Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа
Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2
1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17
2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28
3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33
4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39
5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………
в/ іс жүргізуді бекіту тәсілдері бойынша «сезік" - қылмыстық іс қозғау туралы қаулыдан, ұстау хаттамасынан не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулыдан туындайтын болса, "айып" - іс жүргізу түрінде дербес құжатта, яғни айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыда, айыптауды өзгерту туралы қаулыда, айыптау қортындысында, үкімде және өзге іс жүргізу құжаттарында бекітіледі.
г/ қүқықтық салдарлары бойынша «сезік» - дербес процессуалдық тұлғаның пайда болуына, қылмысты дәлелдеу арқылы айыпталушы тұлғасына әкелетін болса, «айып»- айыпталушы ретіндегі дербес процессуалдық түлғаның пайда болуына алып келеді, тар мағынада алдын ала тергеуден сот процесс! басталғанша, ал кең мағынада үкім заңды күшіне енгенше айыпталушы ретінде болады да, содан соң сотталушы ретіндегі дербес процессуалдық тұлғаның туындауына әкеледі.
Сонымен бірінші жағдай бойынша, алдын ала тергеуде қылмыс
жасады деп айыптау үшін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші
сезікті адамға айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы
шығарады және оны сезіктіге жариялаған уақыттан бастап ол айыпта-
лушыға айналады.
Екінші жағдай: Егер адамға қарсы сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған болса, ол айыпталушы болып табылады. Жалпы жеке айыптау ісі, жәбірленушінің сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беруі арқылы қозғалады. Азаматтардың анықтау органына, тергеушіге, прокурорға жеке айыптау жөніндегі берген шағымдары сот орнына жолдануға жатады, өйткені жеке айыптау істерін сот орындары қозғауға тиіс. Сонымен қатар жеке айыптау істері тек қана жәбірленушінің шағымы болған кезде ғана қозғалуға тиіс, ал жәбірленуші мен айыпталушы біріскен жағдайда қысқартылуға тиіс. Тағы да айта кететін нәрсе, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабы 2-бөлігінің талабына сәйкес, егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы, не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі қүқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау іс бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де қылмыстық іс қозғауға кұкылы.
Жеке айыптау қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау істерінің бір түрі болып табылады. Жасалған қылмыстың сипаты мен ауырлығына карай қылмыстық ізге түсу мен сотта айыптау жеке, жеке - жариялы және жариялы түрдегі айыптау болып үш түрге бөлінеді. Қылмыстық ізге түсуді жеке түрде жүзеге асыратын қылмыстар қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабында көрсетілген. Олар жалпы саны 13 қылмыс құрамдары және онша ауыр* емес қылмыстар қатарына жататындар.
Жеке айыптау ісі бойынша шағым беруіші адам өзінің шағымында қылмыстық оқиғаның сипттамасы, қандай дәлелдемелер бар екендігі, қылмыстың жасалған орны мен уақыты, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам туралы мәлімдемелер, сотқа шақырылуға тиісті куәлардың тізімі, түратын жерлерін көрсетіп, өзінің мәліметтерін көрсетіп, соңына қолын қойуы қажет. Домалақ арыз бойынша жеке айыптау істері қозралмайды. Жеке айыптау істері бойынша сот шағым келіп түскен кезден бастап 15 тәуліктің ішінде, соның ішінде айыпталушыға құқықтары түсіндіріліп, шағымның көшірмесі тапсырылғаннан соң үш тәуліктен кейін қарауға міндетті.
Үшінші жағдай: Анықтаушы айыптау хаттамасын түзіп, оны анықтау органының бастығы бекітіп, сезіктіге жариялаған кезден бастап айыпталушы адам болып танылады. Бүндай жағдай алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес қылмыстық істер бойынша анықтау материалдары істі сотта қарауға негіз болатын жағдайларда болады.
Анықтама жүргізілетін қылмыстық істер қылмыстық іс жүргізу кодексінің 285-бабында көрсетілген. Сонымен қатар бүл бапта қандай қылмыстық істерді қай органдар жүргізуі қажет екендігі де анық көрсетілген.
Анықтама жүргізілген жағдайда анықтаушы қылмыстық оқиғасы, қылмыстық заңмен тиым салынған әрекетті жасаған адам, адамның кінәлігі, залалдың сипаты мен мөлшері, кінәлнің соттылығы болған ба, жоқ па, жүмыс орны, мінездемесі және басқа қылмысты ауырлататын және женілдететін мән-жайларды анықтауы қажет.
Анықтаушы анықтама жүмыстарын жүргізіп біткен соң айыптау хаттамасын жазуға тиіс. Айыптау хаттамасында оның жасалған уақыты мен орны, кімнің жасағандығы, қылмысты жасаған адам туралы деректер, тағы да басқа іске маңызы бар мән - жайлар, одан бөлек Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінде көрсетілген қай баптағы, бөліктегі және тармақтағы қылмыстық әрекеттерді жасағандығы көрсетіледі.
Сонымен қатар, айыптау хаттамасына анықтау барысында алынған барлық материалдар, сотқа шақыртуға жататын адамдардың тізімі қоса беріледі және қылмыстық іс жүргізу заңы талабына сәйкес айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес елімізде адам кұқықтары мен бостандықтары танылады және олардың сақталуына, орғалуына конституциялық кепілдік береді. Ата заңымыздың 12-бабында «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тұмысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» - деп көрсеткен./1.66./.
Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69 -бабының 2-бөлігінде айыпталушы пайдаланатын заңды құқықтары көрсетілген. Ол бойынша айыпталушы:
өзіне берілген құқықтары мен заңды мүдделерін қолданыстағы
заңға қайшы келмейтін құралдармен және тәсілдерменқорғауға және осы қорғануға дайындалу үшін жеткілікті уақыт және қажетті мүмкіндіктер алуға құқылы.
бұл жерде айта кететін нәрсе мысалы, алдын ала тергеу аяқталған
соң, айыпталушыға және қорғаушыға барлық жиналған іс материалдары танысуға беріледі. Сонымен қатар айғақ заттар, хаттамаларға тіркелген бейнежазба, фонограмма, кинофильмдер, слайдылар тындатылып, көрсетіледі.
Айыпталушы және оның қорғаушысы өз өтініштері бойынша жеке-жеке немесе бірге отырып танысуына болады.
Қылмыстық іс бірнеше томнан тұратын болса, оның кез келгенін қайта қарап шығуға, құжаттардың көшірмесін түсіріп алуға, мәліметтерді кез - келген көлемде көшіріп алуға немесе техникалық қүралдар қолданып түсіріп алуға рұқсат беріледі. Олардың қылмысты іспен танысу уақытына шек қойылмайды, бірақ қасақана созып жатқандығы білінген жағдайда, тергеуші өзінің прокурор бекіткен дәлелді қаулысымен танысу уақытын жеткілікті бір мерзім ретінде тағайындауы мүмкін. Осының барлығы айыпталушының қорғану құқығын және оған дайындалуға жасалып жатқан қажетті мүмкіндіктер болып саналады.
Айыпталушы өзінің не үшін айыпталып отырғандығын білуге және айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысының көшірмесін алуға қүқылы. Сонымен қатар осы тағылған айып бойынша түсініктеме және жауап беруге, өзінің қандай қүқықтары бар екенін білуге және жауап беруден бас тартуға қүқылы.
Қылмыстық ізге түсу органы айпталушы ретінде жауапқа тарту каулысын жариялай отырып, айыпталушының қандай құқықтары бар екендігін түсіндіруге міндетті және қаулыда көрсетілген айыптар бойынша айыпкер ретінде жауап ала отырып, айыпталушының көрсеткен қарсы дәлелдемелерін тексеріп, жеңілдететін мән - жайлардың бар не жоқтығын анықтауы тиіс. Сонымен қатар, кінәсіздік презумпциясы принципіне сәйкес айыпталушы жауап бермеуіне, оның кінәлілігін тиісті орган дәлелдеуге, әрбір дәлелденбеген күдік айыпталушының пайдасына шешілуге тиіс екендігі ескерілуі қажет.
Айыпталушы бұлтартпау шараларын қолдану туралы қаулының көшірмесін алуға, өтініш пен қарсылық мәлімдеуге, ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге және түсінісуте, аудармашының көмегін тегін пайдалануға, қорғаушы алуға, өзінен жауап алудың алдындагы кезеңнен бастап қорғаушымен оңаша және қүпия жолығуға, өзінің, қорғаушысының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға, осы тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуга және оларға ескертулер беруге қүқылы.
Бүлтартпау шарасының қаулысының көшірмесін анықтаушы, тергеуші бере отырып, айыпталушының шағымдану қүқығы бар екенін, соған мүмкіндік жасауына жағдай жасау үшін беруі қажет. Жалпы айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекет жасаумен шүғылдануды жалғастырады деп ойлауға негіздер болған кезде, немесе үкімнің орындалуын қамтамассыз ету қажет болған жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші орган бүлтартпау шараларының бірін қолданады, яғни ешқайда да кетпеу және өзін дүрыс үстау, жеке кепілдік беру, әскери қызметшіні әскери бөлім командованиясының бақылауына беру, кәмелетке толмағанда қарауға беру, кепіл болу, үйде қамап үстау немесе қамау сияқты бүлтартпау шаралары түрлерінің бірін қолданады. Сонымен қатар айыпталушы, аудармашының тегін көмегін талап етуге, қорғаушымен қамтамассыз етуді талап етуге қүқықты.
Айыпталушы соттың, прокурорың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекетімен шешіміне шағым беруге, ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіруге, жария сөз талқылауын талап етуге, бірінші және аппеляциялық сатыдағы соттың қарауына қатысуға, ақырғы сөз айтуына құқылы.
Кейбір жағдайларда айыпталушыға толық дәлел болмастан, оның қылмыс жасағандығы туралы күдік қана болуы мүмкін. Осындай жағдайларда қылмыстық ізге түсу органдары, айыпталушы жайында оның қылмысы дәлелденбегеніне байланысты қысқартуы мүмкін. Кінәсіздік презумпциясы бойынша, барлық күдік сезіктінің, айыпталушының пайдасына шешілетіндіктен, қылмыстық іс бойынша о л ақталуға тиіс. Осындай ақтау үкімі болмаған жағдайларда, айыпталушы қарсылық білдіруіне болатыны айтылып отыр. Жоғарыда біз айыпталушы сот қарауында, сотталушыға айналатынын, ал үкім шыққан соң сотталған адам болатынын көрсеттік. Бірақ бұл жерде айыпталушы мен сотталушы құқықтары бірдей екенін ескерген жөн, яғни айыпталушының барлық құқықтарын сот қарауында сотталушы пайдаланады.
5 - тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау сатысындағы іс жүргізу
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі
және сот тергеуі
Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу заңдарына сәйкес бірінші сатыдағы сотқа аудандық және оған теңестірілген соттар жатады. Сонымен қатар облыстық және оған теңестірілген соттар, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты да өздерінің қарауына жатқызылған қылмыстық істер бойынша бірінші сатыдағы сот ретінде іс қарайды.
Облыстық және оған теңестірілген және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қарауына жатқызылған қылмыстық істерден басқа істердің барлығы аудандық және оған теңестірілген соттардың бірінші сатыдағы сот ретінде қарауына жатқызылған істер болып табылады.
Қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделген қылмыстық істер, сондай-ақ осы әрекеттерді есі-кіресілі шығасылы күйінде жасалған немесе оларды жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бірінші саты бойынша облыстық және оған теңестірілген соттарда қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасы Президентінің міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік опасыздық жасаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаты, Қазақстан Республикасының Бас Прокуороы, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің Төрағасы немесе оның мүшелері, Үкіметтің қүрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын мемлекеттік, органдардың бірінші басшыларының қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты жасаған қылмыстар туралы бірінші сатыдағы сот ретінде қылмыстық істі қарайды.
Бірінші сатыдағы және жалпы басқа да қылмыстық істер оқиға жасаған жердегі соттардың қарауына берілуге жатады.
Қылмыстық істер айыптау қорытындысымен сотқа келіп түскеннен кейін соттың төрағасы немесе чшың тапсыруы бойынша судья істі сотта іс жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешеді және мынандай шешімдер қабылдайды:
1) басты сот талқылауын тағайындау туралы
2) істі қосымша тергеуге қайтару туралы
3) іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы
4) істі сотталу бойынша жіберу туралы
5) істі тоқтату туралы
6) қылмысты істерді біріктру туралы
Осы шешімдердің бір бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қылмыстық істі қарай отырып судья мына жағдайларды анықтауға тиіс:
1) Істің осы сотта қаралуы тиіс екендігі
2) Істің тоқтатуға немесе уақытша тоқталуына негіздер бар ма жоқ па.
3) Адын ала тергеуде немесе анықтама жүргізу кезінде заңның
бұзылмағандығы
4) Айыптау хаттамасы немесе айыптау қорытындысының көшірмесі
айыптаушыға берілгендігі туралы
5) Бүлтарпау шарасын өзгертуге негіз бар ма, жоқ па
6) Мүлікті тіркілеу үшін шаралар қабылданғандығын немесе істелмегендігін
7) Түскен арыздар қанағаттандыруға жатады ма жоқ па.
Осы мәселелерді қарау үшін судья алдын ала тыңдауды өткізуге тиіс. Оны судья жеке дара өткізеді және хаттама жүргізіледі. Алдын ала тыңдау өткізу нәтижесі бойынша, жоғарыда көрсетілген жағдайлар болмайтын болса, басты сот талқылауын тағайындайды, ол туралы қаулыда жазылады.
Басты сот талқылауына сотталушы міндетті түрде қатысуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу заңдары бойынша, сотталушы ауырлығы шағын кьілмыс болса, немесе Қазақстан Республикасы жерінен тыстау болса немесе жалтарып жүрген болса қатыспауы мүмкін. Сонымен қатар басты сот талқылауына жәбірленуші, қорғаушы, прокурор қатысуы міндетті болып табылады.