Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

      жасалған әрекетті екі қылмыстың өте ұқсас жиынтығы ретінде  қате
бағалаудың нәтижесінде артық таңылған бапты алып тастап, сот үкімін
қалған бөлігін бұзбай өзгеріссіз қалдыруға;

      негізгі жаза мөлшерін қылмыстық заң бабыньщ санкциясы шегінде
төмендетуге;

      мүлікті тіркелеуді толық не ішінара немесе жазаның қосымша түрін
алып тастауға;

      бас бостандығынан айырудың орнына баптың санкциясында көрсетілген жазаның басқа жеңілірек түрін тағайындауға:

      шартты түрде соттауды қолдануға:

      осы қылмыс үшін жазаның заңда көзделгеннен гөрі әлдеқайда жеңіл
түрін тағайындауға;

      заңмен көзделген негіздер болған жағдайда рақымшылық жасау актісін қолдануға;

      азаматтық   талапты   өтеу   үшін   өндірілген   сомманың   мөлшерін
кемітуге, талапты канағаттандырудан бас тартуға немесе талапты қараусыз қалдыруға;

      бірінші    сатыдағы    соттың    заттай    дәлелдемелер    туралы,    сот
шығындарын болу туралы қабылдаған шешімін өзгертуге қүқылы.

Апелляциялық сатыдағы соттар сондайақ жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеулерін кейінге қалдыру мәселесі бойынша шешім қабылдау туралы (ҚК-нің 72-бабы), айыптау үкімін орындаудың мерзімдерінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату туралы (ҚК-нің 75-бабы), басқа орындалмаған үкімдер болған жағдайда үкімді орындау туралы, егер уақыты бойынша ең соңынан қабылданған үкімде бұл мәселе шешілмесе (ҚК-нің 60-бабы), қамауда болу,сондай-ақ емдеу мекемелерінде болу мерзімін есепке алу туралы (ҚК-нің 62, 94, 95-баптары) мәселелер бойынша шешім қабылдауға және басқа да өзгерістерді үкімге енгізуге құқылы.

Істің мән-жайын зерттеуді талап етпейтін надымды анықталған негіздер болған жағдайда ҚІЖК-нің 421-бабының 1-бөлігінің 4). 5), 9) тармақтарында көзделген өкілеттіктерді негізге ала отырып, апелляциялық сатыдағы сот айыптау тарабының шағымы, наразылығы болған жағдайда сот үкіміне рақымшылық актісінің дүрыс колданылмауын бүзу, алдыңғы соттың шартты түрде соттау туралы үкімін бұзу, контрабандалық заттар, наградалар жөне т.б. туралы мәселені шешуге қатысты тиісті өзгерістер енгізуге қүқылы.

Егер істің апелляциялық сатыдағы сотта қаралар сәтінде ҚК-нің 5-бабына сәйкес кері күші бар жаңа заң қабылданса, онда апелляциялық сатыдағы сот осындай заң қабылданғанға дейін шығарылған үкімге тиісті езгерістер енгізуге міндетті.

Осы орайда Конституцияның 77-бабының 3-тармағынын 5) тармақшасына және ҚІЖК-нін 5-бабынын 2-бөлігіне сәйкес, жаңа міндеттер жүктейтін. процеске қатысушыларға тиесілі құқықтарды жоятын немесе кемітетін, олардың қосымша шарттармен пайдаланылуын шектейтін жаңа процессуалдық заңның кері күші болмайтынын назарда үстау қажет.

Апелляциялық сатыңағы сот ақтау үкіміне, істі қысқарту туралы қаулыға немесе сотталған адамның пайдасына қабылданған өзге де шешімге шағымды, наразылықты қарау кезінде шағымда немесе наразылықта олардың заңсыздығы мен негізсіздігі туралы мәселе қойылған жағдайда ғана ақтау үкімін немесе істі қысқарту туралы қаулыны бұзуға болатынын назарда ұстауы қажет.

Адамдардың біріне қатысты шағым беру, наразыльщ білдіру басқа адамдарға қатысты үкімді (қаулыны) бұзу құқығын бермейді.

Сотталған адамды ақтаудың заңсыздығы мен негізсіздігі, істі қысқарту туралы қаулы немесе ҚІЖК-нің 419, 421-баптарына сәйкес сотталушының пайдасына шығарылған өзге шешім үкімді немесе қаулыны бұзып, істі соттың жаңадан қарауына әкеп соғатынына назар аударылсын.

Апелляциялық сатыдағы сот адамды езі кінәлі деп тануға және жаза тағайындауға құқылы емес, өйткені бұл бірінші сатыдағы соттың құзыретіне жатады.

Апелляциялық сатыдағы сот ақтау негізін осы жөнінде шағым немесе наразылық, болған жағдайда, сондай-ақ өз бастамасы бойынша, егер шешім ақталғанның жағдайын нашарлатпайтын болса ғана езгертуі мүмкін.

Актау үкімі өзіне дақ түсіретін түжырымдаманы алып тастау туралы мәселе қойған жәбірленушінің шағымы бойынша да өзгертілуі мумкін.

Сотталған адамның өзі немесе басқа да процеске қатысушылар апелляциялық шағым немесе наразылық келтіргеннен кейін, бірак іс апелляциялық тәртіппен қаралғанға дейін сотталған қайтыс болған жағдайда сот үкімі бүзылуға, ал іс бойынша өндіріс ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігінің 11 тармағына және 418-бабына сәйкес қысқартылуға жатады. Қайтыс болған адамға қатысты іс тек қана қайтыс болган сотталған адамды ақтау үшін жалғастырылуы мүмкін.

Қайтыс болған сотталған адамды ақтау үшін негіздер болмаған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот қаулының сипаттау дәлелдеу бөлігінде осы туралы келтіреді, ал қорытынды бөлігінде сот шешімін бүзу және сотталғанның қайтыс болуына байланысты іс бойынша өндірістің

қысқартылғаны туралы шешімді баяндайды. Қайтыс болып кеткен сотталған адамның кінәсіз екендігі анықталған жардайда қаулыда үкімді бұзу және істі тиісті ақтау негізі бойынша қысқарту туралы көрсетілуге тиіс.

Алдын ала тергеу кезінде кайтыс болуына байланысты ісі қысқартылған айыпталушының жақын туысының оны ақтау туралы шағымын апелляциялық сатыдағы соттың ҚІЖК-нің 113-бабының тәртібімен шығарылған қаулысы шағымдалган жағдайларда ғана қарауы мүмкін.

Апелляциялық, сатыдағы соттар қаулы дайындаған кезде ҚІЖК-нің 422-бабының талаптарын қатаң басшылыққа алулары қажет.

Қаулының кіріспе бөлігінде ҚІЖК-нің 422-бабының 2-бөлігінде көрсетілген мәліметтермен қатар сот үкіміне (қаулысына) шағым берген немесе наразылық білдірген тұлғаларды, сондай-ақ бірінші сатыдағы сот қабылдаған шешімді керсеткен жөн.

Сипаттау-дәлелдеу бөлігінде шағымның (қарсылықтың) немесе наразылықтың әрбір дәлеліне тиянақты жауап беріліп, істі тексерудің барысы мен нәтижелері, заңға сілтеме жасала отырып, сот қабылдаған.

Шешімнің негіздерімен дәлелдері көрсетіліп, айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені, қылмыстың саралануы және жазалау шаралары туралы мәселелер бойынша нақтылы жауаптар болуы қажет. Наразылық немесе шағып қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда апелляциялық сатыдағы сот қаулыда шағымдағы немесе наразылықтағы дәлелдерді теріске шығаратын тиянақты негіздерді келтіруге міндетті. Үкім бұзылған немесе өзгертілген жағдайда, үкімге негіз етіліп алынған дәлелдемелердің неге жеткіліксіз деп танылғанын, қандай заң бүзушылықтар орын алғанын, олардың үкімнің мәніне қалай эсер еткенін көрсету қажет.

Қорытынды бөліктің тұжырымдамасы ҚІЖК-нің 411-бабында баяндалған шешімдердің бірін бейнелеуге тиіс. Апелляциялық сатыдағы соттың іс бойынша шығарылған жеке қаулыны бұзу немесе өзгерту туралы шешімі, жеке қаулыда істің мәніне қатысты мән-жайлар баяндалган жағдайлардан басқа реттерде жеке қаулымен рәсімделеді.

Апелляциялық қаулыларды ҚІЖК-нің 423-бабының қағидаларын сақтай отырып шығару қажет.

Сот құрамы қаулының толық мәтінін іс қаралған күннен бастап жеті күннін ішінде дайындап, қол қойған жағдайда, қаулының қорытынды бөлігі іс қаралғаннан кейін дереу кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған соттың бүкіл қүрамы қол қояды. Істі қарауға қатысқан судьялардың бәрі қаулының толық мәтініне қол қойғанға дейін қаулы орындауға жіберілуге тиіс емес, ал оның кешірмесін мүдделі адамдарға жіберуге болмайды.

Апелляциялық. сатыдағы соттың қаулысы, ол жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. Апелляциялық, қаулыны орындау кезінде туған

күмәндер мен түсініспеушіліктерді сол қаулыны шығарған сот КДЖК-нің 49-тарауының қағидалары бойынша қарауы мүмкін.

Істі апелляциялық сатыда қайтадан қарау жалпы тәртіппен жүзеге асырылады. Жаңадан шығарылған қаулы бұрын шығарылған қаулымен қайшы келген жағдайда апелляциялық саты бұл туралы тиісінше Жоғарғы соттың немесе облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасын хабардар етуі керек. Төраға ҚІЖК-нің 423-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес қадағалау сатысына апелляциялық қаулылардың бірін бүзу жөнінде үсыныс енгізуге міндетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы қүқык, қүрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.3.    Қадағалау сатысындағы іс жүргізу

Соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары осы тарауда көзделген негіздер болған жағдайда қадағалау тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.

Заңды күшіне енуі бойынша қадағалау тәртібімен:

1)     айыптау және ақтау үкімдеріне;

2)     соттың     бірінші     сатыдағы     сот     ісін     жүргізуді     қысқартатын,
апелляциялық шағым беруге жататын қаулыларына;

3)     апелляциялық,   қадағалау   сатыларындағы   соттардың   қаулыларына
шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.

Қазақсан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулыларын қайта қарауға және істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасы экономикасы мен қауіпсіздігі үшін ауыр, орны толмас зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігі туралы деректердің анықталуына байланысты енгізілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының үсынымы бойынша немесе Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол беріледі.

Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулаларын қайта қарауға істі тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген азаматтардың конституциялық қүқықтары мен бостандықтарын бүзушылықтар не заңның дүрыс қолданылмауы:

1)     кінәсіз адамды соттауға;

2)     орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс

                жасады деп айыпталған адамдарға қатысты ақтау үкімін 

               негізсіз шығаруға немесе істің қысқартылуына;

3)     жәбірленуші сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;

4)     сот     тағайындаған     жазаның     қылмыстың     ауырлығына    

     және сотталушының жеке басына сәйкес келмеуіне әкеп соғады;

5)     азаматтық талап қобдың дұрыс шешілмеуі;

6)      істің сотта жаңадан қарауға заңсыз жіберілуі негіз болып 

     табылады.
Заңды күшіне енген сот шешімдері де егер:

1)            істі  қайта қарау кезінде  осы Кодекстің  446-бабының

талаптары сақталмаса;

2)            Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі сот шешімін шығаруға негіз болған актіні конституциялық емес деп таныса;

3)            Адамды өлім жазасьша кескен үкім апелляциялық сатыда қараудың мәні болмаса, қайта қаралуы мүмкін.

Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға істерді қадағалау тәртібімен қайта қарауға өкілетгі сотқа тікелей апелляциялық шағым беруге қүқығы бар процеске қатысушылар шағым жаусауы мүмкін.

Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға:

1)       Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры -- облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы мен қадағалау алқасына;

2)       Қазақстан   Республикасы   Бас   Прокурорының   орынбасарлары - облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына;

3)       Облыс   прокурорлары   мен   оларға   теңестірілген   прокурорлар
облыстық және  оған теңестірілген  соттың  қадағалау  алқасына  наразылық келтіруге құқылы.

Наразылық осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өз бастамасы бойынша да, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген процеске қатысушылардың өтініші бойынша да білдірілуімүмкін.

Осы Кодексте көрсетілген негіздер болған жағдайда, процеске қатысушылардың шағымдары бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы, облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының судьялары тиісті сот сатысына шағым берілген сот қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгізіледі.

Шағым, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны берген адам кері қайтарып алуы, наразылық сондай-ақ жоғары түрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.

Осы Кодекстің 463-465 баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады.

Сотталушының кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ неғүрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне, жазаның катаңдығына байланысты немесе сотталушының жағдайын жақсартатын өзге де негіздер бойынша айыптау үкімін қадағалау тәртібімен қайта қарау мерзіммен шектелмейді.

Неғұрлым ауыр кылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі, жазаның жүмсақтығы себептері бойынша немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негіздер бойынша істі қысқарту туралы соттың қаулысына, айыптау үкіміне, сондай-ақ ақтау үкіміне не істі қысқарту туралы соттың қаулысына шағым жасауға, наразылық білдіруге олар заңды күшіне енген кейін алты ай ішінде жол беріледі.

Қадағалау сатысының сот отырысы төағалық етушінің қандай сот шешімі және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып жатқаны, сот қүрамына кімдердің енетіні және сот отырысы залында іс жүргізуге қатысушылардың қайсысы келіп отырғаны туралы хабарламасымен ашылады. Істі қараудың уақыты және орыны туралы тиісінше хабардар етілген шағым (наразылық) берген адамның болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін теріске шығармайды. Прокурордың қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу