Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат
Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен -еңбек», -деп айтудың өзі де жайдан –жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу -өнер, ғылымды игерді.
Еңбек
өндіріс факторы ретінде
Жұмыс күші – адмның дене еңбегі мен рухани қабілітінің жиынтығы.Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адмның мақсатты іс - әрекеттері. Іс - әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағытталуы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай – ақ жинақталған тәжірибелерімен, ақпараттармен алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.
Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардын, құрал – жабдықтардан, саймандардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.
Жер,
еңбек және капитал жеке
16. Ренталық қатынас теориясы. Табиғат ресурстары (жерді) рента түріндегі табыс әкеледі. Рента дегеніміз бұл кәсіпкердің (арендатордың) жер, қазба, орман және басқа табиғат ресурстарын қолданғаны үшін уақтылы төлем ақы. Негізгі табиғат ресурсы бұл жер. Оның ерекшелігі – оның көлемі өзгермейді.сондықтан жер рентасының көлемі жерге деген сұранысқа тікелей байланысты. Сонымен қатар рента табиғат жағдайына (климат, топырақ сапасы және т.б.) және жердің орналасуына (жақындығы мен алыстығына) байланысты болады
Жер рентасы 2 негізгі формада
болады:дифференциалды және
- Дифферециалды рента 1 жер учаскілерінің өнімділігі мен тиімділігіне байланысты алынады.
- Дифферециалды рента 2 капиталдық салымдарға байланысты бір жердегі әртүрлі өнімділікке байланысты.
Абсолюттік
рента жер учаскілерінің
Жерді
иемдену (иелік ету) - жеке адамның
немесе заңды ұйымның белгілі
бір жер теліміне (учаскесіне) құқығын
мойын-дау. Негізінде жерге
Жаңа классикалық мектеп өкілдері ресурстың (жердің) сатылатындығы өте тиімді, қолайлы деген көзқарасты қолдайды. Өндірістің эртүрлі факторының баға дэрежелерін салыстыру (мысалы, жалақы қойылымын аренда төлемінің қойылымымен) өндірушіге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде еңбек пен капиталдың үйлесімділігі, шығындар мен тиімділік туралы маңызды мәліметтер береді.
Рыноктық экономика жағдайында жер тауарлы сипат а лады,ол сатып алынады жэне сатылады. Осымен байланысты жер бағасының қалай анықталатыны маңызды:
Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %
Жер бағасы теориялық түргыдан осылайша анықталады. Тэжірибеде жер бағасы жеручаскесінің сұранысы мен үсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Қазіргі таңда ренталық қатынастарды жүзеге асыру аясындағы өте өзекті болып отырған мэселелер:
-жер рентасының нақты сандық анықталуы;
- жер рентасын қоғамдық мүқтаждықтар үшін пайдаланудың жэне алудың қағидаларын негіздеу;
- жер рентасын жер салығы жэне жерге жалдамалық төлем арқылы алудың нақты механизмін жасау;
- жер
учаскелеріне бағаны
17. Капиталдың қорлануы. Инвестицияға капиталдық салымдар.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Тауар
өндірісі пайда болып қалыптасқаннан
бері, капитал мынадай тарихи формалар
алған: сауда капиталы (көпес капиталы
түрінде), — тарихи капиталдың ең көне
еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін
— өнеркәсіптік.
Қазір әрекет ететін капитал-бұл айналмалы қордың сомасының қысқа мерзімді қарыз міндеттемелер сомасынан артықтығы. Негізгі және айналмалы қорлардың қызметтерін сипаттау үшін олардың пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер қолданылады. Бұлардың екі түрі бар:
1)Қайтарым
(қор қайтарымы) көрсеткіштері:
Қор қайтарымы негізгі капитал дәрежесінің тікелей көлемі болып табылады. Қор қайтарымының керісінше көрсеткіші қор сыйымдылығы деп аталады.
2)Сыйымдылық
(қор сыйымдылығы)
Қор қайтарымының көрсеткіші негізгі капиталдың бірлігіні қанша өнім шығарылады деген сұраққа жауап береді. Мысалы, егер өндірілген өнімнің көлемі 927 мың теңге, ал негізгі өндірістік қорлардың уақыт мерзіміндегі орташа көлемі 600 мың теңге болса, онда қор қайтарымы мынандай болады. Фо=27 мың теңге/ 600 мың теңге=1,544
18. Жер рентасының формалары.
Жерді иемдену (иелік ету)- жеке адамның немесе заңды ұйымның белгілі бір жер учаскесіне құқығын мойындау. Көпшілігінде жерге иелік ету жерге жеке меншіктің үстемділігімен түсіндіріледі. Жерге иелік етуді жер иесі атқарады. Жерді пайдалану қалыптасқан дәстүрге немесе заңдық тәртіпке сай жерді пайдалану. Жерді пайдаланушы жер иесі болуы міндетті емес. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемдену мен жерді пайдалану, көп жағдайда, бір-біріне сәйкес емес.
Жер рентасының орын алуының шартты жағдайы өндірістің маңызды факторы жерге деген ұсыныстың шектеулі болуы. Еңбек пен капиталға деген ұсыныстың қалыптасуында осындай шектеулілік орын алмайды, өйткені оның екеуі де еркін, ұдайы өндіріледі.
Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті жер рентасы.
Рыноктық
экономика жағдайында жер тауарлы сипат
алады, ол сатып алынады және сатылады.
Осымен байланысты жер бағасының қалай
анықталатыны маңызды:
Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызының мөлшері * 100 %
Жер бағасын осылайша анықтау бұл теориялық тұрғыдан. Практикада жер бағасы, жер учаскесінің сұранысы мен ұсынысына ықпал ететін көптеген факторларға тәуелді. Мысалы, жер бағасының өсуін ауыл шаруашылығы мақсатын көздемейтін жерлерге деген сұраныстың барған сайын өсуімен де түсіндіріледі. Жерге сұраныстың күрт өсуі (жалпы қозғалмайтын мүліктерге) инфляциямен, әсіресе гиперинфляциямен байланысты, бұл тиісінше жер бағасының өсуіне әкеледі.
19. Рынок: мәні, сипаттамасы, негізгі қызметтері.
Рынок- өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Рынок жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Рыноктың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер рыноктағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.
“Рынок
белгілі бір өнімдер сатылып-
Рыноктың атқаратын қызметтері:
Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қамтамасыз ету.
Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер рыноктық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Рынок адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтиды. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
20. Өндіріс ж/е ұдайы өндіріс. Жай ж/е ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім б.т. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас ж/е тұтыну. Өндіріс – пайдалы өнім шығару процесі. Осы кезеңде эк ресурстар – жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет сынды өндіріс факторларының өзара ұштасуы қажет. Оның қоғамдық өнімнің қозғалысындағы орнына қарай экономисттер әр түрлі бағыттар ұстанады. Біреулер, бұл саты шешуші мағынаға ие, материалды ж/е рухани игіліктер өндірілмесе, не бөлініп, айырбасталып, тұтынылар еді десе; екіншілер, экономика тек айырбас болғанда қалыптасады, сондықтан тек айырбас пен бөлу шешуші сфераларға жататындығын айтады. Өндірісті екінші кезекке қою экономикаға орасан зор зиян келтіретіні түсінікті. Еңбек өнімділігінің рөлі, мазмұны мен беделі төмендесе, тұтастай қоғамның жасампаз еңбегінің де құлдырауы. Ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай ж/е ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұд өндіріс - өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы, ал ұлғаймалы ұд өндіріс – ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы. Қоғамдық өндірістің тиімділігі өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады. Ұдайы өндірісті екі тұрғыдан қарастыруға болады: жеке-дара ж/е ұлттық экономика деңгейіндегі ұд өндіріс. Жеке-дара ұдайы өндіріске кәсіпкерлік қызмет ж/е оның дамуы арқылы жүзеге асырылатын өндірісті жатқызсақ; ұлттық эк деңгейіндегі ұд өндіріске мемлекет тұрғысынан қаралатын жиынтық өндірістің қалыптасуы мен даму дәрежесін жатқызымыз
21. Рынок түрлері мен типтері, жіктелу критерийлері. Рыноктың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады: 1. Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа: -тұтыну тауарлары, яғни азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары жатады. – қызмет көрсету (тұрмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет). – тұрғы үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыноктары жатады. 2. Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы: - жылжымайтын мүліктер рыногы; - еңбек құралдарының рыногы; - шикізаттар мен материалдар рыногы; - пайдалы қазбалар рыногы; 3. Қаржы рыногы. Оған: -капиталдар рыногы немесе инвестициялық рынок; - несие рыногы; - бағалы қағаздар рыногы; -валюта- ақша рыноктары жатады. 4. Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық қызмет, өнер және әдебиет туындылары). 5. Еңбек рыногы; 6. Аймақтық рыноктар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық). Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген бәсекенің белгілері:- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; - рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; - өндіріс факторларының мобилділігі жоғары; - рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; - ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсеке түрлері: 1. Таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен монопольды пайда. 2.Монопсония- белгілі бір тауардың бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымының типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопльдық пайда алады. 3. Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-әрекеті. 4. Монополистік бәсеке- дифференциялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды. Кез-келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі , дербестігі, тәуелсіздігі. Сату түріне байланысты: 1. Көтерме сауда нарығы; Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді. 2. Бөлшек сауда нарығы. Бұнда сатып алушылар жеке азаматтар. Географиялық жағдайына байланысты: жергілікті, аймақтық, ұлттық, әлемдік нарықтық. Бәсекенің шектелу дәрежесіне байланысты: монополиялық, еркін, аралас нарық. Экономикалық міндетіне байланысты: тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, қаржы нарығы, құнды қағаздар нарығы.