ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

Казмельмаш.doc

— 470.50 Кб (Скачать документ)

      Осыған  байланысты кәсіпорынның экономикалық даму қарқындары, бірінші кезекте қайта инвестицияланған меншікті капитал ұлғаюының   қарқындарымен анықталады. Олар ағымдағы (өткізілген өнімнің рентабельділігі, меншікті капиталдың айналымдылығы) және қаржылық  (дивидендтік саясат, қаржылық стратегия, капитал құрылымын таңдау) қызметтің тиімділігін көрсететін  көптеген факторларға байланысты.

     Есепті  – талдамалық тәжірибеде меншікті капиталды қайта инвестицияландыру  есебінен негізгі қызметті кеңейту бойынша кәсіпорын мүмкіншіліктерінің дәрежесі пайызбен алынатын және қайта инвестицияланған пайданың (Рқп) меншікті капиталдың (МК) орташа жылдық шамасына қатынасы ретінде есептелетін экономикалық өсім тұрақтылығының коэффициенті (Көт) көмегімен анықталады. Рқп шамасы жинау қорларына бағытталған пайда соммасы және бөлінбеген пайда қалдықтары ретінде анықталады. Бастапқы формула:

                             Рт – Рд                                    Рқп

Көт =  -------------------- · 100 =  --------  · 100

                                 МК                          МК

мұнда:

Рт – таза пайда (бөлінбеген пайда);

Рд – акционерлерге табыстарды төлеуге, материалдық көтермелеулерге, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерге бағытталған пайда;  

Рқп - өндірісті дамытуға бағытталған пайда (қайта инвестицияланған пайда);

МК — меншікті капитал.

     Экономикалық  өсім тұрақтылығының коэффициенті кәсіпорынның экономикалық әлуетінің орташа алғанда  қандай қарқандармен ұлғайып жатқанын көрсетеді.

     Кәсіпорынның тұрақты даму дәрежесіне қаржылық-шаруашылық қызмет тиімділігін көрсететін факторлардың әсерін бағалау үшін әдетте келесі үлгіні қолданады:

Кур = Рқп / Рu · Pu / QP · QP / B ·  B / CK · 100  немесе  Кур = Кқп · КQp · f ·Kқт

мұнда:

Кқп – төленетін дивидендтер, материалдық көтермелеулер, әлеуметтік шығындар мен өндірістің дамуына қайта инвестицияланған пайда арасындағы экономикалық мақсатқа сай қатынасты таңдауда байқалатын,  кәсіпорындағы дивидендтік және әлеуметтік саясатты  сипаттайды;

КрQ - өткізілген өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) рентабельділігін сипаттайды;

Кқт  - қарыздық және меншікті капитал арасындағы қатынасты сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициенті.

      Үлгі  кәсіпорынның өндірістік (екінші және үшінші факторлар) те, қаржылық (бірінші және төртінші факторлар) та қызметінің экономикалық өсім тұрақтылығының коэффициентіне әсерін көрсетеді. Бұл жерде, үлгіде көрсетіліп тұрғандай,  кәсіпорынның осы коэффициенттің өсуіне әсер етудің белгілі бір экономикалық рычагтарын қолдануға мүмкіндігі бар:

  • төленетін дивидендтердің үлесін төмендету;
  • ресурстар қайтарымдылығының жоғарылауы;
  • өнім рентабельділігінің жоғарылауы;
  • экономикалық расталған кредиттер мен қарыздарды алудың мүмкіндіктерін қарастыру.

     болжамдаудан  тұрады.

 

     

      3 «Казмельмаш» ЖШС іскерлік белсенділігін арттыру жолдары

      3.1 Кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру шаралары  
 

      Шаруашылық  қызметті талдау міндеттерінің бірі болып кәсіпорын жұмысының  нәтижелерін  жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру, оның іскерлік белсенділігін және экономикалық тиімділігін арттыру  табылады. Осы міндетті шешудің нәтижесі – бұл ішкі және сыртқы резервтерді қарастыру.

      «Резервтер» түсінігінің арнайы әдебиетте бір мағыналы анықтамасы жоқ. Оның тамырларын француз және латын тілдерінен табуға болады. Француз тілінде «қор» деп аударылатын reserve деген сөз бар, ал латынша reservere сөзі «үнемдеу, сақтау» деген мағынаны білдіреді.

      Кез – келген түсініктің қабылдануы уақыт  өте өзгереді, түрлендіріледі, жаңа мәндерге ие болады.

      «Резервтер» түсінігімен де осы жағдай болды. Қазіргі уақытта шаруашылық қызмет пен тәжірибеге жатқызылатын арнайы әдебиетте ол екі жақты мағынада қолданылады:

    1. қызмет көрсету, өндіріс процессінің тоқтаусыз жүзеге асырылуы үшін қажет өндірістік ресурстардың қорлары ретінде;
    2. салыстырмалы түрде қол жеткізілген деңгейдегі негізгі және басқа қызмет түрлерін жетілдіруінің және дамуының өлшенетін, әлі қолданылмаған мүмкіндіктері ретінде. Осындай резервтердің мысалы ретінде өнімді өткізу және өндіру көлемінің өсу резервтері, оның өзіндік құнының, пайда өсімінің төмендеуі  және тағы басқалары қарастырылады.

       Шаруашылық  қызметті талдау кезінде «резервтер»  түсінігі екінші мағынада қолданылады.

       Адамзат қоғамының дамуы жасалатын құралдар мен жұмыс, қызмет заттарын жетілдіру жолдарын іздеу қажеттілігін объективті түрде сипаттайды. Нарықтық ортада әрбір шаруашылық жүргізуші субъекттің өміршеңдігінің қажеттілігі еңбек өнімділігінің өсуінің, шығындардың азаюының, көрсетілетін қызмет, нақты өнім түрлерінің жетілдірілуі үшін маңызды ынталандыру болып табылады. Яғни, резервтерді іздеу – еңбек уақытын үнемдеудің жалпы заңынан шығатын объективті процесс, оның нақты көрініс табуы болып тірі және қоғамдық еңбек шығындарының төмендетілуі табылады. Бұл төмендеуге еңбек өнімділігінің өсуінің жаңа мүмкіндіктерін, жаңа материалдарды, жаңа технологияларды және тағы басқаларын құрастыратын ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін қолдану (енгізу) жолымен қол жеткізіледі.

      Шаруашылық  жүргізуші субъект қызметінің тиімділігін  жоғарылатуға ұйымдастырушылық шараларды жүргізудің, басқарумен жетілдірілудің және тағы басқаларының нәтижесінде де қол жеткізуге болады. Егер шаруашылық жүргізуші субъект бәсекелі ортада жетістікке жетумен бірге, өз қызмет түрін дамытқысы келсе, онда оған оны жетілдіру резервтерін іздеу қажет.  

      Маңызды резервтер еңбек ұжымының өмірі мен жұмысының әлеуметтік шарттарының жақсартуында, өндіріс мәдениеті мен өнеркәсіп эстетикасының жағдайында, табиғатқа ұқыпты қарауда және табиғи ресурстарды рационалды қолдануда, кәсіпорынның сыртқы экономикалық байланыстарын жетілдіруде жасырынады. Кәсіпорындар қызмет тиімділігін арттырудың маңызды факторлары бойынша резервтердің классификациясына сәйкес резервтерді жұмылдыруды арттыру және іздеу жолдарын жоспарлайды, яғни резервтерді айқындау мен қолдану бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың жоспарын құрады.

      Сонымен қатар резервтерді осы резервтер  ықпал жасайтын ақырғы нәтижелері бойынша да классификациялайды. Келесідей резервтер ажыратылады: өнім көлемін арттыру, өнімдердің құрылымы мен сұрыпталымын жетілдіру, сапаны жақсарту, өнімнің өзіндік құнын немесе шығындар элементтері бойынша, немесе шығындар баптары бойынша, немесе жауапкершілік орталықтары бойынша төмендету; өнім табыстылығын жоғарылату, қаржылық жағдайды бекіту және рентабельділік деңгейін жоғарылату резервтері.

      Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін  арттыру резервтерін классификациялаудың басқа да қағидалары болуы мүмкін. Олардың қажеттілігі әрбір кәсіпорынның нақты шарттары мен міндеттерінен туындайды. Резервтерді іздестіру механизмінде резервтерді жұмылдырудың және айқындауды оңтайландырудың нақты шарттарын құруға мүмкіндік беретін озық тәжірибелер маңызды орын алады. Осындай шарттарға келесілерді жатқызуға болады:

    1. өндіріс тиімділігін арттыруда жетекші саланы айқындау, яғни өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігін құрайтын және минималды шарттарда үлкен үнемдеуге жеткізе алатын шығындарды айқындау;
    2. өндірістің өсу қарқынын және өнімнің өзіндік құнының төмендеуін шектейтін өндірістегі «тар жерлерді» белгілеу;
    3. өндіріс үлгісін есепке алу; мысалы, жалпы өндірісте резервтердің талдауын келесі тізбекте жүргізу ұсынылады - өнім, түйін, бөлшек, амал; жеке дара өндірісте - өндірістік циклдің бөлек амалдары бойынша;
    4. объект немесе өнімнің өмірлік циклінің  барлық сатылары бойынша бір уақыттағы резервтерді іздестіру;
    5. материалдардың үнемделуі, мысалы, құрал-жабдықты қолдану уақыты мен еңбегін үнемдеумен ілестірілетін, резервтердің кешенділігін анықтау, бірақ бұл жағдайда қосымша өнімнің өндірісі мүмкін [26].

       Резервтерді іздестірудің бағыттары өнім сапасының өзгеруі, оны өткізу нарығының кеңеюі немесе қысқаруы, рентабельділік деңгейі, еңбек заттары мен құралдарын қолдану тиімділігі мен жағдайы, тағы басқалары туралы мәліметтерден тұратын ақпараттың негізінде анықталады.

      Нарықтық  экономикада ең алдымен шаруашылық жүргізуші субъектімен өндірілетін өнімнің немесе көрсететін қызметінің өткізу нарықтары зерттеледі. Нарық сыйымдылығы және осы жерде белгілі бір сегментті алу мүмкіндіктері анықталады. Сонымен қатар нарықта ұсынылған өнімнің сапасы, шаруашылық жүргізуші субъектімен шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылату мүмкіндіктері мен қажеттілігі және тағы басқалары  зерттеледі.

      Егер  өнімнің жаңа модификацияларын құру қажеттілігі анықталса, онда резервтерді  іздестіру өнімнің өмірлік циклінің өндірістік емес сатысында шоғырландырылады.

      Егер  өндірілетін өнімнің сапасын  жоғарылату міндеті қойылатын болса, онда ол ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін  ендіру арқылы, өндіріс пен еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіру арқылы және тағы басқа жолдармен өнімнің өмірлік циклінің өндірістік сатысында шешілуі мүмкін.

      Өндіріс сатысындағы ішкі резервтерді іздестіру  бағыты ретроспективті талдау деректерінің негізінде анықталады.

      Бұл талдаудың нәтижелері  шаруашылық жүргізуші субъект дамуының оң және теріс тенденциялары, экономикалық көрсеткіштерді құру факторлары, өндірістік ресурстарды қолдану тиімділігіне және шаруашылық қызметтің ақырғы нәтижесіне олардың ықпалы  туралы кең ақпаратты ұсынады.

      Осындай ақпараттың негізінде кәсіпорын қызметінің ең әлсіз жақтарының диагностикасы (бағалауы) жүргізіледі, резервтердің іздестірілуі ең алдымен жүргізілетін «тар» деп аталатын жерлер анықталады.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің және оның қызметінің жеке түрлерінің дамуының жағымды тенденцияларының болуы резервтерді іздестіру қажеттілігін жоққа шығармайтынын атап кеткен жөн.

      Жетістікке  қол жеткізу үшін резервтерді  іздестіру бойынша жұмыс жүйелі түрде, ғылыми негізде – экономикалық заңдар бойынша, ғылым жетістіктері мен озық тәжірибелерді, ғылыми негізделген  резервтерді іздеу, өлшеу және бағалау әдістемесін қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.  
 

      3.2 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін болжамдау 
 

      Қаржылық  болжамдау белгілі бір дәрежеде кәсіпорынды басқаруды жақсартуға және өткізу мен өндірістің барлық факторларының үйлестіруін, бөлімшелер қызметінің өзара байланысын және тағы басқаларды  қамтамасыз ету  есебінен жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сенімді нәтижелерді алу үшін қаржылық болжамдар қатаң деректерге негізделуі тиіс және қаржылық талдаудың нақты әдістерін қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

      Қаржылық  болжамдаудың басталу нүктесі болып  өткізу (сату) көлемінің және оған сәйкес келетін шығындардың болжамы  табылады, ал аяқтау нүктесі мен  мақсаты болып сыртқы қаржыландырудағы қажеттілікті есептеу табылады.

      Қаржыландырудың қажеттіліктерін болжамдаудың негізгі  кезеңдері келесілерден тұрады:

    1. маркетинг құралдарының көмегімен сатудың болжамын құрастыру;
    2. ауыспалы шығындар болжамын құрастыру;
    3. болжамданған сату көлеміне жету үшін қажет негізгі және айналым активтеріне инвестициялардың болжамын құрастыру;
    4. қосымша (сыртқы) қаржыландырудағы қажеттілікті есептеу және қаражат көздерінің рационалды құрылымын құру қағидасын есепке ала отырып, сәйкес көздерді қарастыру;

      Бірінші қадамды маркетологтар, ал келесілерді қаржыгерлер жасайды.

      Қаржылық  болжамдаудың бюджеттік әдісі ақшалай  ағымдардың тұжырымдамасына негізделген. Оның негізгі міндеттерінің бірі болып келешек кезеңге ақшалай қаражаттардың жеткіліктігін бағалау табылады. Ол үшін басты құрал – бұл ақшалай қаражаттар қозғалысының талдауы, кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың ауытқуы өзімен ақшалай қаражаттардың түсуі мен шығындалуын сипаттайтын  қаржылық ағымдармен анықталады, осыған байланысты алдын – ала қаражаттардың күтілетін дефицитін анықтау қажет және оны жабуға арналған шараларды қолдану қажет. Бюджеттік әдіс негізінен бизнес – жоспардың қаржылық бөлімін көрсетеді.

Информация о работе ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы