Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2012 в 17:05, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі - барлық кәсіпорындар өздеріне лайық таңдалған шартты есепті күніне қаржылық есептілік құрайды. Бірақ кейде есепті күнінде жиналған оқиғалар салдарынан белгісіз жағдайларда кәсіпорын тек жеке өз пікіріне сүйене отырып осы оқиғаның шешім нұсқаларын таңдап жорамалдайды.
Кіріспе......................................................................................................................3
1. ХҚЕС мәні, мазмұны, ерекшеліктері
1.1 Халықаралық стандарттаудың мәні және ерекшелігі....................................4
1.2 ҚХЕС қолдану тәртібі.......................................................................................6
1.3 ҚХЕС жіктелуі...................................................................................................8
2. Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
2.1 Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер түсінігі....................................................................................................................12
2.2 Шартты міндеттемелер мен бағалау резервтерінің арасындағы байланыс...............................................................................................................13
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы.........................................................................................................17
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану.......................................................20
2.5 Қайта құрылымдау..........................................................................................22
Қорытынды..........................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................26
2.3 Экономикалық тиімділікті қорытындылайтын ресурстарды шығару ықтималдығы
Міндеттемелер мойындалу критериясына сәйкес болу үшін тек қана ағымдық міндеттемелерді, сонымен қатар осы міндеттемені өтеу мақсатында экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурстарды шығару ықтималдығы қажет. Егер оқиға ықтималдықтан жоғары болса, ресурстарды шығару немесе басқа оқиғаны ықтимал ретінде қарастырады. Ағымдық міндеттемелердің ықтималдығы болмаған жағдайда, онда кәсіпорын шартты міндеттемелерді ашады, осы ескерілген жағдайдан басқалары: егер экономикалық пайданы алуға бағытталған ресурстарды шығару алыс болып табылады.
Есеп
Жаңа заңдылық бойынша компания 2004 жылдың 30 маусымға дейін өз кәсіпорындарын түтіндік сүзгілермен жабдықтауы тиіс. Компания сүзгілерді орнатқан жоқ.
Сұрақ: Резервті құру керек пе?
Шешімі:
Міндеттемені бағалау
Ерекше жағдайларды қоспағанда компания мүмкін нәтижелердің диапазонын анықтай алады. Және сондықтан резервті тану кезіндегі қолдану үшін сенімді болып табылатын міндеттемелік бағасын жасай алады.
Өте жақсы баға
Резерв ретінде танылған сомма есепті күнге ағымдағы міндеттемелерді төлеуге тиісті ең тиімді шығындар бағасын көрсетуі тиіс.
Ағымдағы міндеттемелерді
төлеуге тиісті ең тиімді шығындар
бағасы бұл шығындар соммасы шұғыл
түріндегі міндеттемелерді
Нәтижелер бағасы мен қаржылық әсер ұқсас үдерісі тәжірибесімен толықтырылған компания басқарушылығының талқылануымен анықталады. Және кейбір жағдайларда тәуелсіз эксперттердің бағасымен анықталады.
«Қаржылық есептілікті ұсыну мен дайындаудың қағидаларына» сәйкес бағаларды қолдану қаржылық есептілікті құрайтын негізгі бөліктерінің бірі болып табылады және оның сенімділігін жоғалтпайды. Бұл әсіресе баланстың анықталмаған бабы деп сипатталатын резерв пен міндеттемелердің бағалары үшін дұрыс болып келеді.
Компания резервтерді бағалағанда міндетті:
Резервке байланысты оқиғалар сипаты резерв құрудың бағасына әсер етеді.
Күтілетін құн әдісі
Бірнеше ұқсас міндеттемелер болған жағдайда (мысалы, сатылған тауарлардың сапалық кепілдемесі), онда жиынтық міндеттемелердің барлық класстарын қарастыру жолымен анықталатын осы міндеттемелерді қолдануы үшін ресурстар ағынына қажеттілік туындайды. Бұл жағдайда ең тиімді резерв бағасын алу үшін әдетте статистикалық тәсілдер қолданылады: резерв соммасы олардың сәйкестілік ықтималдығы бойынша барлық күтілетін нәтижелерді өлшеу арқылы бағаланады. Мұндай тәсіл күтілетін құн тәсілі деп аталады.
Есеп
Компания сатып алушыларға сатқаннан кейін алты ай ішінде анықталған кез келген өндірістік ақауларды жөндеу жұмыстарына кеткен шығындарды өтеуге кепілдеме берілген тауарларды сатады. Егер үлкен емес ақаулар әрбір сатылған бұйымда анықталған болса, онда жөндеуге кеткен шығындар 1 млн теңгені құрар еді. Ал егер әрбір сатылған бұйымда үлкен ақауларды анықтаған кезде, онда жөндеуге кеткен шығындар 4 млн теңгені құрар еді. Компанияның өткен тәжірибесі және болашаққа күтілетіндер есепті жылы бұйымдардың 75%- ы ақаулардың болмайтынын көрсетеді. 20% ұсақ ақаулардың және 5% ірі ақаулардың болатынын көрсетеді. Компания жалпы кепілдемелік міндеттер бойынша ресурстардың есептен шығару ықтималдығын бағалайды.
Сұрақ: Күтілетін жөндеуге кететін шығындар құнын анықтау.
Шешуі:
(нольден 75%) + (нольден 20%) + (нольден 5%) = 400 мың теңге
2. Ең ықтималдылық нәтиже
Егер резерв бір бапқа немесе көп емес оқиғалар санына байланысты болса, онда күтілетін құн әдісі қолданылмайды: ең ықтималдық нәтиже тәсілі қолданылады.
Мысал
Компания тапсырыс берушіге өндірілген құралдардың маңызды ақауын жөндеуі тиіс. Техникалық мамандардың бағалауы бойынша жөндеу жұмыстарының құны шамамен 1000 құрайды, ал ақаудың бірінші әрекеттен жөнделу ықтималдығы шамамен 80% - ды құрайды.
1000 теңгеге резерв соммасы құралады, себебі бұл ең ықтималдылық нәтиже. Бірақ мұндай жағдайда да компания басқа мүмкіндік нәтижелерді қарастыруы тиіс. Егер өзге мүмкін нәтижелер ықтималдық нәтижеден үлкен дәрежеде жоғары немесе төмен болса, онда ең тиімді баға жоғары немесе төмен сомма болып табылады.
Болашақ оқиғалар
Міндеттемелерді өтеу үшін қажетті сомаға әсер ететін болашақ оқиғалар олардың болуы туралы жеткілікті объективті растаулар болған жағдайда бағалау міндеттемелері соммасында көрсетіледі. Мысалы, технологиядағы болашақ өзгерістер нәтижесінде алаңды тазалау бойынша шығындарды ұйым оны пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты төмендеуі мүмкін деп санайды. Танылған сома алаңды тазалау сәтінде қажет болатын технологияға қатысты барлық бар негіздемелерді есепке ала отырып, техникалық білікті объективті бақылаушылардың орынды күтулерін көрсетеді. Сондықтан бар технологияларды қолдану тәжірибесімен немесе тазалау бойынша бұрын оған қолданылған неғұрлым ірі немесе неғұрлым күрделі қолданылып жүрген технологияны қолданудың күтіліп отырған шығындарына байланысты шығындардың күтіліп отырған қысқартуын енгізу орынды. Алайда ұйым бұл барынша объективті негіздемемен расталмайынша тазалау үшін мейлінше жаңа технологияны әзірлеуді күтпейді.
Ықтимал жаңа заңнаманың әсері іс жүзінде заңнаманың сөзсіз қабылданатынына жеткілікті объективті негіздеме болған жағдайда, қолданылып жүрген міндеттемелерді өлшеу кезіндегі есеп қабылданады. Тәжірибеде пайда болатын міндеттемелердің алуан түрлілігі әрбір жағдайға жеткілікті объективті негіздеме болатын бірыңғай оқиғаны айқындауды қиындатады. Негіздеме болашақ заңнамадағы талаптарға қатысты қаншалықты қажет болса, шын мәнінде ол қабылданып, енгізіле ме деген мәселелерге де қажет. Көптеген жағдайларда жеткілікті объективті негіздеме заңды іс жүзінде қабылдағанға дейін болмайды.
Активтердің күтілетін шығарылуы
Активтердің күтілетін шығарылуынан
түсетін пайда бағалау
2.4 Резервтің есебі. Бастапқы тану, қолдану
37 ХҚЕС резервті бағалаудың және танудың тәртібіне қатысты толық нұсқауларды қамтиды, бірақ резервті бастапқы тану мен кейінгі бағалау кезінде жүзеге асатын дебеттік проводкалар туралы ешнәрсе айтылмайды. Резервті бастапқы бағалау кезіндегі дебеттік проводка жағдайларға байланысты шығын немесе актив ретінде де қарастырылуы мүмкін. Болашақта орындалған үдерістен экономикалық пайда алуын күтілетін болған жағдайда актив туындайды.
Мысал
Ақшаны қайтару саясаты
Бөлшек сауда дүкені клиенттердің қанағаттандырылмаған сатып алуына кеткен ақшаларды қайтару саясатын өткізеді. Әдетте мұндай келіспеушіліктер сатудың 1%- ын құрайды. 31.12.04 күні сату 100 мың теңгені құрайды.
31.12.04. Резервті тану проводкасы
Дт Резервті құрудың шығыны................
Кт Резерв.....................
Резерв бағасындағы өзгеріс
Резервтер әрбір есепті күніне қайта қарастырылуы керек және ағымдағы ең тиімді баға үшін түзетілуі керек. Егер міндеттемелерді өтейтін және экономикалық пайданы құрайтын резервті есептен шығару ықтималдығы болмаса, онда резервті тану тоқтатылуы керек.
Информация о работе Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер