Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:28, отчет по практике
Басқару есебінің мәліметтері сыртқы пайдаланушылар (мемлекет, банктер, инвесторлар т.б) үшін емес ішкі басқару функцияларын жүзеге асыру ұшін қажет
Басқару есебі дегеніміз-субъектіні басқару процесіне ақпараттық қолдау жүйесі.
Кіріспе
I. Негізгі бөлім:
1.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
1.2 Бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және аудиттің құрылуы
1.3 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛАДАУ ЖӘНЕ АУДИТІ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
2.2 Дебиторлық борыштардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Тауарлы -материалдық босалқылардың есебі, талдауы және аудиті
2.4 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
2.5 Инвестицияның есебі, талдауы және аудиті
2.6 Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті.
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдауы және аудиті
2.8 Шығыстар мен табыстардың есебі, талдауы және аудиті
2.9 Меншікті капиталдың есебі, талдауы және аудиті
2.10 Қаржылық есесеп беру, құру әдістемесі, талдауы және аудиті
ІІІ. Басқару есебі, талдау
Қортынды:
Қолданылған әдебиеттер
2.2. Дебиторлық борыштардың есебі, талдауы және аудиті
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған вексельдер сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары дебиторлық борыштар деп табылады.
Дебиторлық
борыштың құрамында
Есептеу принципіне сәйкес кәсіпорыннң табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та танылады.
Шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын қызметкерлерін шаруашылық мүддесімен іссапарға жіберді, жалпышаруашылық және әкімшілік мақсаттарда (кеңсе тауарларын, басқадай материалдық және материалдық емес активтерін нақты ақшаға сатып алу) ақшаларды жұмсап отырады. Мұндай шығындарды банк арқылы төлеу мүмкін емес, сондықтан кәсіпорын қызметкерлеріне нақты ақша беру арқылы, аталмыш шығындар бойынша төлем жасайды. Берілген ақшаның көлемін басшы бекітеді, тек содан кейін ғана кассадан аванс беріледі. Кассадан қызметкерге нақты ақша берілген сәттен бастап, ол кәсіпорынға есеп беруге тиісті тұлға ретінде танылады. Төлем жасалынғаннан кейін есеп беруге тиісті тұлға кәсіпорын алдында нақты ақшаның іс жүзінде жұмсалғандығын растайтын құжаттар арқылы есеп беріп, өзінің міндеттемесін өтейді. Дебиторлық борыштар мерзім көлеміне байланысты:
Қысқа берзімді дебиторлық борыштарға мыналар жатады.
Күмәнді борыштар бойынша резервтердің есебі бухгалтерлік есептің 5 «Табыс» деп аталған қазақстандық стандартымен және оған әдістемелік нұсқаулармен реттеледі.
Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарына сәйкес шағымдану мерзімінен 3 жыл өткеннен кейін өтелмеген күмәнді дебиторлық борыш қайтарылмайтын қарыз ретінде танылады.
Қайтарылмайтын дебиторлық борыштарды есептен шығарудың екі әдісі бар:
Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда тиімді есеп, себебі ол табыстар мен шығыстарды сәйкестікке келтіре алмайды. Заңдық құжаттарға сәйкес күмәнді борыштар тауарлар жөнелтілген немесе қызметтер көрсетілген мерзімде емес, қай есепті мерзімде ол шығынға апарылуы тиіс деп есептелінеді.
ЖШС «ЖанТас» құрылыс компаниясы
19 мамыр күні ЖШС «Арыс Құрылыс» кәсіпорны
мен бірге 384 000 теңгеге көрсетілген қызмет
туралы (автокранды КТА 25111 құрылыс саласында
пайдаланғаны үшін) акт жасасты. Нәтижесінде
ЖШС «Арыс Құрылыс» кәсіпорны ЖШС «ЖанТас»
құрылыс компаниясына берешек.
Рет № |
Шаруашылық операцияларының |
Сома, теңге |
Шоттардың корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | |||
1 |
|
3 |
4 |
5 |
Көрсетілген қызмет немесе орындалған жұмыс | ||||
6 |
ЖШС «Арыс Құрылыс кәсіпорнына
автокран арқылы қызмет жасағаны ұшыін |
342857,14 |
1210 |
6010 |
ҚҚС сомасы |
41142,86 |
1210 |
3130 |
Бұл көрсеткіштердің барлығы кәсіпорынның бухгалтериясында 1с бағдарламсы (Карточка счета деген құжат) бойынша тіркеледі. (Тіркеме №4)
2.3.Тауарлы –материалдық босалқылардың есебі, талдауы және аудиті
Тауарлы –материалдық босалқылар дегеніміз-бұл;
Тауарлы – материалдық босалқылар қозғалысын құжаттарда бейнелеу
Материалдардың қозғалысы бойынша операцияларды құжаттау келесі бастапқы есеп құжаттарының типтік нысандарымен жүзеге асырылады:
Сенімхат;
Кіріс ордері;
Материалдарды қабылдау актісі;
Лимиттік – жинақтаушы карта;
Талап накладнойы;
Материалдарды сыртқа жіберу жөніндегі накладной;
Материалдарды есепке алу карточкасы
Тауарлы- материалдық босалқыларды бағалау
Тауарлы- материалдық босалқылар өзіндік құн мен сатып өткізудің таза құнының ең төменгісімен бағаланады.
Тауарлы- материалдық босалқыларды сатып-өткізудің таза құны әдеттегі шаруашылық қызмет барысында болжанып отырған сату бағасының оларды жинақтауға және сатылуын ұйымдастыруға кеткен шығындарды шегерегендегі мөлшерге тең болады. Сатып өткізудің таза құны тауарлы материалды босалқылар бұлінгенде, немесе олар ішінара не болмаса толығымен ескергенде, немесе олардың сату бағасының төмендеуіне байланысты өзіндік құн қалпына келмейтін жағдайда ғана қолданылады.
Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады, олар өндірістік босалқылар деп аталады. Еңбек заттарының еңбек құралдарынан айырмашылығы-олар өндіріс процесіне бір рет қатысады, өзінің құнын өндірілген өнімнің өзіндік құнына толығымен аударып, өнімнің материалдық негізін құрайды.
Дайындау процесінде кәсіпорынның тауарлы –материалды босалқыларды сатып алу операцияларының есебі жүргізіледі. Дайындау процесінің есебін жүргізуде тауарлы-материалдық босалқыларды дұрыс бағалау маңызды мәселе болып табылады. Синтетикалық есепте және бухгалтерлік баланыста барлық сатып алынған тауарлы-материалдық босалқылар меншікті өндірістің құндылықтары сияқты нақты өзіндік құны бойынша есепке алынады.
Тауарлы-материалдық босалқылардың өзіндік құнына босалқыларды сатып алу шығындары, оларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге және тиісті қалыпта келтіруге байланысты көлік-дайындау шығындары, өнімдерді қайта өңдеу (жұмыстарды және қызметтерді орындау) шығындары енгізіледі.
Тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу шығындарына сатып алу бағасы, жабдықтаушы және делдал мекемелерге төленген комиссиялық сый-ақылар, тасып әкелу бойынша салықтар, көлік дайындау шығындары және босалқыларды сатып алуға тікелей байланысты басқадай шығындар кіреді.
Тауарлы-материалдық босалқылар есебінің міндеттері:
Тауарлы-материалдық босалқылардың қаржылық қорытынды есепте ашып көрсетлуі. Қаржылық қортынды есепте тауарлы-материалдық босалқылар бойынша келесі мәліметтер ашылып көрсетілуге тиісті:
Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі
Кәсіпорындағы тауарлы –материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы –материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады.
Бухгалтерлік қызметте материалдардың аналитикалық есебінің бірнеше әдістері бар: сорттық әдіс, номенклатуралық нөмері бойынша есепке алу әдісі, оперативті-бухгалтерлік (сальдолық) әдіс.
Сорттық әдіс. Бухгалтерия материалдардың әрбір түріне және сортына сандық-сомалық есеп карточкасын ашады, онда бастапқы құжаттардың негізінде заттай және ақшалай өлшеммен көрсетілген материалдардың келіп түсуі және шығуы операциялары тіркеледі. Сөйтіп бухгалтериядағы аналитикалық есеп материалдар есебінің карточкасында жүргізілетін қоймадағы есепті қайталайды. Ал аяқталып, түгелдеу мерзімі басталғанда карточкада тіркелген материалдардың ай ішіндегі кірістері мен шығыстарын санап, олардың қалдығын анықтайды. Осы мәліметтер негізінде әрбір материалдық-жауапты тұлға ашылатын аналитикалық есептің айналым ведомосы жасалады.ЖШС
«ЖанТас» кәсіпорны 8-ші маусыммен 22-ші шілде аралығындағы тауарлы материалдық босалқылардың есебі келесідей.
10-шы Маусым күні ЖШС «"NUR OIL TRADE"кәсіпорнынан жанармай келіп түсті құны 216 000 теңге.Кіріс ордері арқылы жанармайды қоймаға кірістеді.Қоймаға кіріске алынғанын растаушы құжат Материалдық есеп құжатынан көре аламыз. (Тіркеме №5)
Өндіріске босатылған құрылыс материалдары 8011 шотында ай ішінде бейнелейді. 30-шы маусым күні ЖШС «ЖанТас» құрылыс компаниясы негізгі өндіріске 56 292 теңге мөлшерінде тауарлы-материалды босалқыларды (акт на списание материалов құжаты негізінде) босатты.Өндіріске босатқан кезде өзіндік құны мен босатылады. (Тіркеме №6)
2.4. Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
Негізгі құралдар дегеніміз- кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылған және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері,үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасмалдау құралдары,аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары тағыда басқалар жатқызылады.
Информация о работе Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру