Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат

Описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.

Работа состоит из  1 файл

экон теория 2010ж.docx

— 95.39 Кб (Скачать документ)

40.       Несиенің мәні  мен формалары.  Ақша-несие саясатының  негізгі бағыттары. Несие сөзбе-сөз аудармада сенім деген түсінік береді. Бұны белгілі бір капиталдың басқа бір кәсіпорындағы солардың айналымы деп ж/е сол кәсіпорынмен келісім деп түсінуге болады. Несиелік келісім-бұл төлемі мезгілінен кешіктірілген сатып алу-сату болып табылады. Несие туралы оның мәнін ашып көрсету үшін мынадай жайттарды айту керек:несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы.несие өзінің қозғалысын әр түрлі формада жүргізеді. Несиелік кеңістіктің сипаты бойынша несие халықаралық, мемлекеттік, банктік, коммерциялық, тұтынушылық, кепілдік болады.Коммерциялық несие төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның обьектісі-тауарлық формадағы құралдар. Мақсаты-тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету. Банк несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Кредитор қызметін банк атқарады. Банк несиесі бір жылдық мерзімге дейін берілетін қысқа мерзімдік және одан ұзақ мерзімге берілетін ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Халықаралық несие-бұл ссудалық капиталдың халықаралық экон-қ қатынастың аумағындағы қозғалысы, оның тауарлы н/е ақшалай нысаны болады. Үкімет, банктер, жеке фирмалар несие берушіде, несие алушыда бола алады. Мемлекеттік несие-мемлекет несиені халыққа ж/е жеке бизнеске береді. Бұл несиенің қайнар көзі мемлекеттік займ облигациялары болып табылады. Тұтынушы несие-жоғары поцентте(30%) көбіне анықталған мерзімге(1 жылдан 3 жылға дейін) жеке тұлғаға берілді. Бұл несие мерзімі ұзартылған төлемді тауарды сату түрінде бөлшек дүкендер арқылы н/е банк ссуда беру түрінде беріледі. Кепілдік несие-несие кепілдеме түрінде беріледі, яғни ақша, мүлікпен қамтамасыз етіледі. Бұл несиені банктер жеке тұлғаға қозғалмайтын мүлікті кепіл ретінде алып беріледі. Бұл несиенің қайнар көздері: ипотекалық облигациялар, оны банктер және кәсіпорындар шығарады. Ақша-несие саясаты-бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкон-қ деңгейдегі обьектісі-Ұлттық банк болып табылады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатынң басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету ж/е теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.ақырғы мақсат:1.экон-қ өсу 2. толық жұмысбастылық 3.бағаны тұрақтандыру4.төлем балансын тұрақтандыру. Аралық мақсат: 1.ақша жиыны 2. пайыз мөлшерлемесі 3.айырбас курсы. Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күні негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржы жүйесін құру.

41.    Бәсеке мәні. Бәсекелік күрестің түрлері.

БӘСЕКЕ  – РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ БІРІ

Бәсеке- шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық бақталастық . Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде сондай-ақ капитал салу аясындағы рыноктық субъектілердің  әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады.

Жетілген  бәсеке- өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген  тауар өндірушілердің арасындағы күрес. Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді: сатушылар арасында, сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында. Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі рыноктық экономикада қолданылатын экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Әділетсіз бәсеке :

1) Бәсекелесі  туралы жалған, теріс ақпар беру.

2) Тауарлардың  сапасы, өндірілген жері, өндіру  тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.

3) Бәсекелес  фирмалардың тауар белгісін, фирма  атауы мен маркасын заңсыз  пайдалану.

4) Қойылған  талаптарға сай келмейтін тауарларды  жарнамалау.

5) Бәсекелестердің  тауарларына нұқсан келетін дәйексіз  салыстыруларды пайдалану.

6) Құпия  ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б.  ақпараттарды жария ету.

Барлық  елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни, өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады (бірдей тауарларды әртүрлі бағамен сатады).

Сонымен қатар, бағалық емес күрес әдістері де жиі қолданылады. Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері- тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг - өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.

42.   Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері

Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік  бюджет басты орын алады.

Ел бюджетінің қүрылымы, алдымен осы елдің мемлекеттік қүрылымынан тәуелді болады. Унитарлық мемлекеттерде бюджет жуйесі екі қабаттан түратын қүрылым түрін алады — мемлекеттік және жергілікті бюджет. Федераддық мемлекеттік қүрылымы бар елдерде (АҚШ, ФРГ) арабуын болады ~ штаттардың, жерлердің жоне осыларға сәйкес келетін әкімшіл қүрылымдардың бюджеті.

Мемлекеттік бюджет - бүл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті олеуметтік-экономикалық қыз-меттер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады.

Бюджет, осымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашьшык конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы ша-раларды жүзеге асырудың куатты қүралы болып табылады.

Бүгінгі мемлекеттердің бюджеттері олардың  копсалалы қызметтерін бейнелейтін  күрделі қүжат деуге болады. Ол -мемлекеттік шығындардың және оларды өтейтін қаржы коздерінің жылдық жоспары. Бюджеттін жобасы жыл сайын заң шығаратын органда талқыланады және елдің, штаттың парламентінде, немесе, муниципалдық жиналыста қабыдданады. Қаржылык жыл біткеннен соң атқару үкіметінің окілетті екілдері, алдыңғы жылғы бюджет туралы қабылданған заң бойынша оздерінің табыстарын жинақтау туралы жоне жасалған шығындар туралы есеп береді. Орталық үкіметтің бюджеті мен жергілікті бюджеттердін ара-сында бюджет табыстарының козін болу туралы, ел масштабында қаражаттарды кдйта болу арқылы, орталық үкімет жағынан жергілікті бюджеттерді кдржыландыру туралы жеңіл емес қатынастар пайда болады. Сондықтан мемлекеттік бюджет тек орталық үкіметтің бюджеті емес, ол мемлекетгік экімшілдік-территориялык үкім Бюджет шығындарының бірінші орнына ие болушы әлеуметтік баптар: олеуметтік жәрдемдер, білім, денсаулык сақтау және бас-қалар. Бұл мемлекеттік экономикалык саясатыныц басты макса-тын долелдейді — элеуметтік-экономикалык күрылысты түрақтан-дыру, нығайту және оны озгермелі жағдайлармен үйлестіруді. Осы шығывдар нарық шаруашылығына тон болатын олеуметтік топтар-дың жіктелу зардаптарын жеңілдетуді, ол-аукаты томен топтардың лайыкты білім алуын және медициналық қызметімен қамтамасыз етілуін коздейді. Олар түрғындарға белгілі бір тіршілік дорежесін камтамасыз етуге тиісті.еттердің барлык дорежедегі бюджеттерінің жиынтығы болып табылады.

Бюджеттік шығындар арқылы жүргізілетін мемлекеттік  реттеудін әсерлілігі мынадай жағдайларға  тәуелді болады: біріншіден, жүмса-латын соманың салыстырмалы колеміне (ЖІӨ-дегі олардың үлес салмағьша); екіншіден, осы шығъшдардың қүрылымьша; үшіншіден, қаражаттардың әр бірлігінің пайдалануының тиімділігіне. Экономичны мемлекеттік реттеу дөрежесінің, оның нақты мақсаттары-ның әр елдерде бірдей болмағандығынан, мемлекеттік меншіктің үлесін бағдарлаудың үлттық төжірибесі бірдей болмағандықтан, халық шаруашылығындағы бюджеттік шығындардың рөлі де бірдей болмайды.

43.     Монополия және бәсеке. Монополияның пайда болу себептері.   

Берілген  тауарды өндіретін тек бір  ғана жеке фирма бар және осы тауарды  ауыстыратын басқа тауарлар жоқ  деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық  — монополия деп аталады, ал фирма  — монополист деп аталады. Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.

Монополия бір жағынан бәсекенің, ал екінші жағынан мемлекеттің экономикалық жүйеге араласу нәтижесі болып табылады. Бәсекенің ерекшелігі, өндірушілердің  бәсекелік артықшылықтары тұрақты және ұзақмерзімді сипатқа ие болу жағдайында ол өзіне қарама – қарсы монополияға үдемелі түрде ұласады. Өз кезегінде  мемлекет әрекеттерімен пайда болған монополиялар ұлттық шаруашылықтың көптеген салаларын қамтып қана қоймай, сонымен бірге жалпы қоғам өмірінің экономикалық, саяси және әлеуметтік сферасына белсенді әсер етеді.

  Еркін  бәсекелестік жағдайда ұсыныс  пен сұраныстың ауытқуы бір  салада өнімді көп шығарып  дағдарысқа ұшыраса, екінші салада  тауар жетіспейді. Бір фирманың  табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал  шоғырланып орталықтанады, ол  монополия құрылуына әкеледі.  Яғни нарықты басып алады, әлсізді  шығарады. Монополия деген сөздің  мағынасы: моно – жалғыз, полия – сату.   

Монополия типтерінің ішіндегі негізгілерінің біріне табиғи монополия жатады, менің пікірімше  табиғи монополия  бір кәсіпорында белгілі – бір өнімнің өндірісінің шоғырлануының алдын – алуға бағытталған шаралар жүйесі экономикалық мақсатқа сай болмаған жағдайда пайда болады. Табиғи монополия өнім шығарылымы көлемінің өзгерісі жағдайында өндіріс құралдары көлемі өсуімен шығындар төмендеген жағдайда туындайды.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне  байланысты  монополияның төмендегідей түрлері болады:

1) Жабық  монополия. Ол бәсекелестіктен  заңды шектеулер көмегімен қорғалған  кезде пайда болады.

2) Табиғи  монополия. Белгілі бір көлемдегі  өнімді бір фирмада өндіру, оны  екі немесе одан да көп фирмаларда  өндіргеннен арзанға түсетін  өндіріс саласы. Яғни, шығындарды  азайту мақсатында монополия  пайда болады.

3) Ашық  монополия. Берілген тауарды өндіретін  тек қана бір фирма болып  және оның бәсекелестіктен ешқандай  арнайы қорғанышы жоқ болатын  жағдай.

44.   Мемлекеттік салық жүйесі. Салықтар және олардың түрлері

Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп  заң актілерімен белгіленген  тәртіп пен шарттарға сәйкес, толеушілердің  бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарна-лары аталады. Үлттық табысты қайта болу факторы бола отырып, салыктар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде  пайда болатын қателіктерді жоюға  мүмкіндік туғызады, адамдар-дың  осы немесе басқа әрекеттерінің  дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).

Мемлекетке  түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың  және баска толемдердің (бүдан кейін - салықтар) жиынтығы және олардың қүрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салык, жүйесін қүрайды.

Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты, салықтар тікелей жөне жанамаға болінеді.

Тікелей салықтарды салык субъектілері тікелей  толейді. Олар занды және физикалық  түлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем кабілеттілігіне тікелей  пропорционалды болады. Осыған жататындар:

азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялар-дың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;

мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмай-тын мүлікке), әлеуметтік сакдандыруға, жалақы корына және жүмысіиы күшінс (олсуметтік салықтар жоне олеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар,

Жанама  салықтар — бүл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады (мысалы, акциздер). Бүлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:

• үстеме қүнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына косылатын салықтар);

• мүрагерлік салык;

• жылжымайтын мүліктермен жөне қүнды қағаздармен жаса-латын келісімдерге салынатын салық жоне баскалар.

Дамыған елдердегі салық салу тожірибесіне жүгінсек, салық-тардың жетекші екі тұрі болады. Мұның негізін табыс салығы -азаматтар және занды түлғалар табыстарының барлык коздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу жоне устеме қунга салынатын салық қүрайды.

Информация о работе Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері