Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 21:02, курсовая работа
Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы.
1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2 Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Егер де қазіргі аударматану теориясы ХХ-шы ғасырдың ортасында пайда болатын болса, онда оның негізгі категориясын білдіретін термин онымен бірге жарыққа шықты. Бірақ та, кейбір тілдерде, мысалы, француз тілінде, қазір біз қолданып жатқан лингвистикалық мағынада «эквивалент» сөзі (бір сөзді немесе сөз тіркесті ауыстыра алатын сөз немесе сөз тіркесі) ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында (1864 жылы) тіркелген еді. Оны Бодлердің еңбегінде кездестіруге болады (1821 – 1867 жылдары): «Сөз шексіздік, Құдай, рух және басқа сөздер сияқты басқа тілдерде эквиваленті бар».
Аударма теориясы үшін осы термин қандай мағынада қолданылады және басқа терминдермен қалай араласады? Мысалы, Вине және Дарбельне «Француз және ағылшын тілдерінің салыстырмалы стиликасы» («Сопоставительная стилистика французского и английского языков») атты еңбектерінде (1958 жылы) эквивалент және эквиваленттілік терминдерін біз үшін дағдылы мағынада емес, аударманың тәсілдерінің бірі ретінде қолданған.
Жалпы ғылыми білімдер жағынан «эквиваленттілік» ұғымын қарастырайық. Орыс тілінде эквиваленттілік сөзі эквивалентті сын есімінің ерекшеліктеріне тең. Яғни, бірдей, мағынасы бірдей, тең күшті, бірдемені қандай да болса байланыста тұрғанды алмастыру сөздеріне эквивалент болып тұр. Сонда, эквивалент сөзі – бұл бірдей, мағынасы бірдей, басқаға тең болатын, оны толық алмастыра алатын ұғым [21, б. 747].
Эквивалентті сөзінің анықтамасында болған қарама-қайшылыққа назар аудару қажет. Салыстырылып жатқан объектілер құндылық, мағынасы, күші жағынан біркелкілігі туралы оның бірінші бөлігінде айтылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар бірдей, яғни, абсолютті түрде ұқсас. Бірдемені қандай да болса өзара байланыста тұрған сөздерді толық алмастыра алатындығы туралы екінші бөлігінде айтылады. Орыс тілінің сөздігі, жоғары айтылған сөздерінің мағынасына анықтама беріп, «эквивалент» сөзіне аудару теориясы үшін өте қызықты және маңызды Пироговтың «Кәрі дәрігердің күнделігінен» («Дневник старого врача») мысал келтіреді: «Менің профессорлық инстиутқа кандидат ретінде тағайындауым дәрі сынауының эквиваленті боп, есептелінді» [15, б. 147]. Пироговпен келтірілген екі жағдай бірдей және біркелкі емес. Бірақ бір жағынан олар бірдей және белгілі бір орында болуға рұқсат етіледі.
Сөз
анықтамасыңдағы қарама-
Аударма
түпнұсқаға абсолютті түрде дәл
бола алмайды. Бірақ бұл тіл аралық
коммуникация үшін бөгде болмайды [22,
б. 144]. Бұл ақындық формаларды жеткізу
қиыншылықтарымен, мәдени және тарихи
ассоциацияларды, ерекше реалия сөздерді
және көркем мазмұндамалардың өзгешеліктерін
жеткізуде шарасыз
В. С. Виноградов пікірінше, кең ұғымында эквиваленттілік бірдемеге тең, тең мағыналы, барабарлық – дәлдеу, ал тепе-теңдік бірдеңенің бірдемемен толық ұқсастығы, үйлестігі ретінде түсініледі [7, б. 18].
Ал Л. К. Латышев «Айырмашылық болған кезде эквиваленттілік – бұл тілдің ең басты мәселесі және лингвистиканың түпкі мәселесі болып табылады. Аудармашы рецептор сияқты қызмет атқарады» деп жазады [23, б. 145].
Бұдан
басқа, «эквиваленттілік» терминімен
бірге аударматануда «
В. Н. Комиссаров бойынша, «аударманың эквиваленттілігі түпнұсқа мәтін мазмұнының және аудармасының барлық деңгейлерінің максималды ұқсастылығында жатыр» [15, б. 75]. Сөйтіп, В. Н. Комиссаров бойынша эквиваленттілік Я. И. Рецкерге қарағанда кеңірек ұғым және ол аудару үдерісі кезінде берілген тілдің және аударылатын тілдің бірліктерінің үйлестіліктің бөлек түрін емес, негізгі мақсатын анықтайды.
Аудару барабарлығы ұғымы нені білдіреді? Және эквиваленттілік категориясының барабарлық категориядан айырмашылығы неде?
Барлық мүмкіндігінше, барабарлық ұғымы аудару теориясына таным теориясынан көшкен. Таным теориясында «барабарлық» термині елесте, ұғымдарда, объективті байланыста және ақиқаттылық жағынан дұрыс қайта құруды білдіреді. Аудару теориясы үшін сондай ақиқаттылық ретінде түпнұсқа мәтін болып шығады. Ал мәтін мұнда құрылған байланыстар жүйесі және оны құрайтын элементтер қатынасы ретінде беріледі. Сонда аударудың мақсаты басқа тілдің амалдары арқылы осы байланыстар жүйесін және қатынасын сәйкес, дұрыс қайта құру. Түпнұсқаның дұрыс қайта құрылуы нені меңзейді? Анықтамасының шамалас, сәйкес, дұрыс, дәл синонимдері арқылы мағынасын ашу аз. Түпнұсқаға қарағанда аударма қандай болу керек анықтамасына тағы қандай ұғымдарды қосуға болады. Осында шамалас анықтамасы ғана бізге «аудармасының мәтіні түпнұсқасынан аспау да, кем де болмау керектігі» туралы айтады. Бірақ та осыған жету қиындау болады. Сәйкес (неге?), дұрыс (нені бағалауы бойынша?), дәл анықтамалары аудармаға қарағанда жиі қолданылып жатқанына қарамастан, олар өте абстрактылы.
Аударма
толықтылығы (барабарлық) ұғымын дәлдеуге
тырыса отырып, А. В. Федоров толығырақ
түсініктеме береді: «Аударманың
толықтылығы – бұл түпнұсқада
берілген мазмұн мағынасының толық
жеткізілуі және аударманың түпнұсқаға
функционалды-стилистикалық
Аударма
толықтығы түпнұсқаға сәйкес мазмұны
және форма ара қатынас
А. В. Федоров толықтық және барабарлық ұғымдары арасында тепе-теңдік белгісін қояды. Ол үшін барабарлық – бұл тек қана шетел термині. Мәтіннің көркем редакциялау ережелеріне сәйкес оны ана тіліндегі сөзбен алмастыру жақсырақ болар еді. Бірақ, алмастыру болса да, мәселе айқын шешілмейді. Керісінше, А. В. Федоров ұсынған аудармада барабарлық толықтықтың болуы жаңа мәселелерді туғызады.
Сонымен,
түпнұсқа және аударма мәтіннің бірліктерін
қарастырғанда және салыстырғанда,
біз лексика бірліктерінің
Неміс аударматану мектебінің өкілі В. Коллердің пікірінше, мәтіндер арасындағы эквивалентті қарым-қатынас түрі және үлгісі анықталғанан кейін, эквиваленттік ұғымы ақиқатты мағынасына жетеді.
Аударманы
қабылдаушының реакциясы
1)
заттық жағдайларды
2)
пікір элементтерінің
3)
функционалды-стилистикалық
4)
тілдік пікірдің және
Лексико-семантикалық
эквиваленттілік мағынасын
Денотат (латын тілінің denotatum «белгіленген» сөзінен шыққан) – осы бірлікпен атала алатын белгіленген зат, ақиқаттылықтың көптеген объектері (заттар, қасиеттер, байланыстар, күй, үдерістер, іс-әрекеттер және т. б.) [23, б. 96].
Коннотация (латын connotation, connoto «қосымша мағынам бар» сөзінен шыққан) – тіл бірлігінің узуалды немесе окказионалды сипаты эмоционалды, бағалы немесе стилистикалық сипаттамасы [23, б. 125].
Кең мағынада – бұл тіл бірлігінің заттық-мағыналық (денотативті) және грамматикалық мағынасын толықтыратын, оған экспрессивті қызмет беретін кез келген компонент. Тар мағынада – бұл тіл бірлігінің мағынасының компоненті, ол үшін екінші – атаулы функциясын орындайтын, қатынаста қолдану кезінде берілген реалияға атаулының ішкі формасын жете түсіну негізінде ассоциативті-бейнелік жолмен, оның объективті мағынасын толықтыру.
Сигнификат (латын significatum «белгіленген» сөзінен шыққан) – тіл белгісінің мағыналық мазмұны; тіл жүйесіндегі сөздің номинанты –сөз деп атала алатын тіл бірлігі [23, б. 185].
Әрбір келтірілген, қарастырылған «денотат», «коннотат» анықтамаларында «тіл белгісі» ұғымы кездеседі. Лингвистикада тіл белгісі – бұл затты, қасиетті, ақиқатқа қатынасты білдіретін материалды-идеалды құрылым (екі жақты тіл бірлігі). Өз жиынтығында тіл белгісі ерекше бір белгілер жүйесін – тілді құрайды.
Л. К. Латышевтің пікірінше, мәтінді, сөйлемді, сөз тіркесін, сөзді белгілер ретінде қарастыруға болады. Яғни, бір түрлі құбылыс ретінде. Ал бұл болса, аудару теориясы үшін ерекше құрылымды. Бұл аудару үдерісі кезінде берілген тілдің тіл бірліктерін аудару тілдің тіл бірліктеріне «ауыстыру» бір бірімен байланысқан бірнеше деңгейлерде, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер және толық мәтіндер деңгейлерінде параллелді болып өтеді.
Қазіргі
лингвистика белгінің мағынасын (мән,
мазмұны) белгі ширегінде жатпайтын
қатынас ретінде анықтайды. Сондай
қатынастар бірнешеу болады: біріншіден,
белгі денотатпен ара қатысын
белгілейді, соны белгілеп жатқан белгі
затпен, ақиқатты болмыс құбылыспен ара
қатысын белгіліейді; екіншіден, белгі
оны белгілейтін денотантпен
сигнификаттың ара қатысын
Неміс ғалымы Г. Клаус тіл белгісі ақиқатты болмыстың келесі категориялармен ара қатысын белгілейді:
-
ол белгілейтін заттармен
-
адамдардың, осы тіл қоғамының
мүшелерінің (сигнификаттардың) санасындағы
осы заттардың немесе
-
тіл белгілерін «жеткізетін»
және «қабылдайтын» адамдармен,
сонда осы кезде олар тіл
белгілерін өз тезаурусына (
- тіл кодымен, олар белгілі бір кодының элементімен (белгілі белгілер жүйесі) болған кезде ара қатысын белгілей алады, өйткені белгілер ол кезде адамдар арасындағы қатынастың жан-жақты амалы ретінде ғана болуы мүмкін [25, б. 236].
Жоғары аталып шыққан факторларға, белгілер құрылымының компоненттермен ара қатысын белгілейтін, солар арқылы мәтіннің құрылуына үлес қосатын, заттық жағдай (сөйлеп және жазылып жатқан жағдай) және қарым-қатынас жағдайлары (сөйлеп жатқан жағдай туралы) қосылады.
Көптеген жағдайларда мәтін мазмұнының құрылуына қатысатын семантикалық құрылымның компоненттері оның белгілерімен тікелей ара қатысын белгілейді [26, б. 32]. Сондықтан біз лексико-семантикалық эквиваленттіліктің келесі деңгейлерін белгілей аламыз: денотативті, коннотативті және коммуникативті-функционалды.
Информация о работе Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер