Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................2

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62

4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82

Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.DOC

— 601.00 Кб (Скачать документ)

Тиеп жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны жəне оны сатып алушының тауар берушiге жiберудiң мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиепжөнелтуге рұқсат қағаз жiберу көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуi тиiс. Сатып алушының осы (тиiстi) мерзiмде сатушыға (тауар берушiге тиепжөнелтуге рұқсат қағазын бермеуi сатушыға шартты орындаудан бас тарту құқығын бередi. Өзгешелiк шарттың өзiнде қарастырылуы мүмкiн. Тауар жеткiзiлiмi шартында үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру мiндетi сатып алусату шартының жалпы ережелерiмен реттеледi.

Тауар жеткiзiлiмi шарты ыдыс жəне буып-түюге қойылатын талаптарымен ерекшеленедi. Өнiмнiң ыдысы буыптүю стандарттар жəне техникалық жағдайларының талаптарына сəйкес болуы тиiс, тасымалдау кезiнде тауарларды сақтауға мүмкiндiк туғызу керек. Ыдысқа немесе буыптүюдiң көп айналымды құралдарына стандарттардың немесе техникалық жағдайлардың нөмiрлерi жəне индекстерi шартта көрсетiледi. Шарттармен күшiнде болып келетiн ережелермен қарастырылған жағдайларда өндiрушiлер (тауар берушiлер) көп айналымды буып-түю құралдарын жəне арнайы контейнерлердi қолдануға мiндеттi.

Сатушыда ұйымдастыру-техникалық сипаты (мəнi) бар мiндеттер де жатыр, жалпы сатушының негiзгi мiндеттерiне олар қосалқы болып келедi. Жеткiзiлген кезде тауарды сақтау мақсатында жəне алушылармен оларды дұрыс, дер кезiнде қабылдау жағдайларын тудыру үшiн тауар берушi мiндеттi.

а) таураларды буыптүю, тиеу, бөлек жерлерге (орындарға) белгi салу, оларды пломбалауға байланысты бекiтiлген тəртiптерiн сақтауға;

б) тиелген жүктiң нақты санын анықтауға (салмағын, орын санын, жəшiктерiн, байламдарын, бумаларын, будаларын жəне т.б);

в) буыптиелген тауарларды тасыған кезде стандарттармен немесе техникалық жағдайлармен өзге мiндеттi тəртiптермен қарастырылған құжаттарды (буыптүю үстiндегi белгiнi, буманың тiзiмiн ж.б.) əрбiр тиелетiн орынға қоюға (бұл құжаттар белгiлi орында болып келетiн тауарлардың атауын жəне санын анықтауға мүмкiндiк бередi);

г) стандарттармен, техникалық жағдайлармен, сызбалармен, рецептуралармен, үлгiлермен қарастырылған талаптарға сапасымен, жиынтықтылығымен сай тауарларды тапсыруға;

д) тауардың сапасын жəне жиынтықтылығын бiлдiретiн құжаттарды т.б. техникалық құжатты, сертификатты жəне тиеп жөнелтуге жəне есептеуге байланысты құжаттарды дұрыс толтыруға, осы құжаттарда көрсетiлген тауарлардың санын, сапасын жəне жиынтықтылығын бiлдiретiн мəлiметтердiң нақты берiлетiн тауарлардың санына, сапасына, жиынтықтылығына сəйкестiгiн қамтамасыз етуi, бекiтiлген тəртiппен алушыға осы құжаттарды өз уақытында жiберуi керек;

е) егер шартта өзгеше қарастырылмаса, тауарлармен бiрге олардың сапасын жəне жиынтықтылығын растайтын құжаттарды жiберуге. Стандарттармен, техникалық жағдайлармен, басқа да тараптарға мiндеттi тəртiппен жəне шартпен қарастырылған жағдайда, тауар берушi тиелген жердегi тауарларды тасыған кезде əрбiр тиелген орнына сол тауардың түрi жəне сапасын сипаттайтын құжатты қою қажет.

оның жойылуына немесе бұзылуына əкелiп соқпау керек. Сатып алушы тиiстi дəрежеде сатушының мүлiктiк саласында сақтауы керек. Шарт жағдайларын бұзумен байланысты жеткiзiлген өнiм жеткiзушiнiң бұйрығы алынғанға дейiн оны қабылдаудан бас тартқан сатып алушының жауапты сақтауына қабылданады. Осы орын алса сатып алушы өнiм сатушыға жауапты сақтауға алынғаны туралы бiр тəулiк iшiнде хабарлануы керек. Аталған мерзiм шарт жағдайларына сəйкес келмейтiн өнiмнен бас тарту мезгiлiн де анықтайды, жауапты сақтау мерзiмiнiң басы сатушыға хабарлау мерзiмiмен анықталады. Өнiм тапсыру туралы Ереженiң 20 тармағына сəйкес жауапты сақтаудың мерзiмi 20 күннен көп болмайды.

Сатып алушыға оны одан да көп ұзақ мерзiмге өз еркiен сақтауына болады, егер оған белгiлi себептер болса, бiрақ осымен байланысты қиыншылықтар туындауы мүмкiн.

Бұл мерзiм кəсiпкерлiк қызметтiң субъектiсi – сатушы оның тауарына байланысты аталған шараны қолданғанда бiр уақытта сезiну үшiн деген есеппен орнатылған. Жиырма күндiк мерзiм аяқталған соң оған қолайсыз зардаптар жүктеледi. Сатып алушының “ынталылығы” осыған байланысты керексiз болып есептеледi жəне iстiң қисыны бойынша, ол мезгiлiнен тыс сақталғанға байланысты шығындарды өтеуге құқығы жоқ.

Жауапты сақтау осыған байланысты мiндеттеме тiкелей заң нормаларына сəйкес пайда болатын жағдайлардың бiрi. Сатып алушы сақтау шарты бойынша сақтаушыға жүктелетiн мiндеттердi көтередi. Сатушы сатып алушы жауаптың сақтауға қабылдаған тауарды алып кетуге, немесе жауапты сақтау мерзiмi шегiнде тауарға өзге тəсiлмен қисынды уақытта билiк етуге мiндеттi. Егер ол оны жасамаса, сатып алушы тауары өзi өткiзуге құқылы. Сатудан түскен түсiм сақтауға, өткiзуге кеткен шығындарды алып тастағаннан кейiн сатушыға жеткiзушiге берiледi. Тауарды өзi өткiзбеген сатып алушы оны сатушыға қайтарады жəне оның тауарды сатушыға берген кезде пайда болған шығындарды, жауапты сақтауға шығындарды өтеуiне құқығы бар.

Тез бұзылатын өнiм əр жағдайда алыну жерiнде дереу өткiзiлуге жатады. Қабылдаушы мұндай өнiмнiң бұзылуын болдырмау шараларын қабылдауға мiндеттi. Ақы төлеу қолмақол ақшасыз есеппен жүргiзiледi. Сатып алушы заңда немесе шартта қарастырылған əдiстiң бiреуiмен ақы төлеудi жасау керек, есептiң мерзiмдерiн, тəртiбiн сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Келiсiмшарт жасасу шарты

 

 

Келiсiмшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiнұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушытұлғаға беруге мiндеттенедi, ал дайындаушы оны қабылдауға жəне ол үшiн төлеуге мiндеттенедi. Келiсiмшарт жасасу шарттың заңнамалық түсiнiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 478бабында берiлген.

Келiсiмшарт жасасу шарты, тауар жеткiзiлiм шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнiмiн дайындаушыға кəсiпкерлiк қызметiнiң жүзеге асырылуы негiзiнде берiледi, сондықтан келiсiмшарт жасасу шарты өзiнiң сипаттамаларымен тауар жеткiзiлiм шартына жақын. Қазiргi жағдайларда ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң өндiрушiлерi оны бөлшек сауда жүйесi арқылы сирек өткiзедi жəне өнiмдi өз бетiмен қайта өңдеумен көбiнесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектiлерiнiң мамандандыруының деңгейi жоғарыланып кеттi. Ауыл шаруашылық өндiрушi өзiне танымал емес өзiнiң бағалымдары бар, онда сұраным мен ұсынымның ара қатысы ұдайы өзгерiп тұратын, бəсекелiк күрес дамыған сауда-саттық қызмет сапасында ұтымсыз жағдайда болып қалуы мүмкiн.

Жөнге салынған сату жолдары, нарықты зерттеудi өткiзу керек. Агрокəсiптiк кешенiнiң бəрi жəне жеке ауыл тауар өндiрушiлердiң өте нашар жағдайлары болғандықтан ол мүмкiн емес, өнiмдi егуге жəне жинауға құралдар жетпейдi.

Ауыл тұрғындарының жағдайларын бiлiп, əртүрлi коммерциялық құрылымдар оларға мəжбүрлiге жақын болып келетiн “ынтымақтастық” неше түрлерiн ұсынатыны бiзге жаңалық (құпия) емес..

Ауылдықтарға (өндiрушiлерге) ұсынылатын мəмiлелер көбiнесе кiрiптарлықпен жасалған мəмiлелер түрiнде болады. Олар дегенiмiз шын мəнде өсiрiлген (өндiрiлген) ауыл шаруашылық өнiмдi үлестiрумен байланысты қатынастарды реттеуге арналған келiсiм шарттарынан алыс. Өз кезегiнде Қазақстан Республикасы аграрлы ел болғандықтан, айтылған шарттың рөлi өте маңызды екенiн тану керек.

Оларда (келiсiмшарт шарттарында) ауыл шаруашылықтың, өндiрiстiң өзгешелiгi ескерiледi.

Ауыл шаруашылық өнiмiнiң өндiрушiсi ауа райының жағдайларына, ауыл шаруашылық техникасының жағдайына, пестициттарының, тыңайтқыштардың бар болуына тығыз байланысты. Осы байланысты келiсiм шарт жасасу шарты икемдi құқықтық институт сияқты қолдануы мүмкiн. Ауыл шаруашылық өндiрiсiне мемлекеттен ақша берiлмеген жағдайларда фермерге күнiн көру үшiн осы келiсiм шарт жасалады. Мысалы, келiсiмшарт жасасу шарты контракттың алдынала тауардың бөлiгiне төлеу мiндетiн қарастыруы мүмкiн. Өз кезегiнде бұл фермерге немесе өзге ауылшаруашылық өндiрушiге өзiнiң өзектi мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бередi. Негiзiнен келiсiмшарт жасасу шарты сатушының (ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң) құқықтық қорғауының күшейтуiне мақсатталған, бiрақ оның iсəрекет тетiгiн əбден жетiлдiру қажет. Құқықтық даму кезiнде ақыры осы саладағы шарттық тəжiрибенiң бiркелкi өлшемдерi (көрсеткiштерi) анықталуы қажет.

Келiсiм-шарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 478481бабымен тiкелей нормалармен реттеледi. Бiрақ оларда ауыл шаруашылық өнiмi жеткiзiлiмiнiң қатынастары толық, түбiртүбiрiне дейiн реттелмеген.

Келiсiм-шарт жасасу сатып алусату шартының түрi болғандықтан сатып алусатуға жəне тауар жеткiзiлiмiне арналған барлық нормаларымен реттеледi. Оған кейбiр арнайы нормалар қолданылмайды, мысалы, бөлшектеп сатып алусату қатынастарын реттеуге u1072 арналғандар.

Келiсiмшарт жасасу жəне тауар жеткiзiлiм шарттары өзара бiрiншiсi мəнсiз екiншiсi өте маңызды нəрселер сияқты қатыспайды. Олар азаматтық құқықтық ортада тең негiзде тұрмыс етедi. Заң шығарушы құқықтық реттеудiң нəтижелiлiгiн (тиымдылығын) арттыру қажеттiлiктер басшылыққа алып сiлтемелi норманы енгiздi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 478б, 2тармақ).

Егер келiсiмшарт жасасу шартының қатынастары жоғары белгiленген баптар нормаларымен реттелмесе, оларға тауар жеткiзiлiм шартының тəртiптерi қолданылады. Бiрақ келiсiмшарт жасасу шарты тауар жеткiзiлiмi шартының “əлсiз көлеңкесi” деп түсiнуге болмайды.

Оның пəнiнiң (нысанасының) ерекшелiгi əрбiр ауыл шаруашылық өнiмдi өндiру кезеңдерiнiң ерекшелiктерi өнiм əртүрлi ауа райы жағдайларында өсiрiлетiнi келiсiмшарт жасасу шартының айқын өзгешелiктерiне əкеледi.

Егер ауыл шаруашылық өнiм мемлекеттiк қажеттiлiкке сатып алынса, жоғарыда айтылып кеткен нормалардан басқа арнайы мемлекеттiк сатып алуға арналған заңнама қолданылады.

Сөйтiп көрiнiп тұрған қарапайымдылығына қарамастан, келiсiмшарт жасасу қатынастарын құқықтық реттеу нормалардың күрделi жиынтығына негiзделген. Олардың өзара қатысуын туралап талдау өте қиын болып келедi. Сондықтан, бiз əзiрше жалпы мəндi болып келетiн ережелердi қарастырамыз.

Сатып алусату шарты сияқты, келiсiмшарт жасасу шарты ақылы (өтемдi) консенсуальдi, өзара (екi тарапты құқықтармен мiндеттер бар) шарт болып келедi. Ол сатып алусату шартының өзге түрлерiнен субъектiлiк қатарымен, айтылғандай затымен, мазмұнының кейбiр бөлiгiмен (құқықтар мен мiндеттермен) ерекшеленедi.

Келiсiмшарт жасасу шартының элементтерi

Келiсiмшарт жасасу шартының тараптары ретiнде, сатушы (өнiм өндiрушi) жəне өнiм дайындаушы (контракт) болып, көбiнесе кəсiпкерлер əрекет етедi. Кейбiр жағдайларда, келiсiмшарт жасасу қатынастарында өкiлеттi органдар арқылы мемлекет те қатыса алады.

Министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк комитеттер iшкi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн мемлекеттiк сатып алу жүйесi арқылы контрактанттар бола алады. Жеке тұлғаның кəсiпкерлiк жағдайы болмаса, ол контрактант бола алмайды. Сатушы ретiнде ауыл шаруашылық өнiмiн өндiретiн тұлға деп саналады.

Коммерциялық заңды тұлғалардың құқық қабiлеттiлiгi арнайы емес, жалпы мiнезде болып келгесiн, коммерциялық заңды тұлғаның оның бөлiмшелерiнiң бiрi өсiрген өнiмдi сатқаны оның жарғылық мақсаттарына қайшылық ретiнде қаралмауы керек.

Егер сол немесе басқа ұйым негiзгi қызметпен бiрге ауылшаруашылық өнiмiн өсiрiп жəне сатса, жəне осы əрекетiмен əр түрлi арнайы тыйым, нормативтердi ж.б. бұзса, онда ол басқа жағдайға жатады. Мысалы, жоғары рентабельдi өнiмдi шығарып сатуға алғашқы бағытталған акционерлiк қоғам (жоғары емес тəкеуел дəрежедегi қызмет) ауыл шаруашылық жобаны қаржыландыру мақсатында акциялары (өзге бағалы қағаздарды) шығару жəне оларды тарату (үлестiру) қызметiн iске асыруға тырысады. Тиым салу бұл жағдайда акционерлердiң жалпы жиналысынан болуы мүмкiн. Арнайы құқықтық қабiлеттiлiгi бар заңды (мысалы сақтандыру ұйымдары) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi бола алмайды.

Сатушы ретiнде бəрiнен бұрын шаруа (қожа) шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кəсiпорын (коммерциялық заңды тұлға) болады, жеке жағдайларда сатушы ретiнде коммерциялық емес заңды тұлға, əрекет теуi мүмкiн мысалы, ашылу кезiнде белгiленген мақсаттарына жету барысында кəсiпкерлiк қызметiн жүргiзетiн ауылдық тұтынушы кооперативi (21 шiлде 1999 ж. “Ауылдық тұтыну кооперациясы жөнiндегi” Қазақстан Республикасының 7бабының 1тармағы. Жүргiзiлген жекешелендiру ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң саласынан мемлекеттiк заңды тұлғаларды шығарып тастады, олар ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi болмайды.

Келiсiмшарт жасасу шартының пəнi (нысанасы) болып ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң əртүрлi өнiмi келе алады. Оның iшiне өсiмдiктердi баптаудың, мал шаруашылығының, аң өсiрудiң, саңырауқұлақ өсiрудiң балық шаруашылығының өсiрiлген, өндiрiлген ауылшаруашылықтың өнiмдерi кiредi. Бiздiң ойымызша олар тек шартпен қарастырылған алғашқы өңдеуден (дайындықтан) өтуi керек. Яғни, олардың құрамына сапасын жəне тағайындауын өзгертетiн неше түрлi қоспалар кiргiзiлмеуi керек. Егер əңгiме ауыл шаруашылық өнiмiнiң маңызды қайта өңдеуi туралы болса, онда шарттың пəнi (нысанасы) өзгередi, өзiндiк айналым қабiлеттiлiгiн алатын оңашаланған мүлiктiк игiлiк ретiнде оны есепке алуды талап ететiн жаңа құн пайда болады.

Келiсiмшартты жасасу пəнiнiң (нысанасының) басқа ерекшелiгi оның пəнi болып тауар жеткiзiлiмi шартындағыдай тектiк белгiлермен анықталатын, орындалу кезiнде шарт мақсаттары үшiн басқа тауар көлемiнен тиiстi тəсiлдермен жекеленетiн заттар есептеледi.

Жəне де бұл заттар кейбiр жағдайларда шектелген тектен болуы мүмкiн, мысалы егер қайта өңдеушi (контрактант) ауыл шаруашылық өнiмiнiң белгiлi сорттарын немесе белгiлi орындарды өндiрiлген өнiмдi сатып алуға мүдделi болса. Бұл əр түрлi себептермен айқындалады. Айта кететiн болсақ, өз уақытында “Филипп Моррис” компаниясы Алматы облысы совхоздарының темекi өсiретiн жерлерiнде вирджиниялық темекiнi өсiруге болатынын анықтағаннан кейiн республиканың темекi саласын инвестициялау жөнiнде шешiм қабылдады.

Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде