ҚР салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:22, курсовая работа

Описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қр салық салу ерекшеліктеріКурсовой.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)


 

ЖОСПАР

 

Кіріспе             

1. Салық және салық салудың есебі             

1.1 Салық туралы түсінік             

1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы             

1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі             

2.  Бюджетпен есеп айырысу есебі             

2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі             

2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі

Қорытынды             

Пайдаланған әдебиеттер             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін  жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. ҚР аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі. Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2005 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Мемлекеттік бюджет ─ жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық, әлеуметтік салық, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүліктерге салынатын салық, ҚҚС, акциздер.

              Мемлекеттік бюджетке төленетін салықтардың барлығы кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының ағымына әкеп соғады, сонымен қатар дұрыс есептелінбеген салық сомалары келешекте айыппұл түріндегі шығындарды тудырады, сондықтан салықтар сомасын дұрыс есептеу бухгалтерлік есепте аса маңызды болғандықтан тақырыптың ерекше өзектілігі бар.

              Ашылған тақырыптың зерттеу объектілері болып «Тасты» ЖШС мемлекеттік бюджетке төлейтін тікелей, жанама салықтар мен басқа да алымдар мен төлемдер табылады.

              Осы курстық жұмысты орындау барысында келесі мақсаттарды алдымен қойдым салықтардың шығу тарихын зерттеу, салық сомаларын есептеу және оларды бухгалтерлік есепте бейнелеу, сонымен қатар салық кодексін баптарын бухгалтерлік есеп стандарттары арасындағы байланыстарды қарастыру. Қойылған мақсаттардың орындалуы салық және салық жүйесін толығымен оқып, бюджетке төленуге тиісті салықтар сомасын есептеп үйрену талаптары қойылған.

              Аталған курстық жұмыстың зерттеу обьектісі болып «Тасты» ЖШС бюджетке төленетін салықтар. Курстық жұмысты әдістемелік негізі болып салық кодексі, бухгалтерлік есеп стандарттары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Салық және салық салудың есебі

1.1 Салық туралы түсінік

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі-ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республиксы Конституциясының 35–ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

пайда (алынған игіліктер) қағидаты

″қайыр көрсету″ (төлем қабілеттілігі) қағидаты

Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлуеші  салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты  бірыңғай болып табылады.

Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

2005 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетгі төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқтық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық, мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық, салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салықтөлеушінің міндеттемесі де пайда болады;

Салық базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салык базасының негізінде салық сомасы және баска да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне карап белгіленеді.

Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы салық заңы — мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

Казақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.

Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631 «Төленетін корпорациялық табыс салығы», 632 «Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы», 633 «Қосылған құн салығы», 634 «Акциздер», 635 «Әлеуметтік салық», 636 «Жер салығы», 637 «Мүлікке салынатын салық», 638 «Көлік құралдарына салық», 639 «Өзге де салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер»  шоттары кіреді.

 

1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі

а) Корпорациялық табыс салығы.

Корпорациялық табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 "Төленетін корпорациялық табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.

Корпоративтік табыс салығын төлеушілер

Салық салынатын объектілері

Салық мөлшерлемесі

Салықтық кезең

Заңды тұлға, ҚР резиденттері(бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді)

Салық салынатын табыс           Төлем көзінен алынатын табыс салығы салынатын салықтар

               30%

               15%

Календарлық жыл

Заңды тұлға, ҚР резиденттері , олар үшін жер өндіру негізгі құралы болып табылады

Салық салынатын табыс

10%

Календарлық жыл

ҚР тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асыратын резиденттер есес заңды тұлғалар

Салық салынатын табыс

Таза табыс

30%

 

              15%

Календарлық жыл

ҚР-да төлем кезінде табыс алатын резиденттер емес заңды тұлғалар

Теллем көзінен алынатын табысқа салынатын салықтар

15%-марапаттау мен қатысу үлесінен алынатын табыстар, дивиденттер; 10%- теуекелдіктен сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы; 5% - тәуекелдіктен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін, сақтандыру пайдасы; 5% - Халықаралық тасымалдауда транспорттық қызмет көрсетуден түскен табыс; 20%- басқа да табыстар

 

Информация о работе ҚР салық салу ерекшеліктері