ҚР салық салу ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:22, курсовая работа

Описание

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1. Салық және салық салудың есебі
1.1 Салық туралы түсінік
1.2 Қазақстан Республикасының салық заңдылықтарының дамуы
1.3 Тікелей салық бойынша есеп айырысудың есебі
2. Бюджетпен есеп айырысу есебі
2.1 Жанама салық бойынша есеп айырысудың есебі
2.2 Басқа да алымдар мен міндетті төлемдер бойынша есеп айырысудың есебі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Қр салық салу ерекшеліктеріКурсовой.doc

— 383.00 Кб (Скачать документ)

күрделі сипаттағы шығыстар, яғни тіркелген активтерді салуға және сатып алуға кеткен шығыстар;

мемлекеттік бюджетке төленетін айыппұлдар мен өсімдер;

жылдық жиынтық табысты алумен байланысты болса да, бірақ Салық Кодексінің белгіленген нормасынан артық болса, онда ол шегерімге жатқызылмайды;

Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген, нормадан жоғары, төлеуге (төленуге) жататын міндетті бюджет телемдерінің басқа да сомасы;

-кәсіпкерлік қызметте пайдаланбайтын, құрылыс объектілерін салу, пайдалану және күтіп-ұстау шығыстары;

-тегін берілген мүліктердің, жұмыстардың, қызметтердің құны.

Кәсіпкерлік қызметтен тартқан зияндар (егер шегерім түзетілген жылдық жиынтық табыстан асып кетсе), сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланған ғимараттардан, қондырғылардан тартқан зияны салық төлеушінің келешектегі табысының есебінен өтеу үшін үш жылға дейін төлеу мерзімі кейінге қалдырылады.

Бағалы қағаздарды сатқан кезде шеккен зияны олардың құнын өсірудің есебінен өтеледі, бұл шара мүмкін болмаған жағдайда оның өтелу мерзімі үш жылға дейін кейінге қалдырылуы мүмкін.

Корпорациялық табыс салығын есептеген кезде 851 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептелінеді.

Корпорациялық табыс салығын бюджетке төлеген кезде оның ішінде аванстық төлемін қоса алғанда 631 шоты дебеттеліп, 441 шоты кредиттеледі.

851 шотының дебеті бойынша және 632 шотының кредиті бойынша кейінге қалдырылған салықтың пайда болғанын немесе ағымдағы кезеңде уақытша айырмасының жойылғанын, болашақта бюджетке төленуге жататындығын көрсетеді. Жыл соңында табыс салығы бойынша жұмсалған шығыс сомасына 571 шоты дебеттеліп, және 851 шоты кредиттеледі.

ә) Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар. Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 632 "Кейінге қалдырылған корпорациялық табыс салығы" шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салық есебінің талаптарындағы айырманың нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында қаралған және есеп стандарттармен қарастырылған қағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық есепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен анықталады.

Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгі құрал-жабдыктарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі құнын, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік қызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама калыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті занды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиімділік туындайды.

Тұрақты айырмашылықтар - бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұрақты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:

жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейнге абонементтерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды:

бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық  табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді.

-қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды;

- марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;

-несие бойынша, сонын ішінде қаржылық лизинг бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта қаржыландыру коэффициентінің 1,5-ке еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банкаралық нарықтың 2-ге еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде баска есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан бірінде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға:

-материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша жасалатын амортизациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебінде тек қалдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ақ екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.

-бухгалтерлік есепте негізгі құралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;

-15% асқан сомасы негізгі құралдың құндық балансына қосылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

-бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салық есебінде аталған зиянды құнның есімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;

-салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын қоспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық қана алынады;

-теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады.

Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезеңдердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады және басқа да.

Тұрақты жөне уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюға болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уақытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.

Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сәйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.

Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 632 "Кейінге қалдырылған табыс салығы" шотында көрініс табады.

Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысында, өзіне мынаны енгізеді:

-салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша анықталады:

Бухгалтерлік   +   Тұрақты    +  Уақытша

табыс               ─  айырмасы  ─ айырмасы

-уақытша айырманың салықтық эффектісі

1

 



 

сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан анықтайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.

- кейінге калдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 632 шотта көрініс табады.

1

 



 

  Қатар

     №

Шаруашылық операцияларының мазмұны

 

Шоттар корреспонденциясы

 

 

 

 

 

дебет

кредит

1

2

 

3

4

1.

Есептелген корпоратавтік табыс салығы

 

851

631

2.

Кейінге қалдырылған табыс салығын есептеу

 

851

632

3.

Кейінге қалдырылған табыс салығын есепті кезеңнің басына түзету

 

851

632

Кейінге қалдырылған табыс салығының сомасын есептеу (есепке алу) үшін әрбір уақытша айырма бойынша жеке аналитикалық (талдамалы) негіздеме жүргізіледі. Аналитикалық тізімдеменің есебі негізінде келесі нысанда жасалады.

Уақытша айырмасының сомасының белгісін (таңбасын) салық салынатын табысқа тигізетін әсеріне қарап анықтайды. Өйткені олар салық салынатын табысты азайтуы да, көбейтуі де мүмкін. Біздің мысалда бірінші жолдағы уақытша айырманы "—" таңбасымен белгілеген, өйткені салық есебіндегі қосымша шегерімдер салық салынатын табысты азайтқан. Екінші және үшінші жолдағы таңбасын (яғни, жөндеуге кеткен шығыстар мен салықтар) "+" белгілеген, өйткені салық есебінде барлық шығыстар таныла бермейді, бухгалтерлік есепте олар тұтастай көрініс тапқанымен, нәтижесінде, салық салынатын табыс салығы жоғары болған, бухгалтерлік есептегісіне қарағанда. Сондықтан таңбаны дұрыс қою үшін, әр уақытта салық есебін бухгалтерлік есептің мәліметімен салыстырып отыру керек. Егер де уақытша айырма жойылған кезде, онда оған қарама-қарсы таңбасы қойылады да, оған келесі шоттар корреспонденциясы жасалады, демек 632 шоты дебеттеліп, 631 шоты кредиттеледі. 632 шоты бойынша көп жағдайда кредиттік қалдық қалады, демек ол келешекте төленетін салықтын міндеттемесін көрсетеді. Сонымен қоса, оның дебеттік сальдосы да болуы мүмкін, егер де күн бұрын төлем жасалса. Бұл кезде оң айырма қалыптасады және ондағы салық эффектісі 632 шоттың дебеті және 851 шотгың кредиті бойыша көрініс табады.

Егер де бұндай дебеттік сальдо күмән туғызатын болса, онда олар шығын ретіңде танылады, демек ол 851 шотының дебеті мен 632 шотының кредиті бойынша көрініс табады.

Бухгалтерлік баланста кейінге қалдырылған табыс салығын көрсету үшін оларды қысқа және ұзақ мерзімділігі бойынша жіктейді. Кейінге қалдырылған салықты жіктеу активтердің немесе міндеттемелердің негізінде жүзеге асады. Егер де уақытша айырма тауарлы-материалдық запастарға қатысты болса, онда ол қысқа мерзімді болып есептелінеді, ал егер де ол негізгі құралға қатысты болса, онда ол ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Егер де уақытша айырмасын активтермен де, міндеттемелермен де байланыстыруға болмаса, онда олардың жойылатын уақытын негізге алады.

Қазақстан Республикасының Салық Кодексі (125 бабы бойынша) кәсіпкерлік қызметтен, сондай-ақ ғимараттарды, қондырғыларды сатқаннан шеккен зиянды алдағы үш жылдың салық салынатын табысынан өтеуге рұқсат етіледі.

Тартқан зиянның келешектегі алынатын табысқа зачет етілуі кәсіпорынның экономикалық потенциалына жол ашады. Осындай операцияның есебінен алынған экономия есептік кезеңнің таза табысына енеді, бірақ ол жағдайда өзгеруі мүмкін.

Информация о работе ҚР салық салу ерекшеліктері