Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа
Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.
КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2
1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17
2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28
3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33
4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39
5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………
Микроіздер трасологиялық (микротрассалар) және трасологиялық емес болып бөлінеді. Ал трасологиялық емес іздер микробөлшектер және миқроағза түріндегі іздерге бөлінеді.
Микробөлшектер органикалық (жануарлар немесе өсімдіктер), органикалық емес және аралас болады. Оларға шыны бөлшектері, шаңдар, топырақ, темірлер, ағаштар, тоқыма талшықтары, адам
денесіндегі киімдерінің элементтері жатады. Микробөлшектердің көп тараған түрлері - иіс іздері. Иісті іздер қылмыстық объект маңайында газды-
молекулалық түрде болады.
Із үстіне із салу арнайы механизмдердің пайда болуымен түсіндіріледі. Олар екі-үш объектілер арасында бөлшектердің бір объектіден екінші объектіге орын алмастырып, өзара әрекеттесуімен қүралады (оқига орны - қылмыс жасаған түлға - жәбірленуші). Мысалы, қылмыс жасаған тұлғаға жәбірленуші қарсылық көрсету барысыңда жәбірленушінің киімінде қылмыс жасаған тұлғаның киімінің талшықтары қалып қоюы мүмкін және керісінше.
Сонымен бірге, жәбірленуші және қылмыс жасаған тұлғаның киімінде оқиға болған жердегі шаң, топырақ немесе басқа заттың бөлшектері қалып қояды. Мұндағы із үстіне із салу микро және микроіздер болуы мүмкін.
Оқиға болған жердің жағдайы өзгеріссіз қалмайтынын ескеру керек. Қылмысгық іздер өзгереді және жоғалып кетеді. Бүл объективтік заңдылық, өйткені іздердің өзгеруі және жоғалуы табиғи құбылыс (жаңбыр, қар, жел, күн) және адамдардың қатысуымен болатыны заңды. Жеке іздердің пайда болу уақыты имоненттік қасиеттеріне, екінші жағынан қоршаган ортамен (аяқ киімнің ізі, кашкгің қардағы, құмдағы ізі т.б) өзара әрекеттерінен көрінеді. Адамдардың іс-өрекеті кездейсоқ жәнс алдын ала дайындалған болуы мүмкін.
Алдын ала іздерді өзгерту немесе жойып жіберу - қылмыс жасаған тұлға жөнінде ақпаратты беретін қылмыс айғақтары мен іздерін жабудың бірден-бір
жолы.
Қылмыс жасаған адамның іс-әрекетіне байланысты іздерді өзгерту және жою, тікелей жекелеген іздерді жоюмен жүзеге асырылады:
а) адам өлтірілген жердегі, едендегі, қабырғадағы
және мүліктегі қан іздерін жуу;
ә) қылмыс жасаған түлғаның, үстаған затгарын шүберекпен ысқылап сүрту;
б) жалған іздерді жасау (қылмыс орнында басқа
адамдардын заттарын тастап кетуі т.б);
в) іздерді жою арқылы қылмысты жазатайым
оқиға ретіндс көрсетуі (мысалы, өндірістегі кісі өлімін,
жазатайым оқиғаға келтіруі);
г) қылмысты жалған бағытқа бұру арқылы (дүкен
сатушысының үлкен шығынға ұшырап, оны жасыру
үшін есікті бұзып, ұрлық жасалғанын хабарлайды),
немесе басқа қылмыс жасау арқылы адам өлімі болған
жер, өртеніп кетеді. Дегенмен, оқиға болған жерлерде
жасалған кылмыстың іздері қанша дегенмен қалып
қояды. Сонымен бірге, қылмыс жасаған түлғалардың
кылмысты жасырып, іздерді жою әрекеті салдарынан,
жаңа іздер пайда болады.
Жоғарыда айтылғандардан қорытатынымыз, яғни оқига орны окиға және оны жасаган адам жөнінде акпарат беретін өр түрлі іздердің ортасы болып табылады.
1.3. Оқиға болган жерді криминалистакалык зерттеудің түсінігі
Қылмыстық зерттеу адамдардың іс-әрекетінен көрінеді, яғни «соттық зерттеу» түсінігімен танымал болып келеді. Саттық зерттеу ретінде, Р.С.Белкин атап көрсеткендей «қылмыстық процестің анық жайын ашатьш тергеушілер, прокурордың іс-әрекеттері, яғни қылмыстық істі зерттеу барысынша жасалатын іс-шаралардың жиынтығын» қарастыруға болады.
Бұл соттық зерттеу барысында қылмыстық-процессуалдық заңдар мен криминалистиканың әдістері және тәсілдері қолданылады. Мұңда басты назар оқиға болған жердегі криминалистикалық зертгеуге аударылады.
Оқиға болған жердегі криминалистикалық зерттеу-болған оқиғалардың іздерің, оның жалпы механизмін және тағы басқа элементгерін, қылмыстың
бар немесе жоқтытын, қылмыс жасаған адамнын жеке тұлғасын анықтау және оны іздестіруге қажетгі мәліметтер жинақтау, қылмыс жасауға әсер еткен
жағдайлард анықтау, оқиғаны зерттеуде жаңа мәліметтер жинауга бағытталады.
Әр жекелеген жағдайда бұл мақсаттар соттық зерттеу немесе басты сот талқылауы сатысына қарай нақтыланады, яғни оқиға болган жерді зерттеу, сонымен қатар ол процессуалды іс-әрекет жүргізуде де іске асырылады. Көбіне, алдын ала тергеу сатысында криминалистік зертгеу оқига болған жерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады.
Әр тергеу әрекеті сияқты, оқиға болған жерлерді қараудың үш аспектісі бар: процессуалды, ұйымдастыру және криминалистік (арнайы танымдық). Процессуалды аспект - бұл процессуалды әрекет, ол алдын ала тергеуде, басты сот талқылауында жүргізілуі мүмкін. Ол заңмен көзделген танымдық қызмет нысанын бейнелейді. Тергеудің бастапқы ахуалға қарай оқига болган жерді қарау тергеу әрекеті ретінде жүргізу жеделдігімен сипатталады, бұл «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізуі кодексінің» 221 -бабының 2-бөлімінде көрсетілген. Оқиға болған жерді қарау кезек күттірмейтін жағдайларда қылмыстық іс қозғалмастан бұрын жүргізіледі.
Ұйымдастыру аспектісі, оқиға болған жерге барғанға дейін жүргізілетін және оқиға болған жердегі әрекеттерді қамтиды. Өйткені оқиға жайлы хабар әдетте ішкі істер органың кезекші бөліміне түсетіндіктен, барғанга дейін жүргізілетін әрекеттер кезекшіге жүктеледі (оқиға болған жерді күзетуді ұйымдастыру, тергеу-оперативті топ қүру және оның шығуы). Оқиға болған жердегі тергеу-оперативті тобының басшысының әрекеттері (әдетте ол кезекті тергеуші болып табылады): оқиға мән-жайыньң сипатын анықтау, қылмыс жасаған түлғалардьң ізін суытпай ізіне түсуді үйымдастыру және оқиға болған жерді тікелей қарал шығу.
Оқиға болган жерде тергеушінің ұйымдастыру әрекеттері процессуалдық әрекеттер жүргізуден, оқиға орнына криминалистік зерттеу жүргізуден және зерттеу маліметтері қорытындыларын рәсімдеуден тұрады.
Тергеушінің дайындык әрскеттеріне мыналарды жатқызуға болады: оқиғанын мән-жайын анықтау үшін жәбірленушілер мен оқиғаны көргендерден қысқаша сұрау алу, оқиға болған жерден бөтен адамдарды шығару және қажет болган жағдайда қарау кезінде оны күзетуді ұйымдастыру, қажет жағдайларда қарауға қатысушылардың қауіпсіздік шараларьш қабылдау, әсіресе, оның қарқынды қозгалысты көлік жолдарында жал-көлік оқига орындарын қарауда маңызы зор, күәгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, карауға катысушылар арасында окиға болған жерді және онда табылған объектілерді зерттеуде тікелей міндеттерді бөлу.
Криминалистік аспектіде оқиға орның тексеріп карау дегеніміз тергеушінің мән-жайды толық, арнайы ащстер және техникалық құралдар көмегімен зерттеуі, тікелей түйсікпен қабыддауы. Тергеу әрекетінің зерттеу сипатына әдебиетте үнемі көңіл бөлінеді. Мәселен, А.Н.Васильев және В. А.Притузова: «окиға болған жерді қарау бұл тек көрумен емес, басқа да бүкіл сезім органдарының түйсігімен, сонымен бірге өлшеу, сипаттау, бейнелеу мен қол жеткізілетін жан-жақты зерттеу,» - деп атап көрсетеді. Р.С. Белкин: «оқиға орнын қараудың жұмыс кезеңнің мазмұны - қарау объектісін тікелей зерттеу,» деп көрсетеді.
Оқиға орнын криминалистік, зерттеу, оның топографиясын зерттеу, оқига болған жерде әр түрлі іздерді мүмкіндігінше табу және зерттеу, оларды тіркеп бекіту және қажет жағдайда алу, сонымен бірге олар тергеулік қараумен аяқталмайтынын, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тергеу экспериментінде, тігау және алу жөне басқа тергеу әрекеттерінде жалғасады.
Сонымен, оқиға болған жерді криминалистикалық зерттеу дегеніміз - тергеушінің криминалистикалық әдістері мен құралдарды қолданып, оқиға орнын қарау және басқа да процессуалдық әрекеттері барысында жүзеге асыратын танымдық қызметінің бір түрі.
2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1 Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу
Алдын ала тергеудегі сезіктіден және айыпталушыдан жауап алу тақырыбы толық ашылу үшін алдын ала тергеу үғымын, оны жүргізу тәртіптері және оларды жүргізетін органдар туралы да тиісті мәліметтер алуымыз қажет.
Жалпы қылмыстық іс жүргізудің міндеттері қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшекерлеу жөне қылмыстық жауапқа • тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дүрыс қолдану болып табылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық істер жүргізу кодексінің 7-бабы 16-бөлігінде «алдын ала тергеу /алдын ала іздестіру/ - уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істі мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа деінгі "қызметінің іс жүргізу нысаны » -болып табылатыны көрсетілген.
Алдын ала тергеуді тергеу органдары сонымен қатар қылмыстық іс жүргізу заңдары талап еткен жағдайда анықтай органдары да жүргізуге міндетті екендігін ескеруіміз қажет.
Алдын ала тергеу барлың қылмыстық іс бойынша жүргізілуге міндетті. Алдын ала жүргізілмейтін істер ол: жеке айыптау істер бойынша жүргізілмейді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 285 - бабында көрсетілген анықтама жүргізілетін. істер' бойынша алдын ала тергеу
амалдары жүргізілмейді. Егер, (жәбірленуші ) немесе айыпкер кәмелетке толмаған болса, немесе жүйке аурулармен ауыратын адамдар бо.лса, алдын ала твргеу амалдары міндетті түрде жүргізіледі. Ңандай қылмыстық іс қандай органда тергелуі тиіс екендігі Қазаңстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192 - бабында көрсетілген. Алдын ала тергеу мерзімі 2 ай.
Алдын ала тергеу амалдары, оқиға болған жерде жүргізіледі. Кейбір жағдайларда куәлардың көпшілігі және жәбірленушінің түратын жерінде жүргізілуі мүмкін. Алдын ала тергеуді жүргізу мерзімі қылмыстық іс қозғалған кезден басталады. Қылмыстық іс -.қозғау үшін. тергеуші қаулы шығаруға тиіс. Ол қаулыда қаулының шығарған жері, уақытты, тергеушінің аты - жөні, қылмыстық оқиғаның анықтамасы басшылыққа алынатын қылмыстық істер жүргізу кодексінің бабы жазылуы тиіс.
Аяғына тергеуші қол қояды. 24 сағат ішінде прокурорға хабарлауға тиіс. Одан бөлек жәбірленушіге қабылданған шешім жайлы хабарлауға тиісті және жәбірленушінің қүқықтарын түсіндірілуге тиіс. Алдын ала тергеу тергешінің айптау ңорытындысын жазумен немесе қылмыстық істі қысқарту туралы ңаулы шығарумен аяқталады.
Алдын ала тергеу мерзіміне алдын ала тергеу тоқтатыла түрған уақыт айыпталушымен оның қорғаушысының іс материалдарымен танысу уақытысы сондай - ақ аиыпталушының шағымы бойынша талап етілген қылмыстық істің сотта және прокуратурада жатқан уақыты енгізілмейді.
Алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын қылмыс белгілері болған кезде анықтау органдары қылмыстық іс қозғауға және қылмыстың ізін анықтаумен бекіту жөніндегі кеінге қалдыруға болмайтын тергеу іс-өрекеттерін: қарауды, тінтуді, алуды, куәландыруды, сезіктілерді ұстау мен олардан жауап алуды, жәбірленушілермен куәлардан жауап алуды жүргізуге құқылы.
Анықтау органдары байқалған қылмыс пен қылмыстық іс қозғалғаны туралы прокурорға дереу хабарлайды.
Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу іс - әрекеттерін орындағанна кейін, бірақ. іс қозғалған күннен бастап бес тәуліктен кешіктірмей анықта органы істі тергеушіге беруге, бұл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті.
Істі тергеушіге бергеннен кейін анықтау органы ол бойынша тергеу іс - әрекеттерін және жедел іздестіру шараларын тек тергеушінің тапсырмасы бойынша ғана жүргізе алады.
Қылмыс жасаған адамды анықтау мүмкін болмаған істі тергеушіге берген жағдайда анықтау органы қылмыс жасаған адамды анықтау үшін іздестіру шараларын жүргізуге, тергеушіге нөтижелер туралы хабарлауға міндетті.
Тергеуші тергеу іс - әрекеттеріне қатысуға заңдарда белгіленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға қүқықтары мен міндеттерін сондай-ақ тергеу іс - әрекеттерін жүргізудің тәртібін түсіндіреді.
Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу ісін түнгі уақытта жүргізуге жол берілмейді.
Тергеу іс - әрекетінжүргізу кезінде техникалық қүралдар қолданылуы және қылмыс іздері мен заттай дәлелдерді анықтаудың, бекіту мен алудың ғылыми негізделген әдістері әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың мәлімдемелері жазылады.
Егер тергеу іс - әрекеттерін жүргізу кезінде фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс және бейне жазба қолданылса не іздің көшірме бедері мен таңбасы жасалса сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми техникалық қүралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бүл ңүралдар қолданылған
объекттілер және алынған нәтижелер көрсетілуге тиіс.
Хаттамада бүған қоса ғылыми-техникалық қүралдарды қолданудың алдында, бүл туралы тергеу іс - әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс.
Танысу үшін хаттама тёргеу іс - әрекетін жүргізуге қатысқан барлық адамдарға үсынылады. Оларға хаттамаға енгізілуге тиіс ескертпе жасау қүқығы түсіндіріледі. Хаттамаға енгізілген барлық ескертпелер, толықтырылар, түзетулер көрсетілуге жөне олар осы адамдардың қол қоюмен куәландырылуға тиіс.