Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 19:28, отчет по практике

Описание

Басқару есебінің мәліметтері сыртқы пайдаланушылар (мемлекет, банктер, инвесторлар т.б) үшін емес ішкі басқару функцияларын жүзеге асыру ұшін қажет
Басқару есебі дегеніміз-субъектіні басқару процесіне ақпараттық қолдау жүйесі.

Содержание

Кіріспе
I. Негізгі бөлім:
1.1 Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
1.2 Бухгалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және аудиттің құрылуы
1.3 Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін талдау
ІІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП, ТАЛАДАУ ЖӘНЕ АУДИТІ
2.1 Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті
2.2 Дебиторлық борыштардың есебі, талдауы және аудиті
2.3 Тауарлы -материалдық босалқылардың есебі, талдауы және аудиті
2.4 Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті
2.5 Инвестицияның есебі, талдауы және аудиті
2.6 Міндеттемелердің есебі, талдауы және аудиті.
2.7 Еңбек және оған ақы төлеудің есебі, талдауы және аудиті
2.8 Шығыстар мен табыстардың есебі, талдауы және аудиті
2.9 Меншікті капиталдың есебі, талдауы және аудиті
2.10 Қаржылық есесеп беру, құру әдістемесі, талдауы және аудиті
ІІІ. Басқару есебі, талдау
Қортынды:

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Практика.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)

   Негізгі   құралдардың   бухгалтерлік есебінің    міндеті:

  • расталған   есептік     мәліметтердің,  техникалық    паспорттардың,  басқада құжаттар  мен     түгендеу   журналдарының      негізінде    еңбек   құралдарының     барлық   түрлерінің      сақталуына      бақылауды   ұйымдастыру.
  • Негізгі    құралдардың   келіп   түсуін,  шығарлуын, қозғалысын     есепте     уақтылы   және   дұрыс     көрсетлуін      қамтамасыз ету.
  • Негізгі    құралдардың     тозуының    дұрыс есептелуіне   және тиімді  пайдалануына     бақылауды  ұйымдастыру  және      қор   қайтарымдылығын    арттыру    жөніндегі      шараларды   жүзеге    асыру.
  • Негізгі    құралдарға    ағымдағы   және    күрделі   жөндеулерді,     қайта   құруды   және     жаңғыртуды    жүргізумен    байланысты      шығындарды    есепте   дұрыс   және      уақтылы      көрсетуді   жүзеге асыру.
  • Моралды   және    физикалық    тұрғыдан     ескірген      негізгі  құралдарды   жедел айқындау.
  • Негізгі құралдар  бойынша   дұрыс    есептеме    жасау   ұшін    бухгалтерлік   есептің      деректері     банкін    уақтылы  және   дұрыс қалыптастыру.

Негізгі    құралдардың        ғылыми негізделген   жіктемесі  алға   қойылған мақсаттарға   жету   үшін,  маңызды шарт  болып табылады. Жіктемелік  топтарға    өндірістік-техникалық      мақсаты   бойынша,    тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің ерекшелігі, икемділігі мен    техникалық     жаңалығының    дәрежесі    бойынша       өте жақын        негізгі   қорлар     енгізіледі.

   Өндіріс  процесіне   қатысу    сипатына   қарай   негізгі   құралдар   былайша   бөлінеді: өндірістік-бұл  өндірістік  процеске  тікелей     қатысатын    немесе  өндірістің    негізін құрайтын   негізгі   құралдар. Олардың   шамасы   мен     техникалық    күйіне     шаруашылық    субьектісін, жалпы   елдегі    салалардың      экономикалық   қуаты   тәуелді.

Өндірістік емес –  бұл  тұтыну  мақсатындағы   негізгі   құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол    ұжымның   мәдени –тұрмыстық    қажеттілігін       қамтамасыз  етуге   арналған (үйлер,ғимараттар, керек жарақтар,денсаулық сақтау,спорт.)

Тиістілгі  бойынша      негізгі   қорлар  былайша бөлінеді.

    • Меншікті-бұл субьектіге  тиеслі   және  оның     балансында   көрініс табатын   негізгі  құралдар;
    • Жалданған-жалдау   шарты  бойынша, онда  белгіленген   мерзімге     басқа  субьектілерден     алынған негізгі   құралдар.

Пайдалану сипатына   қарай   негізгі   құралдар    былайша   бөлінеді:

    • Қолданыстағы-бұл    пайдалану  сатысындағы   негізгі   құралдар   қолданылмаған (тоқтатылған)-консервацияға   немесе    басқа да     себептерге    байланысты   уақытша      қолданылмай   тұрған    негізгі   құралдар;
    • Қорда тұрған-қолданылып   жүрген   негізгі   құралдардың    жөнделуі, жойылуы,апатқа   ұшырауы   жағдайында    оларды алмастыру   үшін    қор    құрайтын   негізгі  құралдар.

Негізгі  құралдарды   бағалау   және    қайта  бағалау

  Негізгі   құралдар    бухгалтерлік есепте  бастапқы   құны    бойынша    кіріске  алу  сәтінде   көрсетіледі. Оған барлық  қажетті   нақты   өндірістік   шығындар,негізгі    құралдарды    орнату   және    сатып алу       шығындары,  соның   ішінде:

  1. Сатып алу кезінде   төленген    өтелмейтін     салықтар  мен     алымдар (үйлер, жеңіл  автомомильдер   бойынша ҚҚС    және    сатып алу    шарты   бойынша    мемлекеттік  баж)
  2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу   жөніндегі   шығындар
  3. Құрылыс   мерзіміне    берілген    несие   үшін   пайыздар.
  4. Активті   жұмыс     жағдайына     келтіруге   байланысты   басқа  да    шығындар   жатады.

 Үйлер мен  ғимараттардың   құрылысы кезінде     бастапқы   құнға   құрылыс   жөніндегі     мынадай   шығындардың   барлығы   қосылады:

    1. Материалдар
    2. Еңбекақы   төлеу
    3. Үстеме шығындардың  тиісті   үлесі.
    4. Сәулетшінің, заңгердің  қызметін  төлеу.
    5. Құрылыс кезеңіндегі   сақтандыру  шығындары. Құрылыс кезеңіне    берілген кредиттер  бойынша   пайыздар. Құрылыс жүргізуге   рұқсат  алуға   жұмсалған шығыстар.

    Негізгі  құралдардың келіп  түсуі  негізгі  құралдарды   қабылдау  өткізу (қозғалысы) №1 нысандағы актімен   ресімделеді. Ол  жекелеген   обьектілерді    негізгі құралдардың     құрамына   есептеу   үшін, олардың    пайдалануға   берлуін   ресімдеу   үшін,   негізгі   құралдардың   бөлімше    ішіндегі  қозғалысын    ресімдеу  үшін, негізгі   құралдарды  қоймадан   пайдалануға    беру үшін   сондай-ақ    басқа  субьектіге   беру   мақсатында (жарғылық   капиталға  салымдар, өтеусіз беру) негізгі құралдың  құрамынан шығарып тастау  үшін  пайдаланылады. Негізгі құралдарды   қабылдауды   ресімдеген   кезде   басшы   тағайындаған    қабылдау  комиссиясы    әрбір жеке   обьектіге бір   дана акт   жасайды.

 

 

Негізгі    құралдардың    амортизациясы  мен   тозуын   есепке алу

       Негізгі   құралдар   өндіріс    процесіне     ұзақ  уақыт   бойы   қатысы   отырып,   біртіндеп     тозады,  яғни     физикалық   күштердің,  техникалық  және    экономикалық      фактордың    әсерінен   өз     қасиеттерін   жоғалтады   және     жарамсыз    күй    кешеді.

      Тозу-бұл   физикалық  және     моральдық     сипаттамаларын   жоғалту  процесі

     Амортизациялық  құн  дегеніміз-бастапқы  құн мен   жою  құнының   арасындағы   айырмашылық. Ол негізгі  құралдар  келіп  түскенде    қосалқы     бөлшектердің, сынықтардық   қызмет   мерзімінің   соңында     қалыптасқан    қалдықтардың     болжамды   құны  ретінде   анықталады.

Салық  кодексі   бойынша   негізгі құралдар  4 топқа  бөлінеді.

  1. Үйлер мен ғимараттар оларға тозу жылына 10% мөлшерде
  2. Машиналар мен  жабдықтар оларға тозу жылына 25% мөлшерде 
  3. Компьютерлер мен  машиналар оларға тозу жылына 40% мөлшерде
  4. Жоғарылардағыға 3 топқа кірмейтіндердің барлығының оларға тозу жылына 15% мөлшерде

 

Сәуірдің 3-і күні ЖШС «ЖанТас»  құрылыс кәсіпорны АҚ «Темірлизинг» кәсіпорнынан  КАМАЗ 61115 құрылыс  машинасын сатып алды. 

 ЖШС «ЖанТас»  құрылыс кәсіпорны  01.03.2009-31.12.2009 жылдар аралығында   КАМАЗ 61115 құрылыс  машинасына  амортизация есептеді.          

 

 

 

 

 

 

 

                                    

8-кесте

Рет

 

 

Шаруашылық операцияларының  мазмұны

 

Сома,

теңге

 

Шоттардың

корреспонденциясы

 дебет

кредит

  1

                                   2

      3

     4

    5

 

 

 Сатып алынған негізгі құрал

3

«ЖанТас»  құрылыс кәсіпорны АҚ «Темірлизинг» кәсіпорнынан  КАМАЗ 61115 құрылыс  машинасын сатып алды. 

 

 

1000000

 

 

2410

 

 

3310

4

Амортизация сомасы есептелінді

 

250 000

 

8011

 

2420

5

Жабдықтаушының түскен негізгі құралға жазған шот-фактурасы төленді

1000000

3310

1010


 

    Наурыздың бірінші күні   ЖШС «ЖанТас»  құрылыс компаниясы  және  Жеке Кәсіпкер «Қадырбеков» арасында    келісімшарт негізінде   офистік кеңсені жалға алу туралы бір жылға келісімшарт   жасасты. Келісімшартта   көрсетілгендей ғимараттың  бір шаршысы 2300 теңгені құрайды.Айдың  соңында  екі жақ  көрсетілген   қызмет  туралы  62961 теңге мөлшерінде акт   жасасты. Төмендегі құжаттар негізінде   (Тіркеме №7)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5.Инвестициялардың есебі, талдауы және аудиті

 

     Негізгі    қорға қаржы жұмсау (өндірістің  негізгі қоры)  босаллқы   қорларға, резервтерге, сондай-ақ  пайда, дивидент    шығаруға   ұзақ   мерзімді капитал    бөлуді   инвестиция   деп атайды. Инвестицияны  материалдық-заттық және   ақшалай   нысынына  бөлуге   болады. Материалдық-заттық  инвестиция-ол   салынуға   тиісті    өндірістік   және   өндірістік   емес    объектілер,  жабдықтар, машиналар және  т.б., сонымен қатар, ол-ауыстыруға  немесе    техникалық   парктерді кеңейтуге,  материалдық    заттарды   басқа      инвестициялық     тауарларды     арттыруға     бағытталған,   ал  инвестицияның   ақшалай   нысаны     болса,  ол-ақшалай   капиталдың   материалдық-заттық    инвестициясын    жасауға,  инвестициялық   тауарларды     қамтамасыз    етуге      жұмсалады.

     Өндірістегі   жалпы    инвестицичны  өнім  инвестиция   деп    атайды. Ол-негізгі  капиталдың  артуын     қолдауға  бағытталады.

Инвестициялық   қаржы  жағынан  анықтамалығы- бұл табыс  тау  мақсатында    шаруашылық  қызметіне  жұмсалатын активтердің   барлық  түрлері. Ал экономикалық   жағынан  экономикалық  анықтамалығы-ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға,негізгі капиталды  техникакмен жарақаттануға, сол сияқты айналмалы  капиталға  осымен    байланысты    емес    өзгерістерге  жұмсалатын  шығыстар деп  түсіндіруге    болады.

       Инвестициялар  қаржы  ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе  ұзақ  мерзімді  күрделі  қаржылар    формасында   жүзеге асырылады.  Инвестициялардың түрлері  бойынша  тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік  және  аннуитеттік   болыпе   бөлінеді.

      Венчурлік  капитал-үлкен тәуекелге байланысты  жаңа саладағы  қызмет  көрсетудегі    жаңа  акциялар    формасында     шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік    капитал   жұмсалған   қаржының   үлкен   өтемділігі  есебіндегі   өз өзінен   байланысты  емес   жобаларды  инвестициялайды. Ол  өзіне   түрлі   формадағы   капиталды  ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Тікелей  инвестициялау-шаруашылық  субьектілердің  табыстар  түсіруіне  және  осы  субьектіні   басқаруға  қатысу   құқығын  алу  мақсатындағы жалға капиталдағы   жұмсалуы   болып табылады.

 Портфельдік  инвестициялар-портфельді   қалыптастыруға   байланысты  және  құнды   қағаздарды  сатып  алу, сол сияқты   басқа да   активтер болып  есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

2.6.Міндеттемелердің есебі,  талдауы  және аудиті

 

     Міндеттемелер   дегеніміз-белгілі бір тұлғаның (борышкердің)   басқа    бір   тұлғаның, яғни   қарызгердің (кредитордың)   пайдасына  белгілі   бір   іс-әрекет   жасау   міндеттемесі: мәселен    мүлікті  беру   жұмыс   атқару, ақша төлеуі   және   басқалар,  не  болмаса  белгілі  бір    іс-әрекеттен    бас  тарта тұруы, ал  борышкерден   оның  міндеттемелерін   атқаруды  талап етуге    қарызгердің (кредитордың)  құқығы  бар. 

   Міндеттемелер   кәсіпорында       жасалынған  әр түрлі  келісімдердің    нәтижесінде   туындайды   және  алынған    тауарлы-материалдық   құндылықтар  немесе      пайдаланылған    қызметтер    үшін       келешекте     жасалынатын     төлемдердің     заңды  негізі   болып  табылады.

        Міндеттемелер   төмендегі   үш    белгісі   бойынша анықталады.

  • Кәсіпорында міндеттемені  туындатушы  оқиға   орын алуға  тиісті
  •    Міндеттемелер   тек   активті немесе    қызметтерді   басқа кәсіпорынға   аудару  жолымен   реттеледі
  • Міндеттеме   даусыз  болуға тиісті 

   Міндеттемелердің  бағалануы.   Міндеттемелер, әдетте,  қарызды  төлеу   үшін  қажетті   ақша  сомасымен   немесе  нарық   жағдайында    берілуге  тиісті     тауарлардың    көрсетілуге  тиісті  қызметтердің   құнымен   бағаланады.

    Міндеттемелердің   өтелуі (қайтарлуы)    әр түрлі  тәсілдермен      жүзеге    асырлуы  мүмкүн:

  • Ақша  қаражаттарын  төлеу  арқылы:
  • Басқадай активтерді  беру  арқлы
  • Қызмет  көрсету арқылы;
  • Бір міндеттемені  екіншісі мен аустыру арқылы;
  • Міндеттемені  капиталға  ауыстыру  арқылы.

   Міндеттемелер   орындалу  мерзіміне   байланысты     екі   категорияға    жіктеледі:

    1. Ұзақ  мерзімді міндеттемелер
    2. Ағымдағы  міндеттемелер

Ұзақ  мерзімді міндеттемелер-есеп  беру  мерзімінен   кейінгі   жыл    ішінде  немесе    белгілі    бір     операциялық      цикл    ішінде    қайтарлуы   жоспарланбайтын   кәсіпорынның  міндеттемелері.

Информация о работе Өндірістік іс – тәжірибе дайындау және ұйымдастыру