Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат
Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.
Табысқа салынатын салыктар физикалық түлғаларға салынатын табыс салығы деп және занды түлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивидуалдық табыс салыгы — бүл жеке табыстар салығы, салық толеуші физикалық түлғаның табыстарынаи (әдетте жыл-дық) алынатын ал ым болып табылады. Толемдер жыл бойы жаса-лынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салыктың бүл түрі тікелей прогрессивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортак үқсастықтары болады, бірак солардың орқайсы-сында оздерінің ерекше салық ставкалары мен салык салуға жат-пайтын, салық несиелері мен толем даталары болады. Заңды тургаларга табыс салыгы ~ корпорациялардың (фир-малардыц) пайдасына салынатын салык. Коп елдерде бүл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салык корпорация (фирма) занды түлға болса ғана алынады.
Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі - қосылган қунга салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына қүн косқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан қүнына салық салынады. Бірақ салық толеушілердің әркайсысы осы соманы түпкі түтынушыға жылжып отыратын езінің тауарының бағасына косады
45. Ақшаның пайда болуы, мәні. Ақша теориясы.
Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.
Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.
Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.
Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.
Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.
Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Ақша – бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.
Ақшаның
осы заманғы концепциялары
Бірақ, алдыңғы теориялар жаңа жағдайға сәйкес басқа формада дамиды. Егер бұрын негізгі назар ақшаның пайда болуына, мәніне, құнының қалыптасуына бөлінсе, осы заманғы ақшаның теориялары сол концепциялардың рыноктық экономиканың дамуына қалай әсер етуін зерттеу саласына көңіл бөледі.
Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болды. Оның өкілдері меркантилистер, яғни У.Стаффорд, Т.Ман, Д.Норс және т.б. Олар ақшаның қызметтерін қазына ретінде және әлемдік ақша ретінде абсолюттеді және осының негізінде ақшаны асыл металдармен теңестірді. Мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.
Ақшаның номиналды теориясын құрушылар римдік және ортағасырлық юристер болып табылады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Дж. Стюарт дамытты. „Металлистерге“ сын айта отырып, олар ақшаның басқа қызметтерін – айналыс құралы мен төлем құралын абсолюттеді. „Номиналистер“ ақшаны тауарлар айырбасына қызмет ететін шартты белгі, есеп бірлігі ретінде көрсетті және ол мемлекеттік биліктің өнімі болып табылады деп есептеді.
Ақшаның сандық теоричсының негізін қалаушылар Дж.Локк (ХҮІІ ғ. соңы), Ш.Монтескье, Д.Рикардо (ХҮІІІ ғ. соңы) болды. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Ақшаның сандық теориясының жақтаушылары ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деп есептеді. Сандық А.С.Пигу (ХХ ғ. ортасы) және т.б. елеулі үлес қосты. Олардың көзқарастары келесі сұрақтарда қарастырылады.
46. Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымның типтері.
Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бөсеке, олигополия, таза монополия.
Монополиялық бәсеке кезінде
рынокта сатушылар мен сатып
алушылардың саны бірнешеу
Осындай артықшылықтарға ие
Олигополиялық бәсеке
Олигополияға қарама-қайшы құбылыс болып олигопсония табылады. Ол рынокта бірнеше сатушы емес, сатып алушылардың қызмет етуін қарастырды, яғни тұтынушылар рыногі монополиясы белең алады.
Таза монополия рынокта ешкандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек төлем қабілетін сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда рынокта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады (жалғыз сатып аламын). Осылардың арасынан мен монополиялық бәсекеге тоқталып өткім келді.
47. Ақша массасы ж/е ақша агрегаты. Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі б.т. Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөлшектерімен танысу керек. Осының маңыздысына ақшаның массасы жатады.
Ақшаның
массасы қолма-қол ж/е қолма-
Ақшаның
ұсынысы – бұл осы мезгілде
экономикады айналыста жүрген төлем
құралдарының жиынтығы. Айналысқа ақшаны
мемлекеттік қазыналық ж/е
Ақшаның ұсынысын сипаттау үшін көбінесе М* агрегаты – «келісімдер үшін ақша» қолданылады, бұған ақшалар, талап етілмелі дипозиттер ж/е чек дипозиттері жатады.
Ақша ұсынысын елдің орталық банкі бақылап отырады
Бұл
оны тіркелген дәрежеде қолдап
отыруға тырысады. Сондықтан ақша
ұсынысының қисық сызығын
% Ақша ұсынысы, млрд теңге
Ақшаға сұраныс оның айналыс құралы ж/е байлықты сақтау құралы қызметінен, сонымен қатар оның абсолюттік өнімділігінен туындайды. Жиынтық сұраныс мәміле жасауға керек ақшаға сұраныстан ж/е байлықты сақтау үшін керек ақшаға сұраныстан тұрады.Ақшаға жалпы сұраныстың қисығының түрі мынандай болады.
%
Ақшаға сұраныс, млрд теңге
Бұл, процент мөлшермесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін ж/е бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын, ақшаның жалпы көлемі.
48. Монополиялық бәсекенің ерекшеліктері. Бағалық дискриминация(К).
Монополиялық бәсеке кезінде рынокта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады - өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, өдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1) нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтермейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып кету де оңай. Мысалы, шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана салуға өте көп қаражат қажет емес, фирма бұндай кәсіпкерлікпен кез-келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан кете қалса, онда бұл істі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі, баға және басқа да жағдайлар туралы деректер ашық белгілі болады.
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін-бірі ауыстыра алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталарының дәмінің химиялық құрамының өзгешеліктері және т.б. Сонымен қатар, фирмалардың сату марқалары, тауарды көрнекті орап-бууы, жарнама жасау да олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
49. Ақша жүйесі және оның элементтері.
Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:
Ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;
Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
Нақтылы ақша тілемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;
Ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.
Елдің ақша жүйесін реттеу жұмысын, осы жүйенің әрқилы элементтерін үйлесімге келтіріп отыратын, қаржы-несие органдары жүргізеді.
Металдық ақша жүйесі негізгі екі типке: биметализм мен монометализмге бөлінеді. Биметализм тұсында жалпы эквивалент рөлін екі метал атқарады, монометализм тұсында – тек бір метал. Биметализм жүйесі Еуропада ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. кең тараған. Бірақ жалпы эквивалент болып табылатын ақшаның табиғатына, ақша рөлін екі металдың атқаруы қарсы келеді. Осылайша уақыты жеткен мерзімде бұл жұйе монометализмге алмастырылады.
50. Кәсіпкерлік пен бизнестің экономикалық мазмұны.
Кәсіпкерлік
дегеніміз-адамдар мен олар