Инвестициялық климаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 12:22, курсовая работа

Описание

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарастырылады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған/2/.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні .............................5
1.2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері ….........9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстанның инвестициялық климаты және шетелдік инвестицияның орналасуы .........................11
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуін және қолдану тиімділігін талдау .........23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БОЛАШАҚҚА
ӘСЕРІ .....................................................................................................................29
Қорытынды ......................................................................................................39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ .......................................................41

Работа состоит из  1 файл

ҚР инвестициялық климаты.docx

— 122.19 Кб (Скачать документ)

Сурет-5 –  Еліміздегі негізгі капиталға және өңдеуші өнеркәсіпке тартылған  инвестициялардың үлес салмағы

Бұл суреттен көретініміз негізгі капиталға  инвестициялар жылдан-жылға қарқынды өсіп келе жатыр. Ол инвестициялардың негізгі құрамы елдің кең өндіру, мұнай саласына және ауыр және түсті  металдар өндірісіне бағытталуда. Ал өнеркәсіпке  тартылған инвестициялар әлі  де болса аз ғана мөлшерде болып  отыр. Оның басты себебі, елге келіп  жатқан шетел инвесторлары өз инвестицияларының  қайтарымы тез болатын, әрі пайдалы, тәуекелі аз болатын шикізаттық салалар  мен өндірістерге инвестицияларын  салуға ынталы болып отыр.  Жоғарыдағы суретте көріп отырғанымыздай негізгі  капиталға салынған инвестициялардың ішінде өнеркәсіпке салынған инвестицияның  үлесі оннан бірін ғана құрап  отыр.  /13/

Сондықтан ендігі жерде мемлекетіміз индустриялы-инновациялы, шикізат саласына тәуелсіз тұрақты  экономикаға өтуі үшін инвестициялық  ағымдарды экономиканың өңдеу, өнеркәсіп  және жаңа технологияларды игеруге  бағыттау саясатын жүргізуіміз керек. Ол үшін осы салаларға инвестицияларды  ынталандыру шараларын, әр түрлі  қолайлы инвестициялық жағдайлар, салықтарды азайту және құжаттық жағынан  көмек көрсету, өнеркәсіптік салалардың даму болашағы бар екендігін дәлеледеуі керек.

Сонда ғана елдің өңдеу, өнеркәсіпті қайта  құрылымдау, жаңа технологиялық өндіріске  өту, бәсекеге қабілетті өнімдер  өндіру жолға қойылып, Қазақстан  әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылуға жақындай түседі.  /15/

Осы мәселеге байланысты ендiгi жерде iшкi және сыртқы инвестициялардың негiзгi бөлiгiн өңдеушi салаға құйылуын мемлекеттiк және кәсiпкерлiк  қолдау арқылы ынталандыруымыз керек.

Нарықтық  экономикаға бетбұрыс инвестициялық  саясатты бірінші кезекке қойғанын естен шығаруға болмайды. Демек, инвестицияның  қажеттілігі де, сол үшін елімізді инвестициялық тұрғыда тартымды ету міндетті де өзекті бола түседі. Экономикалық жүйенің қалытасу кезеңінде  инвестициялық саясат басым сипатқа  ие боды. Шетелдік инвестицияларды  тартуға бағдарлану негізгі бағытқа  айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық  ахуал туғызуды талап етті. Бұл  тұрғыда елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, яғни саяси  тұрақтылық қалыптастыру қажеттілігін шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық нормативтік базаның болуын, инвесторларға  жеңілдіктер берілуін, олардың жұмыс  істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады.

 Қазақстанға  тартылған шетелдік инвестициялар  көлемі соңғы уақытта екі есеге  дейін ұлғайды. Мұның өзі әлемдік  қоғамдастықтың Қазақстандағы тұрақтылық  пен оның инвестициялық әлеуетін  жоғары бағалайтынын көрсетеді.  Соңғы он жылда респеблика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылған.

 Қазақстанның  инвестициялық мүмкіндіктері мен  жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр. Оның үстіне елдегі банк секторының дамуы да бұған жағдай туғызады. 2007 жылы «Инвестициялар туралы» Заңның қабылдануы және онда осы заң күшіне енгенге дейін жасалған келісім – шарттар негізінде берілген жеңілдіктердің сақталатындығының көрсетілуі Қазақстанның инвесторлар мен жұмысы жақсы негізге қойылғанын көрсетіп берді. 1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсартуға бағытталған тағы бір шара қабылданды. Яғни, осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылып, жұмыс істей бастады. Биыл құрылғанына 8 жыл болатын, оның қызметінің тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп берді.

 Әлемге  танымал менеджерлердің бірі Питер Робертсон бүгінгі Қазақстан экономикасын, оған салынған инвестиция көлемі тек ТМД – ның шеңберімен шектеу өлшем бола алмайды. Қазақстан үшін қазір өз экономикасын Орталық Еурапа мен Оңтүстік – Шығыс Азия елдерінің экономикасымен салыстырған орынды болды деп мәлімдеді былтыр 17 маусыл күні Қарағандыда өткізілген Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің барынша бәсекеге қабілетті экономикасы бар елу елінің қатарына шығару туралы алдына қойған мақсаты сүйсіндіреді. Бұл өте орынды нақты шындыққа негізделген әрі қолдан келетін міндет. Егер шетелдік мықты мамандар бұл саясатты қолдап, мойындап отырса, Қазақстан үшін оның өте тиімді екенін мойындағаны ғой. 1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей инвестициялар көлемі шамамен 4,7 есе өскен екен. Сондай – ақ Елбасымыздың өміршең инвестициялық саясатының арқасында 2006 жылы «Муудис» және 2008 жылы «Фитч» халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық сынып рейтингін берді. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған Әзірбайжандағы көрсеткіш 661 доллар екен. Бұдан үш жыл бұрын Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты.

 Қазақстанның  әлеуметтік – экономикалық тұрғыдан тұрақты түрде дамуы шетелдік инвестицияларға тәуелді болмауға тиіс. Сондай – ақ осыдан үш жыл бұрын экономикамызды одан әрі дамыту үшін индустриялық – инновациялық даму жүйесі қабылданды. Даму банкі, инвестициялық және инновациялық қорлар, жаңа даму институттары құрылды. Бұған дейін үш жарым жылда бұл институттар 1 миллиард 700 миллион долларға арналған жобаларды мақұлдады. Ол экономикалық үрдістерді басқарудың қағидатты түрдегі жаңа жүйесі екені белгілі. Бүгінде Қазақстанда шетелдік инвесторлар мен мемлекет мүддесінің арақатынасы олардың оңтайлы балансы «Инвестициялар туралы» Заңмен бекітілген. Қазақстанда қызмет жасайтын шетелдік компаниялардың жетекшілері осы заңдарды құрметтеуге оның өздеріне қатысты тараулары мен баптарын сақтауға өздері басқарып отырған кәсіпорындарда ұлт кадрларын көптеп қабылдауға бағыт ұстап келеді.

 Республика  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  мемлекетіміздің экономикалық мүмкіндіктеріне  сенім білдіріп, елімізге жаңа идеялар мен технологиялар әкелген шетелдік инвесторларға әркез қолдау көрсетіп жүр.

 Елімізге  қосымша инвестициялар таратуда  жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек қолдау қажет екені анық. Төменде көрсетілген деректерден шетел инвестициялары үлесінің қысқаруы мен отандық инвестициялар көлемінің көбеюін көруге болды. Онда шаруашылық субъектілерінің жеке меншік қаржылары есебінен жасалған инвестициялардың аз көлемде төмендеуі кезінде бюджеттік инвестициялардың оның ішінде бдюжеттік инвестициялау көлемінің өсуі айқын көрініп тұр. /17/

 

Кесте 4 - Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар

 

 

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

Көрсеткіштер

млн теңге

% үлгісі

млн теңге

% үлгісі

млн теңге

% үлгісі

Негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың барлығы

18925

100

24318

100

31505

100

Бюджет қаражаты есебінен

3025

16

6634

27,3

9602

30,4

Оның ішінде:

           

Республикалық бюджет

923

4,9

3760

15,5

5868

18,6

Жергілікті бюджет

2102

4,9

2874

11,8

3734

11,8

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы

12923

68,6

15057

61,9

1940

60,8

Шетел инвестициялары

2923

15,4

2627

10,8

2736

8,8

Ескерту – Егемен Қазақстан газеттер жинағынан алынған мәліметтер


 

2010 жылдық  қорытындысы бойынша инвестициялардың  салалық құрылымында негізгі  капиталға ең көп құйылған - өндіріс  саласы, ол инвестициялардың жалпы  көлемінің 38% - ын жылжымайтын  мүліктер мен операциялар бойынша  кәсіпорындарға қызмет көрсету  - 20% , көлік – 9% 09 құрайды. Нақты  секторға биылғы жылдың басында  құйылған несиелік салымдардың  көлемі 20,2 млрд теңгені құрап, 2009 жылдың басымен салыстырғанда  17% - ға өсті. Алайда, инвестициялардың  өндірістің техникалық қайта  жарақтануы мен негізгі капиталдың  тез жаңаруын қамтамасыз ететіндей  ауқымды көлеміне қарамастан  бұл процестер өте баяу жүріп  жатыр.

Инвестициялардың  бағытталу көрсеткіші ретінде банктер  беретін несиелердің жіктемесіне  келсек, 2010 жылдың басында несиелік салымдардың 52% - ы айналым қаражатын  несиелендіруге бағытталып, тек 3% - ы  ғана негізгі қор сатып алуға  құйылған.

Бүгінгі күні нақты сектор үшін өндірістік қуаттарды жаңартуға ұзақ мерзімді инвестициялардың қажеттілігін тек  ауаға деген қажеттілікпен салыстыруға  болады. Қайтарымдылық негізіндегі  тікелей инвестициялар салымдары  негізінен айналым қаражаттарын толықтыруға жұмсалады. Дегенмен шешім бар.

Ұзақ  инвестициялық өсу, ең бастысы оның ішкі құрамдас бөліктерінің сапасын  жақсарту үшін мемлекет өз мүмкіндіктерін пайдаланады. Атап айтқанда республикалық  және жергілікті бюджет есебінен облысымызда  әлеуметтік инфрақұрылым объектілері салынды. Бұл мақсаттарға 2010 жылы 5,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінген. /17/

  Дамушы елдердің шетелдік капиталы 2010 жылдары 3 есе өсті. 2009 жылы шамамен 113 млрд долларды құрады. Берілген сомманың 55,8 млрд долларын инвестициялық портфель құрайды. Ал екінші бір бөлігін тікелей инвестиция құрайды. Дамушы елдерде 2006 – 2010 жылмен салыстырғанда шетелдік инвестициялық портфельдің көбейгенін көруге болады. Ол төмендегі кестеде көрсетілген. /17/

Дамушы  елдерде шетелдік инвестициялық  портфельдің үлесі 7,4 есе өсті. Ұзақ мерзімді қаржылық құралдарға (облигация, депозиттік сертификаттар және коммерциялық вексельдер) салымының үлесі 10,6 есеге  өсті. Шетелдік инвестицияның акциясы 2006 – 2010 жылдар аралығында өсуінің  себебі шетелдік инвесторлардың көптеген компаниялардың бағдарламаларына қатысуына  байланысты. Дамушы елдердің бірі Чили елі американдық депозиттік векселдерді  қолданды. Ол Нью – Йорктің қор  биржасында шығарылған болатын жалпы  соммасы 98 млн доллар. Аргентина  елі халықаралық депозиттік вексельдерді шығарды. Шетелдіктер сондай-ақ акционерлік  капиталдарға тікелей салым салуды орындады. 2009 жылы 21 кездейсоқ жағдай тіркелген жалпы соммасы 4 млрд долларды құрайды. Сондай – ақ төмендегі кестеде  дамушы елдердің жалпы инвестициялық  портфелінің үлесі келтірілген.

Шетелдік  инвестиция ағымының динамикасына бірнеше  фаркторлар әсер етеді:

- макроэкономикалық  тұрақтылық және экономикалық  өсімнің басталуы.

- экономикалық  реформалардың жалғасуы, дамудың  жаңа сатысы.

- экономикалық  өсімнің ашылуы және нормативтік  құқықтық негіздің дамуы, шетелдік  инвесторлардың қызметі.

- халықаралық  экономикалық және қаржылық ұйымдардың  перспективті дамуы.

 

 

 

Кесте 5 - Дамушы елдердің инвестициялық портфелінің  жалпы үлесі 

 

 

2006

2007

2008

2009

2010

Барлық дамушы елдер 

7,52

9,33

20,27

36,71

55,79

Латын Америкасы

1,39

3,77

14,96

20,47

27,20

Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы

2,88

3,14

4,04

10,00

15,92

Европа және Орталық Азия

2,30

1,91

0,80

5,17

9,22

Басқа да аймақтар

0,95

0,51

0,47

1,07

3,45

Ескерту- Егемен Қазақстан мәліметтер жинағынан алынған


 

Ресей экономикасына  жинақталған шетелдік инвестицияның  жалпы көлемі 2009 жылдың 1 қаңтарында 29,2 млрд долларды құрайды, соның ішінде тікелей инвестиция - 12,8 млрд доллар, инвестициялық портфелі - 309 млн доллар және де басқа инвестициялар - 16,2 млрд доллар. Ресей экономикасының негізгі инвестициялары болып Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Швецария, Швеция, Жапония. Осы елдердің инвестициясының жалпы көлемі 89,3 % құрайды. 2009 жылдың бірінші жартысында ресей экономикасына инвестиция 98 елден келіп түскен. Инвестицияның негізгі көлемі АҚШ – тан, Германиядан, Франциядан, Швецариядан, Ұлыбританиядан келіп түскен.

 Шетелдік  инвестиция ағымының ресей экономикасына  келіп көбеюі үшін инвестициялық климатты құру керек. Инвестициялық климаттың құжеттілігі:

Информация о работе Инвестициялық климаты