Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................2

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62

4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82

Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.DOC

— 601.00 Кб (Скачать документ)

Əрине, бұл жергiлiктi шикiзаттан өндiрiлетiн темекi өнiмнiң беделдiгiн сақтау талабына байланысты жасалды.

Келiсiмшарт жасасу шартының пəнi болып табылатын өнiм одан əрi қайта өңдеу немесе сату үшiн алынады. Сонымен қатар ол мемлекеттiк қор үшiн арналуы да мүмкiн.

Келiсiмшарт жасасу көп жағдайда “болашақтағы заттар” – ендi өндiрiлетiн ауыл шаруашылық өнiмдерi жөнiнде жасалады. Осымен қатар, келiсiмшарт жасасу шартының нысанына өсiрiлген өнiм жөнiнде жасалатын мəмiлелер де бөлiнедi. Бұл жиналған немесе өңдеуден өткен, əлде “тамырындағы” өнiм болуы мүмкiн.

Егер татаптар оған өнiм тапсыру туралы ереженiң қолданылуын қарастырса, онда бағасы келiсiмшарт жасасу шартының елеулi жағдайларының қатарына жатады. Басқа жағдайда баға келiсiмшарт жасасу шартының болсын, тауар жеткiзiлiмi шартының да болсын елеулi жағдайларына жатпайды.

Келiсiмшарт жасасу шарты бойынша мiндеттемелердiң орындалу мерзiмi оларды қолдану салаларына байланысты болады. Келiсiм шарт жасасу пəнi болып, бақша жəне дəн шаруашылығы өнiмдерi болса, бұл мерзiмдер табиғи кезеңдерге байланысты болады. Бiрақ, бұл шартқа байланысты мерзiмдердiң оларға қатаң бекiтiлуiн қажет етпейдi. Шартқа байланысты өнiмдi əртүрлi мерзiмде алуға болады, бiрақ бұл мерзiмдер шартта тiкелей көрсетiлуi керек, себебi фермерлерде тауарды сақтауға көбiне жағдайлары болмайды жəне мiндеттеменiң мəнiнен ол тараптармен өнiм өскеннен кейiн қисынды мерзiмдерде орындалу керек екендiгi көрiнуi мүмкiн.

Егер келiсiмшарт жасасу басқа ауыл шаруашылық өнiмiне байланысты жасалса, мысалы, тауық жұмыртқаларын жеткiзу туралы, шарт, оның мезгiлмезгiл орындалуын ескеруi мүмкiн, мұнда өндiрiстiң маусымды (жылдық) циклдары көп мағыналы болмайды.

Ауыл шаруашылық өндiрiс саласындағы шарттық тəжiрибе iскерлiк айналым əдеттерi мен iскерлiк əдеттегiлiктердi пайдалануға тиiстi болуы мүмкiн. Оған себеп өнiмдi өсiрудегi табиғи циклдары ауыл шаруашылық өндiрушiлер жəне олармен белгiлi қарымқатынаста болатын субъектiлерiнiң барлық қызметiнiң циклдiгiне əсерiн тигiзедi.

Келiсiмшарт жасасу шартының нысаны көп жағдайларда жазбаша болады. Оны жасау тəртiбi тауар жеткiзiлiм шартын жасау тəртiбiне сəйкес болуы қажет.

Келiсiмшарт жасау шартының мазмұны

Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi шартпен келiсiлген өнiмдi беруiне мiндеттi. Оның сапасы тiкелей шартпен анықталады. Егер шартта оның сапасы жөнiнде жағдай қарастырылмаса, ол мемлекеттiк стандарттарға сай болуы керек, яғни өндiрiлген өнiмдер ақыр аяғында тұтынушыға жетедi жəне де осыған байланысты оның өмiрi мен денсаулығына қауiпсiз болуы керек. Өнiм шарттар көзделген түртүрiмен берiледi. Сапасы, түр түрiмен бiрге елеулi жағдай болып, өнiмнiң көлемiне байланысты жағдайда есептеледi.

Келiсiмшарт жасасу шарты ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiге белгiлi жеңiлдiк бередi. Егер шартта басқа көзделмесе, ол өсiрiлген өнiмдi тұрған жерiнен берумен шектеледi. Шарттық тəжiрибеде ауыл шаруашылығын жүргiзу деңгейiнiң дамығанымен ауыл шаурашылық өнiмiн жəшiктеуге (ыдыстауға) оны сатудың алдыңғы дайындығына белгiлi талаптарды орнату қажет, мысалы, сорттауға, арнайы құралдармен өңдеуге, сақтауға жəне т.б. Өндiрушi контрактантқа өнiм iрiктеудiң қолайлы мерзiмдерiн хабарлауға тиiс.

Контрактант өнiмге ақы төлеуге мiндеттi, оның осы мiндетiнiң орындалу тəртiбi тауар жеткiзiлiм шартының ұқсас мiндетiнiң орындалу тəртiбiнен айырмашылығы жоқ. Содан басқа оған алынатын өнiмдi ұқыпты тексеру мiндетi жүктеледi, ол стандарттарға сай өнiмнiң сапасын тура анықтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Өнiмдi алып кету мiндетi көп жағдайларда (егер өзгешенi шарт көзделмесе) контрактанттың өзiне жүктеледi. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өсiрiлген өнiмдi жеткiзу мүмкiншiлiгi бар жағдай сирек кездеседi.

Дайындаушы оған келiсiмшарт шарты бойынша ұсынылған, шартта қарастырылған жағдайларға сəйкес келетiн жəне дайындаушыға шартта келiсiлген мерзiмде берiлген ауыл шаруашылық өнiмiн қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Келiсiмшарт жасасу шартында ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатуды жүзеге асыратын дайындаушының өндiрушiге оның талап етуi бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсатудан қалған қалдықтарды шартта белгiленген баға бойынша ақы төлете отырып қайтару мiндетi көзделуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда, мiндеттемелердi тоқтатудың есепке жатқызу деген тəсiлiн қолдануға болады (ҚР АК 370бабы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Энергиямен жабдықтау шарты

 

 

Энергиямен жабдықтау шарты бұрынғы Азаматтық кодексте қарастырылмаған. Энергетикалық кəсiпорындар өндiретiн электр жəне жылу энергияларын пайдалану ретсiз (тəртiпсiз) мазмұнда болды, үлкен қаражат (құндылықтар) бақылаусыз шашылды, ешкiм де бұл үшiн жауапкершiлiктi көтермедi, табиғи ресурстарға, энергияға зор шығын келтiрiлдi.

Қазiргi уақытта да жағдай қалаулыдан алыс, кейбiр жағдайларда мəселелер ұлғая түстi.Сондықтан энергиямен жабдықтау шартының, жоғарыда қарастырылған келiсiмшарт шартында да сияқты өзiнiң мəндiлiгi пайда болып тұр.

     Əрине, энергиямен жабдықтау шарты барлық мəселе (қауiптерден) құтқара алады деп айтуғақиын. Бiрақ энергияны өндiру жəне пайдаланумен байланысты пайда болған қатынастардың мiнезiнде олар тауарлыақшалы болып келетiнiн айқындау, осы мiнезiне артықшылық беру тұтынушыларда да, өндiрушiлерде де оны ысырап етудiң анық себептерiнiң болмауына əсер етуде.

   Бұл шарттың негiзгi белгiленуi энергияны өндiрушiлер мен тұтынушылардың қатынасын құқықтық формаға тарту. Бұрын бұл онда тұтынушы, өндiрушi алдында қорғансыз болған салалардың бiрi едi, жəне тұтынушының құқығын қорғау үшiн құқықтық нормалар iс жүзiнде болған жоқ дей аламыз.

     Энергия тұтынылатын жəне тектiк сипаттармен анықталатын болып табылады. Заттарды жiктеудiң осы негiздерi оның сипаттамасын анықтайтын болып келедi. Энергиямен жабдықтау шарты – көрсетiлген ерекшелiктердi иемденетiн (электр жəне жылу энергиялары) заттарды өткiзудi (сатып алусатуды) реттейтiн шарт.

Ұқсастық бойынша ол энергияны қамтамасыз ететiн заттарды мысалы, табиғи газды,мұнайды, мұнай өнiмдерiн жеткiзу қатынастарына да қолданымды болып келедi, байланысты болады. Бұдан басқа, ол сумен жабдықтау бойынша жəне кейбiр өзге қатынастарды да реттей алады. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абоненте (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондайақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн жəне энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 482бабы).

Энергия айналымы ерекшелiгiнiң түбiнде екi себеп жатыр. Бiрiншiден, энергия тек шектеулi уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндiру, бөлу жəне тарату бiрбiрiмен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екi тараптың мiндеттерi мен құқықтарын бөлуге өз əсерiн тигiзедi.

Екiншiден, энергияны тарату қазiргi жағдайда күрделi болып табылатын жабдықтар көмегiмен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлiк коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн құралдардың болуы мiндеттi. Қазақстанда электр энергиясын беру басқа ұйымдар иелiгiндегi желiлер бойынша қалыптасуы мүмкiн.

          1998 жылдың 12 қарашасындағы №23шi Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу жəне бəсекенi қорғау бойынша Комитет пен 1998 жылдың 20 қарашасындағы №239 Энергетика, индустрия жəне сауда министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген электр энергиясын аймақтық жəне жергiлiктi деңгейдегi электр желiлерi бойынша тарату Ережесiнде электр желiсi компаниясының түсiнiгi енгiзiлген. Осыған байланысты энергияны тарату кезiнде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен энергия жүйесi компаниясының арасында келiсiмшарт қатынастары қосымша қалыптасады.

      Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екi жақты, өтемдi (ақылы) болып табылады.Заңнамалық анықтамаға сəйкес (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 482бабының 2 тармағы) ол қатынастарды энергияның қандай нарығында қамтамасыз еткенiне қарамастан (көтерме немесе бөлшек сауда) энергиямен жабдықтау u1096 шарты жариялы болып келедi. Жоғарыда көрсетiлген Қазақстан    Республикасы энергиямен жабдықтау қатынасының ерекшелiгi (энергия өндiрушiлерiнiң жəне электр желiлерi иелерiнiң бөлек тұлға болуы) электр энергиясын бөлумен байланысты сатып алусатудың шарттық қатынасы ғана

емес, сонымен бiрге электр энергиясын таратумен байланысты қызмет көрсету бойынша қатынастар пайда болатынына əкелдi.

Бұл электр желiсi компаниясына жататын желiлер бойынша электр энергиясын өткiзу шарты. Бiз оны жасасу тəртiбiне, мазмұнына толық назар аудармай қояйық. Бiрақ бұл шартта жарналы болу керек екенi түсiнiктi, болмаса электр қуатын (энергияны) өндiрушiлердiң жəне тұтынушылардың құқықтары сезiмдi бұзылуы мүмкiн. Энергиямен жабдықтайтын ұйымның құқықтарын заттың құқықтар механизмi де қамтамасыз ете алады. Желiлердiң иесi белгiленген мерзiм бойы энергиямен жабдықтайтын ұйым үшiн қажеттi мөлшердегi энергияны өткiзу қабiлеттiлiктi сақтап (қамтамасыз етiп) тұруға мiндеттi. Бұл желiлер иесi өзiне энергияны өткiзу шарты негiзiнде жүктеген ауыртпалық болып бағалануы мүмкiн (ол желiнi    басқа иеге берген кезде күшiн сақтап қалады)

Қазақстан Республикасында Бiртұтас энергетикалық жүйе қалыптасқан. Тауар ретiндегi электр энергиясын пайдалану ерекшелiгi шарт мiндеттерiн орындау жүрiсiн бақылайтынқұрылымды құруды, оның айналымының айрықша ережесiн қалыптастыруды талап етедi.Бұның бұрынғы жоспарлау құрылымдармен ешқандай қатынасы жоқ. Республикадааймақаралық деңгейде жүйенiң қызметi сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету бойынша талаптарескерiлiп, шарттық мiндеттемелердi орындаудың барынша тиымды техникалық жағдайларынқамтамасыз ететiн жəне бақылайтын орталық диспетчерлiк басқару (нарықтық техникалық операторы) құрылған.

Энергиямен жабдықтау шарттың нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негiзiнде ғана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны u1084 мəмiле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерi арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекiтiлуi мүмкiн. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекiтiлуi мүмкiн, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, жəне электр құралдары мен электр желiлерiнiң пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерiмен танысуы қажет. Келiсiмшартты бекiту айғағы ретiнде аталған шарттың жағдайы келтiрiлген есеп кiтапшасын алу келедi.

Энергиямен жабдықтау шартының мерзiмi 1997 жылдың 31 шiлдесiндегi № 1193шi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жарлығымен бекiтiлген 19972000 жылдардағы электр энергиясы нарығын одан əрi дамыту бағдарламасына сəйкес электр энергиясын сату мерзiмдi шарттар негiзiнде жүргiзiлуi қажет болды, бұл тəжiрибе қазiр де сақталған. Шарттарды тұрақты қуат (форвардтар) беру бойынша жəне бiр рет қуат (опциондар) алу құқығын беретiн шарттар деп ажыратады.

Энергия мен электр қуатының көтерме нарық субъектiлерi мен тiкелей жеткiзiп берушiлер жəне сатып алушылар арасында кезкелген мерзiмге (жыл, ай, тəулiктер, сағат ж.т.б.) екi жақты мерзiмдi шарттар жасалуы мүмкiн. Тəжiрибеде энергиямен жабдықтау шарты бiр жылға жасалады. Мерзiм аяқталғаннан кейiн энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi болмаған жағдайда ол шартты көзделген дəл сондай мерзiмге жəне нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледi.

Шартты жаңа мерзiмге ұзартқан кезде тараптардың келiсiмi бойынша оның талаптары өзгертiлуi мүмкiн (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 3тармақ, 483бабы).Бекiтiлген шарттың əрекетiнiң аяқталу мерзiмiне дейiн кез келген тарап жаңа оферта енгiзе алады. Мұндай жағдайда тараптардың қатынастары жаңа шарт жасалғанға дейiн бұрынғы жасалған шартпен реттеледi ((Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 483бабы,4тармақ). Тұрмыстық тұтынушының u1179 .атысуымен жасалған шарт белгiсiз мерзiмге жасалған болып есептеледi. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 483бабының 2 тармағына сəйкес егер, тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт осы кодекстiң 490бабында көзделген негiздер бойынша өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн.

Энергиямен жабдықтау шартының элементтерi. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке жəне заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Аталған саладағы құқықтық реттеуерекшелiгi оның субъективтiк қатарына, əсiресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеул əсер етедi. Сатушыны анықтауға байланысты заң нормалары 1.1.1.тарауының Электр энергиясын пайдалану Ережелерiне сəйкес кейбiр қарамақайшылықты иемденедi1.Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелiгi электр энергиясын пайдалану ережелерiмен бiрге бекiтiлген жылу энергиясын пайдалану ережелерiмен анықталады. Бұдан басқа, тұрмыстық тұтыну үшiн энергиямен жабдықтау бойынша қатынастарды құқықтық реттеушi жанама көздерiне 1996 жылдың 12 қаңтарындағы баға жəне антимонопольдi (монополияға қарсы)саясат бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетi алқасының қаулысымен бекiтiлген тұрмыстықкоммуналдық қызмет көрсетуге Типтiк шарт жатады.

Жоғарыда аталып кеткен аймақтық жəне немесе жергiлiктi деңгейдегi электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру Ережелерiнiң тарауына сəйкес: “Берiп тұрушы – өзi өндiрген немесе сатып алған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын рынок субъектiсi”.

Сонымен бiрге электрмен жабдықтау қатынастарының субъектiлерi Қазақстан Республикасының электр қуаты мен энергиясының көтерме нарығын қалыптастыру жəне ұйымдастыру ережелерiмен анықталады1. Онда қайта сатушы (трейдер) түсiнiгi енгiзiлген. Бұл өз атынан əрекет етiп электр энергиясын сатып алатын жəне оны қайта сату нəтижесiнде пайда табуды көздейтiн, электр желiсiн иемденбейтiн жəне оларды күтiп ұстамайтын көтерме нарық субъектiсi.

Сонымен қатар көтерме нарықта электр энергиясын тұтыну жəне өндiру режимдерiн коммерциялық бақылауды нарықтық тетiктерiнiң көмегiмен жүзеге асыратын ұйымдарнарықтық операторы қатысады. Нарықтық операторлар қызметiнсiз энергиямен жабдықтау шарттарын орындаудың қиын болатыны анық. Энергия өндiрушi ұйымдар мен қайта сатушылар лицензия иемденуi қажет. Жабдықтаушы өз қызметiндегi ұйымдастыруқұқықтық нысандар мен меншiк нысанына қарамастан барлық қажеттi талаптар мен техникалық жағдайларды бүтiндей ұстануы қажет. Қадағалау Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органымен жасалады.

Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде