Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.
Кіріспе...........................................................................................................................2
1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62
4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82
Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88
Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар рыногы туралы"; "Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілелерді тіркеу туралы" Зандармен, сонымен бірге, заңға тәуелді нормативтік актілермен реттеледі. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алу-сату жекелеген заң актілері бекіткен ережелерді сақтаумен жүргізіледі, мысалы, Қазақстан Республикасының "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымы үшін мемлекеттік
бақылау туралы" Заңымен ж.б.
Күшінде болып келетін ҚР Азаматтық кодексі 406 бабының 4-ші тармағында мүліктік құқықтар сатып алу-сату шартының нысанасы болып келуіне қатысты жалпы мәндегі норма бекітілген. Мүліктік құқықтарды беруге қатысты мәмілелер кең таралуды иемденеді, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткізілімі шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы міндеттер мен құқықтарды болашақта өткізу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентінің "Тауар биржалары туралы" заң күші бар Жарлығының 5 бабының 1-ші тармағы. Патенттік құқықтарды беруде нысанасы мүліктік құқық болып келетін сатып алу-сату шарттары жасалуына әкеледі.
Шарт заты (нысанасы) туралы келісім сатып алу-сату шартының бір ғана елеулі жағдайы болып табылады.
Егер шарт тауарлардың атауын және санын айқындауға мүмкіндік берсе, нысанаға қатысты жағдай келісілген деп есептеледі. (407-бап 3-ші тармақ). Сатып алу-сату шартының бағасы дегеніміз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетілген үшінші тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түріндегі қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 383-бабының 1-ші тармағында бекітілген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негізделеді. Тарифтер, баға белгілеу, ставкалар және т.б. заңдық актілерде қарастырылған жағдайларда уәкілді мемлекеттік органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тәртіпте орнатылған баға белгілеу, тарифтерден кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өздері қойған бағаны, тарифтерін ажырату қажет.
Монополистік қызмет субъектілерімен өткізілетін тауарларға баға орталықтандырылған тәртіппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттік төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорындармен монопольді қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесі" сонымен бірге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бәсекені қорғау және табиғи монополия субъектілерінің қызметтері мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгізу, бекіту, қарастыру, ұсыну тәртібі туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлығының 40 бабының 1-ші тармағы қазыналық кәсіпорындар мен өткізілетін тауар бағалары өкілетті органмен қойылатынын қарастырады.
Жарлықтың аталған бабының екінші бөлігі 1999 жылдың 4 қазанындағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кәсіпорындар мен монополиялық өндірілетін тауарларға бағаны мемлекеттік реттеуді қарастырады.
1999 жылдың 23 қазанындағы "Алкогольді өнімдерге минимальді бағаны қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен алкогольді өнімге ең төменгі шектегі баға койылған.
Басым көпшілік жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзінде нақты келісілмесе және оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына әсер етпейді. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша әдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негіз ретінде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.
Бұл сатып алушы үшін қолайлы ереже, әсіресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбат болса және салмақтың кішігірім өзгеруі (көбеюі) тауардың елеулі қымбаттауына әкелсе.
Егер шарт тауар бағасы оны негіздейтін көрсеткішке байланысты өзгертілуге жататынын қарастырса, бірақ бағаны қайта қарау тәсілі анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңіндегі және тауарды беру бойынша міндетті орындау уақытындағы көрсеткіштердің өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткізу кезеңінде өз құны көтерілуі немесе төмендеуіне қарай шарт бойынша оның бағасы тиісті дәрежеде көтерілуі немесе төмендеуі қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстің 438-бабының 3-тармағында бекітілген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегі көрсеткіштердің және шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буып-түю, сатып алу, өндіру кезінде қалыптасатын олардың өзіндік құны (шығындар) қатысуының негізінде анықталуы керек. Осымен бірге Азаматтық кодексте сатушының мерзімді өткізіп алуынан сатып алушының мүдделерін қорғауға арналған норма да жетік емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетуді қарастыруы қажет, бірақ 438-баптың 3-ші тармағымен мәселе былайша шешілмеген. Сатып алу бағасын төлеудің мерзімін сатып алушы өткізіп алса, онда ол үшін баға тек көтерілу бағытында өзгеруі қажет. Өкінішке орай бұл да Азаматтық кодексте көрініс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екі мәнде түсіндірілетінін айтқан жөн. Біріншіден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл құқықтық реттелетін қоғамдық қатынас. Сонымен бірге мазмұн деп екі жақтың құқықтары мен міндеттерін (заңды мазмұнды) қарастырады.
В.А. Тархов мынадай мысал келтіреді: бір субъект екіншісіне қандай да бір затты сатады және олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажетті затты алады, баламалы айырбас жүреді. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен міндеттер шығатынын ойламауына болады. Біз осымен келісе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншік құқығына иемденудің жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсінігі меншікті иемденудің экономикалық мақсатымен ғана шектеледі деп болжау артық болар еді, мұндайға қазіргі өмірдің өзі де мүмкіндік бермейді. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алу-сату шартының экономикалық және заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкін. Біріншісі заңдық мазмұн, ол құқықтар мен міндеттердің жеткілікті үлкен жиынтық элементтерінен құралады. Кейбір құқықтар шарт негізін қалайды, ал өзгелері қосымша (көмектесу) мәнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүріс-тұрысы құрайды дегенді толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсінігін араластырып алу орын алады. "Нысан (құқықтық қатынас) өзінің мазмұнына тараптардың құқықтары мен міндеттерінен, ал мазмұн (реттелетін қатынас) өз қатысушыларының әрекеттерінен, олардың қызметтерінен қалыптасатын өз мазмұнын иемденеді"[1].
Дегенмен, сатып алу-сату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетін қатысушылардың айырықша заңды жүріс-тұрысы (әрекеттері) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцепті, келіспеушілікті реттеуді, жедел шараларды қолдануды және баска да әрекеттерді жатқызуға болады.
Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай.5
Қорытынды: сатып алу – сату шарты бірқатар ерекшеліктерге ие:
шарт консенсуалды да және реальді бола алады (дүкенде өзіне- өзі қызмет көрсету);
шарт екі жақты, қайтарымды, өзара;
шарт туралы жалпы нормалар құнды қағаздарды, валюталық құндылықтарды сатуға қолданылады, егер заңмен оларды сатып алу –сатудың арнайы ережелері орнатылмаса;
сатып алу –сату шарты туралы жалпы ережелер оның бөлек түрлеріне (жекелеп сатып алу-сату, жеткізу, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жеткізу, контрактация, энергиямен қамтамасыз ету, жылжымайтын мүлікті сату, кәсіпорынды сату) қолданылады, егер ҚР АК ережесімен шарттың бұл түрлері туралы өзге қарастырылмаған жағдайда.
Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.
Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті. Егер де сатып алушының біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (қазіргі заманның ұйымдастыру құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса оның техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзін тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. (Олар стандартпен, техникалық жағдайлармен қарастырылған). Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасының "Сертификациялау туралы" Заңымен және Қазақстан Республикасы "Стандарттау туралы" Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.
Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың біріне сәйкес болуы керек.
Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланылатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.
Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай қылып беру керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды мақсаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с.с. қолданылады.
Шартпен гарантиялық мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі немесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ гарантиялық мерзімдер оларға толығынан тепе-тең болып келмейді.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында гарантиялы мерзімдерге бұрынғы заңдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына сәйкес, қазір гарантиялық мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен қарастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен бекітілмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін.
Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде