Инвестициялық климаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2013 в 12:22, курсовая работа

Описание

Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарастырылады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған/2/.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ
1.1.Инвестицияларды орналастыру процессі мен оның мәні .............................5
1.2. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің негізгі міндеттері ….........9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ФАКТОРЛАРЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстанның инвестициялық климаты және шетелдік инвестицияның орналасуы .........................11
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуін және қолдану тиімділігін талдау .........23
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БОЛАШАҚҚА
ӘСЕРІ .....................................................................................................................29
Қорытынды ......................................................................................................39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиет КӨЗДЕРІ .......................................................41

Работа состоит из  1 файл

ҚР инвестициялық климаты.docx

— 122.19 Кб (Скачать документ)

Жоғарыда  айтылған мәселерді шешумен қатар, инвестициялар туралы заңнаманы  да жетілдіріп, инвестициялық белсенділікті  арттыратын жағдайлар жасау керек. «Инвестициялар туралы» жалғыз заң еліміздегі инвестициялау және инвестициялық жобалау мәселелерін шешуге жеткіліксіз. Атап айтқанда, тікелей, қоржындық және ішкі инвестицияларды тарту арқылы инвестициялық жобаларды тиімді құруға және жүзеге асыруға кедергі болып тұрған келесі жағдайларды айтуға болады:

  • заңнамалық актілердің жетілмегендігі, шет елдік және отандық инвесторлар үшін айырмашылықтардың орын алуы және жиі өзгерістерге ұшырауы;
  • инвестициялық жобаларды талдау және бағалау мамандарының төмен біліктілігі және жауапкерсіздігі, олардың жиі алмастырылуы;
  • инвестициялық жобалаудың әдістемелік негіздерінің жоқтығы; бұл өз кезегінде шетелдік әдістемелердік отандық экономикалық жағдайларына үйренісіп кетуіне біраз бөгеттер жасады, нәтижесінде оларды қолданудың тиімділігін төмендетіп жіберді.

Қазіргі таңда кәсіорындардың тиімді инвестициялық  саясат жүргізуі үшін аталған мәселелерді  шешу қажет, атап айтқанда келесі шараларды  жүзеге асыру керек:

  • салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференцияларды тек жаңа кәсіпорындарға жаңа өнімді өндіру барысында ғана беру;
  • Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды қолдау туралы» Заңын инвестициялық жобаларды сараптауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша баптарын жетілдіру;
  • отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын теңдестіру мақсатында жаңа «Инвестициялар туралы» заңды жетілдіру; /1/
  • «Құнды қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы» Заң қабылдау;
  • инвестициялық жобалардың қаржылық тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу, жобаларды талдау үшін нақты қаржылық көрсеткіштер мен қаржылық ақша ағындарын негізге алу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін экономикалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеуде экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық сипаттағы факторларды ескеру; инвестициялардың тиімділігінің экономикалық негіздерін анықтау барысында өндірістік шығындарын толық есепке алып, кәсіпорынды да, тұтынушыны да қанағаттандырарлық табыс алынуы тиіс;
  • инвестициялық жобаларды бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларда тәуекелділік факторларының міндетті түрде ескерілуі, инвестициялық жобаларға инфляция деңгейін ескере отырып  түзетулер енгізу;
  • инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың уақытша әдісін әзірлеу.

Аталған шаралардан басқа инвестициялар  және инвестициялық жобалау туралы біртұтас заңдық және нормативтік-құқықтық негіздерді дәлірек айтқанда, Инвестициялық  кодексті қалыптастыру қажет. Бұл инвестициялық  саясаттың және инвестициялық жобалауды  жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты  анықтауға мүмкіндік береді.

    Қазақстан  халқына ел Президентiнiң жолдаған  “Қазақстан-2030” Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стратегиялық мәселе ретiнде қарастырылған. Қазiргi таңда Қазақстан жан басына шаққандағы инвестиция тарту ауқымы алғанда ТМД елдерiнiң арасында көш басында келедi. Шетелдiк тiкелей инвестициялардың жыл сайынғы таза арасалмақ түсiмi орташа алғанда ЖIӨ-нiң 8-10% құрайды. Ендi инвестициялар бiздiң ғарыштап алға дамуымызға соңғы серпiн беретiн күшке айналып отыр /43, 12 б/.

Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың  және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен  құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың  төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн  жоғарылатуға көмектеседi.

     Экономика дамуының құрылымдық  өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде  өндiрiстiк потенциалды құрудың  әлемдiк нарықта бәсекелестiк  позицияны күшейтудiң негiзгi шарты  жоғары инвестициялық белсендiлiк  болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда  “жаңа индустриалды елдер” атты  экономикалық феноменнiң пайда  болуы, қазiргi заманғы ғылымды  қажет ететiн салалардың тез  дамуы осы елдер экономикасына  тартылатын инвестициялардың тез  өсуiнiң арқасында мүмкiн болды.  Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн  тарту және қолдану мақсатында  мемлекеттiң және мемлекеттiк  реттеудiң рөлi тiкелей бақылау  мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды  басқаруға беру, халықаралық несие  үшiн), және экономикалық тетіктер  арқылы жанама әсер етуге (халықаралық  кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi  әдiстерi) жатады.

Реттеу  дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен  анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектi мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей  қолданылуын бақылау жасауға  мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық  жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi. Инвестициялық  тартымдылықты арттыруда мемлекеттiк  реттеудiң қызметтерiн, түрлерiн және әдiстерiн қаратстырайық.

Шетел капиталымен  жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп  көрсеткен жөн: 1.Шетелдiк капиталды  тарту кезеңi;2.Тартылған капиталды  қолдану кезеңi;

     Шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң  әр кезiнде мемлекет қызметтерi  мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк  емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары  жеке шетелдiк капиталды халықаралық  кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi  шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату  және қолдану сферасына қарағанда  мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi  талап етедi. Қазақстанда “Сыртқы  қарыздарды басқару” туралы жаңа  заң жобасына сәйкес инвестициялық  жобаларды iрiктеудiң келесiдей  механизмi қабылданды. Негiзiнен бұл Қазақстан Республикасы мемлекетi тарапынан кепiлдiкке ие несиелер арқылы қаржыландырылуын талап ететiн жобалар.

2. Кәсiпкерлiктiң  акционерлiк емес әдiстерiн реттеу. Бұл процесс әлемде және тiптi ТМД-нiң көптеген елдерiнде танымалы  емес, бiрақ Қазақстанда үлкен  өрiс ала отырып, мемлекет тарапынан  әсiресе шетелфирмаларын тарту  кезеңiнде тиянақты жұмысты талап  етедi. Мемлекеттiк реттеу басқарылуға  берiлетiн кәсiпорындарды өзiн  iрiктеуден басталады. Кәсiпорын  өзiнiң көтерiлуi үшiн аса көп  инвестициялық ресурстарды талап  ететiн және зиянды болу керек.  Реттеудiң негiзгi механизмi iрi эксперттердi  тартумен өтетiн конкурстың ашық  механизмi болып табылады. Кәсiпорынды  басқаруға беру туралы шешiм  тек инвесторлардың ұсынып отырған  шарттары және оның мемекетке  пайдалылығы тиянақты өлшенгеннен  кейiн қабылданады.

3. Халықаралық  кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi  түрлерiн реттеу ақша-несие, қаржы  және экономикалық саясат тетіктері  және де шетелдiк инвестиция  бойынша арнайы заң көмегiмен  жүзеге асырылады. Осы факторлар  мемлекетте инвестициялық хал-ахуалды  түзедi. Экономикалық практикада  кең тараған рычаг шетелдiк  инвестицияны ынталандырудың салықтық  механизмiн қолдану боып табылады.

Шетелдiк  капитал мен инвестицияны тарту  және қолдану саясаты негiзiнде  нақты экономикалық жағдай және мiндетке байланысты әр түрлi формада жүзеге асырылатын базалы принциптер жатыр.

Бұл принциптер келесiлер:

1. Экономикалық  қауiпсiздiк принципi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несиенi (сыртқы қарыз беру) тарту және қолдану үшiн бұл принцип сыртқы борышты және терiс сальдоны ұлғайтуға әсерi сияқты экономикалық қауiпсiздiк параметрлерiн секеру керектiгiн бiлдiредi.Өзiнiң табиғаты бойынша жеке капитал – бұл тиiмдi сфераны iздеушi капитал және дамушы елдерде бұл үшiн тиiмдi сфера ретiнде табиғи ресурстар, шикiзат салалары болып табылады.

2. Мемлекеттiң  инвестициялық мақсаттарын iске  асыру принципi. Шетелдiк инвестициялар мемлекетпен реттелуi керек және келесi макроэкономикалық мiндеттердi шешуге бағытталуы керек: ЖIґ өсiмi; төлем балансын жоғарылату; өндiрiстiң және жұмыс бастылықтың тербелуiн басу; бағаны тұрақтандыру және инфляцияны төмендету; мемлекеттiк бюджет тапшылығын төмендету және басқалар. Осында шетелдiк инвестициялардың тиiмдiлiк критерийi экономиканың бәсекелеске қабiлеттiлiгiн жоғарылату болып табылады.

3. Шетелдiк  капиталды қолдану бағыттарының  сатылығы мен басымдылық принципi. Шетелдiк капиталды және инвестицияны  қолдану бағытының дамуы  оның  жеткiлiксiз және дағдарыстық жағдайынан  жоғары даму деңгейiне дейiн  экономиканың дамуының жалпы  мiндеттерiне бағынады. Бұл даму  келесi стадияларды қамтиды:

а) импортты алмастыру

б) экспортқа  бағытталу

в) ғылым  сиымды технология негiзiнде экономиканы құру.

4.  Несиенi қолданудың жобалық әдiсi принципi. Сыртқы заем берудi (мемлекеттiң халықаралық несиесi) қолдану және бақылауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында мемлекет приоритеттi бағыттар мен жобалардың тiзiмiн жасау керек. Қаржыландырудың жобалық әдiсi кез-келген несие берудiң негiзiнде жатуы керек.

5. Несие  құнынан iшкi қор жинау нормасының асуы принципi. Несиенi қолданудың экономикалық эффектi тек мына жағдайда болады, егер елде негiзгi сома мен проценттi төлеу түрiнде кредиторға қайтарылатын несие құнына қарағанда, қаржы немесе материалдық байлық көп болатын болса. Керi жағдайда несие зиян әкеледi деп саналады.

6. Жобамен  несиенi тарту принципi. Бұл принцип төртiншi принциппен ұқсас, бiрақ айырмашылығы – ол қолдануға емес, жан-жақты талдау жүргiзiлген инвестициялық жобаны iске асыруға және оның өсiмiн жылдамдатуға қажеттi несие тарту саясатына бағытталған. ґкiнiшке орай, тарту процесi ТМД-ның көптеген елдерiнде аясы тар мақсатқа айналды. Алдымен қаражат тартылады, кейiн жобаны несиелiк линиямен iрiктеу басталады. Мұндай тәртiп тарту процесiн анық концептуалды негiзi  және механизмi жоқ астанкестенгеайландырады. Жоба несиемен iрiктелмей, керiсiнше несие жобаға сәйкес тартылуы керек.

7. Жобаны  iрiктеу кезiндегi конкурстылық принципi. Жобалар арасында приоритеттi бағыттар бойынша конкурстар жүргiзiлуi керектiгiн бiлдiредi.

8. Сыртқы  заем берудiң әрттүрлi формаларын салыстырмалы бағалау принципi. Мемлекеттiк саясатты жасау кезiнде ұсынғанды ала беру принципiмен жетекшiлiк етуге болмайды. Мысалы, ұзақ мерзiмдi несиелер қысқа мерзiмдiге қарағанда артықшылығы бар, егер мемлекет қысқа мерзiмдi несиенiң үлкен көлемiн алатын болса, онда ол борыштылық тәуелдiлiкке ұшырауы мүмкiн, себебi мұндай несиенi қолданудың тиiмдiлiгi аз.

9. Инвестициялық  хал-ахуалды жақсарту принципi.

10. Шетелдiк капиталдың стратегиялық және басымды салаларға кiруiн шектеу принципi. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, ресурстық немесе экономикалық базасы бар кез-келген  дамушы ел инвесторларды тек экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн ғана емес, сондай-ақ қалыпты ұзақ мерзiмдi экономикалық  даму мақсатында басымды салаларға кiруiн шектеу керек.

11. Шетелдiк инвесторлар үшiн тең құқылы жағдай принципi. Шетелдiк инвесторлар өз инвестициялық қорларын қосымша салықтық жеңiлдiксiз де дамушы елдерге салуға ынталы (өткiзу нарығының сиымдылығы, өндiрiс факторларының құнының төмендiгi және т.б.). Жеңiлдiк жағдайларды жасау шетелдiк капитал қйылуы бойынша күтiлген тиiмдiлiктi бермей жергiлiктi инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiне керi әсерiн тигiзедi.

 12. Табысты аударуға уақытша шектеу принципi. ТМД-ның кейбiр елдерiнiң заң актiлерiне енген және кең тараған пiкiр табысты шет елге аударуға шектеу болмау керек – деген пiкiр кателiк болып табылады. Алғашқы табысынан бастап пайданы шетелге шектеусiз аудару жағдайында мемлекет ешқандай пайда көрмейдi. Басқа дамушы ел тәжiрибесi көрсеткендей, олардың көбiсi шектеу рычагын қолданады. Чили, Боливия, Мексика заңдарына сәйкес шетелдiк компания бес жылдан ерте пайданы аударуға құқығы жоқ.

Қазақстанның  инвестициялық қорының құрылу арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік  капитал арқылы инвестиция тарту  мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды  жүзеге асыру саясаты Қазақстанда  дами қоймаған. Бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған салдары. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті  жүзеге асу тұрғысынан алғанда, Қазақстанның инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен  үұлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы  пакетін ұстайтын әрі жобаның  техникалық-технологиялық жағын  іске асыратын тиісті маркетингтік жіне технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың (бір инвестор немесе инвесторлар  тобы) қолында болғаны тиімді деп  есептеледі. Статистикалық деректерге қарасақ соңғы бірнеше  жылдың ішінде ішкі инвестицияның үлес салмағы  сыртқы инвестицияның үлесінен жоғарылаған. Бірақ ішкі инвестицияның орасан бөлігін шетелдің бақылауындағы  кәсіпорындар көтеріп отыр. отандық  бизнеске тиесілі кәсіпорындардың  инвестициясы анағұрлым төмен. Сондықтанда  экономиканың бұл бағыттағы қадамын  алға бастыру үшін бүгінгі ең маңызды  мақсат- ішкі мүмкіндіктерді барынша  іске қосып, таразы басын оңға бұруға күш салып, ішкі сапалы өндіріске  жан бітіру қажет. Инвестициялық  қордың қолға алынған әрбір жоба бойынша тек қана нақты нәтижеге қол жеткізуі де осыдан.

Информация о работе Инвестициялық климаты