Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.
Кіріспе...........................................................................................................................2
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62
4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82
Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ..........................
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..............................
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ.......................
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты.........................
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.........................
2.3 Келісімшарт жасасу шарты.........................
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты.........................
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ................
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.................
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік.................
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері....................
4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ ..............................
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті........................
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82
Қорытынды.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды. Өткен жылдардың ішінде жаңа мемлекеттік органдар - Президент әкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес т.б. құрылды. Олар жаңа қоғамды ұйымдастыруға бағытталған қызметтер атқаруда. 1995 жылдың тамыз айында бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесінде қабылданған жаңа Конституция жана мемлекеттік органдарды зандастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге әрбір жеке адам мен азаматтың кең көлемді демократиялық құқықтары мен бостандықтарын баянды етті.
Сол Қазақстан Республикасы Концтитуциясының ең бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды». Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, әлеуметтік тегіне, бірлестікке мүшелігіне, сондай –ақ бұрын құқықа тартылғанына қарамастан барлық азаматтық құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік берілді.
Міне, осы ерекше айтылған қағидаларды біз іс жүзіне асыра бастағанымызды жер бетіндегі елдер тани бастады, соның арқасында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық мүшесі болды, ертеден белгілі өркениетті елдер қатарындағы мемлекетке айналды.
Біздің өз мемлекетімізді, оның органдарының құрылымы мен атқаратын қызметтерін білу өзіміздің қандай мемлекетте тұратынымызды, ол мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін айқын түсінуіміз үшін қажет. Ол үшін Республиканың зандарын оқып үйрену қажет. Өйткені ол заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қойған жоқ, сонымен бірге сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында «біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз» деп көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда мемлекетіміз алға дамып келеді, яғни заман талабына, қоғам талаптарына сай өзгерістер болуда. Оны қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды көрсетуге болады.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он бес жылдан асты . Осы жылдар ішінде еліміз әлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгені мәлім. Бұл жетістіктердің бірі Республикамыздың ең маңызды заңдарының бірі Азаматтық кодекс болып табылады. Менің таңдап алған тақырыбым азаматтық айналымға қатысушылар арасындағы «Сатып алу-сату шарты» болып отыр. Бұл тақырып қазіргі нарық заманында өте өзекті тақырыптардың бірі деуге болады. өйткені қазір «сатып алу-сату» күрт өсіп отыр. Дипломдық жұмысты жазу мақсатым осы шарт түрінің ұғымын, оның мәні мен маңызын ашып көрсету болып табылады.
Тағыда бір еркеше айтатын мәселе Азаматтық кодекстің 25-тарауға «Сатып алу -сату шартына» біздің елімізде әлі де ғылыми зертеулер жүргізілмеген. Ғылыми-әдебиетке шолу жасайтын болсақ, жалпы «азаматтық құқық» мәселелеріне бұрынғы Одақ бойынша көңіл бөлген авторлардың ішінде ерекше айтарлық Басина Ю.Г.,Суханов Е.А, Богатых Е, Сулейменов М.К., Диденко А.Г., Иоффе О.С. Гаврилов Э.П., Волнин И., және басқалар.
Сатып алу-сату шарты бойынша өз ұстанымдарын барынша толық және нақты мынадай В. В. Витринский, А.П. Сергеев секілді ғалымдар жазған. Олар сатып алу –сату шарты туралы жалпы ережелерді, сондай-ақ оны жасау шарттары және сатып алу –сату шартының бөлік түрлерін жан-жақты қарастырған.
Ал біздің Республикамызда Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999ж. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 ж; Темiрғалиева Р.А. Шарттар жинағы: Сатып алу- сату. Айырбас, сыйға тарту, жалдау.. / ҚР жаңа Азаматтық кодексiнiң ерекше бөлiмi негiзiнде құраст.; Құраст.Р.А.Темiргалиева.- Алматы: ЖШС "Аян Әдет", 2000.- 128 бет.
жылғы еңбектер баршылық.
Бұл дипломдық жұмыстың басты мақсаты- Азаматтық кодекстің –бабы «Сатып алу -сату шартын» қолданудың тиімділігін күшейтуге бағыталған ғылыми тұжырымдар беру.
Осы басты мақсатқа байланысты зертеу барысында мынандай міндеттер тұрды:
Азаматтық кодекстің –бабы «Сатып алу -сату шартының»- түсінігін ашу, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтау;
«Сатып алу -сату шартының» субъектілері мен объектілеріне тоқталу;
«Сатып алу -сату шартының» түрлерін анықтау;
Сатып алу -сату бойынша меншік құқықығының пайда болу кезеңін белгілеу;
«Сатып алу -сату шартының» қолдану тәртібін анықтау;
«Сатып алу -сату шартының» әлеуметтік сипатын анықтау.
Аталған міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының нормативтиік құқықтар мен актілеріне сүйенеді. Атап айтсақ - Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.; Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27 желтоқсан 1994 ж. (жалпы бөлім),Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 1 шілде 1999 ж., Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж. Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2 шілде 2003 ж.
Сонымен бірге Нормативтік актілер («Жылжымайтын мүлікті және онымен келісім құқығын мемлекеттік тіркеу туралы» , «ҚР электрлік және жылу энергиясының тарифтін мемлекеттік реттеу туралы» , «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» ҚР Заңы), азаматтық, коммерциялық, міндеттемелік, келісім-шарттық, жекешелендіру және халықаралық жеке құқық бойынша ғылыми - құқықтық әдебиеттер қолданылды.
Зертудің обектісі - «Сатып алу -сату шартының» түрлері мен оның құрылымы.
Сатып алу –сату шартының пәні болып заттар (тауарлар) табылады. Мұндай заттар:
жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік сату шарты);
кәсіпорын бөлек мүліктік кешен ретінде (кәсіпорынды сату шарты);
электр энергиясы (энергиямен қамтамасыз ету шарты);
ауыл шаруашылық өнімі (контракция шарты)
сауда-саттықпен айналысуға заңнамалық актілер тыйым салатындарды қоспағанда, құнды қағаздарды және зияткерлік меншік объектісін қосқанда барлық өзге заттар.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдын, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы мен әдіснамалық негізі, қорғауға ұсынылатын қағидалары баяндалды.
Алғашқы бөлімде «сатып алу -сату шартының» мәні, ссату-сатып алу шартының ұғымы және элементері (бағасы, мерзімі), сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері берілді. Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты.
Қазақтан Республикасының Азаматтық кодекстің 25-тарауыдың 406 бап бойынша «Сатып алу-сату туралы жалпы ережелері» берілген.
1) Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
2) Бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуға, егер заң актiлерiнде оларды сатып алу-сатудың арнаулы ережелерi белгiленбесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
3) Осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тауарлардың жекелеген түрлерiн сатып алу-сату ерекшелiктерi заң актiлерiнде және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленедi.
4) Осы параграфта көзделген ережелер, егер бұл құқықтардың мазмұнынан немесе сипатынан өзгеше туындамаса, мүлiктiк құқықтарды сатуға қолданылады.
5) Сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлерiне (бөлшек саудамен сатып алу-сату, тауарлар жеткiзiлiмi, энергиямен жабдықтау, контрактация, кәсiпорынды сату), егер осы Кодекстiң ережелерiнде бұл түрлердiң шарттары турал өзгеше көзделмесе, осы параграфта көзделген ережелер қолданылады.
Ал екінші бөлімде «Сатып алу –сату шартының» төрт түрі тереңірек қарастырылды. Яғни-
1. Бөлшек сауданы құқықтық реттеудің ерекшеліктері, тұтынушылардың құқықтары және оларды азаматтық құқық тәртібімен қорғау мәселесіне терең мән берілді.
2. Тауар жеткізілім шартының ұғымына, белгілері мен елеулі жағдайлары сипаталады. Тауар жеткізілім шартының субъектілері, пәні және объектілері қарастырылды. Тауар жеткізілім шартының мазмұны мен қолдану мерзімі, жеткізілетін тауарлар үшін есеп айырысу, тауар жеткізілім шартын орындау жолдары ашып көрсетілді.
3. Келісім-шарт жасасу шартында - оның ұғымы және ерекшеліктері, дайындаушының міндеттері, ауыл шаруашылық өнімін өндірушінің жауапкершілігі қарастырылды.
4. Энергиямен шарт жасасу түрінде –шарт жасасу тәртібі, энергия мөлшері, сапасы және оған ақы төлеу мәселесін анықтайды. Энергияны қосалқы абанетке беру, шартты өзгерту және бұзу, тараптардың жауапкершілігі көрсетілді.
Үшінші бөлімде «Сату-сатып алу шарттарының» өзекті мәселелері берілді.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері
Қазақтан Республикасының Азаматтық кодекстің 25-тарауыдың 406 бап бойынша «сатып алу-сату шарты» бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi.
Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде