Инвестициялық климаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 12:22, курсовая работа

Описание

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарастырылады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған/2/.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні .............................5
1.2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері ….........9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстанның инвестициялық климаты және шетелдік инвестицияның орналасуы .........................11
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуін және қолдану тиімділігін талдау .........23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БОЛАШАҚҚА
ӘСЕРІ .....................................................................................................................29
Қорытынды ......................................................................................................39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ .......................................................41

Работа состоит из  1 файл

ҚР инвестициялық климаты.docx

— 122.19 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық  жағдайдың жақсаруына қарамастан, инвестициялар  бойынша шетелдiк кеңесшiлер аудиторлық және заң фирмаларын қоса алғанда, коммерциялық және экономикалық сұрақтар бойынша шетелдiк елшiлiктердiң атташелерi (олар қызығушылық бiлдiрiп, бiрақ инвестициялауға толық шешiм қабылдамаған мүмкiн инвесторлармен тiкелей таныс) қазiргi күнге дейiн республикада келiссөздер жүргiзу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшiн сәйкесiнше жағдайлар жасалмаған деп есептейдi. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстердi дәлелге алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру және даму банкi), ол бойынша Қазақстан қолайлы емес инвестициялық жағайлары бар елдер қатарына жатады. Олар жемқорлық, мәліметтерді жиі бұзу, инвестициялауды жүзеге асырудағы жоғары шығындар, виза дайындаудағы қиындықтар мен жергiлiктi iскер серiктестерiнiң сенiмсiздiгi туралы айтады. Осы проблемалардың бәрi инвесторларды кен өндiру өнеркәсiбiнен басқа өндiрiс және қызмет салаларына инвестициялаудан шошытады.

Шетел инвесторларының  қатты уайымы инвестициялық процесстерге жемқорлық болып отыр. (Заирдағы Мебуту, Италиядағы бiрнеше даулар т.б.). Жеке мамандардың ойынша жемқорлықтың белгiлi бiр дәрежесiнен құтылу мүмкiн емес. Бiрақ инвестициялық процесстердегi  ақшаны заусыз табу мен пара алу қазiргi кезде экономика мен қаржыны әлемдiк масштабта тұрақсыздандыра алатын көлем алды. Жемқорлықты жою бойынша үлкен жұмысты Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) жүргiзуде.

    Көптеген елдерде белгiлi бiр кезеңде жемқорлық дамуды шектеу факторына айналады. Сөйтiп, Венгрияда мыңдаған адамдар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде  пара күтiп тұрады мұндай жағдайдағы жасампаз және тиiмдi экономикалық қызмет тiптi мүмкiн емес.     Заңды бизнес жемқорлыққа терiс қарайды. Жемқорлықтың мүмкiн деңгейi негiзiнде әрқалай. ХВҚ мәлiметтерi бойынша 2007 жылы әлемде пара мен ақшаны заңсыз табуға $5 млрд шамасында кеттi.

    Әрине, ешкiм өзiне зиян жасап жұмыс iстемейдi және сондықтан барлық паралар жоба құнына қосылады, бұның кесiрiнен оның құны, эксперттер бағалауы бойынша 25-30% өседi. Бұл жағдайда елдiң сыртқы қаразы да өседi, ал жобаны өткiзу мерзiмi жемқорлық кесiрiнен 40%-ке өседi.  Европалық одақта трансұлттық жемқорлық туралы хаттама дайындалып жатыр, ол бойынша  мемлекеттiк шенбердi басқа жақтың сатып алуы қылмыс ретiнде қаралады. ОЭСР-де жемқорлықты болдырмау және онымен күресу туралы конвенция бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Шетел инвесторлары үкіметтік кепілдігі бар жұмысты артық көреді. Сыртқы қарыз алумен сыртқы қарызды басқару туралы Қазақстан Республикасының заңында мұндай кепілдікті беру механизмі берілген. Бірінші кезекте ол сыртқы қарыздың шегімен келісіледі. Кепілдік беретін критершілерге қатысты айтатын болсақ, заңда олардың екеуі қарастырылған: жобаның кұнынан 15 %-тен кем болмайтын мөлшерде өзінің ресурстарының болуы және мемлекеттік бюджет; бюджеттік және бюджеттік емес қорлардың алдында қарыздың болмауы. Ал қалғандары жобаны қабылдайтын ведомствалардың қарауына қалады. Осылайша іріктеп алу мәселесінде бәсекенің тазалығы кепілденбеген. ТШИ-ді  тиімді  пайдаланған  кезде  ол  республикалық  бюджетке  қарыздық  жүк  болмайды. Қазақстан  экономикасы  үшін  маңызды  өндірістерге  қаржылық  ресурстар  алуға  мүмкіндік  береді. Бірақ  бұл  кезде  шетел  инвесторын  таңдауда  мұқият  ыңғай  табу  керек. Көбінесе  мәмілеге  отырғаннан  кейін  инвестордың  өз  міндеттемелерін  орындауға  қабілетсіздігі  анықталады. Осылайша, тек  1995 жылдың  екінші  жартысында  отырған  21  мәміленің  7-і  бұзылды. Республиканың  экономикалық  даму  шындығы  шетел  тікелей  инвестицияларының  сыртқы  қаржыландыру  көзі  ретіндегі  басымдылығы   жеңді бұл  орта  мерзімді  инвестициялық  бағдарламалар  жобасынан  көрінді. Бұдан ТШИ  тартудың  мүмкін  теріс  жақтарын  объективті  бағалау  маңыздырақ, оларды  есепке  ала  отырып  бұл  процестің  барлық  артықшылықтарын  толық  көлемде  қолдануға  болады. ТШИ  республиканың  сыртқы  қарызын  көбейтпейді  деп  есептелінеді. Оған  қарамастан  қазіргі  кезде  ТШИ  құрлымында  бірлескен  және  еншілес  кәсіпорындардың  шетел  тікелей  инвесторларынан  алған  ссудалары, несиелері  мен  қарыздары басым  болып  келеді, олар  фирмалық  қарызды  құрайды.

Шетелдік  тікелей инвестицияны тартудың басқа  формасы жалға беру мен концессияны  білдіреді, яғни сыртқы кәсіпкерлік  құқық беру, ұзақ мерзімді жалға  беру қызметіндегі шаруашылық қызметтерінің  әртүрлі түрдегі ерекшелігі. Орны толатын және орны толмайтын табиғат  ресурстарын өңдеуге құқық беру, мемлекеттің жеке меншік басқа түрдегі  салалардың ерекшелігі сонымен қатар  елдің заңдастырылған сәйкестіктеріне  сай мемлекеттің монополияны  белгілейтін арнайы уақыттарды бекіту. Біріккен кәсіпорындарының Қазақстандағы  даму перспективаларын бағалаған кезде  ол елге шетел инвестициясын тартуды  көздеу керек және олардың басқа  қаржылық қызметтерінің артықшылығын ескерген жөн. Бірақ оны таңдаулар  кезінде тенденцияның инвестициялар  басымдылық формасын қазіргі уақытта  әлемдегі экспортталатын капиталды  қадағалау болып табылады. Қазақстан  мен басқа да мемлекеттердің әлемдік  нарықтағы әлсіз позицияларына  байланысты шетелдік капиталға баланста сұраныс пен ұсыныс жеткілікті жолдамда, тек олардың өзара бәсекелесу, яғни капиталдың төменгі әлемдік  сегментінде, банк несиелерімен және халықаралық  ұйымдардың ресми несиелері мен  жоюлы кепілдіктерді қамтамасыз етулер арасында.  Бағалау перспективасы  бұл елдердегі шетел капиталының  түсімі 60-70% болса батыс елдерінің  үкіметінің ресми және кепілді несиелерін көрсететін болады, сонымен қатар  халықаралық ұйымдар несиелері. Бұл белгілі жағдайда Халықаралық  валюта қорының өсуін оның қысым  тұтқасындағы өсуін жеке капиталдың түсіміне әсерін, экономикалық саясаттағы бұл елдердің энергетикалық құрылымдық реформаларын болжайды. Осыған қарамастан Қазақстанның капиталдар экспортында  жалпылама мақсатта елдермен байланыста, бірақ мұндай форма шетелдік кәсіпкерлік  капиталға тікелей инвестиция тартуды  көрсетеді. Бірлескен және толық  кәсіпорындарды қалыптастыру формасымен мемлекет пен шетелдік инвесторлар  арасындағы кәсіпорынның шарттарын  қалыптастыру арқылы ерекшеленеді. Шетел  кәсіпкерлігінің капиталдарын тарту  сонымен қатар бәсекелестіктің  дамуымен және ішкі нарықта монополиямен күрестің активті құралдары болып  табылады. Инвестициялық ресурстар  көмегімен ұлттық өндірушілер күшінің  тиімділігін арттыруға болады. Тікелей  шетелдік инвестицияның парасаттылығы  экспорт диверсификациясымен салыстырулар бойынша шетелдік несиелермен қосымша  жұмыс орындарын пайдалану қабілеті.

Қолайлы  инвестициялық  климат  жасау үшін, отандық және  шетелдік  инвестициялық белсенділіктің  күшеюі  үшін  ұсынылады:

  • шетел  фирмаларымен  бірлескен  жобаларға  көмек  беру  және  оның  шығарылуы  мен  оның  жүзеге  асуына  септігін  тигізу;
  • инвестицияларды  өңдеу  өнеркәсібінің  приоритетті  салаларына  тарту  бойынша  жұмысты  халықаралық  қаржылық  ұйымдармен  сауда-экономикалық   ынтымақтастық  жобалары  мен  бағдарламалары  және  дамыған  елдердің  үкіметтерінің  мақсаты  қарыздары  шегінде  жалғастыру;
  • негізгі  капиталға  инвестициялауға  бағытталған  пайда  бөлігін  салық  салудан  босату.

Қолайлы  инвестициялық  климат  қалыптастыру  үшін  қажет:

а) шаруашылық  және  инвестициялық  қызметтің  құқықтық  базасының  тұрақтылығын, тікелей  инвестицияны  қолдау және  ынталандыру  бойынша  шаралар  жүйесінің  ашықтығын  қамтамассыз  ету;

б) Қазақстан  Республикасы үкіметінің  қаулыларын  өңдеу  және  қабылдау:

  • экономиканың  приоритетті  секторлары  мен  өндіріс  түрлерінің   тізімін  кеңейту  және  нақтылау  туралы;
  • тікелей  инвестициялар  үшін  жеңілдіктер  мен  преференциялар  беру  тізімі, көлемі  және  шарттары  туралы. 

в) салалық  инвестициялық  информациялық  проспектілерді  дайындауды  қолдау, потенциалды  отандық  және  шетел  инвесторларын  тарту  үшін  инвестициялық  ақпараттық  бюллетень  құру, олардың  дипломатиялық  жолдары  бойынша  таралуын  қамтамассыз  ету;

г) өзгеріп  жатқан  жағдайға  байланысты  “Шетел  инвестициялары  туралы”, ”Банктер  туралы”, “Лицензиялау  туралы”, “Сақтандыру  туралы”  заңдарға  қажет  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізу;

д) шетел  капиталын  қолдану  мен  оның  көлемдері  туралы  ақпараттың баршаға  ашықтығын  қамтамассыз  ету;

е) жоғары  технология  аймақтарын  құруға  кірісу.

Инвестициялық климатты жақсартудың негізгі шаралары ретінде шетел инвесторлары келісімдерді орындау, заңдарды орындауды бақылау, бюрократиялық препондарды жою, салық салу ауыртпалығын жеңілдету  міндеттемесін қабылдауды ұсынды. Ал инвестициялаудың оң факторы ретінде  республикадағы саяси тұрақтылық, ірі  нарықтық потенциял, минералды және табиғи ресурстардың байлығы, жақсы  оқытылған және білімді жұмыс  күшінің арзандығы болып табылады. Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы жоқ, шетелдік капиталға тән және майда кәсіпкерліктің дамуы маңызды (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрмыстық тахника шығару, ауыл шаруашылық техника, ағаш өңдеу, минералдық тыңайтқыштар және өсімдікті қорғау құралдары) Соңғы кездері шетел кәсіпорындар 100% шетелдік капиталмен темекі, маргарин, кондитер бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың республика көлемінде көбеюі кездейсоқтық емес. Шетелдік инвесторлар қазақстандағы шағын бизнеске қолдау көрсетеді, ішінде ЕБРР, бүкіләлемдік банк, ПРООН, Ситибанк сияқтылар жеке кәсіпкерлерді қаржыландырады. Инвестицияларды таңдау мен тартуда тек қана халықаралық қаржылық ұйымдарға ғана емес, бірақ ең алдымен Қазақстандағы белгіленген өзгертулерді қолдауды жүзеге асыра алатын өнеркәсібі дамыған елдердің үкіметтік құрылымдарына бағыттау қажет.

 

Қорытынды

 

Курстық жұмысымдағы қарастырылған  сұрақтар мен мәселелерді ескере отырып мынадай қорытындыға келуге болады.

Жаңа экономика жағдайында нақты сектордағы инвестициялық  және де инновациялық артықшылықтарды  әкімшілік модификациялау және мемлекетпен  жаңа кертартпа тәртіппен байланысты автономды бизнес –бірліктерді енгізу қажет. Инновациялық үрдістерді де жүзеге асыру үшін нақты сектордың ірі  компанияларының әкімшілік стимулдарын  мемлекет қалыптастыру керек.

Біз, аймақтық инвестициялық  программалар ресурстарды тиімді пайдалануына, даму артықшылықтарын анықтауға, инновациялық даму мен кластерлік әдісіне бағытталуы керек деп ойлаймыз. Кластерлерді дамытуға инвестицияның мультипликативті әсері облыстың потенциалын күшейтеді  және мыналарда көрініс табады: байланысты және қолдаушы салалардың өсуімен; облыстың салықтық потенциалын кеңейтумен; жаңа технико-экономикалық парадигмаға  өтумен; индустриалды –инновациялық  даму деңгейінің өсуімен; халық ағыны, оның жұмыспен қамтылуының артуымен, сәйкесінше, тұтыну сұранысының өсуімен.

Дүниежүзілік тәжірибе мен  ғылымдағы әдістерді жалпылай отырып экономиканың нақты секторына қаржы  капиталын құюдың келесі жолдарын ұсынамыз: Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкімен несие тарихтарының мәліметтерінің тұтас базасын құру; жергілікті билік  органдарының кепілімен шағын және орта кәсіпорындарды несиелеуді кеңейту; қоймадағы өнімдердердің және тағы басқалардың айналым құралдарының бір бөлігін кепілдеме (залог) ретінде  пайдалану; қаржы лизингісін кең  пайдалану; инновациялық технологияларды  енгізу; несие тапсырыстарын Интернет арқылы қабылдау; шағын және орта бизнеске несиелерді сақтандыру жүйесін кеңейту; қаржыландырудың құрылымдық формасын қолдану.

Біздің ойымызша, барлық экономикалық агенттерінде өндірістік инветициялардың, сонымен қатар, инновацияның қаржыландыруының жеке қорларын қалыптастырудың  міндетті тәртібін енгізу, және бөлек  банктік спецшоттарға (инвестициялық  субшоттар) алғашқы қаржы көздерінің қаражаттарын және инвестициялардың, материалды емес активтердің тозу құралдарының, амортизациялық аударымдардың, табыстың реинвестицияланатын бөлігінің, интелектуалды  және өнеркәсіп меншігінің объектілерін сатудан түскен табыстың, құнды қағаздардың, қаржылық қолдау ретінде мемлекетпен  ұсынылатын және қаржылық инвестицияларды  жүзеге асыру үшін қайтарымсыз көмек  ретінде түсетін қаржылардың  міндетті кіруін (зачисление) регламенттеу қажет.

Сонымен қатар, инвестициялық  процестерді жеделдету үшін маркетингтің кең көлемде енгізілуі қажет. Инвестициялау қажеттілігі маркетингтік тұрақтылықта қажетсінеді. Яғни, дәлелденбеген  қаржыландырудың қосымша көздерін және олардың мақсатсыз қолданылуын  болдырмау үшін кәсіпорындар, сонымен қатар, маркетингтік зерттеулер тәжірибесіне көңіл аударады. Инвестиция жоспарын дайындаған кезде кәсіпорын өндірістің негізгі құралдар жағдайы туралы мәліметтерді талдап, және жабдықтар паркін жаңарту бойынша дәл болжау жасау керек.

Шетел капиталын тартуға  қолайлы факторлар:

  1. мелекеттің саяси тұрақтылығы;
  2. макроэкономикалық жағдай;
  3. объектиті заңдылық;

Батыс экспортерінің ойынша Қазақстандағы инвестициялық ахуал  қолайлы, бірақ, қаржылық тәуекел, салықтық заңдылықтағы және әкімшілдіктегі жеткіліксіздіктер, сақтандыру саласындағы құқықтық инфрақұрылымы  дамуының жеткіліксіздігі және тағы басқалар сияқты маңызды қайшылықтар  шетел капиталы мен инвестициялардың түсім процесін тоқтату мүмкін. Бірақта  Қазақстан шетел инвесторлары үшін іскерлік ахуалдың базалық параметрлері бойынша тартымды нарық болып  келеді, республикаға ірі нарықтық потенциал, табиғи және еңбек ресурстарының  молшылығы тән.

Шетел инвестицияларын тарту  және оларды пайдалану мемлекеттің  түпкілікті ынталарына және елдің сыртқы қарызға алуларының жалпы стратегиясына  сай болып, оның сыртқы  қарыздары  бойынша позицияларын нашарлатпау  керек.

Қазақстан Республикасында  инвестициялар жүзеге асырылады:

  1. шетел капиталының (біріккен кәсіпорындардың) үлескерлік қатысуымен кәсіпорынды құру;
  2. филиалдары мен өкілділіктерінің шетел инвестицияларына түгелдей қатысты кәсіпорындар құру;
  3. кәсіпорын меншігіне мүліктік кешендерін, үйлер, ғимараттар, кәсіпорындағы қатысу үлесін, акциялар, облигациялар мен басқа құнды қағаздарды шетел инвесторларымен сатып алу;
  4. жер мен басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтарын, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтарын иелену;
  5. қарыздар, несиелер, мүліктер және мүліктік құқықтарды және тағы да басқаларын ұсыну;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ

 

  1. Қазақстан Республикасының “Инвестициялық қорлар туралы” заңы.
  2. Инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру халықаралық // Саясат, 2007 жыл, №26, 75 б.
  3. “Қазақстан мұнайгаз кешеніне инвестициялық ресурстарды тартудан тиімділікті экономикалық бағалау” // Научный журнал Мин. Образования и науки “Ізденіс-Поиск”.
  4. “Инвестицияонная стратегия Казахстана агрессивна в хорошем смысле” // Финансы и кредиты, 2007 год, №3, с.13-16.
  5. “Инвестиционная политика, инвестиционные проекты” // Экономика и право, 2008 год, №1, стр.5-7, №4, с.2-4.
  6. “Инвестиционная деятельность в Казахстане: правовая основа и проблемы” // Вестник ВЭД, 2007год, №19, с. 10-12.
  7. “Приоритеті инвестиционой политики в Казахстане” // КазСпектр, 2006 год, №3, с.52-57.
  8. “Как привлечь инвестиций в регионы” // Бизнес и банки, 2008 год, №44, с.1-8.
  9. Сейтказиева А.М. “Инвестиционная деятельность предприятия” // Алматы: Экономика, 1998год, с.172.
  10. Смагулова Н.Т.  Планирование и организация предпринимательства // Алматы, Экономика, 2005г
  11. Раматуллаева Г.А. “ҚР-ғы инвестициялық жобаларды шетелдік қарыздар арқылы несиелеу механизмі” // Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған дисертациялық авторефераты, Алматы, 2005 жыл.
  12. “Правовое регулирование внешнеэкономической деятельности” // Учебное и практическое пособие, Алматы, 1997 год, с.132.
  13. Кейнс Дж. “Общая теория занятости, процента и денег” // М.,1979год, с.117.
  14. Булатов А.С. “Вывоз капитала. Своя компания за рубежом” // Пособие для предпринимателей, М.: БЕК, 1996год.
  15. Горбашк Е.А. “Конкурентоспособность промышленной продукции” Учебное пособие // Миннауки, высш. Школа техн. политики РФ. С.-Пб. Ун-т экономики и финансов, Санкт-Петербург, 1998 год.
  16. Давид Миддлтон “Бухгалтерский учет и принятие финансовых решений” // М: ЮНИТИ, 2006 год.
  17. Денисова И.П. “Управление издержками и ценообразование” Учебное пособие // М., 2005 год.
  18. Шмален. “Основы и проблемы экономики предприятия” // М., 2004 год.
  19. Крылов Э.И., Журавкова Э.И. “Анализ эффективности инвес. и иннов. деятельности предприятия” // М., Финансы и стат., 2004 год, с. 384.

Информация о работе Инвестициялық климаты