Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:28, отчет по практике

Описание

Басқару есебінің мәліметтері сыртқы пайдаланушылар (мемлекет, банктер, инвесторлар т.б) үшін емес ішкі басқару функцияларын жүзеге асыру ұшін қажет
Басқару есебі дегеніміз-субъектіні басқару процесіне ақпараттық қолдау жүйесі.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім:
1.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
1.2 Бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және аудиттің құрылуы
1.3 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛАДАУ ЖӘНЕ АУДИТІ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
2.2 Дебиторлық борыштардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Тауарлы -материалдық босалқылардың есебі, талдауы және аудиті
2.4 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
2.5 Инвестицияның есебі, талдауы және аудиті
2.6 Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті.
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдауы және аудиті
2.8 Шығыстар мен табыстардың есебі, талдауы және аудиті
2.9 Меншікті капиталдың есебі, талдауы және аудиті
2.10 Қаржылық есесеп беру, құру әдістемесі, талдауы және аудиті
ІІІ. Басқару есебі, талдау
Қортынды:

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Практика.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

2.10. Қаржылық есеп беруді құрудың әдістемесі және тәжірибесі, оның талдауы

Қаржылық қорытынды есеп беру деп  – кәсіпорынның өткен кезеңдегі  қызметінің жағдайы мен нәтижесін  сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін  атаймыз. Ол белгілі бір кезеңде субъектінің шаруашылық қызметінің жағдайы мен нәтижелері туралы жинақталған мәліметтерден тұратын ағымдағы есептің қысқаша мәлімдемесі болып табылатын есеп жазбаларының ерекше түрі. Қаржылық қорытынды есепті құру кәсіпорында жүргізілетін есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мәліметтері бойынша кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі қорытындыланады және де ол талдау жасау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін жоспарлау үшін негізгі ақпарат көзі болып табылады. Кәсіпорынның қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы және дәл көрсетілуі, барлық көрсеткіштердің бір – бірімен тығыз байланысты болуы, есепті құруда әдістемелік және басқадай ережелердің сақталуы, қорытынды есеп деректерінің инвесторлар мен басқадай пайдаланушыларға түсінікті болуы қаржылық қорытынды есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады. Қаржылық қорытынды есепті дайындаудың және тапсырудың Концептуалдық негіздерінде қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейін құрайтын және барлық шаруашылық жүргізуші құрылымдар басшылыққа алуға  міндетті нормативтік – құқықтық құжат болып табылатын бухгалтерлік есеп стандарттарымен айқындалатындығы атап көрсетілген. Қаржылық қорытынды есеп мерзім сайын дайындалып тапсырылады және оны пайдаланушы қалың топтың ақпарат жөніндегі қажеттерін қанағаттандырып отырады. Кейбір пайдаланушылар өкілеттіктері болған жағдайда қаржылық қорытынды есепте бар ақпаратқа қосымша ақпарат талап ете алады. Пайдаланушылардың көпшілігі қаржылық мәліметтердің негізгі қайнар көзі ретінде қаржылық қорытынды есепке сенім артуға тиісті. Субъектілер жылдық қаржылық қорытынды есепті меншік иелеріне – құрылтай құжаттарына сәйке, мемлекеттік статистика органдарына – тіркелген жерінде,мемлекттік бақлау және қадағалау органдарына – олардың құзыретіне сәйкес тапсырады. Қаржылық қорытынды есеп Қазақстан Республикасының валютасымен жасалуға тиісті. Өлшем бірлігі – мың теңге. Қаржылық қорытынды есепке дер кезінде орындалуына және дұрыстығына жауап беретін субъектінің басшысы және бас бухгалтері қол қояды. Жылдық қаржылық қорытынды есеп есепті кезеңнен кейінгі жылдың 30 сәуіріне дейін тапсырылуға тиісті. Меншік иелері осы мерзім  шегінде қаржылық қорытынды есепті тапсырудың мерзімін анықтап тағайындай алады, бірақ ол жылына 1 реттен аспауы тиіс. Жылдық қаржылық есеп үшін бірінші есепті кезең болып 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл алынады. Жаңадан құрылған субъект үшін бірінші есепті жыл оның мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталды. Субъект тіркеуге алынған немесе заңды тұлға мәртебесін алғанға дейінгі жасалған операциялар бірінші есепті жылдық қаржылық есебіне кіреді. Заңды тұлғаның қаржылық қорытынды есебі оларды пайдаланушылар үшін жариялауға ашық болып табылады. Жылдың қаржылық қорытынды есептің дұрыстығы заңды тұлға немесе тәуелсіз аудитор ұсынған тәуелсіз аудиторлық қорытындымен расталады. Қаржылық есептер қаржылық қорытынды есеп берудің құрамдас бөліктері болып табылады.  Субъектінің қаржылық қорытынды есебі төмендегі қаржылық есептерден тұрады:

1. Бухгалтерлік баланс

2. Қаржы – шаруашылық  қызметтің нәтижесі жөніндегі  қорытынды есеп

3. Ақша қаражаттарының  қозғалысы жөніндегі қорытынды  есеп

4. Қаржылық қорытынды  есепке түсіндірме хат

 

 

 

ІІІ. БӨЛІМ

 

 Басқару  есебі, талдау және аудит

 

 Өндірістік  шығындардың есебі, талдауы және  аудиті

Өндірістік шығындардың есебі үшін, әртүрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады.

«Негізгі өндіріс» активті  шоты өндірістегі барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. 8111 «Материалдар», 8112 «Өндіріс жұмысшыларыфның еңбек ақысы», 8113 «Еңбек ақыдан бөлінетін аударымдар», 8114 «Үстеме шығындар» шоттарында жинақталады да, сонан соң әрбір есепті кезеңнің соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына жинақтап, қорытылады.

Шығындарды және өнімнің  шығарылуын есепке алу мен бақылау  жасауды қамтамасыз ету үшін мынадай  есеп регистрлері пайдаланылады:

«Цехтар бойынша шығындар»  ведомосы, онда 8110, 8210 және 8310 бөлімшелер шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8110, 8210 және 8310 шоттарының есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады.

Ай соңында бухгалтерия  өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге асырады.

«Цехтар бойынша шығындар»  ведомосына жазу үшін мынадар негіз  болып табылады:

  • «Материалдар (жалақы) шығындарын бөліп – тарату» кестесін әзірлеу , онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өнідірістің басқа да материалдық босалқылары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар;
  • «Негізгі  құрал – жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал – жабдықтар амортизациясының сомасына көрсетіледі;
  • «Материалдық емес активтердің амортизациясының (тозу) есебі» кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті амортизациясының сомасы көрсетіледі;
  • «Көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылықтардығң көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге жұмсалған шығындары көрсетіледі.

Өндіріс шығындарының бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың схемасы төменде  келтірілген.

Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция объектілерінің және цехтар мен өндірістер негізінде шығын баптарының белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялық карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.

Өндіріске жұмсалған  шығындарды олардың құжаттары бойынша  қандай калькуляция объектісіне  жататындығын белгілеу үшін есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығындарын ажыратады. Ал, бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімінің зіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін.

Қаржылық бухгалтерия  жұмысшы шоттар жоспарының  1010 – 7700 шоттарының есебін жүргізіп, есептің Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және қаржылық есеп беруін жасайды.

Басқару бухгалтериясы  жұмысшы шоттар жоспарының 8110 – 8418 шоттарын пайдаланады. Ол өндіріс шығындары  туралы ақпаратты қорытып, өзіндік  құнды калькуляциялайды, өндіріс  шығындарының нормалары мен нормативтерін  талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия)  болып келеді.

Бұл өз билігінде қандай да болмасын бір «ноу - хауды» және өндірістегі басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, жаңалықтарды өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқа тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның қызметкерлері үшін де жабық болуы мүмкін.

Жұмысшы шоттар жоспарында көрсетілген шығын шоттарында көрсетілген  ақпараттар нақты жасаған шығындар туралы белгілі бір нақты ақпараттардың  бөлігін көрсетеді, оны шолып, шығарылған өнімнің нақты өндірістік өзіндік  құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай – ақ өнім бірлігі деп есептелінеді. әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға жіктеледі:

    • Шығындарға кеткен тікелей материалдар;
    • Шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
    • Үстеме шығыстар.

Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындармен қатар қосылады. Мысалы, автомобиль өндірісі үшін болат немесе жиһаз өндірісі үшін ағаш негізгі материал болып табылады. Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар – бұл өнімді дайындауға тікелей қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.

Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс  істейтін оператордың немесе металл өндіруші станокта істейтін жұмысшының еңбек  ақысы т.б. осы сияқты тікелей еңбек ақылар жатады.

Қызмет көрсетуші цех  жұмысшыларының еңбек ақысы тікелей  еңбек ақы болып табылмайды, олар үстеме шығыстарға жатқызылады.  Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбек ақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрған – үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

   ЖШС «ЖанТас» кәсіпорнының   басқару есебін  ұйымдастыруға жүргізілген зерттеулер   жұмысының    нәтижесі   төмендегідей.

    Қаржылық  қортынды  есептің   негізгі    элементі   болып   табылатын      кәсіпорын  активтеріне   сипаттама   беру   үішн   сол активтердің  соңғы  жылдардағы   нақты  бары  және   олардың   құрамы   мен  құрылымындағы  өзгерістер  зерттелді.

    Зерттеу   нәтижесінде,кәсіпорын  активтерінің   нақты  құнын   көрсететін   баланс   валютасының  өскенін, яғни  ағымдағы  активтердің  құны  жыл  басында 8786 мың  теңге  болса,жыл аяғында 19519 мың теңгені  құраған. Сондайақ   негізгі құралдардың   құны   жыл басында 3861 мың теңгені құраса, жыл аяғында 2545 мың теңгеге төмендеген. Бұл өзгеріс негізгі құралдарды  сатып өткізгендіктен  және   тозуына байлансты болып отыр.

     Кәсіпорында    дебиторлық  қарыздардың   өтелуіне   байланысты    жыл  басына   қарағанда   дебиторлық  қарыздың    мөлшері  төмендегенін  көрумізге  болады.

   Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады.Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі-бухгалтерлік баланс.Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.

-Кәсіпорынның  шаруашылық қызметі тиімділігінің  бағалылығы басқарушылық және  кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті  шарттары болып саналады.Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі-бухгалтерлік баланс.Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын ,оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігініңжыл ішіндегі деректері көрсетіледі.

-кәсіпорынның  және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау үшін әр түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын  көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

    Сонымен  «ЖанТас» жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігінің    қаржылық   тұрақтылығына   жүргізілген    зерттеулер  нәтижесі  оның   шаруашылық  қызметі мен   дамуы  басым   түрде   өзін-өзі  қаржыландыру, яғни меншікті  капитал   есебінен  жүзеге  асырылатындығын   көрсетті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана.
  2. Налоговый кодекс. О налогах и других обязательных платежах в бюджет. – Алматы: Юрист, 2003.
  3. Закон Республики Казахстан «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 24 июня 2002 года, №329-1 // Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету, страхованию: «Қаржы-қаражат»  Официальные материалы // Қаржы-қаражат . – 2002. - №7.
  4. Постановление Национальной комиссии по бухгалтерскому учету от 13.11.96. №3.
  5. Стандарт бухгалтерского учета «Представление финансовой отчетности» (Приказ министра финансов РК 17 января 2003 г. № 14) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2004. - № 2.
  6. Типовой план счетов и их типовая корреспонденция (Приказ министра финансов РК от 18 сентября 2002 г. № 438) // Бухгалтерский учет и аудит. – 2003. – 1,2,3.
  7. Бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспарын жасау жөніндегі нұсқау және 2006 жылдан бастап қолданылатын бухгалтерлік есеп счеттарының жұмыс жоспары. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 22 желтоқсан 2005 жылғы 426, 427-ші бұйрықтары.
  8. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) оқулық, - Алматы 2006 жыл.
  9. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. – М.: Финансы и статистика, 1994.
  10. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001. – 330 бет.
  11. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. – Алматы: ЭкономикС, 2003. – 360 бет.
  12. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З:Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2001.
  13. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1995.
  14. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет хозяйствующих субъектов. – Алматы, 2004.
  15. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. – А.: Центраудит – Казахстан, 2002.
  16. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша – қазақша сөздік. Алматы: - сөздік – словарь, 1999.
  17. Шеремет А.Д., Сайфуллин Р.С. Методика финансового анализа. – М.: ИНФРАМ, 1995.

Информация о работе Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру