Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2012 в 21:02, курсовая работа

Описание

Аударма дегеніміз – бір тілде ауызша айтылған ой – пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде, яғни оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Ал, әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын – лингвистикалық ерекшелік емес, ал түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен. Аударма – жалпы әдеби үрдістің кең арналы саласы.

Содержание

1 Аударматанудағы лексико-семантикалық барабарлық (эквиваленттілік)
1.1 Көркем аударма жалпы аударманың негізгі бөлігі ретінде
1.2 Аударматанудағы барабарлық (эквиваленттілік) мәселелері
2. Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер
2.1. Көркем аудармада реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелері
2.2. Көркем аудармадағы аудармашылық лексико-грамматикалық түрленулер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

коркем аударма курсовая новый.docx

— 78.63 Кб (Скачать документ)

    Лексикалық түрленулерге әкеп соқтыратын көптеген себептер баршылық, және де сол себептердің барлығын қамтуға еш жағдай жоқ. Сондықтан біз тек кез келген негізгі себептерге ғана көңілімізді бөлеміз, және олар осы түрленуді жедел талап етеді.

    Әр түрлі тілдердегі сөз мағынасында осы тілге тән әлем көрінісі көрініп тұрған бір құбылыс немесе түсініктің әр түрлі белгілері орын табады, және олар аудармада міндетті түрде қиындық тудырады. Мысалы glasses және көзілдірікретінде салыстырайық. Ағылшын тілінде зат жасалған материалды айтса, ол қазақ тілінде оның функциясы айтылады: екінші көз(көзілдірік) немесе:

     Hot milk with skin on it (P.H.Johnson)

     Көбігі  бар ыстық сүт.

    Осы құбылыс ағылшын тілінде зат немесе денені жабатын тері немесе тері жабындығы айтса, қазақ тілінде сөз мағынасының негізіне қайнау нәтижесі тіркелген, яғни көбік пайда болды(ол сүт қайнаса ғана болады).

    Ағылшынның ...... bone work қазақ тілінде шыршаға қатысты сәйкестік үйлеседі (кірпіш қалау,ою). Қазақ тілінде шырша ағашымен, ағылшын тілінде тұздалған балықтың сүйегімен сәйкес келеді. Қазақ тілі образы орманның көпшілігімен, ал ағылшын тіл образы – теңіз жақындығымен ұласады.

    Көрінетін әр түрлі белгілерге қарамастан,екі тілдің өздері шындықтың бір құбылысын бір деңгейде бірдей баяндайды. Мұндай тілдік ақиқат көптеген сөздерде байқалады.

    Лексикалық түрленуге әкеп соқтыратын екінші бір себепсөздің мағыналық көлеміндегі айырмашылық. Түпнұсқа және аударма тілдерінде дәл бірдей сөздер болмайды.

    Көбіне мұндай сөздердің бірнші лексико-семантикалық варианттары,яғни негізгі мағыналары сәйкес келеді, әрмен қарай әр түрлі ЛСВ-р немесе бұл сөздер мағыналарының дамуы әр түрлі жолдармен жүрді. Бұл сөздің тілдегі қызметімен, қолданылу түрлілігімен, түрлі сәйкестікпен шартталады,тіпті ағылшын тілінің негізгі мағынасы сәйкес қазақ сөзінен кең болуы мүмкін(әрине кері жағдайлар да бар).

    «Мellow» сын есімінің семантикалық құрылымын талдағанда оның көп мағыналы сөз екенін және көптеген заттар мен талдағанда оның көп мағыналы сөз екенін және көптеген заттар мен түсініктемені анықтайтынын бірден түсінуге болады: тағам, шарап, топырақ, дауыс, адам. Оның қолдануының  әр саласы дербес мағынаға сәйкес келеді. Ағылшын-қазақша сөздік кейде оларды үтір арқылы береді. Ол әр ЛСВ бір қазақ сөзімен жабылмайтыны жөнінде айтады, себебі мұнда екі немесе одан да көп түбірлер болады,олар екі немесе одан да көп қазақ сөздерімен беріледі.

    Сонымен бірінші мағынасы: үлбіреген,піскен,тәтті (жеміс жөнінде), екінші мағынасы: 1.сақталған,ескі; 2. дәмі жағымды (шарап жөнінде), үшінші мағынасы:мейірімді, жас келген сайын жұмсаратын(адам туралы), төртінші мағынасы - жұмсақ үлбіреген, қою (дауыс пен болу жөнінде), бесінші мағынасы-жемісті,құнарлы (топырақ жөнінде),алтыншы мағынасы,сөздік- көңілді, ішіп алған (адам туралы).

    Әр кездерде «mellow» сөзіне қазақ тілінде әр түрлі сөздер сәйкес келеді,ол анықтайтын зат есімге байланысты. Бұл сөздің әр ЛСВ-ң өте кең семантикалық көлемі жөнінде айтады.

    Сөздің семантикалық құрылымы оның мәтінде қолданылуын анықтайды, және сөздің мәтінаралық мағынасының аудармасы-оңай нәрсе емес.

    Сөздің мәтінішілік мағынасы семантикалық мәтін негізіне, онымен келісетін сөз семантикасына, мәтінде кенеттен пайда болатын, сол сөздің семантикалық құрылымына кіретін сөздің жағдайаттық мағынаға тәуелді. Поэзия немесе көркем проза сөздің мәтінішілік қолданылуы автордың сол мәтіннің семантикалық құрылымның тереңіне енуі арқылы көрінеді. Өйткені сөзге парадигматикалық және синтагматикалық байланыстар тән,және сөздің лексикалық дайындықтары екі жағдайда да ашылуы мүмкін. Бұл дайындық мағыналарының көрінуі әр тілдік лексико-семантикалық аспектінің ерекшеліктерімен тығыз байланысты, осыдан аударма басындағы сөздің мәтіншілік мағынасының берілуінің қиындығы пайда болады: бір тілде мүмкін болатын нәрсе екінші тілде мүмкін емес, өйткені олардың семантикалық құрылымдары және қолданулары әр түрлі.

    In anatomic war women and children will be the first hostage.

    “Hostage” сөзі сөздікке сүйенсек, тек бір ғана мағынаға ие – «тұтқын». Алайда аталмыш семантикалық ортада бұл сөз «құрбан» мағынасына ие. Бұл мәтіншілік мағына оның парадигматикалық мағынасында көрінеді: әр тұтқын сөзі мұндай мәтіншілік мағынада қолданылмайды.

    Атом соғысында алғашқы құрбандар әйелдер мен балалар болады.

    Ағылшын және қазақ тілдерінде мағыналық көлемдері әр түрлі сөздер тобына көптеген әр түрлі: халықаралық сөздер,қабылдау, сезіну, ойлау іс әрекеттерін білдіретін яғни адвербиалды етістіктер жатады.

    Лексикалық трансформациямен тудыратын 3 себеп сәйкестіктегі айырмашылық болып бабылады. Сөздің берілген тілге таныс емес байланыста болады. Сөздер сәйкестігі олар білдіретін түсініктердің сәйкестігі барысында орын алады. Әр тілде сәйкестік әр түрлі болады, және бір тілде мүмкін нәрсе, екінші тілде қолданылмайды.

    Әр тілде өзіндік ұқсас сәйкестік нормалары болады. Әр тіл сол тілде сөйлейтін және оның  нормаларын бұзба»тын адамдар үшін түсінікті шексіз көп және сәйкестіктерді тудыра алады. Әр тілде бекітілген, дәстүрлі сәйкестіктер шеңбері бар, ол өзге тілдің сәйкес шеңберімен бірдей болмайды. Мысалы: trains run-поездар жүреді,   rich feeding-көп тамақ.

      The air was rich with the scent of the thummer flowers (P.Johnson)

       Ауа орман гүлдерінің  хош иісіне толды.

    Labour party protests followed sharply on the Tory ….  With Spain. (“Morning Star”) 

     Испаниямен  консервативті үкімет туралы келісімнен кейін  Лейбористер партиясының  қарсылығы орын алды.

    Сөздің семантикалық көлемі неғұрлым кең болса, соғұрлым оның сәйкестігі де кең болады,өйткені осыған қарап ол әр түрлі байланыстарға түсе алады. Ал бұл өз кезегінде аудармада оның берілуінің мүмкіндіктерін кеңейтіп, әр түрлі аударма нұсқаларын кеңейтеді.

    Әр тілге үйреншікті болып келген (usage) сөзінің қолданылуы орасан маңызға ие. Ол берілген тіл тарихының дамуымен,оның лексикалық жүйесінің құрылуы мен дамуымен байланысты. Әр тілде өзіндік клише, сөз бен сөз тіркесінің дайын формулалары қалыптасқан, және сол тілде сөйлеушілер оларды үнемі қолданады.

    Соңғылары фразеологиялық бірліктер емес, бірақ өзге фразеологиялық бірліктер мен тұрақты сөз тіркестеріне қарағанда аяқталған мағынаға ие. Осы фразеологиялық және тұрақты сөз тіркестеріне қарағанда қосымша сөздерді қосқанда немесе компоненттерін ауыстырғанда бұзылмайды.

    Дәстүрлі қолдану ақиқат шындықтың құбылыстарына өзгешелікпен байланысты. Мысалы:

     The city is built on terraces rising from the lake. (“The Times”)

     Қазақ тілі үшін дәстүрлі қолдану:

     Қала  көлге түсер беттегі  террасада орнатылған.

     He wrote under several pseudonyms any of his essays appearing over the name of Little Nell.

     Ол  әр түрлі лақап  аттармен жазды,оның көптеген шығармалары  лақап атпен пайда  болды,соның бірі – «Кішкентай Нелл».

    Дәстүрлі түсінуге клишелерді- бұйрықтар,өкімдерді жатқызуға болады:

     Never drink unboiled water.

     Ешқашанда қайнатылмаған суды ішпеңіз.

     No smoking.

     Шылым шегуге болмайды.

     The New Zealand earthquake was followed by tremors lasting an hour. No loss of life was reported. (“Morning Star”)

     Жаңа  Зеландиядағы болған жер сілкінісінен кейінгі бір сағаттын ішінде қозғалыстар  сезілініп жатты.Көз  жұмғандар болған жоқ.

   Мысалдардан көрініп тұрғандай  аудармада сәйкес дәстүрлі сәйкестіктер, орыс тілінің клишелері қолданған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

     Көркем  аударма процесінің нәтижесінде  түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы бірлік пен тұтастықтың  сақталуының маңызы жоғары. Түпнұсқаның мазмұны мен пішіні арасындағы байланыс, келісім мен жарасым аудармада сақталмаған жағдайда әдеби шығарманың көркемдік табиғаты, автордың шығармашылақ даралығы мүлде бұрмаланып, түпнұсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі бөлек туынды болып шығады. Мұндай жағдайда аудармадан түпнұсқаның мазмұны да, көркемдік – бейнелеу ерекшеліктерін де табу қиынға түседі. Ал, көркем аудармада түпнұсқаның мазмұны мен пішінін дәл жеткізу немесе біршама дәл жеткізу аударма ісіндегі ең бір қиын, күрделі әрі аудармашы шығармашылығының мағынасы мен мәнін анықтайтын айрықша маңызды көрсеткіш болып табылады. Бір ұлттық тілде жазылған көркем шығарманы екінші бір ұлттық тілдің көркемдік бейнелеу құралдары арқылы қайта жасау, аудару оңай емес. Ал, түпнұсқа белгілі бір ұлттың ұлы ақынының шығармасы болса, оның ұлттық сипаты барынша анық, беделді болса, онда оны өзге тілге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар, үлкен талантты талап етеді. Аудармашы таланты – айрықша талант. Ол өз тілінің айшығы мен ажарын, көркемдік бейнелеу мүмкіншілігін, бейнелілігін еркін меңгерген дарынды ақын болумен бірге, түпнұсқаның мазмұны мен мәнін, тіл байлығын, ұлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне көтерілуі шарт. Сонда ғана ол аудармашы ретінде түпнұсқаның мазмұны мен пішінін толық игеріп, өз аудармасында олардың арасындағы байланысты, келісім мен жарасымды, тұтастықты сақтауға мүмкіндік табады.

     Көркемдік қабылдауды психологиялық тұрғыдан зерттеудің талабына сай келетін  – көркем мәтінді «сатылап талдау» («послойный анализ» текста) әдісі  болып табылады. Неміс философы Н. Гартман көркем шығарманы «сатылап»  талдай отыра, онда тілдік құрылым қабатын, кейіпкердің іс – әрекеті қабатын, характерлер қабатын және идеялық  мазмұн қабатын көрсетеді [1, 83]. Поляк  эстетигі Р. Ингарден де поэтикалық шығарманы  сөздің дыбысталу қабатынан, сөздердің  көптекістегі беретін мағынасы қабатынан, заттық қабаттан (шығармадығы көрсетілген  заттық болмыс), «көріністер қабатынан» (слой видов), көркем мәтіндегі астарлы  ой және сезімдік – элюционалдық көріністер қабатынан тұратынын көрсеткен [2, 47].

     Көркем  мәтін дегеніміз – күрделі  жүйе. Идеялық мазмұн жүйенің ең жоғарғы сатысы бола тұра, ол осы  жүйенің әр сатысынан көрініс  табады. Дегенмен, көкем шығарманың ең жоғарғы сатысын қабылдау кейде  қиынға түседі. Автордың ұстанымын  қабылдау фактілері қабатын түсінуден (мысалы, кейіпкерлердің қылықтарының, іс – әрекеттерінің мәнін түсіну) кейін оңайырақ та, стилистикалық, тілдік ерекшеліктерін түсінуден кейін  қабылдау қиынырақ болып табылады. Соңғы жағдайда тілдік құралдар автор  дүниетанымын тек жанама түрде көрсетеді. Осыған орай, автор стилін қабылдау кейбір тілдік көркемдік ерекшеліктерін қабылдауға әкеп соғады да, оның жалпы  мәнінен алыстайды. Егер зерттеуші  стильді толық жүйенің тілдік қабаты ретінде қабылдап, «сатылап»  талдауға сүйенсе, бұл мәселені психологиялық  жағынан зерттеу тереңдей түспек.

     Соңғы кезде көркем мәтіннің құрылымы туралы эстетикалық түсініктер семиотика  саласының бірқатар ұғымдарымен  толыға түсті. Көркем шығарма тілін туынды, яғни негізгі емес модельдік жүйе ретінде қарастыру – эстетикалық қабылдау психологиясы үшін өнімді тәсіл. Көркем бейне – нақтылық пен жалпылықтың бірлігі. Ол сөз болып отырған құбылыстар туралы көрнекі ұғымдардың тууына әсер етеді, әдеби шығарма кейіпкерінің нақты өмірлік жағдайға тасымалдану оқырман эмоциясын тудырады. Оны қабылдау оқырманнан «эмпирикалық жалпылауды» қолдануды қажет етеді, яғни оқырманда өмірлік жағдайлар және жағдайлардағы адамдардың өзін - өзі ұстау, іс–әрекеті туралы жалпы тәжірибесі болуы керек. Дегенмен, адекватты эстетикалық қабылдау үшін тек мәтіннің негізінде нақты бейнелердің тууы жеткіліксіз. Олар оқырман түсінігінде көркемдік – идеялық мазмұнның бір қыры ретінде қалыптасуы қажет. Оқырман үшін ең қиыны – осы. Егер шығармадағы суреттелетін болмысты қабылдау оқырманда кейіпкермен бірге ойланып – сезінуді, оның бейнесі мен өз ойының үндесуі сезімін тудырса, оқырман мұны шығарманың идеялық мазмұны ретінде қабылдайды. Сондай – ақ туындының көркемділігінің көрсеткіші ретінде оқырмандардың көбі «жазылған дүниені түсінуді» санайды. Бірақ мұндай жағдайда шығарманың идеялық мазмұны оқырман үшін белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан, эстетикалық қабылдау үшін бейнеленген нәрсені айқын елестете алу жеткіліксіз. Осындай елестету әрқашан көркем елестету, яғни эстетикалық құндылықты көрсететін образдық жалпылау бола алмайды. Яғни, эстетикалық қабылдау үшін көркем шығармадағы құбылыстарды, болмысты елестету жеткіліксіз. Бұл – көркемдік елестету, көркемдік сезіну болуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Көркем аудармадағы лексико-грамматикалық ерекшеліктер