Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:28, отчет по практике

Описание

Басқару есебінің мәліметтері сыртқы пайдаланушылар (мемлекет, банктер, инвесторлар т.б) үшін емес ішкі басқару функцияларын жүзеге асыру ұшін қажет
Басқару есебі дегеніміз-субъектіні басқару процесіне ақпараттық қолдау жүйесі.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім:
1.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
1.2 Бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және аудиттің құрылуы
1.3 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛАДАУ ЖӘНЕ АУДИТІ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
2.2 Дебиторлық борыштардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Тауарлы -материалдық босалқылардың есебі, талдауы және аудиті
2.4 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
2.5 Инвестицияның есебі, талдауы және аудиті
2.6 Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті.
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдауы және аудиті
2.8 Шығыстар мен табыстардың есебі, талдауы және аудиті
2.9 Меншікті капиталдың есебі, талдауы және аудиті
2.10 Қаржылық есесеп беру, құру әдістемесі, талдауы және аудиті
ІІІ. Басқару есебі, талдау
Қортынды:

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Практика.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)
    • біріншіден, бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
    • екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
    • үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін, тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).

     Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.   Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.     Көптеген кәсіпорында өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады.  Бірақ белгілі бір мөлшерде бұ жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын – энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.  Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы – материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай – химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.     Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс өсімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.     Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.    Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі табыстың өсуіне әкеледі. Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көиегімен қол жеткізуге болады, бұл табыстың әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржыларымен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты өсіре алады.       Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді. Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың шикізат пен отын – энергетика ресурстарынс сатып алуына олардың көп бөлігі бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын ала төлем жүргізу кәіспорынның қаржысының көп бөлігін  айналымнан тыс әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып табылады.      Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.  Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника – экономикалық параметрлердің және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді болады.

   2008 жылға ЖШС «ЖанТас» кәсіпорнының  Табыстар мен Шығыстардың есебіне  қортынды  жасайтын болсақ.

Кәсіпорын жылдың  соңында көрсетілген қызметтен  түскен  табыс 16619 мың  теңгеге   өскенін яғни 28%-ға  өсті.Табыс жиілігі   есепті жылдың  соңында 2532 мың теңгеге 8,5%-ға кемігенін көреміз.Әкімшілік және сату   шығындары 324 мың теңгеге өскенін 1,3% ға өскенін.Негізгі қызметтен түскен  табыс керсінше  2856 мың теңгеге төмендегенін  50%-ға.Салықты шегерегендегі таза  табыс 1999 мың теңгеге 50,8% ға төмендегенін көреміз (Тіркеме №10)

 

 

2.9.Меншікті капиталдың есебі, талдауы және аудиті

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын  шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық  құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет.

Осы жоғарыда аталғандардың  ақшалай жиынтығы капитал болып  саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы  құрылған кезде оның капиталы Қазақстан  Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы шаруашылық субъектінің  есебін жүргізу барысында жұмыс  істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Субъекті мүлкінің құрамы.

Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып  екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) актвтер» және «айналымдағы активтер» - деп екіге бөледі. Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес актвтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық – техникалық базасын жасауға жіне дамытуға арналады.

 Ал айналымдағы  активтер шаруашылық субъектінің  атқаратын қызметінен пайда табу  үшін пайдаланылады. Олардың   қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы – материалдық қорлар, дебиторлық алашақтар және басқадай активтер жатады.

Субъекті мүліктерінің (капиталының) құралу көздері. Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • жарғылық капитал;
  • резервтік капитал;
  • бөлінбеген пайда.

Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа  қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.

Жарғылық қор меншік иесі субъектінің ( кәсіпорынның ) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету  үшін инвестицияланған қаржыларының сомасы болып саналады.

Меншіктік ұйымдық –  құқығының нысанына және меншік иесінің  тиісті құқығымен жауапкершілігінее  қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы мүмкін:

Шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша  жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері). Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін. 

Қосымша төленген капитал – қоғамының өзініің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болған құн айырмашылығынан туындайды. 

Қосымша төленбеген капитал -  негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағаланғанда олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқалардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал – келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндармен шығындардың (ысыраптардың) орнын толтыруға арналып шаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік ( сақтық, сақтаулы) капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен шаруашылық субъектісінің (қоғамның) жарғысында қаралады (көрсетіледі).

Бөлінбеген пайда (табыс) – шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның) жалпы табысының (пайдасының) барлық шығындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан (пайдадан) басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.

Жарғылық капитал. Жарғылық капиталдың жалпы мөлшері, шығарылған түрлері бойынша (жәй және артықшылығы бар) акциялардың сандары, бір акцияның номиналдық (атаулы) құны, акционерлік қоғамның, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жарғы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қоғамның акцияны сатып алатын мүшесіне ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауға құқығы бар.

Резервтік капиталдың есебі. Акционерлік қоғамдармен басқа да шаруашылық субъектілері өздерінің таза  пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резевтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді, бірақ та ол субъектінің жарғылық капиталының 10 пайызынан (процентінен) кем болмауы тиіс. Ақшаның құнсыздануына, өндірістің өркендеуіне, сондай – ақ басқа да жағдайларға  байланысты шаруашылық субъектінің жарғылық капиталы көбейген уақытарда резервтік капиталда оған сәйкес артып отыруға тиіс.

Резервтік капиталдағы  жинақталған сома алдын ала болжалмаған (есептелмеген), төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмысалынады. Жалпы резевтік капиталдағы жинақталатын слмаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамның жарғысында  бекітіледі. Резевтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген  мөлшерге тең етіп  қайта қалыптастыруды қажет етеді.                                                        

9-кесте

Операциялар

Шоттар корреспонденциясы

Негіздеме құжаттары

дебет

кредит

1

Жарғылық каптал жарияланды

5110

5010 - 5030

 

2

Құрылтайшылардың жарғылық капиталға  енгізген жарналары:

- материалды емес активтер

- негізгі құралдар

- тауарлы – материалды қорлар

- ақша

 

 

2730

2410

1300

1010,1030

 

 

5110

5110

5110

5110

Құрылтай құжатттары, регистрацияны  растаушы құжаттар, есептемелер, үзінділер  жөнелтпелер, тапсыру – жөнелту  актілері, кіріс ордерлері

3

Өз акцияларын акционерлерден сатып  алу

- егер сатып алынатын акциялардың құны номиналды құнына тең болса

- егер сатып алынатын акциялардың  құны номиналды құнынан төмен  болса

- айырмашылығы

- егер акциялар құны номиналды  құнынан жоғары болса

- айырмашылығы

 

 

5210

5010,5020

 

5310

5210

 

1010,1030

 

 

1010,1030

5210

 

1010,1030

5010,5020

 

5310

Протоколдар, келісім – шарттар, реестрлардан үзінділер

4

 Жарғылық капиталдың акцияларға  кемуі, айналымнан номиналды құны  бойынша алынуы

5110

5210

Протоколдар, перерегстрация құжаттары

5

Резервтік капиталға төлемдер жасалды

5510

5410

Есеп айырысу, жарғы

6

Резервтік капитал дивидендтер, сыйлықақылар, қатысушылар табысын төлеуге  қолданылды

5510

7310

Протокол, есеп айырысу

7

Резервтік капитал есепті немесе алдыңғы  жылдар залалдарын жабу үшін қоданылды

5510

5520

Протокол, есеп айырысу

8

Есепті периодтың шаруашылық қызметінің қаржылық результаттары анықталды:

- есепті жыл үшін табыстардың  қорытынды сомалары көрсетілген

- есепті жыл үшін шығыстардың   қорытынды сомалары көрсетілген

6 – бөлім шоттары

5610

7 – бөлім шоттары

5610

Ревизиялық комиссия актісі, аудиторлық қорытынды

9

Есепті жылдың қаржылық результаттары

- табыс 

- залал

 

5610

5510

 

5510

5610

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншікті капиталдың аудиті

 

  Кәсіпорын капиталының   қозғалысына  бақылауды  жүзеге  асыру үшін  аудиторға  ірі қаржылық   операциялардың  жағдайы  және  оларға  шектеулер  туралы білу жеткілікті. Кәсіпорын капиталының   жағдайы туралы ақпараттар   ресми хабарландыруларда, директорлар кеңесі  мәжлістерінің   хаттамаларында және  басқа да  құжаттарда болады.

    Басшылықтың   пікірлерін  тексеру  үшін  аудиторда    шаруашылық  операцияларының   орындалуының   заңдылығын  қарастыруға  мүмкүндік беретін ақпараттардың   болуы  қажет.

 

Кәсіпорынның  меншікті капиталы аудитінің   негізгі  ақпарат  көздері.

10 -кесте

 

Құжаттың аты

1.

Қаржылық  есеп беру

2.

Есеп саясаты

3.

Бас кітап.Бухгалтерлік  есеп регистірлері

4.

Кәсіпорын  жарғысы

5.

Құрылтай келісім-шарт

6.

Құрылтайшылар  жиналысының  хаттамасы

7.

Мемлекеттік тіркеу  туралы куәлік

8.

Шаруашылық қызметтің    белгілі бір түріне  лицензиялар мен рұқсаттар

9.

Директорлар  кеңесі  мәжілісінің хаттамалары.

10.

Эммисиялар  проспектісі


 

Сәйкестікке  тексеруді  аудиторлар төмендегі  бағыттар бойынша  жүргізеді:

  • жарғылық капитал туралы  мәліметтерді, олардың  дұрыстығына   көз  жеткізу   үшін  құрылтай  құжаттармен  және Жарғымен салсытыру
  • хабарланған  борыштар бойынша   мәліметтерді  әлі   салынбаған  сомалар мен  салыстыру, төленбеу себептерін   зерттеу.
  • Кәсіпорынның  есеп  саясатына   сәйкес  резервтік капиталдың    есептелуі мен пайымдалуының    дұрыстығына   бақылау  жасау. 

   Егер  жоғарыда  көрсетілген  тексеру процедураларын  орындау кезінде  нормативтік -құқықтық құжаттардың   ережелерін  қандай да аутқулықтар   табылып қалса, онда аудитор объектіге   қатысты  тексеру  жүргізеді.

Информация о работе Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру