ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

Казмельмаш.doc

— 470.50 Кб (Скачать документ)

      

     К

=
/  10 /,  мұнда
 

       К - дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті;

     Д- кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы. Оның өсімі шаруашылық субъектінің өнімге деген сұраныстың өсуін білдіреді, ал оның төмендеуі сұраныстың азаюымен байланысты дайын өнімнің толуын білдіреді.

     7. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді өткізуден түскен табыстың (түсімнің) кезең бойынша  дебиторлық берешектің орташа шамасына қатынасы арқылы келесі формула бойынша анықталады: 

     

К
  =
  / 23,10 /,   мұнда
 

     К - дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті;

       Д - кезең бойынша дебиторлық борыштың орташа шамасы;

       Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті көрсеткішімен бірге дебиторлық берешек айналымның орташа мерзімін келесі формула арқылы анықтауға болады:

      

     Д

=
=
,  мұнда
 

     Д - дебиторлық берешек айналымның орташа мерзімі немесе оны өтеу кезеңі;

     Бұл көрсеткіш компания клиенттеріне онымен шығарылған шоттар бойынша төлеуге талап етілетін уақытпен сипатталады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі оң бағаланады, ал жоғарылауы теріс бағаланады. 

     8.Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді өткізуден түскен табыстың /  10   /  немесе  өткізілген өнімнің өзіндік құнының / 23 / кезеңдегі кредиторлық берешектің орташа шамасына қатынасы арқылы келесі формула бойынша анықталады:   

     К

=
,  мұнда
 

     К - кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті;

       К - кезеңдегі кредиторлық берешектің орташа шамасы;

     Кредиторлық берешек айналымдылығының коэффициенті дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентінің  баламасындай коммерциялық кредиттің ұлғаюы мен төмендеуін көрсетеді. Оның айырмашылығы кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті субъектіге ұсынылатын коммерциялық кредиттің ұлғаюы мен төмендеуін көрсетеді, дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті кезінде субъектімен ұсынылатын коммерциялық кредиттің ұлғаюы мен төмендеуін көрсетеді. Кредиторлық берешек коэффициентінің өсімі субъектінің қарызды төлеу жылдамдығының өскенін, ал төмендеуі кредиттегі көтере сатып алудың өсімін көрсетеді.

   9. Ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті. Шаруашылық жүргізуші субект қызметінің тұрақтылығы үшін ақша қаражаттардың қозғалысының жылдамдылығының мәні ерекше, бұл субъекттің қаржылық берекесінің бір  шарты болып табылады және ол субъектінің  ағымдағы міндеттерін жабуды қамтамасыз етеді, сәйкесінше максималды керекті ақша қаражаттар қорының болмауы субъектінің қаржылық қиындығының белгісі болып табылады. Ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті келесі формула арқылы анықталады: 

     К

=
,   мұнда
 

     К - ақша қаражаттарының айналымдылық коэффициенті;

       АҚ - талданатын кезең бойынша ақша қаражаттардың айналымы;

       АҚ - ақша қаражаттардың орташа қалдығы;

      Ақша  қаражаттардың айналымын есептеу  үшін «Есептік шотта қолма-қол ақша» 441 шот бойынша талданатын кезеңдегі кредиттік айналымды қолдану керек, яғни шаруашылық жүргізуші субъектілердің көбісі өзінің контрагенттерімен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асырады, ал ақша қаражаттардың касса арқылы (мысалы, жұмыскерлердің еңбекақысы немесе шаруашылық шығындарды төлеу) берілуі олардың банктен алдын–ала алуды болжамдайды.

      Талданатын  кезеңде ақша қаражаттардың айналым  санын көрсететін ақша қаражаттардың  айналымдылық коэффициентімен бірге, ақша қаражаттардың жеткіліктілігін  бағалайтын ақша қаражаттардың айналым кезеңінің ұзақтығы анықталады. Осындай мақсатпен келесі формула қолданылады:

      Ұа.қ =

(АҚ о * Ұр )/АҚа
мұнда

        Ұ - ақша қаражаттар айналымының кезеңі;

        АҚ - ақша қаражаттардың орташа қалдығы;

        Ұ - талданатын кезеңнің ұзақтығы;

        АҚ - талданатын кезең бойынша ақша қаражаттардың айналымы;

      Ақша  қаражаттар қозғалысының көрсетілген  бағыттарын ақша қаражаттардың қозғалысы  туралы есеп беруде келтірілген  операциондық (ағымдағы), инвестициялық және қаржылық қызметінің бөлімінде  қарастырылуы қажет.

      10. Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Инвестицияланған капиталдың айналымдылық коэффициенті өзіндік дамуға салынған инвестицияларды қосқанда, шаруашылық субъектінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялардың айналым жылдамдығын көрсетеді. Алымында өткізуден түскен табыс (түсім), бөлімінде кезеңдегі  инвестицияланған капиталдың орташа шамасы өрнектеледі:  

      К

=
ТN/(Ұии),  мұнда
 

      Ұи және Қ - сәйкесінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестициялар.

      Бұл коэффициенттің мәнін анықталған  кезең бойынша айналымға түскен капиталдың айналымдылық коэффициенті мәнімен (барлық активтерден ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді инвестицияларды азайтылуы), яғни өндірістік қызметінде тікелей жұмыс істейтін капиталмен  салыстыру керек / 30  /.

      11. Айналымға түскен капиталдың айналымдылығын формула арқылы анықтауға болады, мұнда алымында өткізуден түскен табыс (түсім), бөлімінде кезеңдегі айналымға түскен капиталдың орташа шамасы өрнектеледі.  

      К

=
,   мұнда
 

        А -айналымға түскен капитал.

      12. Перманенттік капиталдың айналым жылдамдылығын өткізуден түскен табыстың (түсімнің) кезеңдегі перманенттік капиталдың орташа шамасына қатынасынан алынған коэффициент анықтайды:

       

      К

=
,  мұнда
 

      Пер/к- перманенттік капитал = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер.

      Бұл коэффициент шаруашылық жүргізуші субекттің ұзақ мерзімді қолданыста болатын капиталдың айналу жылдамдылығын көрсетеді. Бұл коэффициенттің мәні меншікті капиталдың айналымдылық көрсеткішімен ұқсас, оның айырмашылығы бұл коэффициенті талдағанда шаруашылық субъектінің ұзақ мерзімді міндеттемелерін есепке алу қажет.

      13. Іскерлік белсенділіктің индексі айналымдық капиталын басқару кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъекттің негізгі қызметі бойынша кәсіпкерліктің тиімділігін сипаттайды. Талданатын кезең бойынша айналымға түскен капиталдың айналымдылығын негізгі қызметтің шаруашылық табыстылығының  мәндерін көбейту  арқылы есептелінеді:

       

      И

=
,  мұнда
 

       - айналымға түскен капиталдың айналымдылқ коэффициенті;

      S- өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;

        негізгі қызметтің табыстылығы;

      Т -негізгі қызметтен түсетін табыс;

      Т - өнімді өткізуден түскен табыс;

      Сонымен шаруашылық жүргізуші субъектінің іскерлік белсенділігін  сипаттайтын негізгі көрсекіштерін қарастырдық, олардың талдауы субъектінің өзінің қаражатарын  тиімді пайдалануды анықтайды. Олардың талдау әдістемесі автордың жұмысында толық көрсетілген. /23,5 /. 

    1.2 Ресурстарды қолдану тиімділігі – іскерлік белсенділіктің басты сапалы критерийі

 
 

      Бизнес - жоспарды дайындаған кезде басқарушылар өндіріс тиімділігінің көрсеткіштеріне көп көңіл бөлуі керек.

      Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндіріс нәтижелерін (әсерін) шығындармен немесе қолданылған ресурстармен салыстыру арқылы өлшенеді.

      Алынған нәтижені (өнімнің табысы) аванстанған  немесе тұтынылған ресурстармен (шығындармен) салыстырғанда  бірқатар кәсіпорын  қызметінің тиімділік көрсеткіштерін анықтауға болады, олардың ішіндегі ең маңыздылары  еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материал қайтарымы болып табылады. Бұл көрсеткіштерді талдаудың әдістемесі диссертантпен  жарияланған талдамалық әдебиеттерде және оқу құралдарында нақты көрсетілген.  Табыстылық көрсеткіштерінің үш тобы бар:

      а) жалпы активтер (жалпы, жиынтық капитал) және олардың жеке элементтері;

      б) өнімдер;

      в) ақша қаражаттардың таза құйылу негізінде есептелінетін табыстылық көрсеткіштері /  31  /.

      Шартты түрде оларды екі түрге бөлуге болады: 
1) жалпылама

2) техникалық-экономикалық.

       Бірінші топтағы көрсеткіштерге табыстылық деңгейін, еңбек өнімділігін (еңбек сыйымдылығы), қор қайтарымын (қор сыйымдылығы), материал қайтарымын, капитал салымындарының (капитал сыйымдылығы) қайтарылымдығын жатқызамыз. Екінші топқа ресурстарды қолдану тиімділігінің көрсеткіштерін жатқызамыз. Бұл көрсеткіштер  нақты талдау және өндіріс процессінің жеке жақтарын жоспарлау үшін, кәсіпорындағы оның өсімінің факторларын есептеу үшін қолданылады. Бұл: жеке өндірім: еңбек құралдарын қолдану, агрегаттардың қуаттылық  коэффициенттері және т.б.; шикізат, материалдар, отын және энергетика шығындарының үлесі, капитал салымдарының үлесі, келтірілген шығындар, өтелімділік мерзімі.

     Өндірістің  экономикалық өсімін экстенсивті әдіспен  де, интенсивті әдіспен де  анықтауға болады. Өнімнің өрлеу қарқынының  ресурстар мен шығындардың өрлеу қарқынынан жоғарылауы интенсивті экономикалық өсімін көрсетеді.

     Үздіксіз  өсуді қамтамасыз ету мүмкіндігі мен өндірістің экономикалық тиімділігінің  жоғары қарқыны тек қана дамудың интенсивті жолына өтуді  қамтамасыз етеді. Осыдан жан-жақты өндірісті қарқындандыру бұл оның  тиімділігін арттырудың ең маңызды факторы болып табылады.

     Өндіріс тиімділігінің маңызды көрсеткіші өндіріс нәтижесі мен жұмыскерлердің орташа тізімдік санының қатынасымен, немесе бір өнім бірлігіне еңбек сыйымдылығы – жұмыс уақытының шығындалуымен өлшенетін тірі еңбек өнімділігі болып табылады. Жапонияда еңбек өнімділігін кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызады /  4  /.

     Біздің  кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің  негізгі көрсеткішінің бірі болып бір жұмыскерге шаққандағы орташа жылдық өнімділік табылады. Оның көлемі жұмыскерлер құрамында жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнімділігіне тәуелді. Мұндай тәуелділік келесі формула арқылы анықталады:   

W=

=
=
*
,  мұнда
 

Т - өнімді өткізуден түскен табыс (түсім);

R -  жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;

r –-  жұмыскерлердің орташа тізімдік саны;

-бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнімділігі;

- жұмыскерлер құрамында жұмысшылардың үлес салмағы;

         Кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі негізгі өндірістік қорларды қолданудың жалпы көрсеткішін көрсететін қор қайтарымы болып табылады. Ол талданатын кезең бойынша өнімді өткізуден түскен табыстың негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы арқылы келесі формула бойынша анықталады:

f=

,  мұнда 

f –  қор қайтарымы;

F –  негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық құны;

 Т - өнімді өткізуден түскен табыс.

        Қор қайтарымына кері көрсеткіш  - қор сыйымдылығы – осылай анықталады , немесе .

Информация о работе ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы