Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:22, курсовая работа
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
роялти нысанында алынған табыстары;
жалға беруден алған табыстары;
халықаралық тасымалдау процесінде транспорттық қызмет көрсетуден алған табысы;
резиденттердің төлеген ұтыстары;
тегін алынған мүліктерден түсетін табысы;
басқа да қызметтерден түсетін табыстары.
Қазақстанда қызмет ететін резидент еместердің алатын табысынан мына төмендегі мөлшерлемеде табыс салық ұсталынады:
дивидендтерден және қатыстық үлестерден алатын табысынан және сыйақысынан - 15% (1);
тәуекелділікті сақтандыру келісім-шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасынан — 10% (2);
қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру төлемінен —5% (3);
халықаралық байланыста тасымалдау қызметін көрсеткен табысынан — 5% (4);
Салық Кодекстің 178 бабы бойынша алынатын табысынан — 20% (1-ші мен 4-ші бабын қоспағанда) салықтар ұсталады (5).
Мыналар кірмейді:
Қазақстан Республикасының аймағында сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткізумен байланысты төлемдер;
банк-резиденттердің корреспонденттік шоттарын жүргізу және ашумен байланысты көрсеткен қызметінен алынатын табыстар;
бағалы қағаздарды сату кезінде олардың құнының өсімінен алынатын табыстар;
мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
шикі мұнай өнімдерінің сапасы бойынша төленетін төлемдер (Қазақстан Республикасының тыс жерлерінде);
сатып алушы-резиденттердің төлеген бағалы қағаздардағы қарыздар бойынша есептелген марапаттау сомасы.
Мысал. Қазақстан Республикасының резиденттік емес шетелдік компаниясы 10000 доллар сомасына кәсіпорынды басқарудың қыр-сыры туралы кеңес берген. Келісім-шарт талабы бойынша қажет соманы толық көлемде резидент емес компания төлейді, ал Қазақстан Республикасының аймағында пайда болатын салық бойынша барлық міндеттемелерін Қазақстан Республикасының резиденті болып саналатын "Тасты" ЖШС орындайды. Бұдан басқа, "Тасты" ЖШС-гі резидент емес компанияға тауарлары үшін дер кезінде төлемеген айыппұл санкциясын төлеген, оның мөлшері 5000 доллар құраған. Айыппұл санкциясынан, яғни резидент емес компаниядан салық ұсталынған. Айыппұл санкциясынан салық шегеріліп, қалған сомасы резидент емес компанияға аударылды. Енді біз осымен байланысты шоттар корреспонденциясын құрастырамыз.
қатар № | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | |
|
|
| дебет | кредит |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Басқару бойынша көрсеткен қызметі үшін "Тасты" ЖШС-не 10000 долларға төленуі тиісті шотын ұсынған немесе 1300000 теңге ҚР ¥Б бағамы бойынша 1 долларға 130 теңгеден келген | 1300000 | 821 | 671 |
2. | Шетел компаниясының алдындағы қарызы өтелді, яғни 10000 доллар деңгейіндегі қарызы төленді, бірақ сол кезде бір доллардың бағамы 133 теңгеден келген, яғни 1330000 теңге төленді | 1330000 | 671 | 431 |
3. | Бағамдық айырмасы бойынша шығысы көрсетілді 30000 теңге (10000 х (133-130)) | 30000 | 844 | 671 |
4. | Төлем кезіндегі салығы көрсетілді, ол резидент еместің табысынан ұсталып, бюджетке аударылды (1330000x20%) | 266000 | 821 | 639 |
5. | Сыртқы сауда келісімі бойынша 660000 теңгеге кешіктіріліп жеткізілген тауары үшін төленетін айыппұл кезеңдік шығыстың құрамында көрсетілген (5000 доллар, 1 долларға 132теңгеден келген) | 660000 | 821 | 671 |
6. | Айыппүл санкциясы бойынша төлем көзінен, яғни резидент еместің табысынан салық ұсталынған 132000 теңге (660000x20%) | 132000 | 671 | 639 "Төлем кезінде салынатан салық" субшоты |
7. | Төлем көзінен салық сомасы бюджетке аударылған (132000 + 266000) | 398000 | 639"Төлем көзінде салынатын салық" субшоты | 441 |
8. | Резидент емеске айыппұлының сомасы төленген 528000 теңге (660000 -132000) немесе 4000 АҚШ доллары (5000-5000x20%) ҚР ¥Б бағамы бойынша 1 долларға 132 теңгеден келген | 528000 | 671 | 431 |
Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салынатын салықтың тәртібі Қазақстан Республикасындағы тұрақты ұйымдардың қызметі арқылы жүзеге асады. Резидент емес заңды тұлғалардың табысына тұрақты ұйымдардың қызметімен байланысты барлық табыс түрі жатады. Шегерімге табысты алумен байланысты тікелей шығыстардың барлығы жатады. Резидент емес занды тұлғалар өз шегерімдерін тұрақты ұйымның шегеріміне жатқызуға құқығы жоқ, атап айтқанда:
бұл резидент емес заңды тұлғаның меншігін қолдану құқын ұсынғаны немесе қолданғаны үшін роялти, гонорар, алымдар және басқа төлемдерді жасауға;
көрсеткен қызметі үшін комиссиондық табыстарды алуға;
осы резидент емес занды тұлғаның ұсынған қарыздары (заемдары) бойынша марапаттауды алуға;
құжаттармен дәлелденбеген шығыстарды жасауға;
және басқа да.
Резидент емес заңды тұлғалар салықты таза табыстан төлейді.
Халықаралық келісім-шарт бойынша арнайы ережелері. Халықаралық келісім-шарттың ережелері салынатын салықтың екі жақты болмауын және бір жақтың салық салудан қашуын болдырмау үшін жасалынады.
б) Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы. Жеке тұлғалар Бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі 639 пассивтік шотында жүреді.
Жеке табыс салықты төлеуші | Салық салынатын объектісі | Салық мөлшерлемесі | Салық кезеңі |
Салық салынатын объектісі бар, Қазақстан Республнкасының резиденттік жеке тұлғасы
| Төлем көзінен алынатын табысына салынатын салық (салық Кодексімен сайкес салық салуға жатпайтын, табыстарынан, қоспағанда) Төлем көзінен алынатын табысына салынбайтын салықтар | 1.Ұтыс, марапаттау, дивиденд түріндегі табысы (сақтандыру қоры бойынша марапаттауды қоспағанда)-15%; 2. Адвокаттар және жеке нотариустар — 10%; 3. Басқа да табыстар: — 15 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейіні- салық салынатын табыстың сомасынан 5%; 15 еседен 40 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін — 15 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы +10% одан артық сомадан; 40 еседен 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткішке дейін — 40 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық сомасы+20% одан артық сомадан; 600 есе еселенген жылдық есептік көрсеткіштен және одан әрі қарай — 600 еселенген жылдық есептік көрсеткіштен салық салу сомасы + 30% одан артық сомадан | Күнтізбелік жылы |
Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзіне салынатын салық салық төлеушінің табысынан алынады, олардың қатарына:
- еңбеккерлердің табысы. Төлем көзінде салық салынатын, еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген жалақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық шегерімін азайтатын сомасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік т.б. табыстары кіреді.
Еңбеккерлердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы еңбеккерлердің табысына қолданатын мөлшерлеменің көмегімен есептелінеді.
Табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 639 шоты кредиттеледі;
бір жолғы төлемдерден түскен табыс. Бұңдай төлем түрлері алдын-ала жасалған келісім-шарт бойынша анықталады;
жинақтау зейнеткерлік қорларынан төленетін зейнеткерлік мөлешері, бұл өз кезегінде айлық есептік көрсеткіштерді (АЕК) азайтады;
жеке тұлғаға төленетін ұтыстар, марапаттаулар, дивиденттер, табыстың бұл түріне 15% деңгейінде салық салынады;
стипендия, бұларға да салық салынады, сондай-ақ стипендия мәдениет, ғылым, т.б. қайраткерлерге арналады;
сақтандыру қоры бойынша табысы.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады: мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және жеке нотариустардың табысы және т.б.
Резидент емес заңды тұлғалардың табысына салық салудың ерекшеліктері. Жеке шетел тұлғаларының табыстарына салық салу кезінде резиденттердегі қағидалар пайдаланылады, осыған сәйкес салық төлеушілер резиденттік және резиденттік емес болып бөлінеді.
Салық салу мақсатында жеке тұлға, егер де олар келесі тұжырымдамалардың кез келгеніне жауап берсе, онда олар Қазақстан Республикасының резиденті болып саналады:
Қазақстан Республикасына занды жолымен келген (тұрғылықты болу үшін);
Қазақстан Республикасына біршама уақытқа келген;
-Қазақстан Республикасына 183 календарлық күнінен кем емес уақытқа келген.
Егер де Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлғасының тұрған күні ағымдағы жылы 31 календарлық күннен кем болмаса және ағымдағы салық кезеңімен аяқталатын, үш жылдық кезең ішіндегі календарлық күні 183-тен кем болмаса, онда ол "біршама уақытқа келген" деген тұжырымдамаға сәйкес келеді. Үш жылдық кезең ішіндегі 183 календарлық күнінің кезеңі төменде келтірілген орташа коэффициенттер бойынша анықталады:
1 - ағымдағы салықтық кезеңдегі келген күндерінің санын есептейді;
1/3 - өткен салықтық кезеңде бірінші болып келген күндерінің саны;
1/6 - өткен салықтық кезенде екінші болып келген күндерінің саны.
Мысал. Қазақстан Республикасында шетелдік жеке тұлға 2000 ж — 132 календарлық күн, ал 2005 ж. — 105 календарлық күн, 2002 ж. — 130 календарлық күн келіп тұрған.
Келу күндерінің саны келесі жолмен есептелінеді:
1x130 + 1х105 + 1 x 132 = 130 + 35 + 22 = 187 күн
3 6
Сонымен, шетелдік жеке тұлғаның келген күні 187 күн, ал ол 183 күннен көп, демек оның келген күні біршама уақытқа келген деген тұжырымдамаға сәйкес келеді және Қазақстан Республикасының ағымдағы жылы үшін ол тұрақты келген болып саналады (салық резиденті).
Егер де жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болса, онда оның тұрған мерзіміне қарамастан, ол резидент болып танылады.
в)Әлеуметтік салық. Әлеуметгік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі, 635 "Әлеуметтік салық" деп аталатын шотында жүреді.
Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:
Әлеуметтік салықты төлеушілер | Салық салынатын объектісі | Салық мөлшерлемесі | Салық кезеңі |
Қазақстан Республикасындағы заңды тұлға резиденттері, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемелер арқылы өз қызметтерін жүзеге асырушы, резидент еместер | Енбеккерлердің кез келген табысы, ақшалай да, заттай да нысанындағы | Шетел мамандарының табысынан-11% Қалған басқа барлық еқбеккерлерден — 21% | Календарлық ай, әр тоқсан сайын есеп берумен бірге |
Жеке нотариустар, адвокаттар | Еңбеккерлердің саны, салық төлеушінің өзін қоса есептегенде
| Өзі үшін 3 айлық есептік көрсеткіші; Әрбір жұмыскер ұшін 2 айлық есептік көрсеткіші
|
|
Жеке кәсіпкерлер | |||
Салықтың арнайы тәртібін қолдаушы (шаруа қожалық-тары, фермерлік шаруашы-лықтары) жеке кәсіпкерлер
| |||
Айлық есептік керсеткіштен -20% |
-мемлекет, үкімет және халықаралық ұйымдар есебінен берілген гранттарға, төлемдерге; Қазақстан Республикасының Үкіметі және Президенті берген стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;
конкурстық, спортгық жарыста жүлделі орындары үшін берілетін ақшалай
сыйлықтарға;
кәсіпорындар өз қызметін тоқтатқан кезде жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
пайдаланбаған еңбек демалыстарына жұмыс берушілердің төлеген компенсацияларына;
жинақ зейнетақы қорларына аударылған жарнасына;
тікелей әлеуметтік көмек, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік бюджет қаржысынан төленетіндерге;
армия қызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;
қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;
мемлекеттік бюджеттің қаржысының есебінен төленетін бір жолғы төлемдеріне;
заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-сапар шығыстарының компенсацияларына;
босану мен екіқабаттылық бойынша жәрдем ақыға;
белгіленген мемлекеттік стипендияға;
берілген арнайы киімдердің құнына;
сақтандыру сыйлығына;
қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;
тағы басқаларына.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді, ол үшін еңбеккерлердің жалпы табысынан әлеуметтік салық ұсталмайтын сомасы шегеріліп, қалған сомадан әлеуметтік салық ұсталынады.
Мысал. Ағымдағы ай үшін еңбеккерлерге 100 мың теңге жалақы, сондай-ақ 20 мың теңге мейрам күндеріне, 15 мың теңге пайдаланбаған еңбек демалыстары үшін компенсация, 50 мың теңге қызмет бабы бойынша іс-сапарға барғаны үшін компенсация есептелінді делік. Енді біз ағымдағы ай үшін әлеуметтік салықтың сомасын есептеп шығарып көрейік. Жұмыс берушінің еңбеккерлерге төлейтін жалпы сомасы 185 мың теңге құраған, жинақ зейнеткерлік қорға төлейтін міндетті зейнеткерлік жарнасы 12 мын теңге құраған (120 х 10%), әлеуметтік салық салынбайтын еңбеккерлердің табысы 77 мың теңге құраған (12+50+15), ал әлеуметтік салықтың сомасы 22,7 мың теңге құраған [(185 - 77)х 21%].
Есептелген әлеуметтік салық мына шоттардың дебетінде: 903, 923, 933, 811, 821 және 635 шоттың кредитінде көрініс табады.
г)Жер салығы. Бюджетке төленетін жер салығының есебі 636 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.
Салық салуға жататын, жердің категориясы | Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы |
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер | Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, дем алатын, тарихи-мәдениетті мақсатқа арналған жерлер |
Елді мекеннің жерлері | Орман қорлары |
Өндіріс, транспорт, байланыс, корғаныс және басқа да ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері
| Су қорлары |
Жер қорлары |