Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 21:02, курсовая работа
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы.
1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2 Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Көпсалалы
колледж
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
Көркем аудармадағы
лексико-грамматикалық
ерекшеліктер
Мазмұны:
КІРІСПЕ
1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2
Аударматанудағы
барабарлық (эквиваленттілік)
мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Аударма
дегеніміз – бір тілде ауызша
айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған
мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші
тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті
етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем
аударма дегеніміз – бір тілде жазылған
әдеби туындыны екінші тілдің құралдары
көмегімен оқырмандарға жеткізу және
түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін
мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде
аудармадағы ең қиын – лингвистикалық
ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік
жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының
образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын
және стилін нақты, дәл көрсете білуі.
Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі
алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби
үрдістің кең арналы саласы. Аударма арқылы
бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан
басқа халықтың өкілдері де сусындай алады.
Толық мағынадағы аударма қалай да түпнұсқаға
сәйкес болуы шарт. Әрине, шығарманың мәтінін
бастан – аяқ тәржімалау мүмкін емес.
Әсіресе, поэзиялық шығармалардың аудармаларында
кейбір еркіндіктер болмай қоймайды. Оның
себебі де бар – әр тілде қалыптасқан
сөз қолдану тәсілдері ерекше болып келеді.
Сондықтан, бейнелі сөздерді көшіріп,
сол түпнұсқадағы қалпын сақтап жеткізу
мүмкін емес. Басқа тілде айтылған ойдың
жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол
әдебиетке тән көркемдік ойлау, бейнелеп
сөйлеу, сөз қолдану өзгешеліктерін дәл
келтіру әлдеқайда қиын. Ал, онсыз көркемдік
ой – сезімнің әсерлілігі де толымды болмайды.
Көркем аударма процесінің нәтижесінде
түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы
бірлік пен тұтастықтың сақталуының маңызы
жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні
арасындағы байланыс, келісім мен жарасым
аудармада сақталмаған жағдайда әдеби
шығарманың көркемдік табиғаты, автордың
шығармашылақ даралығы мүлде бұрмаланып,
түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа
– екеуі екі бөлек туынды болып шығады.
Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның
мазмұны да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін
де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада
түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу
немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі
ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының
мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша
маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір
ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы
екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу
құралдары арқылы қайта жасау, аудару
оңай емес. Көркем
мәтін дегеніміз – күрделі жүйе. Идеялық
мазмұн жүйенің ең жоғарғы сатысы бола
тұра, ол осы жүйенің әр сатысынан көрініс
табады. Дегенмен, көкем шығарманың ең
жоғарғы сатысын қабылдау кейде қиынға
түседі. Соңғы кезде көркем мәтіннің құрылымы
туралы эстетикалық түсініктер семиотика
саласының бірқатар ұғымдарымен толыға
түсті. Көркем шығарма тілін туынды, яғни
негізгі емес модельдік жүйе ретінде қарастыру
– эстетикалық қабылдау психологиясы
үшін өнімді тәсіл. Көркем бейне – нақтылық
пен жалпылықтың бірлігі. Ол сөз болып
отырған құбылыстар туралы көрнекі ұғымдардың
тууына әсер етеді, әдеби шығарма кейіпкерінің
нақты өмірлік жағдайға тасымалдану оқырман
эмоциясын тудырады. Оны қабылдау оқырманнан
«эмпирикалық жалпылауды» қолдануды қажет
етеді, яғни оқырманда өмірлік жағдайлар
және жағдайлардағы адамдардың өзін -
өзі ұстау, іс–әрекеті туралы жалпы тәжірибесі
болуы керек. Дегенмен, адекватты эстетикалық
қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде
нақты бейнелердің тууы жеткіліксіз. Олар
оқырман түсінігінде көркемдік – идеялық
мазмұнның бір қыры ретінде қалыптасуы
қажет. Әдеби аударма халықтардың бірін
– бірі тануына, рухани жағынан жақындасып,
туыстасуына айтулы көмек көрсететіні
белгілі. Көркем аударма жекелеген қалам
қайраткерлерінің ғана емес, бүкіл бір
елдің әдебиетіне әсерін тигізеді.
1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1
Көркем аударма
жалпы аударманың
негізгі бөлігі
ретінде
Аударманың
адам қызметінің ең көне түрі екені
даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа
адамдардың бір-бірімен араласуына
мүмкіндік тудырып, аса маңызды
әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша
аудармалардың таралуы
Аударма – түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы [1, б. 70].
Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов,
В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т.б.).
В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы – тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:
1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;
2)
аудару тілі арқылы аударма
мәтінді тудыратын сөйлеу
3)
бірінші және екінші актілерде
іске асқан сөйлеу актісі
П.И.
Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың
мақсаты заттық-логикалық
Лингвист
З. Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес,
аударма – бұл барабарлы
В. Г. Зусманның, З. Е. Рогановтың пікірлеріне сәйкес аудармашының мақсаты тілдердің ерекшеліктеріне, қызмет заңдылықтарына, мәдениетіне байланысты лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу. Басқа сөзбен айтқанда, аудару үдерісі кезінде аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әр түрлі лингвоэтникалық қоғамға жататын адамдардың қарым-қатынасы әсерлі болу үшін лингвоэтникалық бөгеттерді бұзады. Сонымен, аударма – бұл лингвоэтникалық ретрансляция [4, б. 6 - 10].
В.
С. Виноградов, Г. И. Исина, М. Т. Сабитова,
А. В. Федоров екі аспектіде
Аударманың
теоретигі және практигі Л. К. Латышевтың,
сол сияқты В. С. Виноградовтың және
А. В. Федоровтың пікірлерінше аударманың
заты аудармалы мәтін болып
Л. К. Латышевтың пікірінше аударма үш негізгі талапқа сай болу керек:
1)
аударылған мәтін
2)
семантикалық құрылымы жағынан
берілген мәтінге максималды
түрде сәйкес болу керек (
3) берілген мәтінге сәйкес емес «орын толтыратын лексикамен» қамтымау және мүмкіндігінше аударма шектеулерінен аспау керек.
Егерде осы аталған талаптардың бірін назарға алмай аударма жасайтын болсақ, бұл аударма аудармадағы кемістік немесе аударма, тіларалық қатынастың басқа бір түріне айналуы мүмкін [10, б. 35 - 36].
Л.
К. Латышевтің пікірінше аударылатын
мәтін коммуникация, қатынас құралы
болып табылады [10, б. 15]. Біздің ойымызша
осы пікір дәлдікті, түсінікті
талап етеді. Мәтін – бұл ауызша
немесе жазбаша түрде болатын
вербалды белгілердің (сөздердің) жүйелілігі
[11, б. 507]. Яғни, ауызша, жазбаша мәтіндер
адамның коммуникативтік
Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Коммуникация толық болу үшін, келесі жағдайларға назар аудару қажет:
1) сөйлеуші және адресат болу керек;
2) уақыт бірлігі;
3) орын бірлігі;
4) коммуниканттар және олардың қатынастары арасындағы бірлік.
Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды. Өйткені қатынастың түрі өзгереді. Мысалы: коммуникативті байланыс автор мен оқырман арасында болады, ал қатынас серіктесі (партнері) мәтін болып табылады [12, б. 68].
Аталмыш оқу құралында түпнұсқа мәтіннің лексикасын аудармамен салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды.
Жоғарыда айтылғандай, жазба мәтінді аудару кезінде, біздің жағдайымызда бұл «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы, түпнұсқа немесе берілген мәтін аударма мәтінмен ауыстырылды.
А. В. Федоровтың ойынша, осындай алмастыру кезінде, аудармашы негізгі екі жағдайды есте сақтауы керек:
1)
жазба аударманың мақсаты –
шетел тілін білмейтін
2)
осы жағдайда аудару – ертерек
бір тіл құралдары арқылы
А. В. Федоровтың пікірінше, аударманың қайта жасаудан, мазмұндамадан және сол сияқты әр түрлі «бейімделулерден» (адаптациялардан) айырмашылығы дәлдікте және толықтықта.
Көптеген аудармашылардың пікірлерінше (Л. С. Бархударов, Я. И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер) жазбаша аударма тек қана екі тілді, түпнұсқа мен аударманы байланыстырмай, сонымен қатар әр түрлі мәдениеттерді, ұлттарды, тарихи дамудың әр түрлі дәуірлерін, өткен және бүгінгі күндерді байланыстырады.
Шығарманың аудармасы өз бетімен жасала қалмайды. Онда әрқашанда түпнұсқа басқа әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, антропонимдерден, географиялық антропонимдерден және т.с.с. тұрады. Сондықтан аударма әрқашанда әмбинұсқалы. Өйткені аударма бір уақытта екі мәдениетке жатады: идеяны шығарған мәдениетке және оны қабылдаған мәдениетке, бір тілде мәтінді құрастырған авторға және оны басқа тілге аударған аудармашыға жатады.
А. Д. Швейцер шетелдердің аударма теоретиктері мен практиктерінің аударма жөніндегі зерттеулерін жүйелеп, төмендегідей мәліметтерді ұсынады.
У. Уинтердің пікірінше, аудару – бұл қоршаған орта сегментінің интерпритация тұжырымдамасын, мүмкіндігінше басқа барабарлық тұжырымдамамен ауыстыру. Дж. Кэтфорд аударманы тіл операциясы ретінде анықтайды. Сонда аударма кезінде бір тілдегі мәтін басқа мәтінмен, берілген мәтін материалы басқа тілдегі барабар материалмен ауыстырылады. Ю. Найданың және Ч. Табердің пікірлерінше, аударма – бұл рецептордың тілінде жаңадан құралған мәтін, берілген мәліметке өте жақын баламаның берілуі. В. Вильстің ойынша, аударма – бұл мәтіннің өңдеу және сөзге айналған үдерісі. Берілген мәтіннің барабар мәтінге ауыстырылуы. Сонда аудару тілінде мәтін мағыналы және стилистикалық жағынан түпнұсқаның мәні түсінілген мәтін. Ішкі жағынан аударма бөлінген, екі негізгі фазаны қамтитын үдеріс: біріншісі, ойлау фазасы, осы фаза кезінде аудармашы берілген мәтінді талдап, мән және стилистикалық интенциясына көңіл аударады, ал екіншісі, тілді қайта құру фазасы, осы фаза кезінде аудармашы коммуникативтік талаптарға көңіл аудара отырып, мағыналық және стилистикалық талдаудан өткен түпнұсқаны құрастырады [13, б. 68 - 71]. Г. Вермеер және К. Райс мәтін – бұл «жіберушіден алушыға жіберілетін мәлімет сөйлемі» - дейді де, аударманы «мәлімет сөйлеміне ұқсататын сөйлем» ретінде қарастырады [13, б. 73 - 74].
А. Диомидованың айтуынша аударма – әдеби-тіл интерпритациясы, ал аудару үдерісі – жаңа мәліметтің құрылу актісі. Осы үдеріс кезінде мәтіннің түпнұсқасының және аудармасының белгілі бір мағынасы сақталып, «мәтін мағынасының жетілдірілуі» іске асады [14, б. 15].
Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.
Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.
Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер. Осы екі мәселелер шеңбері және олардың шешімі аударудың нормативті негізін белгілейді.
Аударма нормалары аудару актісінің ерекшелігін анықтайды. Яғни, аударма үдерісі кезінде аудармашының дербестігі, тәуелсіздігі қай деңгейде екені байқалады.
Информация о работе Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер