Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

Басты сот талқылауында тәртіп бүзылған жағдайда, қорғаушы мен прокурордан басқа, барлық қатысушылардың қайсысы болса да шығарылып жіберілуі мүмкін. Сонымен қатар мүндай жағдайда судья әкімшілік жазасын қолдануы мүмкін.

Сот тергеу айыптаушының соталушыға таққан айыбын мәеісіе баяндаудан басталады. Төрағалық етуші сотталушыдан айыптаудын мәнісін түсінгенін немесе түсінбегенің анықтайды және оның тағылған айыпқа өз көзқарасын білдіруге қүқығы бар екенің хабарлайды. Сотталушы жауап бермеуге қүқылы жәнебүндай жағдайда сотталушы кінәсін мойындамады деп түсінілуі қажет. Осыдан соң тараптар үсынған дәлелдемелер зерттелуге тиіс. Дәлелдемелерді алдымен айыптаушы тарап ұсынуды бастайды. Сотталушы сот отырысын кез келген сәтінде, төрағалық етушінің рұқсатымен дәлелдемелер усынуға құқылы.

Сотталушы айғақ беруге келісім берген жағдайда, оның айыбын түсіндіреді және оның барлық айтқаны өзіне қарсы пайдалануы мүмкін екенің ескертеді.

Осыдан соң бірінші болып қорғаушы жаңа қорғау жағына қатысушылар одан соң айыптаушы жағы және айыптаушы тараптары жауап алады.

Сотталушыдан кейін жәбірленушіден жауап алынуға тиіс, одан бөлек куәлардан, сарапшыдан жауап алынады. Егер, тараптар өтінініш жасаған жағдайда сот сараптама тағайындауы мүмкін. Осыдан соң заттай дәлелдемелерді карау, мән-жайларды куәландыратын тергеу іс-әрекетіне қаттамалары немесе қүжаттары толық немесе ішінара жария етіледі.

Сот тергеуі барысында ешқандай қосымша өтініштер түспеген жағдайда төрағалық етуші сот тергеуін аяқталды деп жариялайды және сот жарыссөзінің бастайтының хабарлайды. Сот жарыссөзінде барлық уақытта бірінші болыпайыптаушы сөз алады. Сот жарыссөзінде барлық қатысушылар қатыстырылады. Осыдан соң соталушыға соңғы сөз беріледі. Сотталушы сөзін аяқтау уақыты белгіленбеген және оған ешкім сүрақ қоюға рүқсат етілмейді. Осыдан соң сот кеңесу бөлмесіне кетеді.

Сот кеңесу бөлмесінде ешқандай ықпал ету мүмкіндігі болмауы қажет. Ол жерде тек соттын қүрамы ғана болуға тиіс. Кеңесу бөлмесінде сот сотталушының кінәсі бар ма, жоқ па және бүл әрекет қылмыс болып табылады ма жоқ па, дәлелдемелер жеткілікті ме жоқ па, жазанын қандай түрі қолданылуға тиіс, келтірілген шығын өтелді ме жоқ па және оны кім төлеуі қажет және басқа қылмыстық іс жүргізу кодексінің 371-бабында көрсетілген талаптарды орындауға тиіс. Сот үкімі немесе ақтаушы болуы мүмкін.

Айыптау үкімі соталушының қылмыс жасауға кінәлі деп тану туралы шешімінен түрады.

Айыптау үкімі:

1)     сотталушы өтеуге тиіс қылмыстық жаза тағайындала отырып;

2)     адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;

3)     қылмыстық жаза тағайындала және оны отеуден босата отырып;

4)     қылмыстық жаза тағайындалмай;

5)     қылмыстық жазаны өтеу кейінге қалдырыла отырып шығарылады.

              Айыптау үкімі болжауларға негізделуі тиіс емес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттын зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.

Сотталушы өтеуге тиіс жазаны тағайындаумен айыптау үкімін шығара отырып, сот оның түрін, мөлшерін, режимін және мерзімді өтеуді есептеудің басталуын дәл айқындауы қажет.

Сот, егер осы қылмыс үшін адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімін өтеп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстің 38 бабының бірінші

бөлігінде    көзделген    жағдайларда    айыптау    үкімін    адамды    қылмыстық деауаптылықтан босата отырып, шығарады. Сот, егер үкім шығару кезінде:

1)           сотталушыға    осы    үкіммен    тағайындалған    жазаны    қолданудан
босататын кешірім актісі шығарылған;

2)           Қазақстан     Республикасы     Қылмыстық     кодексінің     62-бабында
белгіленген алдын ала қамауды есептеу ережелерін ескере отырып, осы іс
бойынша  сотталушының  қамауда  болу  уақыты   сот тағайындаған   жазаны
камтыған жағдайларда, айыптау үкімін жазаны тағайындап және одан босата
отырып шығарады.

Егер оны шығару кезінде сотгалушы қайтыс болса, сот айыптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 72-бабында және 74-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда сот істі тоқтатады немесе тараптардың өтініші бойынша айыптау үкімі қылмыстық жазаны өтеуді кейінге қалдыра отырып шығарады.

Сот ақтау үкімімен сотталушы қылмыстық жауаптылыққа тартылып, сотқа берілген айыптау жөнінде оның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін таниды және жариялайды. Егер:

1)     қылмыс оқиғасы болмаса;

2)     сотталушының әрекетінде қылмыс қүрамы болмаса;

3)     қылмыс жасауға сотталушының қатысуы дәлелденбесе, ақтау үкімі шығарылады.

Аталған негіздердін кез келгені бойынша ақтау соттын сотталушының кінәсіздігін тануды білдіреді және оның толық ақталуына әкеп соғады.

Егер ақтау үкімі шығарылған жағдайда қылмыс жасаған адам анықталмай қалса, үкім заңды күшіне енгеннен кейін сот қылмыстық істі прокурордың өзге адамды қылмыстық қудалау қажеттігі туралы мәселені шешуі үшін соған жібереді.

Бас бостандығынан айыруға сотталған адамның кәмелетке толмаған балалары, қарт ата-анасы, қараусыз қалған басқа да асырауындағылар бар болған кезде, сот айыптау үкімін қабылдауымен бір мезгілде аталған адамдарды қамқоршылыққа немесе туысқандарының не басқа адамдарының немесе мекемелердің қорғаншылығына өткізу туралы, ал сотталушының қараусыз қалатын мүлкі немесе үй-жайы бар болған кезде оларды күзету жөнінде шара қолдану туралы қаулы шығарады. Қажет болған жағдайда сот қылмыстың салдарынан жәбірленушінің ауыр жарақат алуына немесе қайтыс болуына байланысты оның қараусыз қалған кәмелетке толмаған балаларын, еңбекке жарамсыз ата-аналарын, қамқорлығындағы басқа да адамдарды орналастыру туралы, сондай-ақ жәбірленушінің мүлкі мен түрғын үйін қорғау туралы қаулы шығарады. Іске тағайындау бойынша қорғаушы қатысқан жағдайда, сот үкім кабылдаумен бір мезгілде сотталушыға заң көмегін көрсеткені үшін төлеуге жататын сыйақының мөлшері туралы қаулы шығарады.

Осы баптың бірінші және екінші бөлігінде аталған іс жүргізу шешімдері мүдделі адамдардың өтініштері бойынша үкім жария етілгеннен кейін де қабылдануы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу

Апелляциялық өндіріс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - ҚІЖК) 31-бабында бекітілген іс жүргізу әрекеттері және шешімдеріне еркін шағымдану жөніндегі қүқықтарды іске асырудың процессуалдық формаларының бірі болып табылады және ҚІЖК-нің 396-бабының 2-бәлігінде, 403-бабының 5-бөлігінде көрсетілген тұлғалардың шағымдары және прокурордың наразылығы бойынша қозғалатынына соттардың назары аударылсын.

Осыған байланысты бірінші сатыдағы соттар шағымды, наразылықты қабылдау кезіңде шағым берген, наразылық білдірген түлғаның өкілеттігін тексерулері қажет. Заңның нормаларында көрсетілген түлғалар тізбесі кеңейтілуге тиіс емес.

Процеске қатысушылар үкім шығарылғаннан кейін қайтыс болған сотталған адам жөнінде оны ақтау үшін қажетті негіздер бойынша ғана шағым беріп, наразылық. білдіре алады.

Әрбір шағым, наразылық сотқа түсісімен түскен күні көрсетіліп,
дереу  тіркелуі   қажет.   ҚІЖК-нің   399-бабында   көрсетілген   мерзім

өткізіліп барып берілген шағым, наразылық қаралмайды. Бұл жөнінде бірінші сатыдағы сот қаулы шығарып, оны шағым берудің наразылық білдірудің тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып шағымның, наразылықтың иесіне жібереді.

Егер апелляциялық шағым беруге, наразылық білдіруге құқылы тұлға өткен мерзімді қалпына келтіру туралы өтініш берсе, онда мүндай өтініш ҚІЖК-нің 400-бабында көзделген тәртіппен міңдетті түрде қарауға жатады.

Өтіп кеткен мерзімді қалпына келтіруден бас тарту туралы судья қаулысына шағым беріліп, наразылық білдірілген жағдайда бірінші сатыдағы сот шағымды, наразылықты іспен бірге апелляциллық сатыдағы сотқа жібереді.

Процеске қатысушылардың олардың белгіленген мерзімдерде берген шағымды немесе наразылықты өзгерту не толықтыру құқығы сот отырысы басталғанға дейін ғана іске асырылуы мүмкін.

Сотталған адамның жағдайын ауырлату мақсатындағы өзгерістер мен толықтыруларды, егер осындай мәселе алғашқы шағымда, наразылықта

қойылған жағдайда ғана енгізуге жол беріледі. Осы орайда сотталған адамның жағдайының ауырлағанын туралы қосымша шағым, наразылық, ціағым беру мен наразылық білдірудің белгіленген мерзімдерінде ғана берілуі мүмкін.

Сотталған адамның жағдайының ауырлағаны туралы уәждер келтіріліп, мерзімі өткізіліп барып берілген шағым, наразылық, егер бастапқы шағымда немесе наразылықта бұл туралы талап қойылмаса, онда қосымша шағын мен наразылық деп танылмайды.

Егер апелляциялық шағымды бірінші сатыдағы сотқа қатысқан қорғаушы берсе, ал үкім шығарылғаннан кейін іске сотталған адамның келісімімен басқа қорғаушы қатысса, онда ол алдыңғы уәждерді өзгертіп не жаңа уәждер келтіре отырып, сотталған адамның атынан қосымша апелляциялық шағым бере алады.

Сотталған адам қорғаушының апелляциялық шағымын қайтарып алған жөне істі қарау үшін басқа негіздер болмаған жағдайда қорғаушының шағымы бойынша қозғалған апелляциялық өндіріс қысқартылады.

Апелляциялық шағымды, наразылықты кері қайтарып алу туралы арыз, етінін КДЖК-нің 402-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот отырысы басталарға дейін ғана беріледі. Шаңғымды кері қайтарып алу туралы өтініш бойынша сот шешімін соттың қүрамы шығарады және о л қаулымен ресімделеді. Егер апелляциялық өндіріс бірнеше сотталған адамдардың шағымдарының немесе бірнеше адам сотталған үкімге келтірген наразылықтың негізінде жүзеге асырылса, шағымды, наразылықты кері қайтарып алу туралы өтініш жөніндегі шешім қаулының негізгі мәтініне қосылуы мүмкін.

ҚІЖК-нің 97-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге жататын, бірақ уақытында шеттетілмеген қорғаушының берген шағымы апелляциялық сатыда қарауға жатады.

Істі апелляциялық сатыңа қарау сәтінде он сегіз жасқа толған кәмелетке толмаған сотталған адамның немесе жәбірленуші заңды өкілдерінің өздері іске қатысқан кезеңде берген шағымдары заңды өкілдердің функцияларының аяқталганына қарамастан апелляциялық тәртіппен қарауға жатады.

Үкім шығарылғанға дейін процеске қатысушылар болып танылмаған және осыған байланысты өздерінің процеске қатысушылар қүқығын пайдалануға мүмкіндігі болмаған, бірақ кейіннен заңмен белгіленген тәртіппен процеске қатысушы болып танылған түлғалар апелляциялық, шағым беру үшін мерзімді қалпына келтіру жөнінде мәселе қоюға қүқылы. Мүндай жағдайларда процестің жаңа қатысушысына іс материалдарымен танысып, ез қүқықтарын іске асыруға мүмкіндік беру үшін апелляциялық, сатыдағы сот істі бірінші сатыдағы сотқа қайтаруға тиіс.

Апелляциялық сатыдағы сот істі өз өндірісіне қабылдай отырып,
тараптардың сот отырысы хаттамасының әзірленгені жөнінде тиісінше
хабарланғанын туралы жөне олармен танысулары үшін шынайы
мүмкіндік жасалғаны жөне хаттама жөнінде түскен ескертпелердің
қаралғаны туралы; процеске қатысушылардың түскен шағым мен наразылық
туралы хабарланғаны және осы қүжаттармен, сондай-ақ қоса берілген
қосымша              материалдармен              танысуына мүмкіндік берілгені туралы

мәліметтердің істе болуын тексеруге тиіс.

Апелляциялық сатыдағы сот ҚІЖК-нің 396, 403-баптарына сәйкес, апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуға қүқығы бар адамдардың олардың үкімге .(қаулыға) дау айтып отырған отырмағанына қарамастан, істің апелляциялық тәртіппен қаралатын уақыты мен орны туралы оларға хабарланғаны туралы мәліметтердің бар-жоғын тексеруге міндетті.

Тиісінше хабарланған процеске қатысушылардың апелляциялық сатыдағы сотқа келмеуі істің қаралуына кедергі болмайды. Қатысуы міндетті болып табылатын прокурор келмеген жағдайда істі апелляциялық сатыда қарау оның қатысуын қамтамасыз ету үшін қажетті уақытқа дейін кейінге қал дыры лады.

Істі қарау дөлелді себептермен кейінге қалдырылған жөне осыған байланысты оны қарау мерзімі ұзартылған, сондай-ақ заң талап еткен шарттардың сақталмауына байланысты ол қараудан алынып тасталған жағдайда апелляциялық сатының соты қаулы шығарып, процеске қатысушыларды осы туралы хабардар етуге тиіс.

Қамауда отырған сотталған адамның сот отырысына қатысуы туралы мәселені екінші сатыдағы соттың шешетіні ескеріле отырып, апелляциялық сатыға жіберілетін іс материалдарыңда сотталған адамға апелляциялық сатының сотына қатысу қүқығыңның түсіндірілгені туралы мәліметтер болуға тиіс. Сотталған адамның апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуға ниетті екені немесе қатысудан бас тартқаны туралы мәліметтерді бірінші сатыдағы сот іс материалдарына тігіп қоюы қажет, ал олар болмаған жағдайда алдыртуға тиіс.

ҚІЖК-нің 408-бабының 2-бөлігінде және 410-бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда апелляциялық сатыңағы сот сотталғанның сот отырысына қатысу қүқығын қамтамасыз етуге міндетті.

Өзге жағдайларда сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені істің мән-жайын жан-жактылы зерттеу мақсатында жөне оның процессуалдық құқықтарын сақтау қажеттігін (мысалы, сараптама тағайындау кезінде) негізге ала отырып апелляциялық сатының соты шешеді.

Сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы қаулы шығарылады. Апелляциялық сатыдағы соттың сотталған адамды сот отырысына шақыру жөніндегі өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі істі қараудың нәтижелері бойынша шығарылған сот қаулысында көрсетілуге тиіс.

Апелляциялық сатыдағы соттың істі қамалуға алынбаған сотталған адамның, ақталған адамның немесе олардың қорғаушысының қатысуынсыз қарауы, егер олар сот отырысының болатын уақыты туралы хабардар болмаса жөне мұның өзі оларды сот отырысына қатысу мүмкіндігінен айырса, қылмыстық іс жүргізу заңын айтарлықтай бұзу болып табылады.

ҚІЖК-нің 405-бабының талаптарын ескере отырып, апелляциялық сатының соты шағымдар мен наразылықтар бойынша істі қарау кезінде әрбір сотталған адамға қатысты істің қаншалықты жан-жақты, толық ері объективті зерттелгенін, оның қылмысының саралануының дұрыстығын, жазалау шарасының жасалған әрекетке сәйкестігін ез құзыреті шегінде тексеруге тиіс.

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу