Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2012 в 20:40, курсовая работа

Описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай құқықтық білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда құқықтық оқуды мектептерде бастауыш сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Құқықтық білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Қазақстан дербес тәуелсіз мемлекет болды.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................2

1. . САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ МӘНІ................................................6
1.1Сату-сатып алу шартының ұғымы және элементері ..........................................6
1.2 Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері....................15

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ....................................................................................26
2.1 Бөлшектеп сатып алу-сату шарты......................................................................26
2.2 Тауар жеткізілімі шарты.....................................................................................32
2.3 Келісімшарт жасасу шарты................................................................................40
2.4 Энергиямен жабдықтау шарты..........................................................................45


3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САТУ-САТЫП АЛУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ.................................................................56
3.1 Мемлекет қажетілігі үшін тауарларды жеткізу ерекшеліктері.......................56
3.2Сату-сатып алу шарттары бойынша жауапкершілік........................................59
3.3Сату-сатып алу шарттарының өзекті мәселелері.............................................62

4 ТАУАРЛАРДЫ БӨЛШЕКТЕП САТУ ЕСЕБІҢ АУДИТІ .................................68
4.1 Тауарларды бөлшектеп сату есебінің аудиті.......................................... .........68
4.2 Кәсіпорынның қоймасына тауарлдың түсуін құжаттық рәсімде ..................78
4.3 Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде ...............82

Қорытынды................................................................................................................87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................88

Работа состоит из  1 файл

Дипломная работа.DOC

— 601.00 Кб (Скачать документ)

Энергиямен жабдықтаушы ұйымның талабы он минут iшiнде орындалмаса, онда ол тұтынушыны желiден жартылай немесе толық ажыратуға құқы бар. Егер əңгiме толық ажыратуға болмайтын ерекше өнеркəсiп жайында болса, онда ол авариялық (апаттық) жəне технологиялық брондар актiсiнде көрсетiлуi қажет.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым олар үшiн орнатылған жауапкершiлiктiң электр шекарасына сəйкес электр қондырғыларын күтiп ұстауды жүзеге асыруға мiндеттi. (Электр энергиясын пайдалану Ережелерiнiң 1.5. тармағы). Электрмен жабдықтаушы ұйым электр энергиясын тұрмыстық қажеттiлiк үшiн беретiн болса, онда егер заңмен басқаша қарастырылмаса, оған энергетика желiлерiнiң қауiпсiздiгi мен тиiстi техникалық жағдайын қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Сол сияқты энергиямен жабдықтайтын ұйым энергияны тұтынуды есептейтiн жабдықтардың сақтығын қамтамасыз етуге мiндеттi. Электр энергиясын бөлшектеп сатып алу-сату шарты “Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы Қазақ ҚСРА Заңымен реттелетiн болғасын сатушыға аталмыш Ережелердiң 4.1 тармағына сəйкес электр энергиясын бөлшектеп сатып алусату шарты бойынша тұтынушыны оның талабы бойынша хабардар ету мiндетi жүктеледi”. Энергиямен жабдықтаушы ұйым оған толық жəне сенiмдi ақпаратты ұсынуға мiндеттi; олар фирманың немесе ол құрамына кiретiн басқа құрылымның толық атауы (қазақ жəне орыс тiлдерiнде), кəсiпорынның иесi немесе жетекшiсiнiң фамилиясы, заңды мекен жайы жəне телефоны т.б.

Тұтынушының (абоненттiң) құқығы мен мiндеттерi. Энергиямен жабдықтау шарты абонентте тек құқықтар болуымен сипатталып қоймайды, оған заңнама бойынша немесе шартпен бiрқатар мiндеттер де жүктеледi.

Қазақстан Республикасы АКн 487бабының 1 тармағына сəйкес, абонент өз пайдалануындағы энергетикалық желiлердiң, аспаптар мен жабдықтардың тиiстi техникалық жайкүйiн жəне қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Электр қондырғыларын пайдалану жəне өндiрудiң ерекше жағдайы бар болса – яғни электр қуаты көмегiмен жылжыту жер асты, жарылыс қаупi бар жəне басқа да ұқсас өндiрiстер, онда тұтынушылар бұл электр қондырғылардың қызмет ету қауiпсiздiгi мен пайдалануы бойынша арнайы, тиiстi тəртiпте бекiтiлген нұсқауларды иемденуге мiндеттi. Абоненттiң электр қондырғыларын тұрақты, үнемдi жəне қауiпсiз пайдалануы бойынша мiндеттерi электр энергиясын пайдалану ережелерiнiң 1.4.6. тармағына сəйкес анықталады.

Тұтынушы энергияны пайдаланудың қалыптасқан тəртiбiн сақтауға, оны дұрыс жəне тиiмдi пайдалануды _________қамтамасыз етуге, электроэнергиясын пайдалануда ысырапшылдықты болдырмауға мiндеттi.

Өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн өнеркəсiптiк жəне        оларға теңестiрiлген тұтынушылар – мыналарды жасауға мiндеттi.

а) өнiм, жұмыс, қызметтiң бiр бiрлiгi дайындау (көрсету, жасақтау) үшiн қажеттi электр энергияны жұмсаудың экономикалық негiзделген нормативтерiн өңдеуге жəне сақтауға оларды өндiрiстi ұйымдастыру технологияны жетiлдiруде жəне жаңа техниканы енгiзу кезiнде қайта қарауға;

б) кəсiпорын бойынша бүтiндей, сонымен бiрге неғұрлым энергияны көп талап ететiн агрегаттар, цехтар жəне өндiрiстер бойынша электр баланстарды жасауға, электр энергиясындағы жоғалтуларды жəне өндiрiстiк емес шығындарды табуға, оларды төмендету жəне жою бойынша шараларды қалыптастыруға, электр энергиясын пайдалану Ережелерiнiң 1.4.6. тармағына сəйкес басқа да шараларды жүзеге асыруға;

Абонент өзiнiң қабылдайтын энергия санын өзгерте алады, егер бұл шартпен қарастырылса жəне қосымша энергия санын берудi қамтамасыз етумен байланысты энергиямен жабдықтаушы ұйымның шығындарын өтеу жағдайлары туралы ескерту жасалса. Егер шартта қарастырылмаған тұтынудың артуы жүргiзiлсе, онда есептелген төлем сомасы қайта есептеледi. Бұл, дегенмен, абонентке шарттық қуатпен салыстырғанда жоғары (артық) қуатты одан əрi пайдалануға құқықты бермейдi. Əрбiр жекелеген жағдайда энергиямен

жабдықтаушы ұйымның рұқсаты қажет болады. Абонент пайдаланылатын қуаттың көлемiн азайта алады. Бұл үшiн абонент болжанылатын қуат пайдалану өзгерiсi мерзiмiнен бiр ай бұрын энергиямен жабдықтайтын ұйымға арызын (тапсырысын) беруi тиiс.

Тұтынушы (абонент) энергиямен жабдықтаушы ұйымға есеп жүйесiнiң бұзылғандығы, есепке алудың есептiк аспаптары жұмысының бұзылғандығы, ақаулары туралы, желiлердi ажыратуды талап ететiнi авариялар жайлы уақытында хабарлауға мiндеттi. Бұдан басқа, абонент энергиямен u1078 жабдықтаушы ұйым иелiгiндегi жəне тұтынушының ғимаратында (аумағында) орналасқан құралдардың барлық ақаулары туралы хабарлауға мiндеттi.

Көптеген жағдайда абоненттер есептеу аспаптарын ұстауға (пайдалануға) мiндеттi. Электр энергиясын тұрмыстық қажеттiлiк үшiн тұтынатын абоненттер электр сымдары мен электр құралдарының техникалық жағдайы үшiн жауапкершiлiк алады жəне электр энергиясын пайдалануда техника қауiпсiздiгiн сақтауға мiндеттi. Үй iшiндегi, пəтер iшiндегi электр сымдарын жөндеудi үй, пəтерлер иелерi жүргiзедi.

Абонент оған бөлiнген электр энергиясын төлеуге мiндеттi. Электр энергияға есептеудiң тəртiбi өндiрiстiк жəне тұрмыстық тұтынушылар үшiн өз ерекшелiгiне иемденедi. Есептеулер энергиямен жабдықтаушы ұйыммен жазылған төлем құжаттары бойынша немесе өзiне өзi қызмет көрсету тəртiбiмен жүргiзiледi. Егер абонентте субабоненттер болса, абонент жəне субабонентпен пайдаланылған барлық электр энергиясы үшiн бiр төлем құжаты жазылады. Босатылған электр энергиясы (қуаты) үшiн есептеулер нысаны мен жағдайы тiкелей энергиямен жабдықтау шартында анықталады. Электр энергиясы үшiн есептеулер есеп аспаптары бойынша жүргiзiледi. Абоненттiң кiнəсiнсiз есептiң уақытша бұзылуында электр энергиясы үшiн есептеу өткен есептi кезеңдегi орта тəулiктiк шығын бойынша есептеледi. Мұндай есептеу кезеңi 1 айдан аспауы керек. Содан кейiн есептеу есебi толық көлемде келтiрiлуi қажет.

Егер абонент есептi бұзуға, ұрлауға жол берсе, онда энергия шығынының

қайта есептелуi нақты ең жоғары жүктеме бойынша немесе абоненттiң жұмыс уақыты сонымен жəне оның ток қабылдағыштарының қалыптасқан қуаты бойынша жүргiзiледi. Энергияны тұрмыстық тұтынған кезде есеп айырысуда өзi қызмет көрсету тəртiбi жиiрек қолданылады. Дегенмен, энергияны пайдалану жəне есептеудiң дұрыстығын электрмен жабдықтаушы ұйым бақылайды.

Энергиямен жабдықтаушы ұйым электр сымдарын жəне электр құралдарын пайдаланудың басында пəтер иелерiне олардың əрқайсысына жеке есеп шоттарын ашады. Оларға арнайы есеп айырысу кiтапшалары табыс етiледi, олардың iшiнде тұтынған (пайдаланған) электр қуаты үшiн төлеме құжаттарын өз бетiмен толтыруға арналған квитанциялардың жəне хабарламалардың қағаздары (бланкiлерi) болып келедi. Бұрын электр желiге қосылған пəтерге орналасқан кезде жаңа пəтер иесi 5 күн iшiнде өз атына есеп шотты (шартты) рəсiмдеуi керек.

Абонент энергиямен жабдықтаушы ұйым жұмысшыларын пайдаланылатын энергетикалық желi аспаптар мен құралдардың қауiпсiздiгi жəне техникалық жағдайларын, есеп аспаптарын бақылау үшiн жiберiп тұруға мiндеттi. Бақылауды жүзеге асырудың нақты тəртiбi заңмен анықталады.

Абонент бұрын пайдаланылған электр энергиясын төлеген жағдайда, электр энергиясын қабылдау шартынан бiр жақты бас тартуға құқығы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Қазақстан республикасындағы сату-сатып алу шарттарының жауапкершілігі

3.1. Мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзу ерекшелiктерi

 

 

(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiндегi (525, 532баптар) мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды тiкелей белгiлейтiн нормалар жоқ. Бiздiң заңнамалық шешiм неғұрлым ұтымды болып табылады. Оған сатып алу-сату туралы барлық жалпы ережелер қолданымды болып келедi. Бұл қатынастар таза азаматтық құқықтық болып табылады. Бұл есепте пiкiр таластық көзқарастар да бар.

Дегенмен, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк сатып алу туралы” Заңының 1-бабында “Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт – осы Заңға жəне өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сəйкес тапсырысшы мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық құқықтық шарт” деп тура көрсетiлген.

Осыған байланысты қазiргi кезеңде Қазақстанның цивилистикалық ғылымында қалыптасқан позицияны келтiруге болады: Менiң көзқарасым бойынша шарттың екi түрiн ажыратуға болады:

1) жеке құқықтық (азаматтық құқықтық);

2) көпшiлiк құқықтық, тек тең құқықты субъектiлер, мемлекеттер (халықаралық шарт), əкiмшiлiк аймақтық қалыптасуда iшкi мемлекеттiк шарт, министрлiктер мен əкiмшiлiк шарт арасында ғана пайда болады. Қалғанының барлығы азаматтық құқықтық шарттар М.К.Сүлейменов мұнда мемлекет ұйым немесе азаматтармен қатынаста билiктiк өкiлеттiктi қалыптастырған кезде шарттық қатынастар болмайды деп көрсетедi. Қарастырылған жағдайда мемлекет, əкiмшiлiк—аймақтық бiрлiктер, мемлекеттiк органдар заңды жəне жеке тұлғалармен қатынасқа тең құқылы субъектiлер ретiнде қатысады, аталған қатынасқа (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 2бабының 1 тармағында бекiтiлген шарт бостандығы мен азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдiк қағидаттарының əрекетi таралады. Сондықтан мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзу бойынша қатынастар бүтiндей жəне u1090 толығумен сатып алусатуды жəне тауар жеткiзiлiмiн реттейтiн жалпы ережелерге негiзделедi.

Бұл материалдардың артық қайталауынан босатады жəне аталған шарттың тек ерекше мазмұнына назар салуға мүмкiндiк бередi. Олар негiзiнен шартты жасасу рəсiмiнде болып келедi жəне тек бiршама көлемде ғана осы шарттық құқықтық қатынастардың мазмұнында көрiнiсiн табады.

Бұл шарттың тағайындалуы өзiнiң атауынан-ақ көрiнiп тұр. Мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзудiң жеке құқықтық тетiгi арқылы өзiнiң көпшiлiк құқықтық функцияларын жүзеге асыру үшiн экономикалық негiзiн құрады. Мемлекет аталған жағдайда билiк аппараты, саяси егемендi субъект ретiнде өз қалыптасуын қамтамасыз етедi. Одан басқа арнайы құрылымдары арқылы өз əлеуметтiк экономикалық саясатын жүргiзедi. Мемлекет оның басқа мiндеттерiнде мысалы қорғаныс мiндетiнде дəл осылай жүргiзедi. Осы ескерiлiп мемлекеттiк сатып алумен байланысты қатынастар арнайы нормативтiк реттеумен қамтамасыз етiледi.

1999 жылғы 16 шiлдесiндегi “Мемлекеттiк сатып алу туралы” Заңның орнына 2002 ж. 16 мамырында дəл осы атаумен Заң қабылданды. Ол бұрын ескертiлген Мемлекеттiк сатып алулар туралы жаңа мемлекет экономикасы саласында қалыптасқан қазiргi замандық құбылыстарға бейiмделген. Онда мемлекеттiк мүдделерге неғұрлым ынталы назар аударылады. Мұндай байланыста “Мемлекеттiк сатып алу туралы” ҚРЗаңы мемлекет (тiзiмi заңмен анықталған, басқа да тұлғалар) қатысуымен сатып алу жүргiзiлетiн жетiлдiрiлу дəрежесi жоғарырақ тетiгiн ұстанады. Мемлекеттiң сатып алу тиiмдiлiгi өсу үшiн, сəйкес құқықтық мүмкiндiктер де кеңейтiлген.

Мемлекеттiк сатып алу процесiнiң мемлекеттiк реттеу принципi заңмен бекiтiлген. Ол төмендегiлерге негiзделедi:

1. сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны қолайлы жəне тиiмдi жұмсауға;

2. мемлекеттiк сатып алу барысында қатысу үшiн барлық болжанымды жеткiзушiлерге тең мүмкiндiктi ұсынуға;

3) болжамды жеткiзушiлер арасында адал бəсекеге;

4) мемлекеттiк сатып алу барысының жариялығына.

Мемлекеттiк сатып алу барысының өзi тиымділеу болып қарастырылған.

Заңнамаға сəйкес өкiлеттi орган оның көмегiмен мемлекеттiк сатып алу жүзеге асырылатын əдiстi тiкелей (өз бетiмен) анықтайды. Бұның алдында сатып алынатын тауарлардың көлемi мен атаулары бекiтiледi (қалыптастырылады). Мемлекеттiк сатып алу процесiнде жеткiзушiнi таңдауға жəне онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бекiтуге, сонымен бiрге мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуына көпшiлiк назар бөлiнедi (аударылады). Соңғы айқындаған буын аса маңызды болып табылады. Əрине, мемлекеттiк сатып алу бойынша шарттың орындалуы мемлекеттiк сатып алудың бөлек кезеңi болып келетiнi туралы заңның қысқаша тұжырымдамасы ештеңенi бiр уақытылы өзгертпейдi.

Дегенмен, аталған құқықтық қатынасты жүзеге асырған кезде оларды қамтамасыз ететiн шарттардың шынайы, тиiстi орындалуы қажет екенi туралы түсiнушiлiкке келу қажет. Олай болмаған жағдайда, бұл салада заңнаманы жетiлдiрудiң мəнi елеулi төмендейдi. Осы қағидалы мақсаттарға жету үшiн, қандай шаралар қарастырылатына қысқаша тоқталайық. Олардың көмегiмен мемлекеттiк сатып алулар жүргiзiлетiн əдiстердiң тiзiмi кеңейтiлген. Мемлекеттiк сатып алудың заңды бекiтiлген əдiстерi мемлекеттiң толық құқылы органдарына нарық жағдайын неғұрлым тура есепке алуға мүмкiндiк бередi. Қазiр мемлекеттiк сатып алуды келесiлер арқылы жүргiзуге болады:

1) ашық конкурс;

2) жабық конкурс;

3)баға ұсыныстарына сұраныс жасау арқылы (сатушыларды) жеткiзушiлердi таңдау;

4) бiр көзден сатып алу;

5) ашық тауар биржалары арқылы сатып алу.

Мемлекеттiк сатып алудың бесiншi əдiсi жаңа болып келедi.

Мемлекеттiк сатып алумен байланысты субъектiлердiң (олар қатарының) ерекшелiгi орын алады. Қазiр заңнама кiм осы тиiстi қатынас субъектiсi болып келедi дегендi анықтауға неғұрлым мұқият қарайды. Бұл мемлекеттiк сатып алу шартына сатып алушы ретiнде қатыса алатын субъектiлер аясын кеңейтумен жасалған. Ендi мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелерден басқа мемлекеттiк кəсiпорындар, сонымен бiрге акцияның бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар да сатып алушы бола алады (мемлекеттiк сатып алу барысында). Бұдан басқа, егер жоғарыда айтылған заңды тұлғалармен байланысты субъектiлер (заңды тұлғалар) сатып алусату шарттарын сатып алушы ретiнде жасаса, онда сатып алулар мемлекеттiк болып бағаланады. Осындай шартты жасасатын тұлғалар тапсырысшылардың аффирленген тұлғалары болып аталады.

Информация о работе Кәсіпорының қоймасынан тауарлдың шығуын құжаттық рәсімде