Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат
Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.
22. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
Макроэк/ка эк/ны бір үлкен
бүтін құбылыс ретінде
І кезеңде фирмалар мен үй
шар/ң шешім қабылдауын
ІІ кезеңде фирмалар мен
үй шар/ң жиынтық шешімдерін
қарастыра отырып, жалпы эк/қ беталыстар
талдауға түседі. Бұл кезеңде
агрегатталған, іріленген
ІІІ кезеңде макроэк/қ
Макроэк/қ талдау ж/е саясат
тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің
қолында экзогенді айнымалылар
(алғашқы, «сырттан»
Талдаудан шыққан балама
23. . Рыноктық жүйе және оның элементтері. Нарықтық негізгі элементтері: 1. Өндіруші мен тұтынушы. 2. Сұраныс. 3. Ұсыныс. 4. Баға. 5. Бәсеке.
Нарық экономикасының қызмет етуі, нарықтың белгілі элементтерінің болуын талап етеді. Осылардың жиынтығы нарық жүйесін құрайды. Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі- өндірушілер мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады- біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдалынады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдалынады. Бұл жағдайда өндрушілер мен тұтынушылардың бір- бірімен байланысы, әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме нарықтық келісімдер формасында жүреді. Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоротивтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі- баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп отырады. Екінші—географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды. Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны- екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері. Нарық механизмінің бесінші эементі- бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің – бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады
24. Макроэкономикалық көрсеткіштердің сипаты және есептелу әдістері.
Белгілі бір мерзім аралығында ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады.
Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.
Жалпы ұлттық өнім - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.
ЖІӨ - амортизация = Таза ұлттық өнім
ТҰӨ - жанама салық = Ұлттық табыс
Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтандыру жарнасы - корпорациялар табысына салық - корпорациялар пайдасын қайта бөлу - транспорт төлемдері + дивидендтер + алынған пайыздар = жеке табыс
Жеке табыс - жеке табыс салығы = қолдағы табысы
Қосымша құн әдісі
ЖІӨ-ді есептеу барысында аралық және соңғы өнім ұғымдары пайдаланылады. Өндіріс процесінде жұмсалған тауарлар шикізат, материалдар, жанар-жағармай ретінде қолданылса, онда ол аралық өнім, ал осы аралық өнімді пайдаланып өндірілген дайын өнім соңғы тұтынуға жіберілсе, онда ол соңғы өнім. Мысалы, ұнның құны піскен нанның бағасына қосылады.
Батыс
статистикасында қайталама
ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеу әдісі
ЖІӨ-ді
шығыс бойынша есептеуде
Y = C + I + G + NX
С – үй шаруашылығының тұтыну шығыстары, олар азық-түлікке, киімге, демалысқа жұмсалған және дәрігер, адвокат, шаштараз және т.б. қызметтеріне кеткен шығыстар;
I – өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;
G - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;
NX- таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.
ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі
ЖІӨ-ді
табыс бойынша есептеуде
Y = W + P + R + I + T + A
W- еңбек ақы; P - пайда;R - рента;
I - пайыз;T - салықтар;A – амортизациялық аударымдар.
ЖІӨ-ді табысы мен шығысына байланысты есептеуде төлем балансы мен бухгалтерлік баланстағы сияқты екеуі бір-біріне тең болуы қажет, ол кез-келген шаруашылық субьектілері табыстарына қарай шығын жұмсайды дегенді білдіреді.
C + I + G + NX = Y = W + P + R + I + T + A
25. Экономикалық жүйе: түсінігі мен типтері.
Экономикалық жүйе өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады ж/е экономиканы ұйымдастырудың нысаны б.т. Басы міндеті – шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Эк жүйе өміршеңдігінің басты себебі – ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсіліне негізделген эк жүйе арқылы өз шешімін табады. Эк жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады. Эк жүйенің мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлттық ж/е басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан эк-ның тиімділігін арттыру үшін эк жүйе бір тұрпаттан екінші тұрпатқа өзгереді. Эк жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы. Басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну, материалдық ж/е рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері, жинақтау мен тұтыну, т.б. Қоғамның эк дамуын тежеуші басты қайшылық – рыноктық ж/е мемлекеттік өндірістің сипаты ж/е өндіріс нәтижелерін иемдену. Эк жүйе мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі: 1) меншік нысаны мен эк әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне б-ты: дәстүрлі, орталықтан басқарылатын жоспарлы, рыноктық, аралас эк жүйелер. 2) өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде: дәстүрлі – қоғамдағы эк қатынастар, әдет-ғұрыптарға негізделеді., либералды – қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым ж/е жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ., аралас – бірінші ж/е екінші типтердің элементтерінен құралады. 3) сыртқы эк байланыстардың сипатына байланысты: жабық, ашық эк жүйелер.
26. Рыноктық инфрақұрылымы. Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы. Рынок инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік- есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: несие жүйесі және коммерциялық банктер; тауар, қор, валюта биржалары; жәрмеңкелер, аукциондар; мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары; ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары; салық жүйесі және салық инспекциясы; сақтандыру жүйесі; кеден жүйесі; коммерциялық- көрме кешендері; кеңес беруші және аудиторлық компаниялар; қоғамдық және мемлекеттік қорлар; еркін арнайы экономикалық аймақтар. Жәрмеңке ол белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен миспозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Аукцион- рынокта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату мақсат б. т. Мәжбүрлі аукцион қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады. Биржа сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.
27. Меншіктің объектілері мен субъектілері, экономикалық мазмұны.
Меншік – бұл зат емес, затқа байланысты адамдар арасындағы қатынсатар, яғни материалдық ж/е рухани игіліктер мен оларды өндіру жағдайларын пайдалану бойынша адамдар арасындағы қатынастар. Өндіріс жағдайларына н/е капиталға меншіктің болуы адамдарды еңбек етуге, эк қатынасқа түсуге мәжбүрлейді. Меншік қатынастары екі элементтен тұрады: субъект ж/е объект. Меншік субъектінің объектіге қатынасы ретінде көрінуі мүмкін, бірақ меншіктің эк қатынас екенін дұрыс сипаттау үшін сол объектіге байланысты басқа да субъектілердің болуы шарт. Адамдар арасындағы меншікке негізделген шаруашылық байланыстар құқық арқылы реттелетіндіктен, ол құқықтық қатыныасқа айналады, яғни бұл қатынасқа қатысушылардың заңды құқықтары мен міндеттемелері бар. Мұндай құқықтық нормалар меншік қатынастарын бекіте түседі ж/е қоғамдағы ресурстардың бөлінуін реттейді. Меншік құқығының субъектілері болып жеке азаматтар, ұйымдар, мемлекет ж/е жергілікті билік органдары табылады. Меншік объетісіне шаруашылық үшін қажет барлық игіліктер, оның ішінде жылжымайтын мүліктер, санаткерлік меншік адамның ғылыми, өнер-шығармашылық туындылары: фирманың атауы, тауар белгісі жатады. Меншік объектілері әрқашан шектеулі. Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Меншік пен иемденудің ішкі заңдары бар(2): 1) өз еңбегінің өнімін иемдену, меншікте заңы, оған сәйкес иемдену заңы: еңбек – бастапқы иемдену әдісі; 2) бөтен біреудің еңбегінің өнімін меншіктеу заңы, оған сәйкес басқаның еңбегін иемдену заңы. Меншік субъектілері келесі түрлерге бөлінеді: 1) потенциалдық меншік иесі; 2) меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденушісі); 3) толық меншік иесі.