ҚР салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:22, курсовая работа

Описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қр салық салу ерекшеліктеріКурсовой.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

- акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;

мемлекеттік өкілетті органдармен анықталған квота шегіндегі этил спирттері;

медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы);

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін және лотерея ойындарын жүргізу мен ұйымдастыруын жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциздердің төлеушілері болып табылады.

Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.

Акцизделетін тауарлар үшін өндірілген өнімнің құны да, сатылған өнімнің көлемі де салық салудың объектісі болып табылады. Акцизделетін тауарлар меншік иесіне қарамастан есептелінеді.

Акциздер тауарлардың меншікті немесе өңдейтін шикізаттан өндірілетіндігіне қарамастан есептелінеді.

Импортталатын акцизге жататын тауарлар бойынша салық салынатын объекті Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгіленеді.

Акцизделген тауарды импорттау кезінде олар үшін акциздің тұрақты мөлшерлемесі белгіленеді. Сондықтан оның салық салынатын базасын анықтау үшін импортталған тауардың натуралды (заттай) көрсеткішінің көлемі алынады. Ал адвалорлық әдісте салық базасы үшін импортталған тауардың кедендік құны алынады. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу үшін ойын столы, ойын автоматының саны, тотализатор кассасы, букмекерлік кеңсенің кассасы алынады.

 

2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі

Бұл басқа  да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі ҚР салық кодексінің 16 бөлімінде  көрсетілген. Осы  алымдардың ішінен мен мына төлемдерге тоқталуды жөн көрдім: 69-тарау Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркегені үшін алым (401, 402, 403 баптарда қарастырылған) және 77-тарау Аукциондардан алынатын алым (426, 427, 428, 429, 430, 431 баптарда қарастырылған). ҚР-ң бухгалтерлік есебінің типтік шоттар кестесіндегі міндеттемелер деп аталатын 6 бөлімдегі 63 бас шоттың 639 бөлімше шотында есептелініп отырады.

    а) Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркегені үшін алым

Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер ретінде ҚР-ң аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде,сондай-ақ олар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді ҚР-ң заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық органдары (бұдан әрі тіркеуші орган) жүзеге асырады.

402-ші бапта айтылғандай алым төлеушілер болып:

ҚР заң актісіне сәйкес тіркелуге тиіс жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.

Шаруа (фермер) қожалықтары Ι─II және ΙΙΙ топтағы мүгедектер, сондай-ақ ҚР-ң азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын репатрианттар(оралмандар) алым төлеушілер болып табылады.

Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды қайтару тәртібі туралы айтайық. Алым сомасы ҚР-ң Үкіметі белгілеген ставкалары бойынша есептеледі және тіркеуші орган тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді. Алым сомасы тіркеу жүзеге асырылған жер бойынша бюджетке енгізіледі. Алымды төлеген тұлғалар тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге тіркеу жасаудан тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасы қайтарылмайды. Бұл орайда алым сомасы тиісті тіркеу органы берген,тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын құжатты төлеуші табыс еткеннен кейін қайтарылады.

ә) Аукциондардан алынатын алым.

  Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі-алым) аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сату кезінде алынады.  

472-ші бапта көрсетілгендей алым төлеушілер ол аукциондарда мүлікті сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады. Салық салу объектісі:

Мүлікті сатудың аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген  құны алым салу объектісі болып табылады;

Сатылатын мүлік құнына:

мелекеттік мүлік және жекешелендіру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;

мемлекет пайдасына атқарушы құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушы іс жүргізу органдары өткізетін аукциондардан;

мыналарды: салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті, салық міндеттемелерін қамтамассыз ету мақсатында кепілге салынған мүлікті.

Соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыруды сату бөлігінде мамандандырылған ашық аукциондардан:

мыналарды: соттардың атқарушы құжаттардың негізінде мемлекет кірісіне тіркелген мүлікті; белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;белгіленген тәртіппен мемлекетке өткен мүлікті сату жөніндегі аукциондардан.

банкрот кәсіпорындардың конкурстық массасын сату жөніндегі аукциондардан;

ҚР-ң заңдарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;

Бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.

Алым ставкалары аукцион  өткізу нәтижелері бойынша белгіленген мүлікті сату құнының 3 проценті мөлшерінде беліленеді.

Алымды есептеу мен төлеу тәртібін айтсақ төлеушілер алым сомасын салық салу объектісіне ставка қолдану арқылы дербес есептейді. Атқарушы құжаттар арқылы іс-жүргізу органдары өткізетін аукциондар  бойынша алым сомасын есептеу кезінде бюджетке есептелетін атқару сомасына қарай салық салынатын объектіге түзету жүргізіледі. Алымды төлеу аукцион өткізгеннен кейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Төленген алым сомалары қайтарылмауға тиіс.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар ҚР Президентінің жарлығы;

ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95  №309;

В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;

Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;

Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;

13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынылымдары», бухгалтерлік бюллетені, 2003 ж. наурыз, №14;

Бухгалтерлік бюллетень 2005ж, №5,№6,№7

Бухгалтерлік бюллетень, 2004 ж., қаңтар, №4, №5;

Бухгалтерлік бюллетень, 2003 ж., №35;

Бухгалтерлік бюллетень, 1998 ж., №16;

Стат. бюллетень 2004/4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 



Информация о работе ҚР салық салу ерекшеліктері