Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат

Описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.

Работа состоит из  1 файл

экон теория 2010ж.docx

— 95.39 Кб (Скачать документ)

Дүниежүзілік  тәжірібиеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:

  - экономиканы қамтитын аумағына байланысты- жергілікті және әлемдік инфляция.

-  жүру  қарқынына  байланысты-  біркелкі  (баға  үнемі төмен  қарқынмен   өседі), үздіксіз және сатылы (бір  қалыпты емес) инфляция.

-  даму  қарқынына байланысты- жылжымалы  инфляция (ползучая),  онда бағаның  өсу қарқыны    жылына    орташа    есеппен    5-10 %-тен    аспайды;    қарқынды    инфляция (галопирующая)- онда бағаның  өсуі орта есеппен 10 %-н 50%-ға  дейін жетеді. Кейде  бұл   инфляцияның  жоғарғы  көлемін   көптеген  ғылыми  әдебиеттер   100 % жеткізеді; ұшқыр иифляция (гиперинфляция)- онда бағаның өсуі жылына 100 %-тен  асады;    Халықаралық   Валюта    Қоры   баға   айына 50%-ға  өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі  аса ұшқыры (супергиперинфляция) деп  атайды. Егер инфляцияның   өсуі   жұмыссыздықтың   өсуімен   және   өндірістің құлдырауымен  ұштасса, ондай құбылысты «стагфляция»  деп атайды.

инфляцияның тауар бағаларының өсуінен көрінуіне  байланысты инфляцияны ашық және басыңқы  деп бөледі.

33.          Ұсыныс.Ұсыныс заңы. Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Сатушылардың  тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады.

Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

      Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол  арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.

      Ұсыныс  заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

      График  бойынша  Q – ұсыныс көлемі, Р –  рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының  көлбеуі жоғары бағытталған.

Ұсыныс  қисығы. 

Ұсыныс  функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:

Qs = a + b * Р

Ұсыныс  функциясының теңдеуі рыноктық баға (Р) мен ұсыныс көлемі (Qs) арасында тікелей  байланысты көрсетеді. а және b параметрлері ұсыныстың бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде ұсыныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде ұсыныс көлемі өзгереді.

Тауардың  бағасы өскен сайын, сол саланың  тартымдылығы артады, сол салада алынатын пайда өседі, бұл өндірісті ұлғайтуға  мүмкіншілік береді.

Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен  ұсыныс қисықтары болады және көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.

Ұсыныс  қисығының қозғалысын туындататын бағадан  басқа факторлар:

1) Өндіріс  шығындары.

2) Салық  мөлшері.

3) Технология.

4) Субсидия.

34.        Экономикалық цикл теориясы. Цикл фазалары.

  Экономикалық цикл  дегеніміз- бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп- тұтыну мен инвестиция арасындағы  ауытқудың болуы. К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт сатысын бөліп қарастырды. Олар: құлдырау, тоқырау, жандану және өрлеу Құлдырау сатысына тән ерекшеліктер:

тауар артықшылығы

бағалардың  төмендеуі

жұмыссыздықтың  артуы

өндіріс көлемінің кысқаруы

пайыз мөлшерлемесінің өсуі

Дағдарыс  сатысына тән ерекшеліктер:

өндіріс құлдырауының қысқаруы

тауар қорының көбейюуі

жаппай  жұмыссыздық

төмен жалақы

ссудалық  пайыз мөлшерлемесінің төмен  деңгейі  

Жандану сатысына тән ерекшеліктер:

құлдырауға  дейінгі өндірістің өсуі

өндіріске инвестицияның келуі

тауарлар  бағасының өсуі

жұмыссыздық мөлшерінің аздап болсын қысқаруы

халықтың  табысының біртіндеп өсуі

Өрлеу сатысына тән ерекшеліктер:

өндірістің  құлдырауға дейінгі мөлешрінен артуы

тауарлар  бағасының жоғарлауы

жұмыссыздықтың  қысқаруы

жалақының көбейюі

несиеге деген сұраныстың артуы

35.             Тауар. Тауар құны.

Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына  негізгі үш алғы шарт қажет. Тарихта  үш түрлі күрделі қоғамдык еңбек  бөлінісі болды. Алғашқы күрделі  еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде пайда болды. Бұл тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі- жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдық еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок та болмас еді.

Экономикалық  қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар - еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап көрсетілгендей, тауардың екі түрлі қасиеті бар: 1) адамның белгілі бір қажеттілігін өтеу қабілеті; 2) екінші бір тауарға айырбасталу қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны- тұтынылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.

Тауар өндірушінің өзі үшін өндірген өнімінің пайдалы қасиеті- оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу қасиеті. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі бір үлесте айырбасталу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас құны- бір тауардың тұтыну құндарының басқа тауарлардың тұтыну құндары на айырбасталуының сандық қатынасы.

36.            Экономикалық өсу. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары. Экон-қ өсу дег-бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экон-қ өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экон-ң дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың , нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Экон-қ өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экон-қ даму процесінің бір нысаны болып табылады. Экон-қ өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экон-қ өсуге жету мүмкін емес. Сонымен экон-қ өсу бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экон-қ элементтердің даму бағыты. Сонымен қатар экон-қ өсу-бұл номиналды және нақты ЖІӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экон-қ қуатының артуының негізі. Сондықтан экон-қ өсу мемл-ң экон-қ саясатының басты мәселесі болып табылады.экон-қ өсу өндіріс көлемімен сұраныс өсетін экон-ң жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Өсу факторлары-экон-қ өсудің түпкілікті элементтері. Экон-қ өсу факторлары былай бөлінеді: 1.тұрғындар. 2. капитал салу. 3.инновациялар. 4.сыртқы айырбас. Экон-қ өсуге әсер ететін факторлар тікелей(экон-қ өсуге физикалық қабілеттілікті тікелей анықтайды) және жанама(физ-қ қабілеттің асу мүмкіншілігіне әсер етеді) болып бөлінеді. Тікелей факторлардың құрамына бес негізгі фактор кіреді:1. еңбек ресурсының сапасын және санын арттыру. 2.негізгі капитал құрамын сапалы жақсарту және көлемін өсіру. 3. өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру. 4. шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстардың санын және сапасын жоғарылату. 5.қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттерді өсіру. Ал жанама фактор құрамына рыноктың монополиялану деңгейін төмендету, өндіріс ресустарына бағаны төмендету, пайдаға салынатын салық мөлшерін азайту, несие алу мүмкіншіліктерін кеңейту сияқты факторлар жатады. Экон-қ өсуді екі негізгі типке бөледі. 1.экстенсивті. 2. интенсивті. Экстенсивті және интенсивті экон-қ өсу типтері экономикада таза күйінде қолданылмайды. өсу факторларын  ғылыми техникалық процесс жетістіктерін енгізу негізінде сапалы жетілдіру өндіріс құрал-жабдықтарына н/е жұмыс күшіне инвестиция салуды талап етеді, сондықтан нақты экон-қ өсуге талдау жасау кезінде басымырақ экстенсивті н/е интенсивті өсу қарқыны денп бөлінеді. Қазіргі уақытта экон-қ өсуді нақты ЖҰӨ өсіміндегі үлес салмағына байл екі типтің біріне жатқызады. Егерде нақты ЖҰӨ-ң өсудің интенсивті факторы арқылы алынған үлесі 50%дан жоғары болса, онда экономикада интенсивті өсу типі басым және керісінше.

37.        Тепе-теңдік баға. Рыноктық тепе-теңдіктің бұзылуы. Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады. Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.Тут график!

в- тауарлардың  артықшылығы.

Е - сүраныс  пен ұсыныстың теңесу нүктесі.

а - тауарлардың  жетіспеушілігі.

РЕ - тепе-теңдік баға.

QE - тепе-теңдік  тауар көлемі.

l)Qd = Qs =>Е=>РЕ

2) P↓=>Qd > Qs => a =>Р↑ => Qd = Qs =>E =>PE. Тауарлардың жетіспеушілігі бағаны жоғары өсіріп, оны тепе-теңдік нүктеге ығыстырады.

3) Р↑=> Qd < Qs => в=> Р↓=> Qd = Qs =>Е =>РЕ. Тауарлардың артықшылығы бағаны  төмен ығыстырып, сұраныс пен  ұсынысты бір нүктеде теңестіреді.

Кез-келген ауытқуды (Qd > Qs немесе Qd < Qs) жаңа рыноктық тепе-теңдік жағдайға экелетін қызметті баға атқарады.

Егер  сұраныс өссе, онда жаңа жоғары тепе-теңдік баға мен жоғары үсыныс көлемі қалыптасады  жэне керісінше, сұраныс төмендесе, онда тепе-теңдік баға мен ұсыныс мөлшері  төмендейді

Ұсыныс  өзгермелі, сүраныстұрақты жағдайды да график арқылы көрсетуге болады. Егер ұсыныс өссе, онда тепе-теңдік жаңа бага төмендейді, тауарлардың көлемі артады жэне керісінше, үсыныс төмендесе, тепе-тендік бага өседі, тауарлар колемі азаяды.

  38.          Мемлекеттік реттеудің құралдары мен әдістері.

Экономиканы мемлекеттік реттеу – мемлекеттің  ел экономикасына қатысу формаларын әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер етуші әдістер мен тәсілдерді қарастырады, сөйтіп тиімді рыноктық қатынастар қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік реттеудің мақсаты – қазіргі заманғы рынокты қалыптастыру, яғни әр-түрлі тауарларға сұранысты қанағаттандыру, қызмет көрсету деңгейін арттыру, дефицитті жою болып табылады.

Мемлекеттік реттеу нысаны- экономиканы реттеуді ұйымдастыру тәсілін, яғни реттеу құралдарының (нормалар, әкімшілік заңдар, стандарттар, ереже, шарттар) жиынтығын білдіреді.

      Пайдаланылатын мемлекеттік реттеу нысандарын мынадай топтарға жіктеуге болады:

Заңды-құқықтық реттеу. Экономикалық жүйенің қызмет етуінің жалпы қағидаларын, ұлттық экономикадағы және дүние жүзіндегі өндірістік, әлеуметтік қатынастардың қызмет етуін анықтайтын заңдардың, олардың механизмдерінің жиынтығы.

Қаржы-несиелік реттеу бюджеттік-салықтық және ақшалай-несиелік реттеу нысандарынан құралады.

Әкімшілдік  реттеу әкімшілдік-экономикалық және ұйымдастырушылық-әкімшілдік реттеу нысандарына бөлінеді. Бұл реттеу нысаны үкімет шешімдері, бұйрықтары, үкімдерімен байланысты. Әкімшілдік реттеудің негізгі құралдарына нормативтер, қатаң ережелер жүйесі болып табылады.

Тікелей мемлекеттік басқару- жекелеген салаларды, объектілерді толықтай немесе жартылай басқаруды, экономика мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ететін салаларды мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.

Мемлекет  бағдарламасы мен  мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу. Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, фирмалар мен кәсіпорындарға белгілі бір өнім түрлерін өндіруге, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді.

Баға  арқылы реттеу. Рыноктық экономика жағдайында мемлекет бағаны шектеп, оны өндіріс шығындарынан артық қоюға тыйым салады.

Сыртқы  экономикалық қызметті реттеу. Сыртқы экономика, сыртқы экономикалық байланыстар мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі оның ішкі шаруашылық қызметін жалғастырады.

39.           Тауар және оның қасиеттері. Тауар дегеніміз айырбастау ж\е сату, тұтыну .шін шығарылатын еңбек өнім. Ал ол тауардың айырбасталу немесе сату үшін өзіндік бір қасиеті болуы шарт. Мысалы, нан,май,сүт адамдардың жеке тұтыну қажетін қанағаттандыратын болса, құрал жабдықтар өндірістік талғамды қан. Олай болса, заттың екі қасиеті болады екен, заттың қандай да болсын адамның бір қажетін өтейтін қасиеті оны құқыну құны етеді, тауардың белгілі бір қажетті өтеу қасиетінің пайдалы да зиянды да болуы әбден мүмкін.тағы бір ескертетін жайт адамның бір қажетін өтейтін заттың бәрін біз ьауар деп атай аламыз. Мысалы, ауаны алайық. Адам баласының ең басты тіршілігін қамтамасыз ететін ауа екені белгілі.алайда ол тауар емес, өйткені ол адам еңбегінің жемісі емес, табиғаттың сыйы. Ал осы ауаның белгілі бір бөлігін оттегі жастығына жиыстырса, ол тауар бола алады. Өйткені оны ауадан бөліп алуда белгілі бір мөлшерде адам еңбегң жұмсалады. Оны сатып алуға, сатуға болады, сөйтіп оны адам қажетіне пайдаланады. Енді қандайда болмасын еңбек өнімі тауар бола алама деген сұрақтың қойылуы мүмкін. Мысалы, шаруалардың,қала тұрғындарының өз шаруашылығында, қосалқы шаруашылығында өсірген жеміс жидегі өз отбасының, яғни жеке талғамын өтеуге пайдаланды делік. Осы өнімдер әлі де болса ауар емес. Ол тауар болу үшін басқа бір қоғам мүшесінің қажетін қанағанттандыратындай айырбасқа түсу шарт. Сонымен, тауардың екі жақсы қасиеті бар: біріншіден, ол адамның қандай да болса бір тұтыну қажетін қанағаттандыратын зат; екіншіден, ол басқа бір затқа айырбасталатын зат; заттың пайдалылығы оны тұтыну құны етеді. Тқтыну құны тауардың пайдалылығы, адамның беггілі бір қажетін қанағаттандыру қасиеті.ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді.тқтыні құнының ерекшеліктері: ол негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты; тұтыну құны сол заттың шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерінен байланыссыз; тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірісті қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Жоғарыда атап өтілгендей тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін екінші бір қасиеті айырбас құны немесе басқаша құн болуы керек. айырбас құны ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрәнедә. Мұнда біртектес тұтыну құндары екішші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты.тауар өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші жағынан, ол нақты түрінде көрінсе, екінші жағынан, абстракті еңбек түрінде көрінеді.алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап кстыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны екінші бір тауар арқылы анықталады. Айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен б\ты бүкіл тауарлы әлем екіге б\ді: тауарлар ж\е ақшалар.

Информация о работе Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері