Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:28, отчет по практике

Описание

Басқару есебінің мәліметтері сыртқы пайдаланушылар (мемлекет, банктер, инвесторлар т.б) үшін емес ішкі басқару функцияларын жүзеге асыру ұшін қажет
Басқару есебі дегеніміз-субъектіні басқару процесіне ақпараттық қолдау жүйесі.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім:
1.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
1.2 Бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және аудиттің құрылуы
1.3 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛАДАУ ЖӘНЕ АУДИТІ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
2.2 Дебиторлық борыштардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Тауарлы -материалдық босалқылардың есебі, талдауы және аудиті
2.4 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
2.5 Инвестицияның есебі, талдауы және аудиті
2.6 Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті.
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдауы және аудиті
2.8 Шығыстар мен табыстардың есебі, талдауы және аудиті
2.9 Меншікті капиталдың есебі, талдауы және аудиті
2.10 Қаржылық есесеп беру, құру әдістемесі, талдауы және аудиті
ІІІ. Басқару есебі, талдау
Қортынды:

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Практика.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)

   Есепті кезең (бір жыл)  ішінде  немесе     белгілі   операциялық  цикл  ішінде    қайтарылады   деп    күтілетін   борыштар  ағымдағы  міндеттемелер  болып  табылады.

«ЖанТас»  құрылыс кәсіпорны 01.04.2009-30.06.2009 ж тіркелген және  берілген  шот –фактура негізінде Салық   комитетіне  қосылған құн салығын   төледі.

  Жоғарыда көрсетілген «ЖанТас»  құрылыс кәсіпорнының  жабдықтаушылары мен жасасқан  қызметі  нәтижесінде  жиналған  ҚҚС                   Дт                                       КТ

                           1420                                    3310               310527 теңге

   Тапсырыс берушілер  мен  сатып  алушыларға  есептелінген  ҚҚС 

                            Дт                                       КТ

                           1210                                    3130            871071 теңге

Салық комитетіне төлейтін сомма 

                             Дт                                       Кт

                          3130                                      1420               560544 теңге

 

Салық  декларациясы негізінде  560544 теңгені салық комитетіне  төлейтін  болады.

(Тіркеме №8)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.7.Еңбек  және   оған  ақы  төлеудің  есебі,  талдауы және аудиті 

 

Еңбекақы-қызметкердің  орындаған    жұмыс  көлемі мен    белгілеген   еңбек   шарты   және   лауазым   нұсқауына    байланысты   төлем. Еңбек  тиімділігінің   арттырудың   әр  түрлі   ынталандыру    жолдары   болып, сыйақы, қосымша  төлем,кепілді  төлем  және  т.б болып табылады.

    Тәжрибе   жүзінде    еңбекақыны   ұйымдастырудың  негізгі  екі  нысаны-мерзімдік   келісімді  қолданылады.

    Мерзімді  еңбекақы -еңбек ақы төлеу  жұмыспен  өтелген  уақыттағы   тарифтік  ставкалар    немесе  қызметақылар  бойынша   жүргізіледі. Мерзімдік еңбекақы –жай және мерзімдік  сыйақылар    болып   бөлінеді.

   Жай мерзімдік   еңбекақы  тек   жұмыспен     өтелген  уақытпен    және  қызметкердің  тарифтік  стафкасымен   немесе   қызметақымен анықталады.

   Келісімді еңбекақы  жағдайында,  қызметкерге еңбекақы     әрбір орындалған немесе  өндірілген   өнім ұшін  алдын   ала   белгіленген  мөлшерде есептелінеді.

Жалақылан  ұстап қалу  және  төлемдер

Қазақстан Республикасы  заңына  сәйкес   жұмыскердің    еңбек ақысынан:  міндетті   зейнетақы,жеке  табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, немесе   жұмыс     берушінің    бастамашылығымен    жұмыскердің келісімінің    еңбекақы есебінде  төленген аванысты   қайтару үшін   (артық төленген  соманы   қайтару  үшін)  және  т.б жағдайларда    ұстап  қалулар болады.

     Жеке   табыс салығын  ұстау. Салық   кодексінің 145-бап ставкасына      сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар   жұмыс  орындарынан  төленетін төлем ақылар

     Қызметкерлердің   жалақысынан   бухгалтерия    ұсталымдардың  мынадай   мынадай  түрлерінен  ұстап қалады.

  1. Табыс салығы
  2. Орындаушы қағаздар бойынша
  3. Несие сатып алынған  тауарлар үшін  тапсырмалар міндеттемелер бойынша
  4. Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша
  5. Жалақы  есебінен  берілген аванысты өтеу
  6. Жеке  тұрғын  үй    құрылысына  берілген   несиені  өтеу үшін
  7. Егер шаруашылық   субъектісі   кәсіподақтардың   немесе  тәуелсіз  кәсіподақтардың    федерация кеңесінде  тіркелген  болса, 1%-дық кәсіподақ жарнасы
  8. Жұмысшының   жазбаша келісімі  бойынша  шаруашылық   субъектісіне  тиеслі  тұрғын  үй  үшін  пәтерге  төлеу
  9. Демалыстың  өтелмеген күндері үшін
  10. Кәсіпорынға келтірілген  зиянды  өтеу
  11. Айыппұлдар мен мойнындағы ақша

    Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№Е – 1 нысан) рәсімдейді. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде Жеке карточканы (№Е – 2 нысан) толтырады. Кезекті демалыс уақытын құжаттау  үшін «Демалыс беру туралы бұйрық» (№Е–6 нысан) қолданылады. Оны екі дана етіп толтырып, біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда екі дана етіп «Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық» (№Е – 8 нысан) толтырады. Оның біреуі бухгалтерияда, ал екіншісі кадрлар бөлімінде болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай – ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін «Жұмыс уақыты есебінің табелі»  (№Е – 13 нысан) жұмыс істеп жүргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Төменде құжаттың нысаны келтірілді. Мұны өкілеттілік алған адам бір дана етіп жасайды, тиісінше құжатталған соң бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен тыс істелген жұмыс туралы және басқа қалыпты жұмыс  жағдайынан ауытқушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар (жұмысқа жарамсыздық қағазы, мемлекеттік не қоғамдық  міндеттерді орындағандығы туралы анықтамалар т.б.) негізінде ғана табельге белгілер қойылуға тиіс. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерде  қызметкерлердің жұмысқа келген – келмегендігін жаппай тіркеу әдісін немесе тек қана ауытқушылықтарды (келмегендерді, кешіккендерді т.б.)  тікреу әдісін жүзеге асырылады. Жұмысқа қабылдау мерзіміне байланысты жұмысшылар тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Тұрақты жұмысшыларға жұмыс істеу мерзімінің аяқталу уақыты көрсетілмеген жұмысшылар, уақытша жұмысшыларға белгілі бір  мерзімге қабылдаған жұмысшылар, маусымдық жұмысшыларға маусымдық жұмыстарды орындау үшін қабылданған жұмысшылар жатады. Еңбек ақы және сол сияқты басқадай төлемдер қызметкерлерге арнайы төлем ведомостары бойынша төленеді. Ведомостың бірінші бетінде төленуге тиісті сомалар жазумен толтырылады, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің төлуге рұқсат еткен қолдары қойылады. Ведомоста көрсетілген соманы әркім өздері қол қойып алуға тиісті. Әлдекімдердің өздері келе алмайтын жағдайы болса, басқа біреуге «сенім қағаз» беруіне болады.  Мұндай жағдайда бухгалтерия соманы алуға тиісті адамның фамилиясы мен аты – жөнінің соңына сенім қағазбен алушының фамилиясы мен аты – жөнін көрсету керек. Сонан соң кассир ведомоске «сенім қағаз» бойынша деген белгі соғып, алушыға қол қойдырады да, тиісті соманы төлейді. Еңбек ақы беру мерзімі біткен соң кассир ведомост бойынша алынбаған сомалардың тұсына депоненттелді деген белгі соғып, ведомосты жабады (қосымшаларға назар аудар). Нақты берліген соманы төлем ведомосының бетіне шығарып, сол сомаға «Кассалық шығыс ордерін» толтырады.ЖШС «ЖанТас»  құрылыс компаниясы  Шілде айында жұмысшыларына  еңбек ақы  төледі.Төмендегі мәліметтер негізінде

1.Төлем ведомосы-жұмысшылардың  қолына нақты алатын жалақысын көрсетеді (шегерімдерді   қоспағанда)

2.Расчетно-платежная  ведомость-жұмысшының еңбек ақысынан зейнет ақы аударымын,жеке табыс салығын сонымен  қатар әлеуметтік салық,және  әлеуметтік  сақтандыруға   төленетін  төлемдерді   көрсетеді.

Зейнетақы  аударымы=Еңбек ақының*10%

Жеке табыс  салығы=((Еңбек ақы-зейнет ақы)-13470 ең төменгі жалақы)*10% (Тіркеме №9)

 

Еңбек ақы есебінің аудиті

Еңбек ақы есебінің аудитін  тексеру мыналар болып табылады:

  1. Еңбек ақы аударымдары кезінде нормативтік-құқықтық актілердің дұрыс сақталуын тексеру;
  2. Еңбек ақыдан ұсталымдарды дұрыс жүргізу.

 

Тексеру келесілер арқылы жүзеге асырылады:

  1. Синтетикалық және аналитикалық есептің баланс жазуындағы 3350 шот бойынша көрсеткіштері орнатылады.
  2. Алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуы, қажетті тұлғалардың қолдары бар болуы оқытылады.
  3. Еңбек ақы аударымдарының дұрыстығын тексеру таңдап алу әдісімен жүзеге асырылады.
  4. Қарапайым төлем, жұмысына қосымша төлем.
  5. Уақытша жұмысқа қабілетсіздігіне байланысты жәрдемақының аударылуы.
  6. Еңбек ақыдан ұсталымдардың дұрыстығын тексеру.

 

Еңбек және еңбек ақы есебінің негізгі міндеттерін орындау мақсатында еңбек және еңбек ақының бухгалтерлік есебі төмендегілерді қамтамасыз етуі қажет:

  • шаруашылықтың әртүрлі салаларында нақты шығындарды құжаттарда;
  •    уақытылы және дәл рәсімдеу; 

- орындалған жұмыс  немесе шығарылған өнім көлемін және пайдаланылған 

   жұмыс уақытын  дәл көрсету;

- еңбек ақыны дәл  есептеуді қамтамасыз ететін  белгіленген нормалар мен  

   бағамдардың дұрыс  қолданылуын бақылау;

- еңбек ақыны дәл  есептеуді және оның уақытында  төлеуін қаматамасыз ету

  мақсатында шаруашылықтың  әрбір жұмысшысының еңбегінің  мөлшерін 

  бағалау;

- белгіленген еңбек  ақы қорын пайдалануды және  категориялары бойынша  

  шаруашылық жұмысшыларының  санын бақылау;

- есеп объектілері  бойынша шығындарды дұрыс есептеуді  қамтамасыз ететін 

  бухгалтерлік шоттар  бойынша еңбек ақыны тарату  тәртібін сақтау;

- ұйымдастырудың және  еңбек ақының алдыңғы қатарлы  үлгілерін кеңінен  

   пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8. Шығыстар мен табыстардың есебі, талдауы

 

Қаржы – шаруашылық қызметпен айналысыу барысында кәсіпорындар, әдетте, негізгі қызметінен және қосалқы қызметінен табыс алады. Есепті мерзім ішінде кәсіпорын осы көздерден түскен табыстарды және осы табысты табу мақсатында жұмсалған шығындарды жеке жинақтап, есепті мерзім аяғында таза табысты (пайданы) анықтауда басшылыққа алынып жүрген заңдық – нормативтік актілер бойынша кәсіпорынның таза табысын немесе шеккен зиянын анықтайды.

Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде «табыстар» ұғымы келесідей түрде анықталады:

«Табыстар дегеніміз  – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі».

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден  алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы – директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметті) ретінде төмендетіледі. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік – техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудалармен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.  Табыс есебінен, сондай– ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.  Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

      Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.б. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

     Қаржы –  шаруашылық қызметінің нәтижесі  туралы есептің осы бабы бойынша  негізгі қызметтен түсетін табыс  көрсетіледі. 

     Табыс құрылымында  ең үлкен үлес салмақты өнімдер  мен тауарларды өткізуден түсетін  табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылған басқа да факторлармен анықталады. Өнім өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы – материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін табыс сомасының өсуіне, екіншіден – азаюына әсер етеді.  Кәсіпорында өнімді өткізуден түсетін табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы – материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кезедеседі.   Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып – түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметіне көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты – заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орыналады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.     Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.      Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкеледі. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.  Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:

Информация о работе Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру