Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 21:02, курсовая работа

Описание

Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы.

Содержание

1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2 Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

коркем аударма курсовая новый.docx

— 78.63 Кб (Скачать документ)

     Денотативті деңгейді біз: тіл белгілерінің денотаттармен ара қатысы белгіленген фактының заттық сәйкестігін, объективті, мәлімет жіберушінің көзқарасына байланысты емес, практикалық жағынан ең маңызды қасиеттері бар мазмұнның, тілдік және мәдени-тарихи дәстүрлері бар қарым-қатынас жағдайын және берілген тілдің өзгешелігін түсінуіміз керек. 

     Ал  коннотативті деңгейде тек қана денотаттардың  объективті қасиеттері емес, сонымен  қатар мәдени-тарихи, тіл ғұрыптармен  анықталған, осы этникалық топқа жататын адамдармен денотаттарды бейнелеуі белгіленген. Тіл белгінің коннотациясын - біз денотативті мағынасына серік болатын, берілген этникалық топтың өкілдерімен осы белгімен байланысының  мәнін түсінеміз. Сондықтан бұл тіл факторы болып табылады.

     Коммуникативті-функционалды деңгей (яғни, интерпретатор деңгейіндегі мазмұны) – мәлімет жіберушінің  дербес тәсілмен бейнеленген түпнұсқа белгісінің аудармаға сәйкес келуі, жіберушінің және мәтін қабылдайтын  адамның мәтіндерінің тіл белгілері  мен мәлімет қорының сәйкес болуы.

     Ішкі  тілдік мазмұн – бұл тіл белгілерінің арасындағы және толық тіл кодымен  сәйкестілігі. Бұл аспект прагматикалық  мазмұнға байланысты. Өйткені прагматика – бұл семиотиканың және тіл білімінің  зерттеу аймағы. Онда адресат ойының субъектіге, коммуникацияға қатысқан адамдардың арасындағы қарым-қатынасына, қарым-қатынас жағдайына байланысты тіл белгілерінің сөйлеудегі қызметі  зерттелінеді [27, б. 4].  

     Аудару  кезінде түпнұсқаның  жалпы мағынасы сақталуы керек. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер 

     2.1. Көркем аудармада  реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері 

     Аударма  теориясы  және  практикасы  саласында  жұмыс істеген 

     С. И. Влахов және С. П. Флориндердің пікірінше, реалия сөздердің аудармасы екі рет шартты: қағида бойынша реалия сөздер аударылмайды (сөздік тәртіп бойынша) және қағида бойынша ол аудару тәсілімен(контекстте) жеткізіледі [28, б. 26].

     И. Левый реалия сөздерді «аудармашының азабы» деп атаған. Осыған қарамастан А. В. Федоров «басқа тілге аударылмайтын сөз жоқ, яғни, берілген тілдің көп таралған сөз тіркестерімен сипатталмайтыны жоқ» деген пікір айтады [19, б. 198].

     Аудару  кезінде реалия сөздерді жеткізуде  негізгі екі қиыншылық кездесетіні  туралы айта кету қажет: аудару тілінде  сәйкес сөздің (эквиваленттің) болмауы, бұл осы тілде сөйлейтін адамдарда  осы реалиямен белгіленген объектінің болмауына байланысты; реалияның  заттық мағынасын (семантикасын) жеткізгенде  оның нақышын (коннотациясын), ұлттық-тарихи ерекшелігін де жеткізу қажет [19, б. 87].

     Көп уақыт бойы реалия сөздерді аудару кезінде ұлттық және тарихи өзгешелігін  жеткізу маңызды мәселелердің бірі болып келді.  

     Кейбір  лингвист ғалымдар өз ғылыми зерттеулерінде «реалия» терминін емес, «эквивалентсіз лексика» терминін қолдайды. Алайда «реалия» ұғымын «термин» ұғымынан бөліп қарастыру  керек. Реалия сөздер көркем әдебиетте өте жиі кездеседі. Олар белгілі бір халықтың мәдениетімен байланысты. Осы халықтың тілі үшін жалпы қолданбалы, ал басқа тілдер үшін жат. Қандай да болса ұлттық бояусыз, ғылым саласына жататын терминдер жасанды түрде пайда болады. Олар тек қана затты не құбылысты атау үшін қолданылады. Енді «реалия» терминінің әр алуан анықтамаларын қарастырайық:

     1) реалия – бұл ұғым, практикалық  түрде басқа тілде сөйлейтін  адамдардың өмірінде болмайтын ұғым;

     2) сыртқы лингвистикамен және аударматанумен  зерттелінетін әр түрлі факторлар  және олардың тілде бейнеленуі, сондай-ақ берілген елдің мемлекеттік  құрылымы, халықтың тарихы, мәдениеті,  тілі, берілген тіл меңгерушілерінің  байланыстары және т.б.;

     3) сөздің номинативті мәні үшін  негіз болып табылатын материалдық  мәдениеттің заттары;

     4) өмірдің және тұрмыстың ұлттық  ерекшеліктерін белгілейтін сөздер  [29, б. 2].   

     Аудармашылармен, аударма теоретиктерімен және лингвисттермен қолданылып жатқан терминологияда айқындық болмағандықтан, аударматанудағы реалия және әдебиет тану ғылымындағы, лингвистикадағы  реалия арасындағы шекаралар өте  тұрақсыз.

     «Реалия»  сөзі – латын (realis, -e, көпше түрі realia- «зат, нәрсе») сын есімінің көпше  түрінен шыққан. Сәйкес лексикалық категориялар ықпалының әсерінен (орыс және болгар тілдерінде) зат есімге айналды. Онымен (негізінен филология  мәтіндерінде) материалды түрде болып  тұрған немесе болған, көптеген жағдайларда  мағынасы жағынан «өмір» ұғымымен затты, нәрсені байланыстырады; мысалы, «европалық (қоғамдық) өмірдің реалиялары». Сөздік анықтамаларына сәйкес – бұл «материалдық мәдениеттің кез келген заты», «классикалық грамматикада бұл осы тілде бейнелеу көзқарас тарапынан осы елдегі мемлекеттік құрылым, осы халықтың тарихы, мәдениеті, осы ана тілін білетін адамдардың қатынастары және т.б. әр түрлі факторлар», «сөздің атаулы мағынасы үшін негіз болған материалды мәдениеттің заттары» [28, б. 283].

     А. В. Федоров реалияны түпнұсқаның  сөзі ретінде анықтайды. «Ол тек  қана аймақтық құбылысты білдіретін, басқа халықтың тұрмысында және түсінігінде  болмайтын нәрсе» [19, б. 283].     

     Реалия  – зат, елтану ғылымының  шекараларында  да кең мағынаны білдіреді. Кейбір кездерде ол тілдік емес ақиқаттылықтың ралия-сөз  шекараларына сыймайды; реалия – берілген тілдің лексикасының элементі ретінде  бір белгіні білдіреді. Осы мәселені нақтылау үшін В. Д. Андреев, В. Г. Гак, Б. И. Репин осы ұғымды дәлдеуге тырысады. Сонда «реалия» терминімен бірге «реалия-сөз» терминін қолданады.

     Реалия сөздерге эквивалентсіз лексиканы да жатқызуға болады. Эквивалентсіз лексика:

     1) Басқа тілдің лексикалық бірліктері  арасында толық немесе жартылай  эквиваленттері жоқ лексикалық  бірліктер (сөздер және тұрақты  тіркестер). Өте жиі эквивалентсіз  лексикаға: реалия сөздер, уақытша  эквиваленті жоқ терминдер, кездейсоқ  эквивалентсіз сөздер жатқызылады.      

     2) Аймақтық құбылыстарды және ұғымдарды  білдіретін берілген мәтіннің  реалия сөздері, аударма тілінде  сәйкестілігі жоқ сөздер.

     «Реалия»  ретінде, қателікпен қолданылатын тағы бір ұғым - «лакуна». Номинативті  бірліктердің номинативті-мәдени ерекшелігі тек қана эквивалентсіз лексика  ретінде байқалмайды. Сонымен қатар, осы тілде басқа тілдегі сөздердің, ұғымдардың болмауы. Яғни, лакуналар  – тілдің семантикалық картасындағы ақ дақтар [30, б. 283; 31]. 

     Жоғарыда  айтылған барлық анықтамалар аудару практикасына жатады да, аударма тілінде  басқа тілде реалия болатын сөздерге тұрақты элементтердің болмау фактісін белгілейді. Алайда, мәдени, ғылыми-техникалық, саяси дамудың қарқынына байланысты белгілі бір кезеңде осы реалия сөздер және оларды белгілейтін сөздер аударма тілінде болмауы мүмкін.

     Ал  басқа жағынан, реалия белгілі бір  тарихи кезеңмен шектеулі болуы мүмкін. Сонда, реалия сөздер  тілде толықтауыш қызметін атқарады. Олар тек қана ерекше заттарды, құбылыстарды білдірмей, сонымен  қатар олар белгілі бір тарихи кезеңімен ара қатынасын белгілейді. Мысалы: das Femegericht (жасырынды соттау XIV – XV ғасырлар).

     Ал  тілдік формасы жағынан, негізінен, реалия сөздер  зат есімдер (неміс  тілінде өте жиі құрмалас зат  есімдер), кейбір кездерде сөз тіркестері, аббревиатуралар, сын есімдер, етістіктер және зат есімдердің - реалия сөздердің  туындылары.

     Реалия  сөздер сипаттайтын факторларына сәйкес келесі топтарға бөлінеді:

     1) заттық (географиялық, тұрмыс, киім, ақша, өлшеу бірлігі, сәулеттік, атақ  және лауазым, партиялар, саяси-әлеуметтік  қозғалыстар, әскери, әкімшілік-территориялық  бірліктер, фольклор, ойыншықтар, ойындар,  билер, жанрлар, мәдени реалия  сөздер); 

     2) жергілікті (ұлтқа және тілге  байланысты);

     3) уақыттық (осы заманғы және көне  реалия сөздер);

     4) аудармашылық.

     Енді  әрбір топқа жеке-жеке тоқталайық:

     Бұл топқа белгілі бір халықтың өмірінің тұрмыстық жақтары кіреді. Бұл  топқа келесі реалия сөздер жатады:

     а) географиялық реалия сөздер (топонимдер): дала, тундра, каньон, фиорд; die Hallig pl., Halligen – Солтүстік теңізіндегі тіршілік етілетін аралдардың тобы; das Watt – мұхиттан келетін тасуымен басалынатын, Солтүстік теңізіндегі таяздық, жағалау сызығы; der Warf, die Wurfte – халлигахтан жасалынған үйлер тұратын төбешіктер;

     ә) болмыс реалия сөздер: тамақ: квас, щи, галушки, бауырсақ, қымыз, көже, бифстроган; der Hackepeter – татымдылықтар қосылған, бөліктерге кесілінген, шикі түрінде  желінетін ет; der Eintopf – бірінші  немесе екінші тағам ретінде қолданылатын, көкөністерден, еттен жасалынған қою  сорпа; der Heurige – биылғы жылғы жаңа шарап; die Wettwurst – майлы емес еттен  жасалынған сүрленген шұжық; die Praline – ішіне бірдеме салынған шоколадты  кәмпит; der Pumpernickel – тұрпайы тыртылған  қара бидайдың ұнынан жасалынған, тәтті  дәмі бар, қыртысы жоқ қара бидай  наны; das Pökelrippchen – тұзды сүрленілген кішкентай қабырғалар; die Stelze - шошқаның сан еті;

     б) киім: кимоно, пима, сәукеле, мәсі; der Kittel – китель; der Schillerkragen – ақ үлкен  ашық жаға; die Uniform – униформа; der Tirolhut – қауырсыны бар тирольдік  қалпақ; der Knickerbocker – шалбар – гольф;

     в) ақша, өлшем бірліктері: ақша: рубль, доллар, марка, теңге; der Groschen – ескі неміс күмістен жасалынған тиын; der Kreuzer – ұсақ тиын, айналымда ХІХ  ғасырдың соңына дейін қолданылды; der Gulden – алтын, содан кейін күміс  Герман тиыны; der Taler – ескі неміс  алтын және күміс тиыны; die Mark – 100 пфенингке тең. Ұзындық және аудан  өлшейтін бірліктер: метр, километр, сажын, шақырым; die Lachter – шамамен 2 метрге тең; der Morgen – жер өлшемі, 0,25 – 1,22 гектарға тең; das Joch – ескі аудан өлшейтін өлшем бірлігі, 0,25 – 0,58 гектарға тең; der Zoll – 1/12 футқа тең. Көлем өлшемі: das Ahm – сұйықты өлшейтін ескі өлшем  бірлігі, 130 – 160 литрге тең;  der Eimer –  сұйықты өлшейтін ескі өлшем бірлігі, 29,0 – 68,7 литрге тең; das Fass – сұйықтың көлемін өлшейтін ескі өлшем бірлігі  – Баварияда (сыра) 17,1 литрге, Лейпцигте (сыра) 3,6 литрге, Австрияда (шарап) 5,8 литрге тең; der Schoppen – шараптың, сыраның 0,5 литріне  тең. Сусымалы өнімнің өлшем бірліктері: das Maß – ескі өлшем бірлігі (кейбір кездерде сұйық заттардың да) 0,33 – 1,98 литрге және жарты сапты аяққа  тең; der Scheffel – дәннің ескі өлшем бірлігі, әр түрлі аймақтарда 23 – 233 литрге тең; das Lot – салмақтың ескі өлшем бірлігі, 12,79 – 17,5 грамға тең; die Mandel – ескі өлшем бірлігі, 15 данаға тең; das Schock – 4 мандельге тең, яғни, 32 данаға; das Pfund – 500 грамға тең; der Zentner – 50 килограмға тең; der Doppelzentner – 100 килограмға тең;

     г) сәулет реалиялары: das Fachwerk, das Fachwerkhaus, der Fachwerkbau – құрылыс элементтердің  жүйесінен тұратын, саз балшықпен, кірпішпен, таспен толтырылған орта ғасырлық архетиктурадағы көп қабатты  үйдің негізгі қаңқасы; der Giebel –  тар, жоғары қарай өте қатты ұшталған фронтон;  das Giebelhaus – қатты ұшталған үйдің төбесі; der Dachreiter – атша төбесінде  орналасқан мұнара; das Reichenhaus – секциялардан тұратын, өз кіру есігі және нөмірі бар үй;

     ғ) лауазымдар, дәрежелер: царь, король, шах, хан, би; der Herzog – ежелгі Герман халықтарда тайпаның бастығы, орта ғасырларда –  үлкен феодал, орта ғасырлардың соңынан  бастап – ақ сүйектердің жоғары атақтарының бірі; der Keiser – Герман императоры; der Junker – ақ сүйектерден  шыққан көп жері бар үлкен диқан; der Geheimrat – жасырынды кеңесші; der Justizrat – заң кеңесшісі;   

     д) партиялар, саяси-қоғамдық қозғалыстар: коммунистік партия, тори, виги, демократиялық  партия; die Sozialdemokratische Partei – саяси-демократиялық  партия; die Christisch-Demokratische Union – христиан-демократиялық  Одақ;   

     е) әскери реалиялар: орда, жүздік, Қызыл  Армия; die Reichswehr – Герман қарулы күштердің  аты (1919 – 1935 жылдары); die Bundeswehr – Германияның  қарулы күштері; die Wehrmacht – фашистік Германияның қарулы күштері;

     ж) әкімшілік-аумақтық бірліктер: губерния, облыс, штат; die Gemeinde – астыңғы әкімшілік-аумақтық бірлік, қауым; das Land - жер; der Bezirk – округ; die Marktgenosschaft – ауылдық қауым;

     з) фольклор реалиялары, ойыншықтар, ойындар, билер, жанрлар, мәдени және мәдени-тарихи реалия сөздер: Соловей-Разбойник, серый  волк, Ванька-встанька, Мальчик-спальчик, Алдаркөсе, матрешка, асық, қыз қуу, барыня, батырлар жыры; der Troll – гном, герман мифологиясында тау рух; der Hampelmann – қолдары, аяқтары жіп арқылы қозғалатын адам тәрізді ойыншық; der Gartenzwerg – бақшаны әдемілейтін  боялған гном фигурасы; die Schultüte –  бірінші сыныпқа бара жатқан балаларға  бірінші оқу күні ата-аналары  беретін, тәтті кәмпиттер салынған конус тәрізді түрлі түсті  қағаз қапшығы; die Lorelei – неміс  халық аңыздарындағы су перісі; das Nibelungenlied – Нибелунгтер туралы хикая.  «Нибелунгтер туралы хикая» эпосынан алынған келесі мысалдар негізінде аудармашылар реалия сөздерді аударған кезде негізінен қандай тәсілдерді қолдағанын қарастырайық.  

1 кесте  – «Нибелунгтер туралы хикая»  эпосындағы аудармашылық трансформациялар 

1 Авентюра
1
Неміс тілі Қазақ тілі Қазақ тілі өз нұсқамыз Орыс тілі Ағылшын тілі өз нұсқамыз
Burgunden-land Бургундттар елі  – транскрипция   Земля бургундов - транскрипция Burgundy - калькалау
Ein junges Edelfräulein Балғын қыз - генерализация   Девица юных лет - генерализация A maid of honour (unmarried young woman attending a queen or princess) генерализация
Der König Король - калькалау   Король - калькалау A king (male sovereign ruler (esp. one whose position in hereditary) of an independent state) –  калькалау

Информация о работе Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер