Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 21:02, курсовая работа
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы.
1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2 Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі кезде дербес емес аудармалық іс және тәуелсіз аудармалық іс бар. Дербес емес аудармалық іс тираждауға жақынырақ, сондай-ақ іс аударма мәтініне өте тығыз байланыста болады (ресми-істі, ғылыми-техникалық құжаттарды қамтиды), ал тәуелсіз - бұл аудармашының белгілі бір дербестігін белгілейді (публицистикалық және әдеби мәтіндер). Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.
Аударманың
мақсаты қарым-қатынаста болған
кісілердің арасындағы лингвоэтникалық
бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін
ету. Басқа сөзбен айтқанда, аударманың
қоғамдық мәнін төмендегідей анықтауға
болады: аударма – екі тілде
қатынасқан коммуниканттардың байланысы,
бір тіл ширегіндегі
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда В. Н. Комиссаровтың және А. Д. Швейцердің пікірлерін қолдаймыз. Олардың пікірінше, жазбаша аударма – бұл бір жақты және екі фазадан тұратын, тіларалық және мәдениетаралық коммуникация үдерісі. Сонда аудармалық талдаудан өткен, бірінші мәтін екіншісімен алмастырылады. Біріншісін алмастыратын мәтін басқа тілдік және мәдени ортада қалыптасады [13, б. 75].
В.
Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша,
көркем аударма – бұл аудармалық
әрекет, оның негізгі мақсаты аударма
тілінде көркем-эстетикалық
Сонда,
көптеген әдеби сыншылардың ойынша
көркем аударма – бұл өнер, онымен
тек қана эстетикалық қағидаларға
сүйенетін тіл шеберлері
Г. Гачечиладзенің пікірінше, аударма мәселесі маңызды және терең зерттеу негізінде, көркемдік жағынан толық емес және толық, бірақ та түпнұсқадан алыс, еркін аударма. Осы екі көзқарас келесі екі пікірлердің негізінде жатыр: аударма лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы жағынан анықталады. Аударманың лингвистикалық қағидасы түпнұсқаның формалды құрылымын қайта жасау. Бірақ, егер де лингвистикалық қағида негізгі екені айтылатын болса, онда ол түпнұсқаның сөзбе сөз аударылуына әкелуі мүмкін. Тіл жағынан ол нақты болар, ал көркемдік жағынан өте әлсіз аударма болуы мүмкін. Сонда бұл түршіліктің (формализмнің) бір түрі болады. Түршілік (формализм) кезінде басқа халықтың тіл формалары дәл аударылады да, шетел тілінің заңдары бойынша мәтіннің стилизациясы шығады. Кейбір жағдайларда, аударылатын сөйлемнің синтаксистік құрылымы аудармада ұқсас тәсілдермен берілуі мүмкін болса, онда сөзбе сөз аударма ешқандай әдеби талдаусыз, соңғы амал ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда, әр түрлі тілдерде синтаксистік амалдардың тура келуі өте сирек кездеседі. Көбінесе сөзбе сөз аударма кезінде қазақ тіліндегі синтаксистік нормалардың бұзылуына әкеледі. Сондай жағдайларда біз мазмұн мен форма арасындағы қарама-қайшылықпен түйісіп қаламыз. Автордың ойы айқын, бірақ оны білдіру түрі қазақ тіліне жат. Нақты сөзбе сөз аударма түпнұсқаның эмоционалды әсерін барлық жағдайларда толық жеткізе алмайды. Яғни, сөзбе сөз нақтылық және көркемділік үнемі бір бірімен үйлеспеушілікте болады. Аударма тілдік материалға сүйінетіні даусыз. Сөздердің және сөз тіркестерінің аудармасынсыз көркем аударма бола алмайды. Аудармашының екі тілдің заңдылықтары және осы заңдылықтардың бір біріне сәйкес келуі туралы білімі болу керек. Демек, көркем аударманың сапасын анықтау үшін тіл аралық сәйкестілікті анықтайтын жалпы қағидалар жеткіліксіз болады. Толықтылық үшін бүкіл аудару кезінде түпнұсқаға сөзбе сөз жақын болу қажет емес [16, б. 115].
Кейбір зерттеушілердің (Г. Гачечиладзе, А. А. Смирнов және А. В. Федоров) пікірінше, аударманы жаңа сөздер табу өнерінің бір түрі ретінде, яғни, лингвистикалық көзқарас жағынан емес, әдебиеттану ғылымы жағынан қарастыру керек.
Осы теорияға сәйкес, аудармашының негізгі жылжу күші түпнұсқамен берілген идея болады. Ол аудармашыны ойларды сөзбен білдіру үшін барабарлы тіл амалдарын табуға ықпал етеді. Басқа сөзбен айтқанда көркем аударма – бұл лингвистикалық жағынан емес, эстетикалық түсінігі жағынан түпнұсқаға барабарлық.
Мысалы, А. А. Смирнованың «Көркем аударманың шеберлігі» мақаласында («Мастерство литературного перевода») [17, б. 526 - 531], барабарлы көркем аударманың мақсаты мазмұнның мағынасын жеткізу, эмоционалды айқындылық және түпнұсқаның сөздік-құрамдық безендіру деп көрсетілген. А. А. Смирнованың ойынша, біз «барабарлы» аударманы мойындауымыз керек: «автордың барлық ниеттері жеткізілген, соның ішінде оқырманға белгілі бір идеялық-эмоционалды әсер ету, автормен қолданылған барлық ресурстардың бейнелілігі, ерекшелілігі, ритм және т.б.; соңғысы негізгі мақсат ретінде емес, жалпы ықпал ету үшін қолданылуы керек. Ондай жағдайда, әрине, әрқашанда мәтіннің маңызды емес бөліктерін таңдап, бірдемемен құрбан ету керек».
Аудару үдерісі кезінде тіл – түпнұсқа өнері кезінде ойнап жатқан рөлдей бағынышты рөл атқарады. Сондықтан оны алдыңғы орындарға қоюға болмайды. Алдымен, тіл мұнда көркем мәселелеріне жету үшін қолданылатын амал ретінде қарастырылады. Сондықтан, аудару кезінде туатын ерекше тіл мәселелері белгілі бір жанрды аударудың өзіне тән мәселелерімен бірге шешілуі керек.
Алайда, Г. Гачечиладзе пікірінше, аудару өнерінің әдістемелік алғы шарты заттық-диалектикалық қағида мен шығарма мазмұнының бірлестігі. Осы құрамдас бөліктердің біреуінің бұзылуы, теориялық сәйкессіздікке әкеліп, көркем аудармаға тікелей кемістік келтіреді. Толық көркем шығарма – бұл форма және мазмұн бірлестігі. Ол автордың субъективті сезгіштігі арқылы өтетін нақты ақиқаттың көркем тұтастығы. Аудару үдерісі кезінде көркем ақиқаттылық аудармашы алдында нақты ақиқаттық құбылыстар бірлестігі ретінде тұрады. Осы құбылыстар қисынды нақтылықта және көркем шығармада бейнеленеді. Автордың ойынша, көркем шығарма аудармашыға әсер етіп, өз жағынан белгілі бір эмоционалды сезімдерді білдіреді: осы фактордың объективті және субъективті әрекеттестігі нәтижесінде аудармашының санасыңда шығарманы қабылдау кезінде түпнұсқаның аудармасы туады. Көркем аударма жасау үшін шығармашылық әдіс қажет.
Г. Гачечиладзе көркем аудармаға төмендегідей анықтама береді: «Көркем аударма – бұл көркем шығармашылықтың бір түрі. Онда түпнұсқа нақты ақиқат үшін қызмет атқарады. Осы дүниетанымға сай, аудармашы онымен таңдаған шығарма формасының және мазмұнының көркем ақиқаттылығын бейнелейді: аударма дербестен тұтасқа қағидасы негізінде жүзеге асады [16, б. 115-136].
Жоғарыда айтылғандай, аудару үдерісі кезінде әр түрлі тілдерде мәтіндердің коммуникативті теңеуі өтеді. Осы үдерістің жүзеге асырылуы және оның нәтижелерінің бағалануы мынаны болжайды: форманың және мәтіндердің алуан қырлы түрлерінің салыстыруын, әрбір тілде мәтіннің құрылымын және қызметін, мәтін толық құрылым ретінде және мәтінді құрайтын тіл бірліктерінің, құрылымының салыстырмалы талдауы. Мәтін – бұл тіл шығармасы, оның көмегімен вербалды коммуникация іске асады. Мәтін пікірлерден тұрады. Осы пікірлерді сөйлеп жатқан кісі өзі айтып, тіл бірліктерін таңдап, оларды берілген тіл грамматикасына сәйкес өз коммуникативті ниеттеріне байланысты біріктіреді. Мәтін – бұл жай бөлек пікірлердің бірлестігі емес. Мәтін құрылымы және мазмұны жағынан тұтас бір бүтін. Оның коммуникативті потенциалы мазмұнды құрайтын пікірлердің жиынтығынан артығырақ. Аудармашы осы түпнұсқада берілетін толықтықты қабылдай ала алуы және онымен құрылып жатқан аударма мәтінін толық және дәл бере білуі керек.
Мәтіннің құрылымдық мазмұны әр түрлі үш деңгейде қарастырылуы мүмкін: тік, көлденең және терең. Мәтіннің тік құрылымын оның формалды-тақырыптық мазмұны құрайды. Жалпы мағынасынан немесе мәтіннің тақырыбынан, тақырыпшалардан бастап, субтақырыпшаларға, бөлек пікірлерге дейін кездеседі. Осындай өрістету сөйлеп жатқанмен, «жоғарыдан – төмен» қарай іске асады. Ол мәтінді өз коммуникативті ниеттеріне сай жасайды. Мәтінді қабылдайтын кісі иерархиялық құрылымды басқа бағытта – «төменнен – жоғары» қарай, мазмұнының кішкентай бөлектерінен мәтінді толық түсініп ұғынуға дейін қабылдайды. Алайда мәтіннің тік құрылымы әрқашанда нақты және қисынды болмайды. Кейбір микротақырыптар қалдырылады, ал басқалар «бөтен» тақырыпшалар орнына сыналасады да, олар бір-біріне қайшы болып шығады т.с.с. Осындай мазмұндаманың кемшіліктері коммуникацияға қатынасқан кісілердің білімдерімен және тәжірибелерімен, олардың бүкіл мәтін бойынша мазмұнының болжауымен алмастырылады. Кейбір болжау күшіне сай мәтін бөліктері мәтіннің келесі мазмұнының болжауға мүмкіндік береді. Сондай «ықтимал болжау» тілді ұғуға жеңілдетеді және аудару үдерісі кезінде үлкен рөл атқарады.
Толық мәтін жасауда формалды және пікірлердің арасында мағыналық байланыстардан тұратын көлденең құрылымы маңызды орын алады. Мәтіннің формалды байланысы (когезия) әр түрлі тіл амалдары арқылы жүзеге асады: жалғаулықтар, қайталаулар, орын алмастыратын сөздер және сол сияқты амалдар. Мәтіннің мағыналық бірлестігі (когеренттілік) логикалық жүйелілікпен, логикалық байланыстармен («сонымен», «яғни», «қорыта келгенде» және т.б.), баяндаудың басын және оны белгілейтін стереотиптік формулалардың қолдауымен, басқа бөлектерге анафоралық және катафоралық жөнелтумен т.с.с. байланысты. Мәтіннің тақырыбы – рематикалық құрылымы да онымен тікелей байланыста болады. Тақырып және рема арақатысы, актуалді бөлу бөлек пікірдің мағыналық құрылымы үшін өзгеше болып келеді. Пікірдің мазмұныңда екі мағыналық фокусты белгілеп қоюға болады. Оның біреуі (тақырып) – хабарлаудың негізгі пункті, не туралы хабарлап жатқаны және әңгімелесушіге белгілі немесе оған белгілі нәрсе ретінде ұсынылады. Екіншісі (рема) – хабарлаудың негізгі мағыналық орталығы, не хабарлап жатқаны, осы хабарлама жаңа мәлімет ретінде қолданылады. Тақырып – бұл пікірдің рематикалық бөлінуі. Ол реманы ырғағымен, лексикалық немесе синтаксистік амалдар арқылы бөліп шығарады. Мәтіндегі жүйелілік және мазмұндаманың байланысы, көрші тұрған пікірлердің тақырыптық – рематикалық қатынастарына байланысты. Бір пікірдің ремасы жиі басқа пікірдің тақырыбы болып шығады. Сонымен қатар, белгілі тақырыптық – рематикалық құрылым мәтіннің толық мазмұндамасында жасалынады. Мәтіннің аудармасын жасаған кезде, аудармашы түпнұсқаның тақырыптық-рематикалық құрылымын сақтауға тырысады.
И.А. Кашкиннің ойынша, ақиқатты аударманың мақсаты «...түпнұсқа мәтіннің ішінде болған бүкіл мағыналық және бейнелі байлық, ақиқаттылық объективті түрде қайта құрылуы керек. Аудармашы бірден түпнұсқадағы грамматикалық құрылымға қақтығысып, осы бөгдеден өтуге, болған балғындыққа және автормен ақиқаттықтың қалай қабылдағанына жетуі өте маңызды» [18, б. 75]. Ақиқаттық аударма үдерісінде сезгіштіктің және ойдың ақиқаттықтың объектімен шамалап үйлесуі не білдіріп жатқанын анықтайды. Басқа сөзбен айтқанда, аудармада түпнұсқаның қандай элементтері ақиқатты жеткізгенін анықтайды.
Осы пікірмен белгілі теоретик А. В. Федоровтың анықтамасы ұштасады: «аударманың түпнұсқасында берілген мазмұны формалді және оған стилистикалық сәйкес келетін ақиқаттылық толық жеткізілуі керек». А. В. Федоров бөлек бөліктің, бөлек элементтің немесе мәтіннің үзіндісін толық мәтін жеткізу турасында аспектін ерекше белгілейді. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, онда толық мәтіннің дәлдеп жеткізілуі және кейбір өзгеше бөліктерінің қалдырып тастауы кезінде түпнұсқаның дербес сырын жоғалту мүмкін. Көркем аударма – бұл жай бөліктердің механикалық бірлестігінен артық. Өйткені ол шығармашылық жұмыстың жемісі және онда аудармашының шығармашылықтың элементтері бар [19, б. 21 - 22].
Әрбір
аударма шығармашылық үдеріс ретінде
аудармашының даралығын белгілеуі
керек, бірақ аудармашының негізгі
мақсаты түпнұсқаның
Әрине, форманың және мәтін мазмұнының барлық элементтері дәлдікпен қайта құрылуы мүмкін емес. Қандай да болсын аударма кезінде төмендегідей кемшіліктер болуы мүмкін:
1) материалдың қандай да бір бөлігі қайтадан құрылмай, алынып тасталынады;
2)
материалдың қандай да бір
бөлігі өз түрінде емес, әр
түрлі ауыстырулармен/
3) түпнұсқада болмаған материал кіргізіледі.
Сондықтан көптеген зерттеушілердің пікірінше ең жақсы аудармаларда, түпнұсқаға қарағанда, шартты өзгерістер болады. Алайда осы өзгерістер көлеміне аударманың дәлдігі тәуелді болады. Сондай өзгерістердің минимумы барабарлы аударманы болжайды. Біз осы пікірді түпкіліті қолдаймыз.
Демек,
барабарлы аударманың мақсаты түпнұсқаның
мазмұнын және формасын, оның ерекшеліктерін
дәлдеп жеткізу.
1.2
Аударматанудағы
барабарлық (эквиваленттілік)
мәселелері
Аудару
дәлдігі мәселесін филологтар бұрыннан
бері қарастырып келе жатыр. Қазіргі
кезде бұл мәселе әр түрлі аудармалық
бағытта зерттелуде (Қазақстан мектебі:
Г. И. Исина, А. Алдашева және т.б., Рессей
мектебі: А. Т. Алексеева, В. Н. Комиссаров,
Н. Р. Ткачев және т.б., Германия мектебі:
Г. Егер, К. Райс, Е. Штойберг және т.б.).
Жоғарыда аталған лингвисттердің зерттеулерінде
назар эквиваленттілік
Барабарлық (эквиваленттілік) – аудару теориясында өте күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылады. В. Н. Комиссаровтың пікірінше «эквиваленттілік ұғымы аударманың негізгі ерекшелігін ашып, қазіргі аударматануда негізгі ұғымдардың бірі болып табылады» [20, б. 176].
«Эквиваленттілік»
термині қазіргі аударма
Информация о работе Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер