Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 12:19, курсовая работа
Курстық жұмыста қолданылған экономикалық зерттеудің әдістемесі келесі кезеңдерді қамтиды:
Бірінші бөлімінде негізгі түсініктер қарастырылады, сонымен қатар кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің көрсеткіштері көрсетілген. Өйткені кәсіпорын тиімділігі мен іскерлік белсенділіктің коэффициенттері кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда маңызды орын алады, себебі қаражаттардың айналым жылдамдығы кәсіпорын төлемқабілеттілігіне тікелей әсерін тигізеді.
Ыңғайлырақ әдісті қарастырайық, оның негізінде қаржылық көрсеткіштерді өткізу көлемінің динамикасымен сәйкестендіру жатыр. Бұл есептеу екі нұсқада орындалуы мүмкін: болжамдық балансты құру негізінде және формула көмегімен. Болжамдық баланс болжамданған өткізу көлемінен және онымен оны қамтамасыз ету үшін қажет қаржылық қаражаттарды сәйкестендіруінен шыға отырып, болжамдайтын кезеңге арналған баланс болып табылады.
Барлық есептеулердің негізінде келесі топшыламалар жатыр.
1. Белгілі бір пайыздар мөлшеріне сату көлемін ұлғайту кезінде ауыспалы шығындар, ағымдағы активтер және ағымдағы міндеттемелер орта есеппен алғанда сонша пайызға ұлғаяды. Сонымен қатар бұл ағымдағы пассивтердің де болжамданған кезеңде түсімнен бұрынғы пайызын құрайтынын білдіреді.
2. Негізгі құралдар құнының артуының пайызы кәсіпорынның технологиялық шарттарымен сәйкес және болжамданған кезең басына толық жүктелмеген негізгі құралдардың болуын, өндірістің негізгі құралдарының материалдық және моральдық тозу деңгейін және тағы басқаларды есепке ала отырып, өткізу көлемін өсірудің берілген пайызымен есептеледі.
3.
Кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелері
және меншікті капиталы болжамға өзгермейтін
болып алынады. Бөлінбеген пайда өткізудің
таза рентабельділігінің және жинақтауға
шаққандағы таза пайданың тарату нормасын
есепке ала отырып болжамданады: базалық
кезеңнің бөлінбеген пайдасына болжамданған
қайта инвестицияланатын пайда қосылады.
Болжамданған таза пайда (Рт) өткізілген
өнімнің (КRn) таза рентабельділігіне
болжамданатын өткізуден түскен түсімнің
(Nр) туындысы ретінде анықталады.
KRn
= Pт / Np.. бұдан Рт
= Nр · KRn.
Сәйкес
есептеулерді жүргізудің барысында, қажет
активтерді пассивтермен жабу үшін қанша
пассивтің жетіспейтінін анықтаймыз,
- бұл қосымша сыртқы қаржыландырудың
қажетті соммасы болып табылады. Сонымен
қатар бұл сомманы келесі формула арқылы
есептеуге болады:
ҚҚ = Афакт
·ΔNp - Пфакт · Δ Np
- Pт факт / Np.факт. · Nр
болж · К\тн
Мұнда:
ҚҚ – қосымша сыртқы қаржыландырудағы қажеттілік;
Афакт - базистік кезеңнің өзгермелі активтері;
Пфакт –базистік кезеңнің өзгермелі пассивтері;
ΔNp – өткізуден түскен түсім өсімінің қарқыны;
Pт факт - базистік кезеңнің таза пайдасы;
Np.факт.- базистік кезеңнің түсімі;
Nр болж – болжамданған түсім;
К\тн – жинақтауға шаққандағы таза пайданың тарату нормасы.
Формула келесіні көрсетеді, сыртқы қаржыландырудағы қажеттілік соғұрлым жоғары, түсімнің өсім қарқыны неғұрлым жоғары болса, және соғұрлым төмен, өнімді өткізудің таза рентабельділігі және жинақтауға шаққандағы таза пайданы тарату нормасы неғұрлым жоғары болатын болса. Сол уақытта келешекте жағымды болатын өткізілген өнімнің таза рентабельділігін, сонымен бірге жинақтауға шаққандағы таза пайданы таратудың болжамданған нормасын ала отырып, нұсқалық есептеулерді де жасауға болады.
«Казмельмаш» ЖШС үшін соңғы үш жылдың өсімінен шыға отырып, өнімді өткізуден, жұмысты орындаудан және қызмет көрсетуден түскен жоспарлық түсімді есептейміз (мың теңге).
2006ж | 2007ж | 2008ж |
4015,4 | 5056,2 | 7581,4 |
Жылдар бойынша өсу коэффициенттері:
К1 = 5056,2 : 4015,4 = 1,259
К2 = 7581,4 : 5056,2 = 1,559
Орташа өсу коэффициенті:
К = √К1 ∙ К2 = √1,259 ∙ 1,559 = 1,40 немесе 40%
Болжамданған түсім:
7581,4
∙ 1,4 = 10621,5 мың теңге
Болжамданған балансқа 3% шамасында өткізудің фактілік таза рентабельділігін және 2008 жылдың деңгейінде 58,4% шамасында жинақтауға шаққандағы таза пайданың тарату нормасын енгізейік.
Жоғарыда
берілген үш топшыламаның негізінде болжамдық
баланстың көмегімен және формула бойынша
қосымша қаржыландырудағы қажеттілікті
есептейік.
Кесте 10
Болжамданған
баланс, мың теңге
Базистік кезеңнің есептік балансы | Болжамданған баланс | |
Актив | ||
1. Ағымдағы активтер | 1973,2
(түсімнің 26%) |
1973,2∙0,2=2762,5 |
2. Негізгі активтер | 238,8
(түсімнің 3,1%) |
238,8∙1,4=334,3 |
Баланс | 2212,0 | 3096,8 |
Пассив | ||
1. Ағымдағы міндеттемелер | 276,0
(түсімнің 3,6%) |
276∙1,4=386,4 |
2. Болжамданған кезеңнің қайта инвестицияланған пайдасы | - | 10621,5∙0,08∙0,584=186,1 |
3. Меншікті капитал | 1936,0 | 2122,1 |
4. Инвестицияланған капитал | 1936,0 | 2122,1 |
Баланс | 2212,0 | 2508,5 |
Болжамданған баланстан (кесте 10) қосымша қаржыландырудағы қажеттіліктің қанша құрайтынын көріп отырмыз: ПФ = 3096,8 – 2508,5 = 588,3 мың теңге. Формула көмегімен бұл есептеу келесі түрге ие болады:
2212,0 ∙ 0,4 – 276 ∙ 0,4 – 10621,5 ∙ 0,03 ∙0,584 = 588,3 мың теңге
Осылайша,
болжамданған сату көлемін қамтамасыз
ету үшін, негізгі активтерге келесі соммадағы
жаңа капитал салымдары талап етіледі:
334,3 – 238,8 = 95,5 мың теңге
Сол уақытта
қажет айналым активтерінің өсімі
құрауы тиіс:
2762,5 - 1973,2
= 789,3 мың теңге
Ал
ағымдағы міндеттемелердің өсімі:
386,4
– 276,0 = 110,4 мың теңге
Және
бөлінбеген пайда есебінен меншікті
капитал шамасы:
2122,0
– 1936,0 = 186,1 мың теңге
қаржылық
қажеттіліктердің артуын жабуға жағдайы
келмейді.
95,5 + 789,3 – 110,4 – 186,1 = 588,3 мың теңге
соммасындағы дефицит
пайда болады.
Қорытынды
Қаржылық – шаруашылық қызметті талдау міндеттерінің бірі болып кәсіпорын жұмысының нәтижелерін жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру, оның іскерлік белсенділігін және экономикалық тиімділігін арттыру табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің тиімділігінің артуына ұйымдастырушылық шараларды жүргізу, басқаруды жетілдіру және тағы басқалардың нәтижесінде де жетуге болады. Егер шаруашылық жүргізуші субъект бәсекелі ортада жетістікке жетумен бірге өз қызмет түрін дамытқысы келсе, онда оған оны жетілдіру резервтерін іздеу қажет.
Осы Курстық жұмыста астықты кептіру, сақтау, тазарту және ұсақтау бойынша диірмендік қызмет көрсетумен айналысатын «Казмельмаш» ЖШС қызметінің тиімділігінің және іскерлік белсенділігінің талдауы жүргізілді. Жүргізілген талдау нәтижелері меншік көлемінің қысқаруына қарамастан талдау кезеңіндегі өнімді өткізу, қызмет көрсету айналымы 49,9%-ға ұлғайғанын, оның қаржылық жағдайының жеткілікті түрде тұрақты, төлемқабілеттілігі мен өтімділігі жоғары болып қалғанын, қаржыландырудың сыртқы көздерінен тәуелділігінің төмендеуін көрсетті.
2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы барлық айналым қаражаттарының айналымдылығы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе, яғни 95 күнге жылдамдады. Іскерлік белсенділіктің күшеюі қаражаттардың шаруашылық айналымнан 3821,2 мың теңге соммасында босатып алынуына септігін тигізді. «Казмельмаш» ЖШС қаражаттарының тиімді қолданылуын ағымдағы активтердің барлық элементтерінің, барлық аванстанған капиталдың, соның ішінде меншікті капиталдың айналым жылдамдығының өсуі көрсетеді.
Кәсіпорынның экономикалық даму қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1 есе жоғарылады, бұл:
Дегенмен дамуға тиімсіз қаржылық стратегия кедергі болды: қарыздық және меншікті капитал қатынасының соңғысының пайдасына өзгерісі.
Болжамданған сату көлемін қамтамасыз ету үшін кәсіпорынға негізгі және айналым активтеріне 588,3 мың теңге соммасындағы жаңа капитал салымдары қажет болады, ал оларды банктік кредитті қолдану арқылы алуға тура келеді. Осының нәтижесінде 2008 жылмен салыстырғанда болжамданған кезеңдегі айналым қаражаттарының айналымдылығы 17,2%-ға, яғни 14 күнге жылдамдайды.
Осылайша,
тиімді қаржылық стратегия кәсіпорынға
өзінің іскерлік белсенділігін одан да
артық күшейтуге мүмкіндік береді,
осының нәтижесіндегі айналымнан босатып
алынған қаражаттардың соммасы 1582 мың
теңгені құрайды.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
фран. Под ред.Л.П. Белых .-М.;Аудит , ЮНИТИ, 2000.
33. Финансовая
и бухгалтерская отчетность