Новая бюджетная политика Казахстана

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа

Описание

Атап айтқанда, бюджеттің не үшін қажеттігі және ол мемлекеттің экономикадағы рөлін қандай түрде көрсетілетіндігі түсіндіріледі. Бұдан басқа, брошюрада бюджеттің қалай қалыптасатындығы, салықтардың қайда жіберілетіндігі және бюджет туралы шешімнің қалай қабылданатындығы, сондай-ақ бұл процестің әртүрлі сатыларына бюджет реформасы енгізген өзгерістер туралы сөз болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………… 3
1-тарау. Мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа жүйесі.............................................................................................................
4
1.1 Мемлекеттік органдардың қызметін стратегиялық жоспарлау.... 4
1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері……………………………………………..
8
1.3 Салық-бюджет саясатының негізгі бағыттары............................... 13
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері..... 20
2.1 Бюджет және бюджет жүйесі ұғымы............................................... 20
2.2 Республикалық бюджет......................................................................... 23
2.3 Жергілікті бюджеттер және олардың аумақтық құрылымдардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні.............................................
25
2.4 Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қарау және бекіту рәсімі........................................................................................
27
3-тарау. Республикалық бюджеттің құрылымы......................................... 29
3.1 Бюджеттің кірістері............................................................................. 29
3.2 Бюджеттің шығыстары....................................................................... 36
3.2.1 Әлеуметтік бюджет........................................................................... 42
Білім беру........................................................................................................ 42
Денсаулық сақтау........................................................................................... 48
Зейнетақымен қамтамасыз ету..................................................................... 54
3.2.2 Экономикаға арналған бюджет......................................................... 58
Көлік және коммуникациялар...................................................................... 58
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі....................... 61
Отын-энергетикалық кешені және жер қойнауын пайдалану................... 64
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған орта мен жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары....................................................................................................

68
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы.................................................... 76
3.2.3 Қауіпсіздікке арналған бюджет......................................................... 78
Ұлттық қорғаныс............................................................................................ 78
3.2.4 Бюджетаралық қатынастар.............................................................. 80
4-тарау. Қаржылық тұрақтылықтың кепілдіктері....................................... 91
4.1 Мемлекеттік борыш............................................................................... 91
4.2 ҚР Ұлттық қоры...................................................................................... 95
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................... 104

Работа состоит из  1 файл

novaia budjetnaia politika kaz.doc

— 1.97 Мб (Скачать документ)

     - мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары міндеттерінің бюджеттік бағдарламалармен, мемлекеттік органдар қызметінің аралық және түпкілікті нәтижелерін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштерінің жүйесін әзірлеумен байланысуы;

     - мемлекеттік орган қызметінің жоспарланған жылға арналған жоспары туралы баяндамасын стратегиялық жоспарлардың негізінде қалыптасқан және мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттарын болжамды шығындармен байланыстыратын бюджеттік өтінімнің құрамдас бөлігі ретінде практикаға енгізу;

     - мемлекеттік органдардың жоспарларын әзірлеу және іске асыру кезінде, мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізуді ескере отырып, олардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейту;

     - мемлекеттік органдардың нақты стратегиялық нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеуі;

     - мемлекеттік стратегиялық мақсаттар мен тиісті түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу мониторингінің жүйесін енгізу. 
 

 

      

       
 

       
 

     

       

       
 

     

       

       
 

       

     

       

       

       

       

     1-сурет. Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі – бюджетті жоспарлау негізі 

1.2 Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері

     1997 жылы Қазақстанда «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы қабылданды. Ол ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мынадай жеті негізгі басымдықтарды қамтиды: ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылымды, әсіресе көлік және байланысты дамыту; кәсіби үкімет.

     Бұл ұзақ мерзімді басымдықтар елдің  даму жоспарлары мен бағдарламаларын  әзірлеу кезінде тұрақты бағдарлар  болып табылады. Қазақстан кеңестік қоғамнан кейінгі кеңістікте бірінші болып стратегиялық жоспарлау жолын таңдап алды.

     Нақ осы «Қазақстан-2030» стратегиясы Мемлекет басшысының 1997 жылы халыққа арнап сөз сөйлеген бірінші жолдауы болды. 11 жыл өткеннен кейін экономикалық реформаларды мақсатты жүргізудің, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудың, қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етудің арқасында Қазақстан экономикалық өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың біріне айналғанды деп тұжырым жасауға болады.

     2000-2007 жылдар ішінде ЖІӨ-нің өсу қарқыны жылына орта есеппен 10%-ды құрады. 2007 жылдың қорытындылары бойынша елдің ЖІӨ көлемі 104,1 млрд АҚШ долларын құрады, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 1997 жылмен салыстырғанда 5 есеге жуық өсіп, 6 727,9 долларға жетті.  

     

     2-сурет. 1998 – 2007 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің орындалуы 

     Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті  түрде жүргізуде. Экспорттың ілгерілей өсуі оң сауда теңгерімі мен ел резервтерінің сенімді өсуін келіседі. Республиканың 2007 жылғы сыртқы сауда айналымы (80,5 млрд АҚШ доллары) 1997 жылмен салыстырғанда (10,8 млрд) 7,4 есе ұлғайды.

     Елде  қолайлы инвестициялық ахуал  қалыптасты. 1993 жылдан бастап 2007 жыл  аралығында Қазақстан 100-ден астам елден 69 млрд АҚШ долларына тікелей шетелдік инвестициялар тартты, оның ішінде 2007 жылы ғана – 17,5 млрд АҚШ доллары.

     Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке тікелей  шетелдік инвестициялардың тұрақты  ұлғаю үрдісі байқалады. Мәселен, олардың  жалпы сомасы 1993 жылғы 44,7 млн АҚШ долларынан 2007 жылы 893,5 млн АҚШ долларына дейін – 20 есе ұлғайды.

     Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге  елдің басты құжаты - «Қазақстан-2030»  даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленген салалық және аумақтық стратегияларды (индустриалдық-инновациялық даму, көлік, ақпараттық және т.б.) іске асыру ықпал етті.

     Даму  стратегиясының жеті ұзақ мерзімді басымдықтары елдің ұдайы өсуі үшін әзірленді және қазіргі кезде табысты іске асырылуда.

     «Қазақстан-2030»  даму стратегиясындағы бірінші басымдық ретінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету белгіленді. Ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау кез келген мемлекеттің  ұдайы және тұрақты түрде өсуінің қажетті шарты болып табылады.

     Осы басымдықты іске асыру үшін Стратегияда  елдің мемлекеттік шекараларын  ресімдеуге, Қарулы Күштерді реформалауға және мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтуға, құқық қорғау органдарының жүйесіндегі өзекті проблемаларды шешуге, атап айтқанда, қылмысқа қарсы күрес пен құқық тәртібін нығайтуға бағытталған тұтас бірқатар іс-шараларды жүргізу көзделеді. Стратегияға енгізілген шараларды практикалық іске асыру ұйымдасқан қылмыс, діни экстремизм мен терроризм, нашақорлық пен есірткі бизнесі, адамдар саудасы және заңсыз көші-қон сияқты қазіргі заманның шақырулары мен қауіптеріне жауап беруге мүмкіндік береді.

     Даму  стратегиясы қабылданған сәттен бастап ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде аз нәрсе істелген жоқ. Мемлекеттің әскери құрауышында  ірі ауқымдағы реформалар жүргізілді: Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылымын  құру аяқталды, әскери басқару органдары жетілдірілді, әскерді кәсібилендіру мен материалдық-техникалық жарақтандыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қайта қарулану және т.б. жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.

     Қоғамдық  тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары құқық тәртібін сақтау тетігін жетілдіруде, құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық қызмет жандандырылуда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әртүрлі қызметтерінің жұмысына қазіргі заманғы технологиялар мен әдістер енгізілуде.

     Ұлттық  қауіпсіздік жүйесін одан әрі нығайту үшін осы саладағы халықаралық ынтымақтастық кеңейтілетін болады.

     Ішкі  саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын  қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер ұлттық дамудың ұзақ мерзімді стратегиясының келесі аса маңызды басымдығына айналды. Бұл басымдыққа ұлттық қауіпсіздікке бөлінетін мән сияқты мән бөлінеді, өйткені қоғамдағы, оның үстіне, Қазақстан сияқты көп ұлтты және көп конфессионалды қоғамдағы келісімсіз қандай да бір қауіпсіздік туралы сөз болмайды.

     Осы міндетті орындау: елдің барлық азаматтары үшін мүмкіндіктердің теңдігіне кепілдік беруді; Қазақстанда тұрып жатқан барлық этникалық топтар үшін тең құқықтарды қамтамасыз етуді; өтпелі кезеңнің әлеуметтік проблемаларын шешуді; дәулеттілер мен жарлылардың арасындағы айырмашылықты азайтуды; әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынастарды нығайтуды қамтиды.

     «Қазақстан-2030»  даму стратегиясы іске асырылған  он бір жылдың ішінде ел «қазақстандық  жол» ретінде белгілі болған ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өзіндік үлгісін құрды. Қазақстанның саяси жүйесіне реформа дәйекті түрде жүргізілуде.

     Екінші  басымдықтың шеңберінде болашаққа  арналған стратегиялық міндет қоғамды  одан әрі топтастыру және бірыңғай бәсекеге қабілетті қазақстандық ұлтты қалыптастыру болып табылады.

     Үшінші  басымдық – шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.

     Қазақстан өз дамуында экономикалық өсу стратегиясының 10 негізгі қағидаттарын ұстанады: мемлекеттің экономикаға шектелген тікелей араласуы, макроэкономикалық тұрақтылық, бағаны одан әрі ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда, жеке меншік институттарын нығайту, жекешелендіру және шетелдік инвестициялардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ету, энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды игеру және оларды ұтымды пайдалану, индустриялық технологиялық стратегияны қалыптастыру, өндірісті әртараптандыру.

     Бұрын атап өтілгеніндей, 1997 жылдан бастап өткен  кезең ішінде Қазақстанның экономикасында айтарлықтай жағымды өзгерістер болды. Соңғы жылдардың экономикалық өсімі мен макроэкономикалық тұрақтылық әлемдік нарықтардағы шикізат тауарларына қойылған жоғары бағаларға, және соның салдарынан шикізат өнімі экспортының ұлғаюына байланысты өндіруші өндірістердің жедел дамуымен түсіндіріледі. Алайда, Қазақстан экономикасының одан арғы тұрақты дамуы экономиканың әртараптандырылуы мен жаңғыртылуының, сондай-ақ өнімдердің бәсекелі түрлерін өндіруге арналған жағдайлар жасаудың және экспорттың өсуінің негізінде мүмкін болады.

     2003 жылы Индустриялық-инновациялық  стратегия қабылданған сәттен  бастап отандық экономиканы әртараптандыру  жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізілуде.  Қазақстандық экономиканы жеделдетіп  жаңғыртудағы, оны құрылымдық жағынан  қайта құрудағы маңызды рөл  «30 корпоративтік көшбасшы» бағдарламасына бөлінеді. «Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры», «ҚазАгро» ұлттық холдингі құрылды, олардың қызметінің негізгі мақсаты мемлекеттік активтерді тиімді басқару болып табылады. Өңірлік деңгейде коммуналдық активтерді басқару жөніндегі шаруашылық функцияларын беру мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылған.

       Қазіргі кезде «ақылды экономиканы»  қалыптастыру және адами капиталды  дамыту негізінде Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы мәселе күн тәртібінде тұр.

     Стратегияның  төртінші ұзақ мерзімді басымдығы  Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты болып табылады.

     Осы басымдықты іске асыру мынадай негізгі  бағыттарды көздейді: ауруды болдырмау және салауатты өмір салтын ынталандыру; тамақтануды, қоршаған ортаның тазалығын және экологияны жақсарту; қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау.

     Елдегі  экономикалық жағдайда тұрақтандыру аясында денсаулық сақтау, білім беру саласындағы реформалар, сондай-ақ зейнетақы реформасы жүргізілді, демографиялық жағдай жақсарды. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен қамту елеулі түрде кеңейтілді.

     Перспективада алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіндегі өмір сүру сапасының қазақстандық ұлттық стандартын қамтамасыз ету міндеті тұр.

     Энергетикалық ресурстарды дамыту ұлттық Стратегияның бесінші басымдығы болып белгіленген. Қазақстан энергетикалық ресурстардың ауқымды қорына иелік етеді, мұнай мен газ қорлары бойынша әлемнің мұнайлы елдерінің бірінші ондығына кіреді, жыл өткен сайын мұнай мен табиғи газ өндіруді ұлғайтуда. Нақ осы мұнай-газ саласы экономиканың басқа салаларын соңынан ерткен локомотивке айналды.

     Стратегияны іске асыру шеңберінде Қазақстан  қолда бар қорларды жедел әрі тиімді пайдалану үшін озық халықаралық технологияларды, ноу-хау мен ірі капиталды тарту үшін әлемнің жетекші мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді шарттар жасасты. Сондай-ақ мұнай мен газдың экспорты үшін құбыржолдар жүйесін құрады.

     Қазақстанның  энергетикалық әлеуетін одан әрі  дамыту мұнай-газ кешенімен тікелей  байланысты тереңдетіп қайта өңдеу  салаларын ілгерілете дамытуды қамтамасыз ету, қосылған құнның жоғары үлесі бар  өнімдердің халықаралық нарығына жеделдетіп шығу, энергия ресурстарын әртараптандырудың  және  оларды  әлемдік  нарықтарға  жеткізудің  тұрақты арналарын   қамтамасыз  ету  сияқты маңызды  міндеттерді  шешуді  көздейді.

     Жаһандану жағдайында Қазақстанның инфрақұрылымын, әсіресе көлік және байланысты жан жақты дамытумен байланысты Стратегияның  алтыншы ұзақ мерзімді басымдығын іске асыру одан арғы үлкен өзектілікке ие болады.

     Экономиканың  осы негізгі секторларын ілгерілете дамыту қажеттілігі елдің экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне  байланысты: кең байтақ аумақ, теңізге шығудың болмауы, елді мекендер мен табиғи ресурстардың бір-бірінен шалғай орналасуы – осының барлығы көлік жүйесіне жоғары тәуелділікпен шарттаса отырып, республика экономикасын әлемдегі барынша жүкті қажетсінетіндердің бірі етеді. Еуропа мен Азияның түйісінде орналаса отырып, Азия мемлекеттеріне географиялық жағынан Ресеймен және Еуропамен баламасыз жер үсті көлік байланысын ұсына отырып, елеулі транзиттік әлеуетке ие болады.

Информация о работе Новая бюджетная политика Казахстана