Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ  МИНИСТРЛІГІ

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ» АҚ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстанның  жаңа бюджеттік саясаты 

     Новая бюджетная политика Казахстана 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     МИНИСТЕРСТВО  ЭКОНОМИКИ И БЮДЖЕТНОГО ПЛАНИРОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

АО  «ИНСТИТУТ ЭКОНОМИЧЕСКИХ  ИССЛЕДОВАНИЙ» 

ББК 65.261.3 
 

Қазақстанның  жаңа бюджеттік саясаты. - Астана: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, компания «Профи Полиграф» баспасы, 2008. – 211 б. 
 
 
 
 
 
 

     Бұл брошюра Қазақстан Республикасындағы  бюджеттік процесті жетілдіру, нәтижелерге  бағдарланған мемлекеттік жоспарлау  және бюджеттеу жүйесін енгізу мәселеріне арналған. Брошюрада бюджеттік саясаттың мәселелері, соның ішінде бюджеттің қалыптасуы, бюджеттік қаражаттарды тиімді жұмсау, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған.

     Мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау мәселелерімен айналысатын мамандарға, мемлекеттік қызметкерлерге, ғылыми қызметкерлерге арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  © Қазақстан  Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, 2008
  © «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, 2008.

© Профи Полиграф компаниясы, 2008

 
 
 

     Мазмұны 

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................  
4
1.1 Мемлекеттік органдардың  қызметін стратегиялық  жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын  дамытудың стратегиялық  мақсаттары мен  міндеттері……………………………………………..  
8
1.3  Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау.  Қазақстан Республикасындағы бюджет  үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет  жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер  және олардың аумақтық  құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................  
25
2.4 Республикалық және  жергілікті бюджеттердің  жобаларын қарау  және бекіту рәсімі........................................................................................  
27
3-тарау.  Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен  қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс  қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................  
 
68
Тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған  бюджет......................................................... 78
Ұлттық  қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау.  Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104
 

 

Кіріспе

     Бұл брошюра Қазақстан Республикасы бюджетінің мазмұнын көрнекті нысанда  көрсететін бірінші басылым болып  табылады. Бұл бюджет туралы ақпарат қана емес. Бұл кітап соңғы жылдар ішінде Республика өмірінде қандай өзгерістердің болғаны және мемлекеттің қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін аса маңызды басқару тетігі – мемлекеттік бюджетті қалай пайдаланғаны туралы. Бұл бюджет туралы ашық ақпарат. Мемлекеттік ақшаның қайда пайдаланатындығын білгісі келетін оқырмандар үшін ашық және Қазақстанды басқа елдермен бюджеттік саясатқа байланысты кең мәселелер шеңбері бойынша салыстыру үшін ашық ақпарат.

     Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау  әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда  Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.

     Әкімшілік реформаны бір мезгілде жүргізу  Қазақстан Республикасы министрліктерінің  жұмысына бағдарламалық сипат енгізуге, айқын жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіруді, министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, олардың есеп берушілігін және олардың қызметіне  стратегиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Бұл брошюраның мақсаты – Қазақстан  Республикасының бюджетін оның азаматтары үшін барынша түсінікті ету.  Ол үшін онда бюджеттің тұтастай алғанда елге және Қазақстан Республикасының әрбір жеке азаматына не беретіндігі ғана емес, және сонымен бірге осы күрделі әрі көп жақты түсініктің нені білдіретіні де сипатталады.

     Атап  айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі  және ол мемлекеттің экономикадағы  рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада  бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі

1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау

     Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы  қайта құрулар қоғамның қазіргі  заманғы қажеттіліктеріне жауап  беретін тиімді және бәсекеге қабілетті  мемлекет құруға бағытталады.

     Мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілі мемлекеттік құрылымдардың жеке меншік компаниялар өздерінің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолданатын технологиялар мен рәсімдерді пайдалануына негізделеді.

     Осы парадигманың шеңберінде мемлекеттік  ұйымдар тұтынушыларға қызметтер  көрсететін құрылымдар ретінде қарастырылады. Демек, олардың жұмысының тиімділігі ұсынылатын қызметтердің сапасын көтеру, олардың спектрін кеңейту және онымен байланысты шығындарды азайту арқылы қамтамасыз етіледі.

     Аз  шығындармен көбірек сапалы қызметтер  көрсету қабілеті де мемлекеттік ұйымдардың жұмысын бағалауға нарықтық тәсілдің негізінде жатады.

     Бұл ретте бақылау жүйесі қателік  жібергендерді жазалауға емес, ең алдымен проблемаларды шешу жолдарын іздестіруге бағдарланады.

     Жаңа  мемлекеттік басқару мемлекеттік  саясаттың мақсаттарына қол жеткізу үшін орталықсыздандыруды, сондай-ақ мемлекеттік емес институттардың әлеуетін кеңінен пайдалануды алдын ала болжайды.

     Шығындарды  азайту және шығыстарға бақылау жасау  мақсатында корпоративтік басқаруда  өзінің тиімділігін дәлелдеген мынадай әдістер мен құралдар қолданылады: стратегиялық жоспарлау, басым міндеттерді шешуге қолданылатын бағдарламалық тәсіл, қаржыны басқару мен деректерді электрондық өңдеу.

     Жаңа  мемлекеттік басқару тұжырымдамасына  сәйкес соңғы онжылдықта дамыған  елдердің көпшілігінде жүргізілген бюджеттік реформалардың негізгі элементтерінің бірі орта мерзімді қаржылық жоспарлау шеңберіндегі нәтижелерге бағдарланған бюджет жасау моделін пайдалануға көшу болды.

     Бұл модельдің шеңберінде бюджет мемлекеттік  саясаттың мақсаттары мен жоспарланатын нәтижелері негізге алына отырып қалыптастырылады. Бюджеттік шығындардың функциялар мен мемлекеттік қызметтерге нақты байланысы болады, оларды жоспарлау кезінде бюджеттік бағдарламалардың шеңберіндегі түпкі нәтижелерді негіздеуге негізгі назар аударылады.

     Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді: жекелеген функциялар мен бағдарламаларды орындауға арналған ұзақ мерзімді ауыспалы қаржыландыру  лимиттері белгіленеді, ал осы шығыстарды пайдаланудың бағыттарын нақтылауды бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өздері жүзеге асырады. Бұдан басқа, ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға арналған ынталандырулар құрылады. Шешімдер қабылдау жауапкершілігі төменгі деңгейлерге беріледі. Қаржының және қызмет нәтижелерінің мониторингі мен кейінгі сыртқы аудиті жүргізіледі, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін бағалау қол жеткізілген нәтижелер бойынша жүргізіледі.

     Бюджет  шығыстары нәтижелілігінің мониторингі  жүйесін құрудан басқа, бұл модель үш жылдық бюджеттік жоспарлауға көшуді болжайды. Мұндай тәсілдің шеңберінде әрбір бюджеттік цикл алдыңғы бюджеттік циклда бұрын мақұлданған тиісті жылға арналған орта мерзімді қаржылық жоспардың негізгі параметрлерін қараудан, сыртқы факторлар мен жағдайлардың өзгерістерін талдаудан, жоспарланатын жылдың негізгі бюджеттік көрсеткіштеріне енгізілетін өзгерістерді негіздеуден, сондай-ақ кейінгі жылдарға арналған бюджеттік жобаларды түзетуден немесе әзірлеуден басталады.

     Бұл ретте бюджеттің түпкі нәтижелерге  бағдарлануы тұрғысынан алғанда, жыл сайын бір жылға алға жылжытылатын орта мерзімді қаржылық құжатқа бағдарламалар әкімшілерінің арасындағы үш жылдық кезеңге арналған ассигнованияларды бөлуді енгізудің негіз қалаушы мәні бар. Бұл бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау кезеңін ұзартады, бюджет шығыстарын оңтайландыру үшін ынталандыру жасайды, бюджет шығыстары нәтижелілігінің индикаторлары жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді, ведомстволар қызметін бағалаудың объективтілігін арттырады, бюджет жобасын дайындауды жеделдетеді және оның сапасын арттырады.

     2007 жылы Қазақстан Республикасы  Үкіметінің № 1297 қаулысымен бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және оның мазмұнына жаңа тәсілдер енгізуді, бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру рәсімін сапалы түрде қайта қарауды көздейтін  Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама бекітілді.

     Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі:

     - Қазақстан Республикасындағы қазірде бар стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлаудың тиімді үндестігін қамтамасыз етуге;

     - мемлекеттік органдардың қызметін мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, нақты нәтижелер алуға бағдарлауға;

     - бюджеттік үдерісті бюджет қаражатын ашық бөлуге және мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес қаражатты барынша тиімді басқаруға бағдарлай отырып, қысқа мерзімді бюджеттік жоспарлаудан орта мерзімді бюджеттік жоспарлауға көшуді қамтамасыз етуге;

     - азаматтарға көрсетілетін қызметтер сапасын талдауға және бағдарламалық құжаттарды іске асыру нәтижелеріне бағытталған мемлекеттік органдар қызметі тиімділігінің кешенді бағасын енгізуге бағытталады.

     Мемлекет  басшысының Қазақстан халқына 2008 жылғы  ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Үкімет жаңа Бюджет кодексін әзірледі, ол нәтижелерге және үш жылдық бюджеттік  жоспарлауға бағдарланған мемлекеттік жоспарлау мен бюджет жасау жүйесіне көшудің заңнамалық негізіне айналуға тиіс.

     Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлауының  жаңа жүйесі  мынадай өзара байланысты деңгейлерді қамтиды (1-сурет).

     Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің әрбір деңгейі – бұл дербес бағдарламалық құжат. Жүйе «Қазақстан-2030» стратегиясын, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қоса алғанда,  стратегиялық бағдарламалық құжаттарды біріктіреді.

     Бұдан басқа, жаңа мемлекеттік жоспарлау: 5 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 3 жылға арналған республика мен өңірлердің бюджеттік параметрлері, мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жоспарлары, 3 жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер, Премьер-министр немесе жергілікті атқарушы органның әкімі мен мемлекеттік орган басшысының арасындағы мақсатты трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісімдер сияқты нәтижелерге бағдарланған бюджет жасаудың элементтерін қамтиды.

     Мемлекеттік жоспарлаудың қисынды жігін құру үшін мыналарды көздейді:

     - мемлекеттік органдардың дербестігі мен қызметтің нәтижелеріне жауапкершілігін күшейтетін Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асырудың негізгі құралы ретінде мемлекеттік органдарда стратегиялық жоспарлау жүйесіне көшу;

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана