Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.
Кіріспе...........................................................................................................................2
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62
4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82
Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88
Егер тауар үшін төлеу міндеттемесін орындау мерзімі несие берушінің еркіне байланысты болса Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 277-бабы бойынша сатып алушы 7 күн мерзім (жеңілдік мерзімі) ішінде несие берушінің талабын орындауы қажет. Тауарды несиеге алу шартпен бекітілуі керек, ал бұл туралы арнайы белгіленген жағдай болмаса, онда сатып алушы тауар бағасын толық төлеуі қажет. Тауарды кредитке сату шарты бойынша сатып алушы бағаны тауар берілгеннен кейін белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Төлеу мерзімі кредитке сату шартымен тікелей қарастырылмаса, онда төлем ақылға сыйымды уақытта (мерзімде) болуы керек. Сол сияқты төлемді жасау мерзімі несие берушінің (сатушының) төлеу туралы сұрау мерзіміне қарай анықталуы мүмкін.
Тауарды кредитке сату шартты жасасқан күнде болған бағаға сәйкес жүргізіледі. Болашақта тауардың бағасы өзгерсе де ол қайта есептелуге жобалайды.
Тауарды кредитке сату шартының бөлек түрі — төлемді бөліп төлеуді қарастыратын шарт. Тауарды кредитке сатудың базалық шартынан айырмашылығы, оның мазмұнында зат бағасы, төлемдердің тәртібі мөлшері, мерзімі айқын көрсетіледі. Егер сатып алушы шартпен бекітілген мерзім ішінде бағаны төлемесе (соның ішінде кезекті төлем мерзімін өткізіп алса) сатушы шарттан бас тартуға және сатылған мүлікті қайтарып алуға құқылы.
Ресей Федерациясының азаматтық заңнамасында сияқты (РФ АК 483 бабы) сияқты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында (ҚР АК 436-бап) алғаш рет сатып алушының сатушыға оның шартты бұзғаны туралы хабарлау міндеті қарастырылды. Осы талап шарт бойынша сатушының және сатып алушының мүдделерінің теңдігін қамтамасыз етеді, сатып алушыға шаруашылық ескерімділік (қамқоршылық) және шарттық тәртіпті сақтау бойынша міндеттерді жүктейді.
Сатып алушы сатушыға шарттың тауар саны, сапасы, жиынтықтылығы және басқа көрсеткіштеріне қатысты талаптары бұзылғаны туралы шарттың өзінде бекітілген немесе заңнама нормаларында қарастырылған мерзімде хабарлауға міндетті. Мысалы сатып алушы тауарды қабылдап алғаннан кейін 15 күн мерзім ішінде оның түр-түріне қатысты талаптар бұзылғанын айтып хабарлауы қажет. Егер ол осыны жасамаса, онда тауар үшін сатушымен келісілген баға бойынша ақыны төлеуі тиіс. Сатып алушы сатушыға бұзушылықтар туралы әрқашан (барлық жағдайларда) хабарлауы керек. Бұл жасалмаса болашақта сатып алушының талаптары құқыққа негізделген болса да, олар қанағаттандырылмауы мүмкін. Талаптарға толығынан немесе ішінара қанағаттандыру сатушының еркіне тәуелді болады. Айтылғанға негізделіп, біз жұмыстың бұл бөлігінде осы өте орынды болып келмейтініне қарамастан, сатып алушының міндеті сатушының кінәсін бағалауға тәжірибелік әсерін тигізетінін көрсете аламыз. Қазіргі азаматтық сатып алу-сату шартында сатушының немесе сатып алушының тауарды сақтандыру міндеті қарастырылуы мүмкін. Сақтандырылуға тек тауардың кездейсоқ жойылуының, бүлінуінің қаупі ғана жатпайды. Шарт бойынша, өзге тәуекелдер де сақтандырылуға жатады. Тауарды сақтандыруға міндетті тарап сақтандыруды шарт талаптарына сәйкес жүргізбесе, екінші тарап тауарды сақтандыруға құқылы және міндетті тараптан шығындарын өндіртіп алуға құқылы. Соны қаламаса құқықта кінә сыртқы көрінісінің тапқан іс-әрекеттері арқылы анықталады[2]. Сатып алушы тауардың өзіне берілуін талап етуге құқылы. Сатушының тауардың саны, сапасы, түр-түрі жиынтықтылығы ыдысына байланысты әрбір сегментарлы міндетіне сатып алушының сәйкес құқығы бар.
Азаматтық кодекстің ережелері сатып алушыға сапасыз зат берілген жағдайда оның құқығын қорғайды. Егер сатушы заттың кемшілігін алдын-ала ескертпеген жағдайда, сатып алушы мынандай талап қоюға құқылы:
1) сатып алу бағасын тиісті мөлшерде кеміту туралы;
2) қисынды мерзімде тауардың кемшіліктерін тегін жою жөнінде;
3) тауар кемшіліктерін жоюға жұмсалған өз шығындарын өтеу туралы;
4) тиісті сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетін тауармен салыстыру туралы;
5) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшін төленген ақша сомасын қайтару туралы талап қоя алады.
Сатып алушының оған жиынтықталмаған тауар берілген реттегі (жағдайдағы) құқықтары АК 433 бабымен қарастырылған. Олар сатып алушының тауар сапасыз болып шыққан жағдайдағы құқықтарына ұқсас (жақын). Негізінен, сатып алушыға шарттың бұзылуына қатысты әрбір жағдайда белгілі құқықтар беріледі. Солардың араларында тауар жөніндегі қандай да болсын өзге талаптарды бұзу болып келеді. Сатып алушы тауардың саны жетіспейтініне, оның түр-түрі бұзылғанына байланысты және басқа жағдайларда белгілі (тиісті) құқықтарын жүзеге асыра алады.6
Көбінесе сатып алушының көрсетілгендей құқықтарының жүзеге асыру белгілі бір бөлігінде азаматтық құқықтық жауапкершілікті жүзеге асыру болып келеді. Міндеттемені (сатып алу-сатудан туындайтын міндеттемелерді) орындамау немесе тиісті орындамау үшін туындайтын жауапкершілікті біз кешірек қосымша талдаймыз.
Сатып алу-сату шарты тараптарының мойнында тауардың кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің тәуекелі (қаупі) белгілі дәрежеде болып келеді.
Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және басқа да бірқатар мемлекеттердің азаматтық құқығында тәуекелшілдіктің (тәуекелдің) шарт тараптары араларында бөлінуі Рим құқығында көрсетілген ережеден ауытқу болып табылады. Онда тауардың ақысы төленіп зат берілгеннен кейін меншік құқығы ауысады деп есептелінетін шарты толық аяқталғанда, яғни тауардың атауы, бағасы және сапасы сөзсіз анықталғанда өзге тарапқа көшеді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 411-бабына сәйкес, егер сатып алу-сату шартымен өзгешелік қарастырылмаса, онда сатып алушыға тауардың кездейсоқ жойылуының бүлінуінің тәуекелі (қаупі) сатушы заң актілеріне, шартқа сәйкес өзінің тауарды сатып алушыға беру міндетін атқарған болып есептелінетін сәттен өтеді (ауысады).
АК 410-бабы сатушының затты беру бойынша міндетін орындауының сәтін анықтау тәртібін бекітеді. Жалпылама олар меншік иесі тәуекелінің ауысуын анықтайтын тәртіптерге сәйкес болып келеді. Мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі мүлікті шарт бойынша иеленушіге оған меншік құқығы ауысуымен бірге ауысады. Осыған байланысты 410-бап АК 238-бабы 1-тармағын толықтыру болып келеді.
Сатып алу-сату шартымен өзгеше қарастырылмаса сатушының тауарды сатып алушыға беру міндеті мынадай әрекеттер жасалса орындалды деп саналады:
1) Шартпен сатушының тауарды жеткізу міндеті қарастырса, тауар сатып алушыға немесе ол көрсеткен тұлғаға табыс етілген соң;
2) Егер тауар сатып алушыға немесе көрсетілген тұлғаға тауар орналасқан жерде берілуі керек болса, онда тауар сол жерде сатып алушының қарамағына берілгесін.
Тауар сатып алушының қарамағына берілуі үшін ол тиісті (келісілген) жерде берілу үшін дайындалу керек және сатып алушыға тауар шартқа сәйкес берілуге дайын екені туралы хабарлануы керек.
Тауар шарт мақсатында анықталуы үшін оған белгі соғылып, бөлек қоймада орналастырылып және өзге тәсілдермен оқшауланбаса тауар беруге дайын болып есептелмейді.
Сатушының аталғандай міндеттері болмаса, шартпен өзгешелік қарастырылмаса оның міндеті тауар сатып алушыға жеткізілу үшін тасымалдаушыға немесе байланыс ұйымына тапсырылғасын орындалған болып есептеледі.
Шартты жасасқан кезде сатушы тауардың жойылғаны немесе бүлінгені туралы білсе немесе білуге тиісті болса және осы туралы сатып алушыға хабарламаса, онда тәуекелдің сатып алушыға тауар бірінші тасымалдаушыға тапсырылған сәттен бастап ауысуы туралы жағдай жарамсыз деп танылуы мүмкін. Жарамсыздықты сот сатып алушының арызы бойынша таниды. Айтылғандай сатушы өзінің немқұрайлығы үшін де жауапты тауарды сатып алушыға жөнелту алдында сатушының қоймасында ұзақ мерзім бойынша тауардың сақтығын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар болмады. Сондықтан жөнелтілген тауар жарамсыз болып келетінін болжау негізді еді, бірақ сатушы зиянды салдарды жою үшін өзіне байланысты шараларды қолданбады.
Кейбір жағдайларда шарт тараптары араларында тәуекел үлесуінің бастапқы (негізгі) ережелерінен ауытқу орын алуы мүмкін. Бұл шартта мүліктің кездейсоқ жойылуының немесе бүлінуінің қаупі сатып алушы тарапына оған меншік құқығы өткенге дейін өтетіні қарастырылса орын алады. Өз кезегінде бұндай шешім шарттың тараптары бір біріне қатысты тең болып келгенде орынды (сатушыда және сатып алушыда бірдей кәсіпкерлер немесе кәсіпкерлер емес т.б.). Тараптар меншік құқығы сатып алушыға тауар оған берілгенге дейін көшетінін қарастыра алады және бұл да оған тауардың кездейсоқ бүлінуінің немесе жойылуының қаупі (тәуекелі) ауысуының сәтіне әсер етеді.
Сатып алушыға артықшылық (жеңілдік) беретін тәуекелдің ауысуы туралы шарт жағдайлары болуы мүмкін. Айтатын болсақ, тауар сатып алушыға темір жол көлігімен тиеліп жіберілді дейік, бірақ шартта тәуекелдің сатып алушыға ауысуы оның тауарды іс жүзінде алу сәтімен белгіленген.
Сатылатын тауарлар олар ретінде нотариат куәландырудың немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін шарттарды рәсімдеуді талап етсе, тауарға меншік құқығы пайда болуы шартты нотариат куәландыруымен немесе мемлекеттік тіркеумен анықталады (ҚР АК 238-бабы 2-тармақ). Осымен бірге сатып алушыға тәуекелде ауысады.
Тауар жолда болу кезінде ол қайта сатылса, шартпен немесе іскерлік айналым әдет-ғұрыптармен өзгешелік қарастырылмаса, сол тауарға қатысты кездейсоқ жойылу әлде кездейсоқ бүліну қаупі (тәуекелі) сатып алушыға сатып алу-сату шарты жасалған сәттен өтеді.
Қорытынды. Сатушының міндеті - Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс.Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті
Сатушының құқығы. Сатушының құқықтарына зат қабылдануын және сатып алу бағасын төлеуді талап ету құқықтары жатады. Әр міндеттемеге сәйкес келетін қарсы құқық бар. Сатып алушының шартпен бекітілген міндеттемелері сатушының басқа да құқығы барын ескереді.
Сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдап алу және ақысын төлеуі болып табылады. Сатып алушының тауарды қабылдауы, ол жағынан тауарды беру және алу үшін қажетті шараларды қамтиды.Сатушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті.
4.Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім. I. том.- Алматы: Заң әдебиеті, 2003. 17-27 бет.
2. Қазақстан республикасындағы сату-сатып алу шарттарының түрлері
2.1. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы және құрамалары (элементтері).
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауары беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-бабы). Біздің көзқарасымыз бойынша, бөлшектеп сатып алу – сату шартында басты болып келетін нәрсе заттың әдетті пайдалануы (тағайындалуы) емес, бастысы сатып алушының тауарды көрсетілген мақсатта алу ниеті және сатушының бұл жайында хабардар болуы.
Бұл ескертуді жасаудың өз себебі бар. Қазіргі жағдайда тек өндірісте қолданылуы мүмкін, әскери тағайындалуы бар, арнайы техника ж.б. сияқты кейбір тауарларды қоспағанда тауар жеке немесе жеке емес пайдалануға арналған ба, соны анықтау қиын.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты құқықтық реттелуінің ерекшеліктері бар. Бұл шартқа Азаматтық кодекстен басқа Қазақ ССР-нің 1991 жылғы 5 маусымындағы "Тұтынушылардың құқығын қорғау" туралы Заңы, Аталған ереже қолма-қол шетелдік валютаны қолданып бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасасу тәртібін анықтайды. Бұл шартқа өзге де нормативтік актілер қолданымды болып келеді.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты - жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кез келген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мүмкіншілігі бола тұрып бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.
Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) жарналы. Бөлшектеп сатып алу шарты тараптар шарттың заты, бағасы және туралы кемінде бір торап айтатын өзге жағдай келісімге келген сәттен бастап жасалған болып саналады. Өзінің қалауы бойынша сатушы жарналы оферта жасалмай жеке офертасын да жасай алады. Мысалы «Zepter» фирмасы өз өнімін осылай таратады. Сатып алушы жағынан оферта мүмкіншілігі шектелген, бұл тек сатып алушы сатушыда жоқ тауарды алуға қызығушылығын білдіргенде ғана болуы мүмкін. Ұсынысында сатып алушы белгілі тауарды бегіленген баға бойынша алуға қалайтынын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Азаматгық кодексінің 447-бабы көпшілікке арналған түсініктемесін береді. Жарналы офертаның негізінен бұл дегеніміз тұлғалардың белгісіз қатары (санына) бөлшектеп сатып алу-сату шартын жасау жөніндегі ұсыныс. Кәсіпкерлер кейбір реттерде тұтынушыларға тауарды көтерме баға бойынша алуды ұсынатыны офертаның осы мінезіне әсер етпейді, сондай ұсыныстар негізінде жасалған шарттар бөлшектеп сатып алу-сату шарттары (тұтынушылық) болып қала береді. Жарна офертасы жасалған кездегі сатушының әрекеттеріне келейік. Сатушы тауарды көрсетеді (көрмеге қояды). үлгілерін көрсетеді, сатылатын тауарлар туралы мәліметтерді береді (бейнелеу, каталогтар, фотосуреттер ж.б.). Мәліметтер тауар сатылатын жерде беріледі.
Кәсіпорындар (дүкендердің) әйнектерінде, тек саудада бар болып келетін тауарлар қойылуы керек. Әйнектің ішінде болып келетін тауарлар тұтынушылардың талабы бойынша олардың сапасы тексеріліп сатылады. Тауардың әрбір үлгісінде онда тауардың атауы, бағасы (бір келі, дана және тауардың өзге мөлшері үшін) салмағы көрсетілген қағазы болуы керек. Қажетіне қарай жыл кезеңіне, жаңа тауарлардың түсуіне және кәсіпорындардың өзге жағдайларына қарап дүкеннің әйнектері жаңартылады,
Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде