Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................2

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62

4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82

Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.DOC

— 601.00 Кб (Скачать документ)

Сатып алушы (абонент) – бұл электрмен жабдықтау шартына отырған, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар желiсiне электр қондырғыларын қосқан тұлға. Энергиямен жабдықтау шарты сатып алушыларға осындай ерекше талаптары арқылы сатып алусатудың басқа шарттарынан ажыратылады. Мысал ретiнде, тұрмыстық қажеттiлiк үшiн электр энергиясы жеткiзiлiмi шарты бойынша “Абоненттi жалғанған желiге алғаш рет iс жүзiнде қосылған кезден бастап” шарт жасалған болып есептеледi. (ҚР АКң 483бабы, 2тармағы).

Заңды байланыстар туындауы үшiн энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен абоненттердiң бiр ғана келiсiмi жеткiлiксiз, қосымша əрекеттер де жасалуы қажет. Бiр қарағанда, осының салдарынан тұрмыстық қажеттiлiк үшiн энергияны жеткiзу шартының көрсетiлген мiндеттемесiн (реалды) шынайы шарт ретiнде қарастыру қажеттiлiгi көрiнуi мүмкiн. Шындығында, көрсетiлген

мiндеттеме оның консенсуальды табиғатына əсер етпейдi. Себебi шарт болмысына ол бойынша мiндеттi орындау (электр энергиясын берудi бастау) əсер етпейдi. Қарастырылып отырған əрекеттер тек дайындық мəнде болады. Абонент (сатып алушы) болып жеке, сонымен қатар заңды тұлғалар келе алады.

Заң көтерме тұтынушыларқайта сатушылар мен бөлек бөлшек тұтынушылар арасында айырма жүргiзедi.

Көтерме тұтынушылар қайта сатушыларға сыртқы ұқсастығына қарамастан көрсетiлген категория субъектiлерiне мыналар жатпайды:

а) негiзiнен жеке қажеттiлiгi үшiн электр энергиясын алатын, оны өз желiлерi арқылы бiр бөлiгiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен шарттық қатынаста тұрмайтын тұтынушыларға беретiн өнеркəсiптiк жəне басқа кəсiпорындар, темiр жолды энергиямен жабдықтау дистанциялары;

б) тұрмыстық поселкелер, бақ өсiрушi серiктестiктер, сонымен бiрге меншiк нысанына тəуелсiз тұрғын үй ұйымдары. Энергияны қайта сатпайтын ұйымдар да көтерме тұтынушылар болуы мүмкiн.

Бөлшек сатып алушыларға халықты жəне тұрғын үй ұйымдарын жатқызуға болады. Бөлшек сатып алушылар болып өзiнiң жеке мұқтажы үшiн энергия сатып алатын заңды тұлғалар да келе алады. Тұтынушыларды көтерме жəне бөлшек қылып бөлудiң жанама негiзiн электр энергиясын пайдалану Ережелерiнiң нормаларының мазмұны арқылы анықтауға болады. Оның 2.1.1. тармағына сəйкес 750 квт А жəне одан жоғары қуаттылыққа қосылған тұтынушылар пайдаланылған электр энергиясы үшiн екi ставкалық тариф бойынша есептеледi, 2.1.2.тармағы бойынша 750 кВт А дейiнгi қуаттылыққа қосылған тұтынушылар бiр ставкалық тариф бойынша есептеледi. Өз қажеттiлiгi үшiн электр энергиясын алатын көтерме сатып алушылардың мiндеттерi мен құқықтары жəне сатып алушыларқайта сатушылардың мiндеттерi мен құқықтары, олар жасаған шарттарының мазмұны ажыратылатынын атып өткен жөн.

Электр энергиясымен жабдықтау үшiн қатынастарда субабоненттер де қатыса алады.Негiзiнен олар алғашқы жасалған шарттар мазмұнына əсер етпейдi. Абоненттер мен субабоненттер арасында энергиямен жабдықтау бойынша шарттық қатынастардың туынды буыны пайда болады. Мұнда абоненттiң өзi электрмен жабдықтау ұйымы ролiнде қатысады.

Бұл энергиямен жабдықтау шартымен тiкелей қарастырылған жағдайда субабоненттiң өзi энергиямен жабдықтаушы ұйым алдында өзi жауапты болуы мүмкiн. Энергиямен жабдықтаушартының нысанасы. Сатып алусату шартының нысанасы болып, электр немесе жылу қуаты u1082 келедi. Жалғанған желi арқылы тұтынушыларға берiлетiн кез келген заттар энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болуы мүмкiн деп есептейтiн кейбiр авторлар мен келiсуге болмайды. Жекелеп алсақ, мұнай, мұнай өнiмдерi, су жəне басқа өнiмдер1 болады дегенмен. Бiздiң көзқарасымызда соңғы көрсетiлген қатынастарды сiлтемелi реттеу жүргiзiледi деп есептеу негiздiрек болады. Мəселеге өзгеше қарайтын болсақ, онда энергиямен жабдықтау шарты үшiн тектiк ұғым болып жалғанған желi арқылы жабдықтау шарты ұғымы келетiнiн айта аламыз. Жалғанған желi арқылы жабдықтау шарт бойынша нысана қатарына түсiнiктi себептерден көмiр, баллондарға толтырылған газ немесе аккумулятордағы электр энегиясы сияқты ресурстар жатпайды. Электр энергиясын өнеркəсiптiк тұтынуда энергиямен жабдықтау шартының нысанасы болып электр қуаты келедi, бұл түсiнiк электр энергиясының нақтыланған көрiнiсiн сипаттайды, мысалы, 750 кВт А дейiнгi жалғанған қуат шарт нысанасы болып анықталуы мүмкiн. Өндiрiстiк мақсаттар үшiн электр қуаты шарт жағдайымен сəйкес қамтамасыз етiледi, ал тұрмыстық тұтыну үшiн арналған электр энергиясына қойылатын талаптар тiкелей заңнамада анықталуы мүмкiн.

Электр энергиясын пайдалану Ережелерiнiң 2.1.3.тармағына сəйкес: “Электр энергиясының шарттық көлемiнен, абоненттiң жүктеме кестесiн толтыру коэффициентiнен жəне оның субабоненттерiнiң жүктемелерiнiң қосылуы негiзiнен алынған энергиямен жабдықтаушы ұйымның ең көп мөлшердегi сағаттық қуат шарттық қуат болып табылады.”495229 Динара

Баға. Қазақстан Республикасында баға белгiлеу бостандығы электр жəне жылу энергиясы нарығына да таралады. Мемлекеттiк реттеуге монополиялық қызмет субъектiлерiне баға белгiлеу жатады. Бiрқатар жағдайларда электр энергиясын жабдықтаушылар (таратушылар) жəне өндiрушiлерге Қазақстан Республикасының “Табиғи монополия туралы” Заңы  қолданылуы мүмкiн. Атап өткендей, электр энергиясынан алынатын (тұтынылатын) қуатқа байланысты бағалар екi ставкалық немесе бiр ставкалық тариф бойынша анықталады. Екi ставкалық тариф энергиямен жабдықтаушы ұйым желiсiнiң ең жоғары жүктемесiне қатысатын шарттық ең жоғары (максималды) қуаттың 1 кВт үшiн төлемiнен – негiзгi ставкадан, тұтынушыға босатылған белсендi электр энергиясын 1 кВТ сағаты үшi төлем – яғни қосымша ставкадан тұрады. Шартта электр энергиясына жеңiлдiктер (үстеме) белгiленуi мүмкiн. Көтерме тұтынушыларқайта сатушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жəне энергия көздерiмен олардан сатып алынған барлық электр энергиясы үшiн шартқа сəйкес қайта сатушылар үшiн белгiленген ортақ бiр ставкалық тариф бойынша есептеседi.

Электр энергиясын пайдалану Ережелерiнiң 4.4.1. тармағына сəйкес: “Үйдiң жалпы қажеттерiне шығындалатын электр энергиясы үшiн тұрғын үй ұйымдары энергиямен жабдықтаушы ұйыммен прейскурант белгiленген тариф бойынша, электр тораптың баланстық тиесiлiлiк шекарасындағы есеп нүктесiнде орналасқан санауыштар бойынша есеп айырысады”. Тұрмыстық тұтынушыларқала, ауыл халқы пəтерлерiнде, жеке меншiк үйлерiнде, коттедждерде, үй маңындағы бағбандық учаскелерiнде, саяжайларда, гараждарда ж.т.б. олар пайдаланылған электр энергиясына белгiленген бiр ставкалық тариф (ереженiң 4.5.1. тарауы) бойынша төлейдi. Егер заңмен жеңiлдiктер қарастырылса, онда төлем жеңiлдiк тарифы бойынша жүргiзiледi.      

Энергиямен жабдықтау шартының мазмұны Сатушының құқығы мен мiндеттерi. Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге мiндеттi. Бұл мiндет жеткiзiлетiн энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бiрге оны тарату тəртiбi бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткiзiлетiн энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшiн тапсырмаған жағдайда мəндi болады, мұндай жағдайда ол тiкелей шартпен анықталады.

     Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берiлген жəне абонентпен қабылданған энергия саны оның u1085 нақты тұтынуымен сəйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сəйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргiзiледi.

       Шарт бойынша берiлетiн электр энергиясын есепке алу үшiн аталған құқықтық қатынастарға, сонымен бiрге электр желiсi компаниясының қатысуының маңызы бар. Электр энергиясын аймақтық немесе жергiлiктi деңгейдегi желi арқылы жеткiзудiң нақты көлемi электр желiсi компаниясының электр желiсiнiң тепетеңдiк тиiстiлiгi шекарасында коммерциялық аспаптар есебiнен көрсеткiштерiмен бекiтiлуi қажет. Қосымша келiсiмсiз жiберiлген ауытқу тауар жеткiзiлiмiнiң шарттық мөлшерiнен айлық тұтынудың нақты көлемiне _ 5%ке дейiн есептеледi.

Энергия өндiрушi ұйымның жоғалтуларының құны жабдықтаушы немесе тұтынушымен төленедi.

            Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзiне қажеттi мөлшерде пайдалануға құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 484бабы 3 тармақ). Тауар өндiрумен айналыспайтын электр энергиясын өндiрiстiк тұтынуды талап ететiн құралжабдықтарды пайдаланбайтын электр энергиясын тек əртүрлi ұйымдастыру техникаларының жұмысын жарақтандыру үшiн пайдаланатын ұйымдар тұтынатын энергия саны бойынша тұрмыстық тұтынушылар құқығымен теңестiрiлуi қажет.

         Энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен берiлетiн энергия сапасы мемлекеттiк стандарттар мен стандартизациялау бойынша басқа нормативтiк құжаттар талабына сəйкес болуы қажет немесе энергиямен жабдықтау шартымен қарастырылуы керек. Электр энергиясы ескертiлген кернеуiмен, жиiлiкпен босатылуы қажет, желiде, шартта ескертiлген шеңберде тұтынушының электр құралдарының жұмысын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi қуат болуы қажет.

          Жылу энергиясын беруде сапалық көрсеткiштерге жылыту жүйелерiнде болатын ыстық су температурасы, бу қысымы ж.т.б. қызмет етедi. Энергияны беру тəртiбi шартпен қарастырылады. Энергиямен жабдықтау бойынша мiндеттеме мəнi энергияның абонентке үздiксiз берiлу қажеттiлiгiне негiзделедi. Толық мөлшерде бұл электр энергиясын тұрмыстық тұтыну шартына үйлесiмдi болып табылады. Тұтынушының өзiне қажеттi көлемде электр энергиясын пайдалануға мүмкiндiгi болатын болса, онда ол уақыт кезеңiне тəуелсiз тəулiк бойы берiлуi қажет.

          Энергия жабдықтаушы ұйымға кəсiпкерлiк шарттың құқықтық тəртiбiнен бiрқатар ерекше болып табылатын құқық берiледi. Электр қуатының тұрақты жетiспеушiлiгi қалыптасқан жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Үкiмiнен бекiтiлген тұтынушыларға электр энергиясын жеткiзу жəне электр энергетика объектiлерiнiң жұмысына ерекше ереженi енгiзу Тəртiбiне сəйкес электр энергиясы мен қуатын тұтыну кестесiн өзгерте алады.

Берiлетiн энергияның саны, сапасы жəне тарату тəртiбi деген түсiнiктер өзара тығыз байланысты екендiгiн атап өткен жөн. Егер сатушыда электр энергиясының қажеттi саны болмаса, онда ол оны тарату тəртiбiн ұстап тұра алмайды. Электр энергиясын босатудың талап етiлетiн қуатының болмауы, сатушының шарт жағдайының сапасы бойынша сəйкес келмейтiн энергияны таратуға мəжбүр болуына əкеледi. Электр энергиясын тұтынудың тəулiктiк нормасының болуы оны таратудың тəртiбiне əсер етедi ж.б.

Кейбiр жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынушыға электр энергиясын беруден жартылай немесе толығымен бас тартуға құқылы. Бұл үшiн жазбаша ескерту талап етiледi, ескерту үшiн мерзiм заңмен қарастырылмаған. Дегенмен, тұтынушыға оған қатысты шарттық мiндеттемелердi орындауға кедергi келтiретiн себептердi өз уақытында жою үшiн мүмкiндiк берiлуi қажет деп есептеу ақылға (ойға) үйлесiмдi болып келедi.

Энергияны беру төмендегi жағдайлар бойынша тоқтатылуы мүмкiн:

а) шартпен бекiтiлген мерзiмге электр энергиясы үшiн төлемнiң болмауынан;

б) электрдi тұтынудың шарттық мөлшерiнде электр энергиясын жұмсаудың артуы немесе бекiтiлген электр тұтыну тəртiбiн бұзу;

в) электрмен жабдықтаушы ұйым желiсiне тоқ қабылдағышты өз бетiмен жалғау немесе қуатты бекiтiлген шарттан жоғары арттыру;

г) ток қабылдағыштарды есеп аспаптарынан қатыссыз жалғау немесе электр энергиясы есебiнiң схемасын бұзу;

д) электрмен жабдықтаушы ұйымдар жəне басқа тұтынушылардың электр қондырғыларының қалыпты жұмысын бұзушы мəнге дейiн тұтынушы кiнəсiнен электр энергиясының сапа көрсеткiштерiнiң төмендеуi;

е) энергиямен жабдықтаушы ұйымның өкiлдерiн электр энергия есебi аспаптарына жiбермеу.

Барлық аталған жағдайлара мемлекеттiк энергетика қадағалау органы энергиямен қамтамасыз ететiн ұйымға тұтынушыларға электр энергиясын жартылай (немесе бөлшектеп) немесе толығымен берудi тоқтатуға мiндеттеуге құқылы.

Бұдан басқа, ол келесi жағдайларда орын алуы мүмкiн:

а) авария – өрт төндiретiн жəне адам өмiрiне қауiп тудыратын тұтынушының электр қондырғысының қанағатсыз жағдайы;

б) тұтынушының электр қондырғысына қызмет көрсету барысында бiлiктi персоналдың  болмауы;

в) Мемлекеттiк энергетика қадағалау органы бұйрығының орындалмауы немесе

тұтынушының электр қондырғыларына Мемлекеттiк энергетика қадағалау органының өкiлдерiн жiбермеуi.

Егер резервтiк қорек болмаса, электрмен жабдықтаушы ұйым жоспарлық жұмысты жүргiзу жəне жаңа тұтынушыларды қосу үшiн абонентi ажыратуға құқы бар. Ажыратудың саны мен ұзақтығы шартта ескертiлуi қажет. Энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушы алдағы ажырату туралы электр энергиясын беруде үзiлiс уақытын жəне мерзiмiн келiсу үшiн үш күннен кешiктiрмей ескертуге мiндеттi. Егер көрсетiлген мерзiмде тұтынушы электр энергиясын беруде үзiлiс уақытын жəне күнi жөнiнде келiспесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым оны өз бетiнше қалыптастыруға құқы бар.

Электр энегиясын берудегi үзiлiс мүмкiндiгiнше абоненттiң жұмыстан тыс уақытында жүргiзiлуi қажет, оған бұл туралы ажыратуға дейiнгi 24 сағаттан кем болмайтын уақыт iшiнде ескертiлу жасалуы қажет.

Егер ажырату аварияны жою немесе ескерту үшiн асығыстықты талап етсе, онда энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушының электр қондырғысын ажыратуға құқылы. Мұндай жағдайда ажырату себебi абонентке 24 сағат iшiнде жазбаша түрде хабарланады. Егер болашақта электр қуаты немесе энергиясының жетiспеушiлiгi мүмкiн болса, электр энергиясын таратуда күтпеген үзiлiстерден тұтынушыларды құтқару мақсатында энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда тұтынушыларды ажырату немесе шектеу кестесi болуы керек жəне қажет жағдайда бұл кестелердi қолдануға енгiзу керек. Электр энергиясын пайдалану Ережелерiнiң нормаларына сəйкес тұтынушылар мұндай кестемен танысуы керек.

Тұтынушылар электр тұтынудың тəулiктiк кестесiн шамадан асырып жiберсе, энергиямен жабдықтаушы ұйым келесi күндерге электр энергиясын босатуда энергияның жiберiлген артық шығынын толық орнын толтырғанға дейiн тəулiктегi шарт бойынша энергия көлемiн 25 проценттен аспайтын мөлшерде ықтиярсыз шектеуге құқылы. Егер тұтынушы шарт бойынша пайдалануға рұқсат етiлген сағаттағы электр желiсi жүктемесi максимумынан қуатты артса (арттырып жiберсе), энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыдан шартта белгiленген көрсеткiшке дейiн жүктеме төмендетiлуiн талап етуге құқылы. Мұндай талап тұтынушымен өз уақытында орындалуы қажет.

Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде