Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 23:29, реферат

Описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.

Работа состоит из  1 файл

экон теория 2010ж.docx

— 95.39 Кб (Скачать документ)

28.            Ұлттық байлық  және оның құрылымы

Ұлттық  байлық - бұл қоғамның бүкіл ғұмырында жинаған тұтыну құралдарының жиынтығы. Ұлттық байлық: мүлік( негізгі ж/е айнымалы қорлар, үй шаруашылық мүлік), табиғи байлықтарды (жер, минералды қорлар ж/е орман ресурстары), заттық емес байлықтарды (ұлттық денсаулық потенциалы, оның жеке ойды қалыптастыратын рухани байлықтары, білім алатын ж/е ғылыми потенциалы) қамтиды.

      Шаруашылық қызметтің негізгі  жалпылаушы көрсеткіші бір жылдық  қоғамдық өнім б.т. оны бірнеше  анықтауыштар көмегімен көрсетеді:  жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық  табыс (ҰТ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ).

     ЖҰӨ-ді елдің бір жыл ішінде өндірген барлық дайын тауар ж/е қызметтердің жиынтық рыноктық құны ретінде анықтайды.

      Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа жасалған құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылдың ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат, материалдар ж/е т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: жалақы; пайда; рента; процент.

      Таза ұлттық өнім – бұл ұлттық табыс плюс жанама салықтар, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады.

      ЖІӨ-ді фирманың ұлттық құрамында болуына байланыссыз, сол мемлекеттің территориясында орналасқан қызмет өрісінің ж/е материалдық өндіріс саласының ақтық өнімінің жиынтық құны ретінде есептелінеді. ЖІӨ-нің құрамына тек елдің ішінде өзінің меншік өндіріс факторларын қолдану арқ. өндірген қызметтер мен өнімдер жатады. М, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықаралық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.

      Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау  үшін үш көрсеткіш қолданылады:  жеке табыс, қолда бар табыс,  таза экономикалық тұрмыс.

       Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы ж/е т.б. төлемдер жатады.

       Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс.

       Таза экономикалық  табыс – бұл көрсеткіш, қоғамның экономикалық тұрмысын тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді.

ЖҰӨ мен  экон/қ тұмыс арасында тікелей  байланыс бар; ЖҰӨ көп болған сайын, экон/қ тұрмыс жоғары

29.       Меншік - адамның, кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдалынатын немесе иелік ететін заты. Экономикалық мағынасында, меншік, бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу айырбастау мен тұтыну қатынасын білдіреді.

Меншік  бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас. Меншік ретінде  тұлғаның нысанды (затты) пайдалануына байланысты құқығы көрінеді. Тұлға  ретінде мемлекет, ұжым, жеке тұлға  болуы мүмкін. Меншіктің негізгі  нысандары: жер, ғимараттар, материалдық  және рухани мәдениет заттары, т.б. жатады.

Меншік  иелері үш типке бөлінеді:

1.Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ,  бұл белгілі бір кәсіпорынды  немесе басқа да затты иемденгеннен  кейін ғана меншік иесіне айналады.

2.Меншік  иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда иемденуші меншіктің толық  иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы  заттың иесі басқа адам болып  табылады. Иемденуші келісімге сәйкес  өзіне түскен табыстың бір  бөлігін ғана иемдене алады.

3.Толық  меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының  және оны тұтынудың меншік  иесі, ол меншікті иелігінен шығарып,  оны басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Меншік  экономикалық категория ретінде  жеке меншік болып табылады. Жеке  меншік дегеніміз- белгілі бір мүлікке жеке адамныңиелік етуінайтамыз.

«Меншік»  белгілі бір затты жеке мүлік  ретінде адамның иеленуінен шыққан.

Меншік  құқықтық мағынасында мүліктік қатынастарды білдіреді. Экономикалық мағынасында  меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді  өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.

Меншік – бұл зат емес, заттарға байланысты туындайтын қатынас.

Меншік  қатынастары меншік нысандарын пайдалану, иелену және тұтынудан тұрады. Меншік иесі мүлкін уақытша пайдаланулары  үшін басқа адамдарға белгілі  бір ақыға беру шартын келтіруге  болады. Біздіңше, иелену, пайдалану  мен іске жарату – бұл толық  меншік емес.

Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып  табылады.

Тарихи  бастама ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін  бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.

Еңбектік  жеке меншік тұлғалары – жеке басты  шаруалар, қол өнершілер мен басқада  адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер  мен адамдар жатады.

Жеке  меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән.   Өндіріс  құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл  қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде  мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің  үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар.

Ұжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады.

 Меншік  субъектісі ретінде – мемлекеті,  ұжымды, жеке тұлғаны, адамды қарастыруға  болады.

    Меншік объектісі ретінде –  жер, ғимараттар, материалдық және  рухани мәдениет заттары жатады.

     Басқаша айтсақ, меншік – бұл адамдар арасындағы өндіріс факторлары мен нәтижелерін иемденуге байланысты объективті қатынастар жүйесі. Иемдену - әрбір қоғамдық өндіріс әдісінің негізі болып табылады. «Меншік» пен «иемдену» түсініктерін теңестіруге болмайды. Меншік – анағұрлым абстрактілі ұғым, ал иемдену нақты ұғым болып табылады.

     Иемдену – бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі. Иемдену әрдайым белгілі бір тұлғаның мүддесіне қарай жүзеге асады. Егер, өндіріс жеке тұлғалардың мүддесіне орай жүзеге асырылса, жеке меншік айқын көрінеді. Егер, өндіріс топ мүддесіне қарай жүргізілсе, онда мәселе иеленуде. Егер, өндіріс қоғам мүддесін көздесе, онда қоғамдық иелену орын алады.

30.                   Жұмыссыздық және оның түрлері.

 Жұмыссыздық-  еңбек рыногының бөлінбес элементі болып табылады. Жұмыс күші бар ересек адамдар еңбек рыногына қатынасуына байланысты бірнеше негізгі категорияларға бөлінеді.

Еңбекке қабілетті адамдар- жасына және денсаулығына қарай еңбек етуге қабілеті бар  адамдар. Жұмысшы күшіне жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыздар жатады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтың болмысын мына көрсеткіштер сипаттайды: институционалдық емес адамдар (рыноктық емес құрылымда істейтіндер), жұмыс істеушілердің саны, жұмыссыздар саны, жұмысшы күшінің құрамына кірмейтін адамдардың саны.

Экономикалық  әдебиеттерде жұмыссыздықты мына типтерге бөледі: Фрикциондық жүмыссыздық, еңбек нарығында жұмыссыздықтың қашан болмасын, адамдардың бір жерден екінші жерге жылжуымен және бір кәсіпорынның басқаға жылжуымен байланысты, белгілі бір дәрежесі болады.

Құрылымдық  жұмыссыздық. Экономикадағы құрылымдық өзгерістердің нәтижесінде бос жұмыс орындары мен жұмыссыздардың арасындағы кәсіби-біліктілік пен аумақтық сәйкессіздік құрылымдық жұмыссыздықтың басты себебі болып табылады. Құрылымдық жұмыссыздыққа әдетте біліктілігі төмен немесе ескірген мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономикалық жағынан артта қалған аудандардың халықтарын қамтиды.

Маусымдық жұмыссыздық. Өндірістің кейбір салаларындағы өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады: ауыл шаруашылығы, құрылыс. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады

   Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен экономиканың бір секторындағы немесе аймақтағы жүмыс күшінің артуы басқа жерде оның жеткіліксіз болуымен қатар жүреді.

31.            Меншік типтері мен формалары.

  Меншік иелері  үш типке бөлінеді:

Потенциалдың (мұрагердің) меншік иесі. Бірақ, бұл  белгілі бір кәсіпорынды немесе басқа да затты иемденгеннен кейін  ғана меншік иесіне айналады.

Меншік  иесі, заттаң тұтынушысы ( иемденуші). Мұнда  иемденуші меншіктің толық иесі бола алмайды. Себебі, мұндағы заттың иесі басқа адам болып табылады. Иемденуші келісімге сәйкес өзіне  түскен табыстың бір бөлігін ғана иемдене алады.

Толық меншік иесі. Мұнда заттың бағалылығының  және оны тұтынудың меншік иесі, ол меншікті иелігінен шығарып, оны  басқа бір субъектіге беруге, өткізуге құқығы болады.

Тарихта меншіктің әр түрлі типтері белгілі, олардың ішінде ортақ, қауымдық және жеке меншік басты түрлері болып  табылады.

Тарихи  бастама ортақ меншік болады, ол ортақ еңбек пен оның нәтижелерін  бірігіп шешуге негізделеді. Кейіннен жеке меншік пайда болды. Ол еңбектік және еңбектік емес болып екіге бөлінеді.

Еңбектік  жеке меншік тұлғалары – жеке басты  шаруалар, қол өнершілер мен басқада  адамдар өз еңбектерімен өмір сүреді. Қазіргі Қазақстанда оларға жеке еңбегімен айналысатын фермерлер  мен адамдар жатады.

Жеке  меншіктің екінші түріне бөтен біреудің еңбегі есебінен баю тән. Өндіріс  құралдарының негізгі бөлігі азғана адамдар қолында болған кезде, бұл  қоғамның қалған бөлігінің бұл игіліктерден шеттелуін білдіреді. Осы кезде  мүліктікт теңзіздік пен қоғамның әлеуметтік жіктелуі туады.

Иемденудің  үшінші түрі аралас меншік кезінде мүлік қатысушылардың ақшалай және басқа да жарнамаларының есебінен құралады.

Қазақстанда заңға сәйкес жеке, мемлекеттік және тағы басқа да меншік түрлері танылады.

Мемлекеттік меншік – бұл меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы мен іске жаратуды жүзеге асыратын қатынастар жүйесін білдіреді. Мемлекеттік меншік бүкіл халық шаруашылық деңгейінде, мймақ, облыс, аудан, қала, ауыл деңгейінде бар. 

Үжымдық меншік – бұл еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін орта иемденіп, пайдаланып және әске жарататын экономикалық қатыныстар жүйесі. Қазақстан Республикасында қазіргі кезде ұжымдық меншік түрлеріне кооперативтік, акционерлік, қоғамдық ұйымдар және тағы басқа меншіктер формалары жатады .

32.         Инфляция: мәні, себептері, түрлері.

  Инфляция  термині латынша- inflatio- қазақша- ісіну , қампаю дегенді білдіреді.Түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген.

     Инфляция өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық  саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі әрі көп факторлы құбылыс.

    Сұраныс инфляциясы негізінен ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның нәтижесінде төлем қабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Шығындар инфляциясы өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.

Информация о работе Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері