Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
Кесте
5-те “Казмельмаш” ЖШС-де осы көрсеткіштердің
қандай арақатынасы қалыптасқанын қарастырайық.
Кесте 5
Активтер соммасының, өткізу көлемінің және пайданың динамикасы
Көрсеткіштер | 2007ж теңге | 2008ж теңге | Ауытқу (+,-) | |
теңге | % | |||
Өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден түскен түсім | 5056172 | 7581388 | 2525216 | 49,9 |
Салық салынғанға дейінгі алынған пайда | 17707 | 89719 | 72012 | В 5,1 есе |
Активтер | 3005332 | 2211979 | -793353 | -26,4 |
Кесте
5 деректер көрсетіп отырғандай, келесі
арақатынас қалыптасты:
ТР = 5,1 есе; ТQ = 49,9%; ТВ = -26,4;
ТР > ТQ < ТВ
Пайданың елеулі өсім қарқыны активтер соммасының қысқаруы кезіндегі өткізу көлемінің өсу қарқынымен ілестіріледі, яғни «кәсіпорын экономикасының алтын ережесі» сақталмайды.
Кәсіпорын
ресурстарын қолдану
Ресурстар
қайтарымдылығы кәсіпорын қызметіне
салынған қаражаттардың 1 теңгесіне
шаққандағы өнімді өткізуден (жұмысты
орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен
түсім көлемін көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде
бұл көрсеткіш салынған капиталдың айналымдылық
коэффициенті деген атты иеленді. Оның
формуласы келесідей:
F = QP / B
мұнда:
f — ресурстар қайтарымдылығы;
QP – өткізуден түскен түсім;
B - барлық қаражаттардың орташа жылдық соммасы.
Бұл көрсеткіштің динамикасын талдау кезінде оның өзгеру тенденциясы айқындалады. Ресурстар қайтарымдылығының өсуі жағына қарай тенденция экономикалық әлуетті қолдану тиімділігінің жоғарылауы туралы куәландырады.
Берілген көрсеткіштің динамикасын кесте 6–да талданып жатқан кәсіпорында қарастырайық.
Талданып жатқан кәсіпорында жағымды тенденция қалыптасты:
- есептік
жылда ресурстар қайтарымдылығы
2,91 теңгені, ал алдыңғы жылы 1,49
теңгені құрады, яғни 1,42 теңгеге немесе
2 есе өсті.
Кесте 6
Кәсіпорын
ресурстарын қолдану тиімділігі
(теңге)
Көрсеткіштер | 2007ж. | 2008ж. | Ауытқулар (+,-) |
1. Өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан, қызмет көрсетуден түскен түсім | 5056172 | 7581388 | 2525216 |
2. Кәсіпорынның барлық қаражаттарының (активтерінің) орташа жылдық соммасы | 3389759 | 2608656 | -781103 |
3. Ресурстар қайтарымдылығы коэффициенті (1:2) | 1,49 | 2,91 | +1,42 |
Негізгі қорларды қолдану тиімділігі қор сыйымдылығы және қор қайтарымы көрсеткіштерімен өлшенеді.
Қор қайтарымы көрсеткіші еңбек өнімділігімен және еңбектің қормен жарақтандырылуымен тығыз байланысты. Осы көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты келесі формулалармен белгілеуге болады:
f = QP
/ F = QP / R : F / R = WR
: Ф
мұнда:
WR — бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндіру, мың теңге;
QР — өнімді өткізу көлемі, мың теңге;
R — жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам;
Ф — еңбектің қормен жарақтандырылуы, мың теңге;
Ғ — негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны, мың теңге;
f — негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымы, теңге.
Осылайша, қор қайтарымының өсуінің негізгі шарты болып, еңбек өнімділігінің өсу қарқындарының еңбектің қормен жарақтандырылуының өсу қарқындарынан асып түсуі табылады.
Бухгалтерлік есеп
берудің №2 нысанының деректерін
қолдана отырып, кәсіпорынның негізгі
қорларының қор қайтарымының факторлық
талдауын жүргізейік (кесте 7).
Кесте 7
Негізгі қаражаттардың қор қайтарымының факторлық талдауы
|
Кестенің деректерінен көріп отырғанымыздай, қор қайтарымының 75,9%-ға ұлғаюы еңбектің қормен жарақтандырылуының 2,6%-ға төмендеуінің және еңбек өнімділігінің 71,3%-ға өсуінің нәтижесінде болып отыр. Көрініп тұрғандай, жұмысшылар еңбегінің қормен жарақтандырылуының төмендеуі кезінде олардың еңбек өнімділігінің деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда өсуде.
Еңбектің өнімділігі мен қормен жарақтандырылуының қор қайтарымының өзгерісіне әсер ету дәрежесін факторлық талдау көмегімен анықтаймыз. Ал біз оны тізбектелген алмастыру әдісімен жүргіземіз. Ол үшін тізбектеп келесі есептеулерді жүргіземіз:
f0 = WRo : Ф0 = 210,7 : 30,7 = 6,86 теңге
fусл = WR1 : Ф0 = 361,02 : 30,7 = 11,76 теңге
f1
= WR1 : Ф1 = 361,02 : 29,9 =
12,07 теңге
Сонымен, қор қайтарымының 5,21 теңгеге өсуіне көрсетілген факторлар келесі шамаларда әсер етті:
1. Жұмысшылардың
еңбек өнімділігінің өсуі қор қайтарымының
4,9 теңгеге ұлғаюына әкелді:
Δ
fw = fусл – f0 = 11,76 -
6,86 = 4,9
2. Жұмысшылар
еңбегінің қормен жарақтандырылуының
төмендеуі қор қайтарымын 0,31 теңгеге көтерді:
Δ fф = f1 – fусл = 12,07 - 11,76 = 0,31
Жасалған
есептеулер өндірістің техникалық
жарақтандырылуының төмендеуіне қарамастан
кәсіпорында еңбек
Материалдық емес активтерді сатып алу өз алдына оларды өнім өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде қолданудан экономикалық нәтиже алуды мақсат етеді.
«Ноу-хау» лицензияларын және басқа материалдық емес активтерді қолданудан ақырғы нәтиже кәсіпорынның негізгі және коммерциялық қызметтерінің жалпы нәтижелерінде көрінеді:
Осыны есепке ала отырып, материалдық емес активтерді қолданудың тиімділігін бағалау кезінде, сонымен қатар «кәсіпорын экономикасының алтын ережесін» есепке алу қажет: өнімді өткізуден түскен түсім немесе пайданың өсу қарқындары материалдық емес активтердің өсу қарқындарынан озық болуы тиіс.
Туындаған жағдайды талданып жатқан кәсіпорында қарастырайық:
%-бен алдыңғы жылға
өнімді өткізуден түскен түсім — 149,9
материадық емес активтер — 100.
Кәсіпорында жағымсыз тенденция байқалады.
Айналым
қаражаттарын қолданудың тиімділігін
талдау әдістемесін дәлірек
2.3
Экономикалық өсім тұрақтылығының талдауы
Экономикалық
өсімнің тұрақтылығы
Өсудің тұрақты қарқындарын қолдаудың қандай әдістері бар екен?
Мәлім болғандай, кәсіпорын қызметі (өнімді өндіру мен сату) көлемдерінің ұлғаюы оның мүлігінің, яғни активтерінің өсіміне тәуелді болады. Ол үшін қосымша қаржылық ресурстар талап етіледі, олардың ағымы қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздерінің есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін. Ішкі көздерге алдымен өндірісті дамытуға (қайта инвестицияланған пайда) бағытталған пайда және есептелген амортизация жатады. Олар кәсіпорынның меншікті капиталын толықтырады, дегенмен ол акциялар эмиссиясының есебінен сырттан да ұлғайтылуы мүмкін, бірақ оларды шығару мен өткізу кәсіпорын басшылығының басқарушылық шешімдерді (дивидендтік саясат, қаржылық стратегия және тағы басқалары) қабылдаудағы дербестігіне қауіп төндіреді. Бұдан басқа қаржылық ресурстардың қосымша ағымын банктік кредиттер, қарыздар, кредиторлар қаражаттары сияқты сыртқы көздерді тарту арқасында қамтамасыз етуге болады. Осыған қарамастан қарыздық қаражаттардың өсімі оптималды түрде шектелуі тиіс, өйткені қарыздық капитал үлесінің ұлғаюымен несиелендіру шарттары қатаңдандырылады, кәсіпорын қосымша шығындарға тап болады, осыдан банкроттыққа ұшырау ықтималдығы өседі.