ҚР салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:22, курсовая работа

Описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қр салық салу ерекшеліктеріКурсовой.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

Коммерциялық табу бонусы тіркелген төлем болып табылады және оны келісім-шарт аумағындағы әрбір коммерциялық табыс табу үшін жер қойнауын пайдаланушылар төлейді. Коммерциялық табу бонусы бұдан былайғы өндіру процесі көзделмеген пайдалы қазбалардың кен орындарына барлауды жүргізуге арналған келісім-шарттары бойынша төленбейді. Коммерциялық табу бонусын есептеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Коммерциялық табу бонусының мөлшері салық салынатын объектісінің, төлем есептелінетін базасының және мөлшерлемесінің негізінде анықталады.

Салық салынатын объектісі

Төлем есептелінетін базасы

Бонустын мөлшерлемесі

Мемлекеттік органдарының осы мақсат үшін өкілеттігі бекіткен пайдалы қазбалардың орнынан алынатын көлемі

Алынатын пайдалы қазбалардың бекітілген көлемінің құны. Төлем жүзеге асатын күніне сәйкес алынатын запастардың биржалық бағасынан шығатын құны

Коммерциялық табу бонусының мөлшерлемесі алынатын запастардың құнына сәйкес, пайыздық мөлшерлемесінде белгіленеді, бірақ олардың мөлшері 0,1% кем болмауы тиіс

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Роялти. Роялтиді жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша жеке-жеке төлейді. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттарда роялтиді, әдетте, ақшалай түрде төлеу белгіленеді. Келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыру барысында, тараптардың қосымша келісім негізінде роялтиді төлеудің ақшалай түрі белгіленген мерзімде ақшалай түріне балама төлем жасауына, яғни заттай нысанында төлеуіне болады, бірақ ол уақытша сипатта болады.

Пайдалы қазбаларды жүзеге асырып жатқан және жер койнауынан апатты минералды қоспаларын алушылар да салық төлеуші болып табылады. Роялтидің деңгейі салық салынатын объектісіне, салық базасына және мөлшерлемесіне байланысты анықталады.

Роялти көмірқышқылы қалқып жүретін шкаласы бойынша пайыздық мөлшерлемесі белгіленеді, яғни өндірілетін өнім көлеміне тәуелді анықталады, ал ол кезде мына екі әдістің бірін пайдаланады:

- контрактіде қаралған қызметінің барлық кезеңінде өндірілетін көмірқышқылдық көлемінен алынады;

-контракт бойынша әрбір жылда өндірілетін өнімнің көлемінен алынады.

Алтын, қола, күміс т.б. қымбат металлдар мен тастарды өңдірген кезде роялтидің тұрақты мөлшерлемесі алынады. Жер астындағы суларға роялти төленбейді.

Өнімді бөлу туралы контрактісі. Бұл жерде мынадай шарттар қаралады:

-бөлуге жататын өнімнің жалпы көлемі;

-Қазақстан Республикасының үлесі және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы (табыс әкелетін) өнімін анықтау;

пайдалы өнімді бөлудің нысаны (ақшалай, заттай);

контракті бойынша орындалған жұмысқа кеткен шығынды өтеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға меншігі ретінде берілетін өнімнің үлесін анықтау;

  -алынған үлестің ақшалай эквивалентіне өнімнің құнын және бағасын белгілеу. Жер қойнауын пайдаланушылардың үлесі жалпы өндірілген қазба байлықтың 80%-тен аспауы керек. Өтелетін шығынның құрамына:

-контракт күшіне енгенге дейінгі жер қойнауын пайлаланушылардың нақты жұмсаған шығындары енеді, яғни: жобаның техникалық-экономикалық негіздеу, әзірлеу, дайындау шығындары; осы жобамен байланысты іздестіру, бағалау, барлау жұмыстары

-контракт күшіне енгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушылардың жұмсаған шығындары жатқызыла бастайды, бұл осы контракт мерзімінің аяқталған уақытына дейін созылады.

Компенсациондық өнімнің есебінен өтелмейтін шығындардың қатарына:

жер қойнауын пайдаланушылардың құқын алу мақсатында конкурсқа қатысуы үшін төленген жарнасы;

геологиялық ақпараттарды алуға кеткен шығандары;

жер қойнауын пайдаланушылардың компенсациясы ретінде алған өнімді сатумен байланысты шығыстары;

шаруашылық-қаржылық қызметін аудит жасаумен байланысты шығыстары;

экскурсияға және саяхат жасауға кеткен шығындары;

соттың ісін қарауымен байланысты шығындары;

   -қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық төлемдері;

  -кез келген мемлекеттік пайдаланушылардан алынатын айыппұл мен өсімдер;

  -контракт қызметіне жатпайтын басқа да шығындары.

 

 

 

 

 

 

 

2.  Бюджетпен есеп айырысу есебі

2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі

а) Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.

Қосылған құнға салынатың салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.

Сондай-ақ, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.

Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.

"Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.

Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 15 пайызын құрайды (ҚҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда). Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен, алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.

1

 



 

Қосылған құн салығын төлеуші

Салық салына-тын объектісі

Салық мөлшерлемесі

Салық кезеңі

Қосылған құн салығы бойынша есепте тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады

Салық салынатын айналым

Қазақстан Республикасының аймағында сатқан кезде,15% мөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде, оның нольдік пайызы алынады

Календарлық ай. Егерде ай сайын төленетін ҚҚС сомасы 1000 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі тоқсан сайын төленетін болып шешіледі. Ал ауыл шаруашылығының өнімін өндіретіндер үшін төлеу кезеңі салықтық жыл болып танылады

Қазақстан Республикасының кедендік заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұл-ғалар қосылған құн салығын төлеуші болып табылады

Салық салынатын импорт

                 15%

 

 

 

110000 МЕК құрайтын тауар айналымы бар кез келген тұлға 15 календарлық күннен кешіктірілмей салық органына есепке тұру үшін өтініш беруі керек. Оның сату бойынша айналымын анықтаған кезде, қосылған құн салығынан босатылған тауардың айналымы, сондай-ақ жеке тұлғаның өз мүлкін сатқандағы айналымында, егер ол кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса есепке алынбайды. Есепке тұрғаннан кейін, оған қосылған құн салығын төлеуші ретінде куәлік беріледі.

Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, қызметті) сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады. Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынша белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатылатын құнын негізге ала отырып анықтайды.

Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы). Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады.

Қосылған құн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:

Тауар бойынша

Жұмыс пен қызмет бойынша

Тауарды тиеу орны, егерде

жабдықтаушы, алушы немесе үшінші тұлға болса

Қозғалмайтын мүліктің тұрған жері, егерде жұмыс пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса;

Алушыға тауарды беру орны

 

 

Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер олар

сол мүліктің қозғалысымен байланысты болса;

Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт;

 

 

Касіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез келген қызметі, келесідей жұмыс пен қызметке   қатысты болса:

- өз меншігіндегі құқық объектісін пайдалануға берсе;

- кеңес, аудиторлык, инжиниринголық, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсетсе;

-қозғалыста болатын мүлктерін жалғаға берсе (транспорттық құралдың транспорттық ұйымға көрсеткен қызметінен басқасы;  - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу (немесе табу) бойынша агенттердің қызметі;

- байланыс;

- туризмді ұйымдастыру бойынша.

 

Тауар (жұмыс, қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салық сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетқа жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылған құн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті таңдай алады. Пропорционалды әдісте қосылған құн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша анықтайды және соның деңгейінде зачетқа жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал бөлек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, қызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.

Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жузеге асыратын қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетгі. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 331 шоты дебеттеліп, 333,671, 687 шоттары кредиттеледі.

ҚҚС есептеу кезінде 301 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты дебеттеледі де, 633 "Қосылған құн салығы" шоты кредиттеледі.

Содан соң 301 шотының кредитінен 633 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 633 шотының дебетінде, 441 "Есеп айырысу шотындағы колма-қол ақша" шотының кредитінде көрініс табады.

Сатып алушылар бұрындары ҚҚС-ның сомасы төленген тауарларды қайтарған кезде, ол 633 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады. ҚҚС-ньщ төленген бұл сомасы, 687 шотының дебеті мен 687 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

ә) Акциздік салық — сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акцизді есептеген кезде 301 шоты дебеттеліп, 634 «Акциз» деп аталатын шоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 634 дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

Информация о работе ҚР салық салу ерекшеліктері