Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
Еңбек сыйымдылығы көрсеткішінің қасиеті - бұл оның алымының жабдықтардың топтары мен жеке цехтар бойынша құрама бөліктерге ыдырай алатындығында. Осының бәрі қорды қолданудың жалпы көрсеткіштеріне әрбір өндірістік учаскісінде техниканы қолдануға әсерін бекітуге мүмкіндік береді.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштерінің бірі тауарлық өнім құнының шығындалатын материалдық ресурстар құнына қатынасы арқылы анықталатын материал қайтарымы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мәліметтері бойынша бұл көрсеткішті анықтау үшін алымында өнімді өткізуден түскен табыс, ал бөлімінде материалдың орташа құны алынады. Тауардың көлеміне де, шығындалған материалдардың соммасына да әсер ететін факторлар материал сыйымдылығының көрсеткішіне әсерін тигізеді.
Материал сыйымдылығының талдауы материалдардың маңызды түрлерінің (машина құрылысында -металлдардың) бөлінуі арқылы, сонымен қатар материалдардың құрамындағы – таза салмақ пен қалдықтардың материалдарға кететін жалпы шығындарға деген әсерін анықтау арқылы нақтыланады.
Материалдардың орташа үлес салмағы жеке есептелінеді, себебі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды өткізу және үнемдеу режимі сатылған бұйымдар мен кооперацияланған кәсіпорынның жартылай дайын өнімге кеткен шығындарға қарағанда материалдар шығындарына көбірек әсерін тигізеді.
Шаруашылық субъектінің активтерін қолдану тиімділігі - анықталған субъектіге қаражаттарды салудың мақсатқа сайлылығы туралы сұрақты шешудегі маңызды тұжырымдама болып табылады. Активтер тиімділігінің жалпылама көрсеткіштердің ішіндегі ең дұрысы, мойындалған және кең қолданылатын табыстылық коэффициенті болып табылады. Бұл коэффициент таза табыстың жалпы активтерге қатынасы арқылы анықталады.
Жалпы активтер (аванстанған, жиынтық капитал) табыстылығының деңгейі келесі формула бойынша есептелінеді:
Таза табыс
Т
=-----------------------------
Жалпы активтер (жалпы, жиынтық
капитал = валюта балансы)
Меншікті
капиталдың табыстылық коэффициенті бұл
меншік иелері үшін өнімді өткізуден түскен
табыстылықтың меншікті капитал айналымдылығының
көрсеткішіне қатынасының нәтижесі болып
табылады. Ол келесі формула арқылы анықталады:
Т
Т - меншікті капиталдың табыстылығы;
Т - таза табыс;
М - меншікті капитал.
Ол экономикалық қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табылады. «Жеке кәсіпорындар қызметін талдаудың әртүрлі жақтары қосылатын негізгі көрсеткіш деп айтуға болады,» – деп жазды Жак Ришар
/ 32 /.
Бұл
формула Батыста кең қолданыс
тапқан Дюпонның модифицирленген формуласымен
қиылысады. Ол жеке компанияның қаржылық
есеп беруін талдауында қолданатын акцияға
есептелген табыс көрсеткішінің қарапайым
талдамалы ыдырауы болып табылады:
Т
Т - меншікті капиталдың табыстылығы;
Т -таза табыс;
Т - өнімді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс;
А – активтер құны;
М -меншікті(акционерплік капитал) / 23 /.
Дюпон
формуласының әрбір көбейткіші дербес
көрсеткіш болып табылады. Бұл
формуланы қолданған талдаушы тізбекке
қосылған факторлардың қайсысы акционерлік
капиталдың табыстылығына ең көп
әсерін тигізгенін анықтай алады.
2 «Казмельмаш» ЖШС қаржылық-шаруашылық қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы
2.1 "Казмельмаш" ЖШС кәсіпорынының қаржылық жағдайының жалпы бағалауы
«Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы » ҚР –ның заңына сәйкес: ЖШС жарғылық капитал белгілі бір құрылтайшылық құжаттармен бөліктерге бөлінген серіктестіктің бір немесе бірнеше тұлғамен құрылғанын расталынады, ЖШС –тің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауапты болмайды және олардың салынған салымдардың құны шегінде серіктестіктің қызметімен байланысты шығындар тәуекелін мойындайды.
«Казмельмаш» ЖШС 1999 жылдың 9 ақпаннан өндірістік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады. Меншік нысаны – жеке, меке-жайы Қостанай қ. Рабочая,186 к.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өзін-өзі қаржыландыру мен өзін - өзі өтеу негізіндегі, оқшауланған меншікті иемденетін, дербес балансы мен кредиттік мекемелерде шоты бар (Қостанай қаласындағы Тұран Әлем Банкідегі № 7891441 есепайырысу шоты банктің МФО-сы 192701305), өзінің аты көрсетілетін дөңгелік мөрі, эмблемасы, фирмалық бланкілер мен реквизиттер болатын, өз атынан келісімдерді жасай алатын, меншіктік және меншіктік емес құқықтары болатын және міндеттерді мойынға алатын, талап қоюшы, жауап беруші және сотта үшінші тұлға бола алатын заңды тұлға болып табылады.
«Казмельмаш»
ЖШС-тің басқару органдары
Қызметтің негізгі түрі – астықты кептіру, сақтау, тазарту және ұсақтау бойынша диірменшілік қызметті көрсету.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы активтерге қаржылық ресурстардың салудың дұрыстығына және мақсатқа сайлылығына байланысты. Кәсіпорынның жұмыс істеу кезінде активтердің шамалары да, олардың құрылысы да тұрақты өзгерістерге ұшырайды. Қаражатардың құрылысындағы және олардың көздеріндегі сапалық өзгерістер мен бұл өзгерістердің динамикасы туралы жалпы көріністі тікелей және көлденең талдауының көрсеткіштерін кіргізетін салыстырмалы аналитикалық баланс көмегімен алуға болады (кесте 1).
Кесте 1 деректері 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда меншіктің нақты құны 3005332 теңгеден 2211979 теңгеге дейін түскенін және 793353 теңге құрайтынын, немесе 26,4 % түскенін көрсетеді. Мұндай төмендеудің себебі ұзақ мерзімді активтердің 97,84 % және қысқа мерзімді активтердің 2,16% түскендігі болып табылады. Ұзақ мерзімді активтер меншігінің жалпы құнында үлес салмақтың 22,97 пайыздық пунктіге түсуі кезінде ақша қаражаттардың үлесі 7,15 %, қысқа мерзімді дебиторлық берешектің 8,24 % өсуі байқалды.
Кесте 1
«Казмельмаш»
ЖШС –тың салыстырмалы талдамалық
балансы, теңге
Абсолюттік шамалар, тенге | Үлес салмақтар, % | Өзгерістер | ||||||
Баланс көрсеткіштері | 2007 ж | 2008 ж | 2007 ж | 2008 ж | Абсалюттік шамаларда | Үлес салмақтарда | % -бен шамаға 2007 ж. | %-бен баланс қорытындысының өзгерісі |
Активтер
Ұзақ мерзімді активтер Ағымдағы активтер, сонымен қатар ТМҚ Қысқа мерзімді дебиторлық берешек Ақша қаражаттары Басқа да қысқа мерзімді активтер Баланс Пассивтер Меншікті капитал Тартылған капитал, сонымен қатар: Қысқа мерзімді дебиторлық берешек Баланс |
1015002 1990330 33646 1251693 174991 530000 3005332 2601912 403420 403420 3005332 |
238785 1973194 52613 1103602 286979 530000 2211979 1935983 275996 275996 2211979 |
33,77 66,23 1,12 41,65 5,82 17,64 100 86,58 13,42 13,42 100 |
10,8 89,2 2,38 49,89 12,97 23,96 100 87,52 12,48 12,48 100 |
-776217 -17136 18697 -148091 111988 0 -793353 -665929 -127424 -127424 -793353 |
-22,97 22,97 1,26 8,24 7,15 6,23 0 0,94 -0,94 -0,94 0 |
-76,47 -0,86 56,37 -11,83 64 0 -26,4 -25,6 -31,59 -39,51 -26,4 |
97,84 2,16 -2,39 18,67 -14,12 0 100 83,94 16,06 16,06 100 |
Кәсіпорын меншігінің көп бөлігін қысқа мерзімді активтер алады (89,2%), ондағы 55,9 % қысқа мерзімді дебиторлық берешек алады.
«Казмельмаш»ЖШС-тің
меншігінің азаюының басты факторы
ұзақ мерзімді активтердің 97,8%. төмендеуімен
байланысты. Кәсіпорын балансының орналасудың
рационалдылығын сипаттайтын салыстырмалы
көрсеткіштердің есеп айырысуларын келтірейік.
(кесте 2).
2007жылдағы
өндірістік = 1015002 + 33646 = 1048648 теңге
әлуетінің
шамасы
2008 жылдағы
өндірістік = 238785 + 52613 = 291398 теңге
әлуетінің
шамасы
Кесте 2
«Казмельмаш»
ЖШС баланс активтерінің орналасу нақтылығын
сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер.
Көрсеткіштер | Есеп айырысу формуласы | 2007 ж. | 2008ж. | Ауытқулар (+, -) |
Мобильділік коэффициенті | жалпы активтер құны |
66,23 | 89,2 | +22,97 |
Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер коэффициенттерінің қатынасы | ұзақ мерзімді активтер құны |
196,1 | 826,3 | 630,2 |
Активтердің нақты құнының коэффициенті | анықталған
өндірістік әлует
активтерінің құны
|
34,9 | 13,2 | -21,7 |
Дебиторлық
берешектің коэффициенттері:
|
жалпы
активтер құны дебиторлық берешек ағымдағы активтер құны |
41,65 62,89 |
49,89 55,93 |
+8,24 -6,96 |
Активтердің нақты құнының коэфициентін есептеу үшін аяқталмаған капиталдық салымдар, тауарлы-материалдық қорлар, негізгі құралдр құнының соммасы арқылы анықталатын кәсіпорынның өндірістік әлуетінің шамасын білу керек.
Кесте 2 сәйкес талданатын кезеңдегі кәсіпорынның активтер мобильділігінің коэффициенті 22,97 тармаққа өсті, бұл оң құрылыстық жылжу болып табылады, меншік жұмылдыруының өсуі оның айналымдылықтың жылдамдағандығының және тиімді қолдағандағынының белгісі, сонымен қатар мұны ұзақ мерзімді активтер коэффициенттерінің байланысы көрсетеді, оның қарқынды өсімі (196,1-ден 826,3) ағымдағы активтерге есептегенде ұзақ мерзімді активтердің соммаларының төмендеуімен түсіндіріледі. Талданатын кезең бойынша ұзақ мерзімді активтер 1,76 есе, ал ағымдағы активтер 1,009 есе кеміді. Активтердің нақты құны коэффициентінің деңгейі 21,7 тармаққа төмендеуі теріс баға береді, себебі материалды-техникалық базаның дамуы теріс сипатта болады.
«Казмельмаш»
ЖШС-тың актив құнындағы
Кәсіпорын меншігінің азаюы мен ұлғаюының себебін қаржылық ресурстар құрамында болған өзгерістерді зерттеу арқылы анықтауға болады.(3 кесте)
Кесте 3
Кәсіпорынның аванстанған капиталының
коэффициенттік
талдауы
Көрсеткіштер | Есептеу формуласы | 2007ж. | 2008ж. | Ауытқулар (+,-) |
Тәуелсіздік коэффициенті | меншікті
капитал капитал |
0,8658 | 0,8752 | + 0,94 |
Қаржыландыру коэффициенті | меншікті
капитал капитал |
6,45 | 7,02 | + 0,57 |
Қатыстырылған және меншікті капитал қатынасының коэффициенті | аванстанған капитал капитал |
0,16 | 0,14 | - 0,02 |
Инвестициялау коэффициенті | меншікті
капитал активтер |
2,56 | 8,11 | + 5,55 |