтын болса, онда оның өзіндік құны өсіп, түсім мен пайда соммасы азайып, осының бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлемқабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайы бақытты кездейсоқтық болып табылмайды, кәсіпорынның шаруашылық қызметін анықтайтын барлық факторлардың кешенін сауатты, тиімді басқарудың нәтижесі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының сыртқы көрінісі оның төлемқабілеттілігі болып табылады. Егер кәсіпорын иемденген ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар, басқа кәсіпорындарға уақытша қаржылық көмек) және активтің есеп айырысулары (дебиторлық есеп айырысулар) қысқа мерзімді міндеттемелерді жабатын болса, онда кәсіпорын төлемқабілетті болып саналады. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігін келесі көрсеткіштерді салыстыру арқылы көрсетуге болады:
А – ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымда, активтің есеп айырысулары
КП –қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;
КБ – кредиторлық берешек.
2008 жылғы кәсіпорынның бухгалтерлік баланс бойынша келесі қатынастар құрылған:
286979 > 275996.
Төлемқабілеттілікті бағалау үшін меншікті айналымдық капиталдың шамасын есептеу керек, яғни айналымдық (ағымдағы) активтердің жалпы соммасы қысқа мерзімді міндеттемелер соммасынан артық болатын шаманы анықтау керек. Көрсеткіштің мәні осында, ағымдағы міндеттемелер бұл 1 жыл ішінде өтелінетін қарыздар болып табылады, ал ағымдағы активтер бұл қолма - қол ақша, немесе оған айналатын, бір жыл ішінде шығындалатын қаражаттар. Ағымдағы міндеттемелер айналым қаражаттар есебінде өтелуі тиіс. Егер айналым қаражаттардың соммасы ағымдағы міндеттемелер соммасынан артық болса, онда олардың арасындағы ауытқулар шаруашылық қызметті одан әрі жалғастыруға арналған меншікті айналым капиталдың шамасын береді. Ағымдағы активтерден тауарларды сату жүзеге асырылады, ол кредитті алудың және өткізілетін тауарлық массаның көлемін ұлғаюының негізі болып саналады. Меншікті айналымдық капиталдың жеткіліксіздігі кәсіпорын банкроттығына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіш ағымдағы активтердің жалпы шамасынан қысқа мерзімді міндеттерді алып тастау арқылы анықталады немесе келесі формула бойынша анықталады:
МАК = IIIП – IA
В 2008 году МАК = 1935983 – 238785 = 1697198 теңге,мұнда
IIIП – баланс пассивінің III бөлімінің қорытындысы,
IA – баланс активінің I бөлімінің қорытындысы,
МАК – меншікті айналым капиталы.
Меншікті айналым капиталының шамасы 1586910 теңгеге өсті, яғни 6,9 % өсті.
Төлемқабілеттілікті
бағалағанда айналым
К
ағым.өтім = АК/ (ҚП+ҚБ)мұнда
АК – кәсіпорынның айналымдық капитал(ағымдағы активтер)
ҚП –қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар;
КБ – кредиторлық берешек.
Талданатын кәсіпорынның бухгалтерлік баланстың мәліметтері бойынша:
2007 жылы:
К
ағым.өтім=1990330/403420=4.93
2008
жылы:
К
ағым.өтім=1973194/275996=7.15
Талданатын кәсіпорынның ағымдағы өтімділіктің мәні нормативтен едәуір жоғары және өсу беталысы байқалады (2 есеге жуық).
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы баланстың пассив пен актив баптарының қатынасын зерттеу негізінде толығырақ ашылады. Баланс активінің және пассивінің әрбір бабында өзінің қаржыландыру көздері болатыны белгілі.Ұзақ мерзімді активтердің қаржыландыру көздері меншкті капитал мен ұзақ мерзімді қарыздық көздерден тұрады.
Ағымдағы активтер қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінде де, меншікті капитал есебінде де құрылады. Бұл активтердің жартысы меншікті капитал негізінде, жартысы қарыздық капитал негізінде құрылуы тиіс.
«Казмельмаш»ЖШС-тың
Көрсеткіштер | 2007 ж. | 2008 ж. |
Ағымдағы активтердің жалпы соммасы Қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы соммасы Меншікті айналым капиталының соммасы Ағымдағы активтер соммасындағы үлес, %: меншікті капитал тартылған капитал |
1990330 403420 1586910 80 20 |
1973194 275996 1697198 86 14 |
Келтірілген деректер 2007 жылдағы ағымдағы активтердің 20% қарыздық қаражаттар есебінде тұратындығын, 2008 жылдағы ағымдағы активтерді құрудағы қарыздық көздерінің үлесі төмендегенін, яғни 14% құрағанын, ал меншікті қаражаттардың өскенін, яғни 86% құрағанын көрсетеді. Бұл «Костанайлифтинвест» ЖШС-тың сыртқы инвесторлардан тәуелділігінің төмендеуінің белгісі, яғни кәсіпорын активтерді қаржыландыруда консервативтік бағыт ұстайтындығын білдіреді. Қаржылық тұрақтылықтың төрт түрлерін ажыратуға болады:
Ш
< МАК + ПК
Ш
= МАК + ПК
3) төлемқабілеттілікті бұзумен байланысты қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы. Алайда мұнда меншікті қаражаттар көзін толтыру және меншікті айналым қаражаттарын ұлғаюы есебінде тепе-теңдікті қалпына келтіру мүмкіндігін сақтауға болады:
Ш=
МАК + ПК + К
4)
қаржылық дағдарыс жағдайы, кәсіпорын
жағдайы банкроттылық шегіне ұшырайды:
Ш >
МАК + ПК + К
Бұл жағдайда төлем балансының
тепе-теңдігі мерзімі өткен
2008 жылдағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың түрін анықтайық:
Яғни
келесі шарт орындалады:
Ш
< МАК+ ПК
Сонымен
«Казмельмаш»ЖШС 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда
өткізу айналымы 49,9%, өсуі кезінде оның
меншігінің көлемі кеміді, бұл кәсіпорынның
өзінің активтерін рационалды түрде реттейтінін
білдіреді. Жалпы айтқанда кәсіпорынның
қаржылық жағдайы тұрақты, оның төлемқабілеттілігі
мен өтімділігі жоғары деңгейде, сыртқы
көздерден қаржыландыру төмендеді.
2.2
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін
және ресурстарды қолдану тиімділігінің
талдауы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы біршама дәрежеде оның іскерлік белсенділігімен байланысты.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің басты сандық және сапалық критерийлері болып табылады:
- экспорттық жеткізілімнің болуын қоса алғандағы өнімді өткізу нарықтарының кеңдігі;
- кәсіпорынның беделі;
- шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
- олардың өсуінің берілген қарқындарының қамтамасыз етілуі;
- кәсіпорынның (капиталдың) ресурстарын қолдану тиімділігінің деңгейі;
- экономикалық өсімнің тұрақтылығы.
Кәсіпорынның
Негізгі
көрсеткіштердің динамикасын
РP > ТQ > ТB > 100%
Мұнда: ТP, ТQ, ТB – сәйкесінше салық салынғанға дейінгі пайданың, өткізу көлемінің және активтер (капитал) соммасының өзгеру қарқындары.
Берілген арақатынас білдіреді:
- біріншіден, пайда өнімді сату көлемінің өсуімен салыстырғанда жоғарырақ қарқынмен ұлғаюда, бұл өндіріс пен айналыс шығындарының салыстырмалы азаюы туралы куәландырады;
- екіншіден, сату көлемі кәсіпорын активтерінің (капиталының) ұлғаюымен салыстырғанда жоғарырақ қарқынмен өсуде, яғни кәсіпорынның ресурстары тиімдірек қолданылады;
- үшіншіден, кәсіпорынның экономикалық әлеуеті алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өсіп жатыр.
Әлемдік тәжірибеде қарастырылған арақатынас «кәсіпорын экономикасының алтын ережесі» деген атқа ие болды. Дегенмен егер кәсіпорынның қызметі өзін-өзі өтей алатын және болашақта пайда әкеле алатын қомақты қаражаттардың (капиталдың) салынуын талап етсе, онда осы «алтын ережеден» ауытқулар болуы мүмкін. Онда бұл ауытқуларды жағымсыз деп қарастырмау қажет. Осындай ауытқулардың пайда болу себептеріне жатқызылады: