Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.
Кіріспе...........................................................................................................................2
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62
4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82
Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88
Тауар жеткiзiлiмi шарты нарық субъектiлерiне өндiрiлген, импортталған, экспортталған өнiмдердi кез-келген бағытта тарату мүмкiндiгiне ие қылады. Оның көмегi арқылы өндiрiс құралдары, өндiрiске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндiрушiден бөлшектеп сатушыларға дейiн жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.
Тауар жеткiзiлiмi шартының елеулi айырмашылықтарының бiрi одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келедi. Осыған байланысты ұзақ мерзiмдер бойы шарт тараптары өнiмдi тиеп жiберiп, алып тұрады, тауар жеткiзiлiмiн жүзеге асыру үшiн қажеттi көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткiзiлiмi шартын құқықтық реттеудiң қайнар көздерiне тiкелей Азаматтық кодекс нормалары жатады. Олармен қатар маусымындағы № 536 қаулысы, Қазақстан Республикасының министрлер кабинетiнiң 1993 жылғы 8 шiлдедегi № 481түзету жəне қосымша енгiзген қаулысы жұмыс iстейдi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң тасымалдау туралы нормалары тасымал қатынасының барлығында қолданылады. Ал, егер тауар мемлекет қажетi үшiн тасымалданса Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырындағы “Мемлекеттiк сатып алу туралы” Заңы мен оны орындауға арналған заңдастырылған нормативтi актiлерi бар.
Тауар жеткiзiлiмi шартының жасау тəртiбi өзгешелiгi болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннiң iшiнде оны қарап, шарттың бiр данасын екiншi тарапқа бередi. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған жəне басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келiсу туралы ұсыныс (келiспеушiлiктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келiсiлмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.
Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзiмi көбею жағынан қарастырылады. Өнiм тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күндi құрайды). Алғашқы оференттi шарт жасауға ерiксiз көндiруге жол берiлмейдi өнiм тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндiрушiнiң) шарт жасаудан басын тартқан немесе келiспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды жəне келiспеушiлiктердi шешу үшiн сот тəртiбi қарастырылған едi. Заңнамадағы осы шешiм де азаматтық құқықтағы шарттың еркiндiгi қағидатының күшеюiне мүмкiншiлiк бередi деп айта аламыз.
Тауар жеткiзiлiмi шартының нысаны жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзiмiн ұзарту тараптары қол қойған келiсiм немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетай программалар, радиограммалар арқылы жасалады.
Тауар жеткiзiлiмi шартында шарттың заты мен берiлетiн тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткiзiлетiн тауарлардың номенклатурасын (түртүрiн) бағасын анықтайтын, жеткiзiлетiн өнiмнiң сапасының жағдайлары да бекiтiлуi керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екi тараптың бiреуiнiң талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелiнуi мүмкiн. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткiзiлiмi шартының мiндеттi жағдайларына жатқызылған.
Шарттың қосымша жағдайлары болып өнiмнiң жеткiзу тəртiбi мен мерзiмдерi, есеп айырысу тəртiбi, шарттың қолданылу мерзiмi, жыл сайынғы спецификациялар туралы келiсу тəртiбi (ұзақ мерзiмдi шарттар жасалған кезде). Олар қосымша жағдай болып аталғанға қарамастан, олардың əнi басқа шарттардағы қосымша жағдайларының əнiнен шексiз биiк. Олардың жоқ болуы даудың пайда болуына мүмкiндiк бередi, ал бұл шарттағы тараптардың құқықтарының орындалуына кедергi жасайды. Тауар жеткiзiлiмi шартында басқа да қосымша жағдайлар көзделуi мүмкiн.
Тауар жеткiзiлiмi шарты əрбiр мерзiмге жасалады: ай, тоқсан жəне басқа да ұзақ мерзiмге. Егер шартта оның қолданылу мерзiмi белгiленбесе жəне ол мiндеттеменiң мəнiнен туындамаса, шарт бiр жылға жасалған деп танылады. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған шарт ұзақ мерзiмдi деп аталады. Ұзақ мерзiмдi жəне бiрқатар қысқа мерзiмдi шарттар бiр субъектiлер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нəтижелерге əкеп соғады. Үзiлiссiз екi жыл көлемiнде жəне одан да көп жылдарда күшi бар шаруашылық байланыстар ұзақты мерзiмдi деп аталады жəне оны тауар берушi (өндiрушi) бiр жақты тəртiппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тəртiп Қазақстан Республикасында орналасқан өндiрушiлермен (тауар берушiлермен) тура жəне ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.
Шарттың жағдайларының бəрiн оның жүргiзу кезеңдерiнде келiсiп алуға болады. Кейбiр жағдайларда, ұзақ мерзiмдi шарттарда олар күнтiзбелiк жылға немесе одан да ұзақ, бiрақ шарттар жасалған жалпы мерзiмнен аз мерзiмге келiсiледi. Егер ұзақ мерзiмдi шартта берiлуге тиiс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бiр жылға немесе барынша ұзақ мерзiмге белгiленсе, шарттың қолданылу мерзiмi бiткенге дейiн кейiнгi кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келiсу тəртiбi белгiленуге тиiс. Шартта келiсу тəртiбi болмаған жағдайда шарт тиiсiнше бiр жылға немесе шарт талаптары келiсiлген ұзақ мерзiмге жасалған болып табылады.
Тауар жеткiзiлiмi шартының элементтерi. Тауар жеткiзiлiмi шартының тараптары болып кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер келедi. Сатушы тауар берушi жағында тауар жеткiзiлiмi шартында ұйымдыққұқықтық нысанына қарамастан əрбiр коммерциялық заңды тұлғалар жəне заңды тұлға құрамаған, жеке мен ұжымдық кəсiпкерлер қатысады.
Тауар берушi коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметiн коммерциялық емес заңды тұлғаның бiр немесе өзге түрi үшiн рұқсат етiлген кəсiпкерлiк қызмет шегiнде жүргiзедi. Сатып алушы болып тауарды өзiне (күнделiктi) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кезкелген субъектiлер табылады. Мемлекет тауар жеткiзiлiмi қатынастарында сатып алушы ретiнде ғана қатыса алады.
Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткiзiлiмi шартының пəнi болады. Тауар жеткiзiлiмi шарты кейбiр жағдайларда азаматтық айналымда шектелген мүлiктi өтеулi түрде өткiзудi көздейдi. Қару-жарақ жəне айналымнан алынған басқа мүлiктердiң жеткiзiлуi азаматтық құқықтық нормаларымен емес басқа құқықтық тетiгiмен реттеледi. Тауар жеткiзiлiмiнiң пəнi болып табылатын заттар тектiк белгiлерiмен айқындалуы мүмкiн, бiрақ шарт орындалған кезiнде олар басқа тауарлық массадан бөлiнiп жеке сипаттар арқылы анықталатын мүлiкке (заттарға) теңестiрiледi. Шарт пəнi заты алғашқы шарт жасасқан кезде де жеке сипаттарымен айқындалатын зат бола алады.
Азаматтық құқықтық нормалары тауар жеткiзiлiмiн қатынастардың белгiленген кезiнде, жалпы емес, ал арнайы сипаттауына жатады, тауар жеткiзiлiмiн мəнiне қарай айтуға болады, тауар жеткiзiлiмi шартының пəнi заттан басқа, мүлiктiк құқық жəне азаматтық құқықтың объектiлерi бола алмайды.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келiсiлген көлемiнде, түр-түрi жəне жиынтықтылығына (жиынтығы) сəйкес, бекiтiлген сапасына, үшiншi тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс ыдысқа салып жəне (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi.
Сатушы шартта бекiтiлген өнiмнiң (тауардың) санын беруге мiндеттi, яғни тауар жеткiзiлiмi шартында тауардың санының жалпы ережелерi толық қолданылады. Жеткiзiлетiн өнiмнiң саны жүк тиеу вагондарының, контейнерлердiң орнының санына байланысты шартты есептелуi мүмкiн. Жеткiзiлетiн өнiмнiң (тауардың) саны белгiленгенде таразылаудың, өлшеудiң туралығымен байланысты тəжiрибелiк қиындықтар бар болып келедi. Үлкен санында аз емес килограмдар ал кейбiр кезде өнiмнiң тонналары жеткiзiлмейдi немесе тауарлар санына сəйкес қабылдаған жағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгiленген тауардың u1089 саны жəне сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылық орын алады.
Сатушы шартпен келiсiлген өнiм көлемiн беруге байланысты мiндетiн қандай мөлшерде орындағанын бағалағанда, табиғи азаюының, құрғап кетуiнiң жəне ұқсас жоғалуларын есепке алу үшiн бағытталған түзету коэффициенттерiн қолданады. Жеткiзiлген тауардың көлемiндегi мүмкiн болатын өзгерiстер шарттың өзiнде қарастырылуына болады. Басқа шешiм, өткiзiлетiн тауарлар көлемiн анықтаудың туралығын жоғарылатуда.
Тауар жеткiзiлiмiнiң жекелеген кезеңiнде тауардың жетiспеуiне жол берген тауар берушi жетiспейтiн тауарлар санының, егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың қолданылу мерзiмi шегiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) орнын толтыруға мiндеттi.
Ұзақ мерзiмдi шарт бойынша жекелеген тауар жеткiзiлiмi кезеңiнде кем берiлген тауарлардың саны, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарлардың жетiспеуiне жол берiлген жыл iшiндегi келесi кезеңде (кезеңдерде) сатушымен (тауар берушiмен) орны толтырылуға тиiс (соған жол берiледi).
Тауар берушi шартта немесе сатып алушының тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында аталған бiрнеше алушыға тауарларды тиеп жөнелткен жағдайларда алушының бiреуiне шартта немесе тиеп жөнелтуге рұқсат қағазында көзделген санынан артық жiберiлген тауарлар, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа алушылардағы жетiспеушiлiктердi өтеуге есептелмейдi жəне тауар берушi оның орнын толтыруға тиiс.
Жеткiзiлетiн өнiмнiң сапасы стандарттарға, техникалық жағдайларға, үлгiлерге, техникалық бейнелеуге немесе шарттың жағдайына сəйкес болуы керек. Тараптар шартта жеткiзiлетiн өнiмнiң сапасына қойылатын талаптарды анықтауы керек. Егер стандарттарда немесе техникалық жағдайларда кепiлдiк мерзiмдер бекiтiлмесе, олар шартта анықталуы мүмкiн.
Стандартпен немесе техникалық жағдайлармен қамтылғанға қарағанда, тараптар, кепiлдiк мермiздi көп ұзақты етiп орнатулары мүмкiн. Жеткiзiлетiн тауарлардың көлемi елеулi болғандығын, сапасыз тауарды берген жағдайларда сатып алушының құқықтарына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiнiң 428-бабының барлық ережелерiн пайдалану қолайсыз, бiрақ, жағдайға байланысты олар тауар жеткiзiлiмiнiң қатынастарына қарай жеке бөлшектерiне немесе элементтерiне пайдалануы мүмкiн.
Өнiм тапсыру туралы Ереженiң 13-тармағына сəйкес, сатып алушы шарттағы жағдайларға сəйкес келмейтiн өнiмдi алуға бас тартуына құқылы. Шарт жағдайларының бұзылғаны жөнiнде қарсылық болмаса жəне сатып алушы шарт жағдайлары бұзылып тапсырылған өнiмдi қабылдап оны тiкелей мақсатында пайдаланса, қабылданған өнiм мiндеттеменi орындаудың есебiне кiрiстiрiледi. Егер сатып алушы өнiмдi қабылдап, сатушыға бiр тəулiк мезгiлде оны қабылдауға келiспегенiн хабарласа, онда мұндай есеп жүргiзiлмейдi. Осы орын алса, сатушы сол мезгiлде есепке жатпайтын өнiмдi қайтаруды талап етуге құқылы. Мысалы, өндiрушi өз өнiмiн жеткiзуге бiрқатар шарт жасады, бiрнеше кредиторлардың алдында мiндеттеменiң орындалуына кедергi қаупi бар. Бiрақ сапаға байланысты үлкен талаптарға сай емес өнiмдi қайтарып, ол басқа сатып алушының алдында жеткiзiлiмге байланысты мiндетiн өз уақытында орындауына болады, сөйтiп ол бiр жағдайда болсын өзiн жауапкершiлiк шарасы қолдануынан құтқара алады. Тауарды алып кетпей-ақ жайылуы мүмкiн, тауарды қабылдау кезiнде немесе кепiлдiк мерзiм кезеңдерiнде айқындалған өнiм кемiстiктерi сатып алушымен немесе сатып алушының талабымен тауар жеткiзушiмен жойылуы мүмкiн (өнiм тапсыру туралы Ереженiң 14тармағы). Сонымен, тауар жеткiзiлiм шарты бойынша сатып алушыға жойылатын кемiстiктерi бар өнiмдi қабылдаудан бас тартуына құқық берiлмейдi. Сырттай, бұл Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 428бабының ережелерiне қайшылық болып келедi. Бiрақ шын мəнде қайшылық жоқ. Өнiм тапсыру туралы ереженiң аталған нормасы, сатып алушыда u1086 оған сапасыз тауар берiлгенiне байланысты пайда болатын құқықтарын жүзеге асырудың арнайы тəртiбiн қарастырады.
Кəсiпкерлiк шартындағы бiрбiрiнiң қатынасына байланысты бiрдей жағдайда болатын тараптардың мүддесiн есепке алу қажет, екi тарап кəсiпкерлiк қауiпқатерде болады, бiр тараптың мүддесi екiншi тараптың мүддесiн оған зиян келтiретiндей асып кетпеуi қажет. Бұл жағдайда формальды дұрыс емес тарапты бұрышқа тықпайтын өте əдiлеттi жəне икемдi соттық тəжiрибесi қалыптасуы керек.
Тауар берушi сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап кемiстiктердi жиырма күн iшiнде жою немесе осы мерзiм iшiнде сапасы бар өнiмге ауыстыруға мiндеттi. Егер кемiстiктер тауар берушiнiң кiнəсi бойынша пайда болса, сатып алушы өнiмнiң жойылым кемiстiктерiнен бас тартуға құқылы.
Егер сатып алушы кемiстiктердi өзi жойса, тауар берушi жойылған кемiстiктерге кеткен шығындарды өтейдi. Сатып алушымен немесе тауар берушiмен кемiстiктер жойылған кезiнен бастап, өнiм жеткiзiлген болып есептеледi. Жарамсыз өнiм төленбейдi, тауар жеткiзiлiмi мiндеттерiн орындау есебiне жатқызылмайды.
Шартқа, стандарттарының талабына немесе техникалық жағдайларына сəйкес жеткiзiлетiн өнiмнiң таңбалануы қажет. Өнiмде немесе тауардың буыптүюiнде тауарлық белгiсi болуы керек. Егер стандарттарда көзделсе, өнiм тауарлық белгiсiз де жеткiзiледi. Тауарларға тауарлық белгiлер жазылуы тиiс.
Жиынтықталмаған тауарлар жеткiзiлген жағдайда сатып алушы оны толымды жиынтықтауға мiндеттi. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиiстi тауарға ауыстыру жиырма күн iшiнде жасалу керек. Өнiмдi жиынтықтың жеке бөлiктермен жеткiзiлуi шартта көрсетiлуi мүмкiн. Əдетте, тауар жеткiзiлiм шарттарында шарттың қолданылу мерзiмi iшiнде тауарлардың жекелеген топтармен жеткiзiлуi көзделуi мүмкiн. Сонымен сатушы тауарды бiрден емес, мезгiлмезгiл беруге мiндеттi. Осыған байланысты кезеңдердiң өзiнiң белгiлерi жоғары маңызды бола алады.
Соларға сəйкес сатушының мiндеттерi орындалу керек. Егер шарттың өзi осыларды анықтамаса, кезеңдер iскерлiк айналым дағдыларымен белгiленбесе, тауарлар ай сайын бiркелкi топтармен жеткiзiлiп отыруға тиiс. Жеткiзiлiмнiң цикльдiк талаптарына жеткiзiлiмдi кезеңдерi қатысты. Тауар жеткiзiлiмi кезеңдерiн айқындаумен қатар, тауарлар жеткiзiлiмi кестесi белгiленуi мүмкiн.
Тауар жеткiзiлiмiнiң кестесi тауарларды жеткiзу мiндеттерiн орындауды белгiлi күнмен немесе тиiстi уақыт аралығымен, уақыт сəтiмен анықтайды.
Тауар жеткiзiлiмiнiң он күндiк, тəулiктiк, сағаттық жəне басқа да кестелерi бекiтiлуi мүмкiн.Шарттың мiндеттемелердiң орындау күнi болып өнiмдi тауар берушi көлiк органына берген, немесе тауар берушiнiң қоймасында тауарларды алғаны туралы сатып алушының тауарларды қабылдаған қолхатында белгiленген күнi есептеледi. Тауар жеткiзiлiмi мерзiмiнен бұрын жасауға сатып алушының келiсiмi болғанда жол берiледi.
Мерзiмiнен бұрын жеткiзiлген жəне оларды сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесi кезеңде жеткiзiлетiн тауарлардың санына есептеледi.
Тауар жеткiзiлiмi шартында сатушы сатып алушыға тауарды беру тəртiбi өзгешелiк болып табылады. Егер тауар жеткiзiлiмi шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды (өнiмдi) сатып алушыға, немесе шартта алушы ретiнде белгiленген өзге тұлғаға темiржол арқылы немесе өнiмдi автомобиль көлiгiмен тиеп жiберуге мiндеттi. Яғни, жалпы тəртiп бойынша сатушы тауарды сатып алушыға жеткiзуге мiндеттi. Егер шартта жеткiзiп беру көлiктiң қандай түрiмен жəне қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны белгiленбесе, онда заң актiлерiнен, iскерлiк айналым дағдыларынан немесе мiндеттеменiң мəнiнен өзгеше туындамаса, көлiктiң таңдау құқығы немесе тауарларды жеткiзу жағдайларын белгiлеуi тауар берушiге жатады. Үшiншi тұлғаларға тауарларды тиепжөнелтуге шартта тауар берушiге тауарларды алушыларға тиепжөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиепжөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделгенде мүмкiн болады. Немесе шартта тiкелей (алдын ала) тауар үшiншi тұлғаға тиелiп жiберiлетiнi көрсетiлуi мүмкiн.
Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде