Кылмыс істерін тергеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:20, дипломная работа

Описание

Соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер заңдарды батыл түрде өзгерту қажеттігін туғызды. Ұлттық құқықты қалыптастыру жағдайында социалистік түсініктегі категориялар мен институттардың және олардың осы заманға лайық мазмұнмен толығуының арасындағы қарама-қайшылық анық көзге түсе бастады.

Содержание

КІРІСПЕ.....................................................................................................………….2

1-тарау. Қылмыстық істі бастапқы тергеу
1.1. Оқиға жерін қарастыру……………………………………………..………..…5
1.2. Оқиға болған жердің түсінігі………………………………………..………...13
1.3. Оқиға болған жерде криминалистикалық зерттеудің түсінігі………….….17

2-тарау Қылмыстық істі бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі
және жауап алу
2.1. Бастапқы тергеу ұғымы, сезікті түсінігі және сезіктіден жауап алу…….…19
2.2. Бастапқы тергеудегі сезікті түсінігі және оның құқықтары………22
2.3. Қылмыстық істегі бастапқы тергеуде сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу……………………………………………………….……………………28

3- тарау. Кылмыстық іс жүргізу сатыларының жалпы сипаттамасы
3.1. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түсінігі.......................…….………….32
3.2. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының түрлері және олардың мақсаттары ……………………………….......……………………………………33

4- Тарау. Қылмыстық іс қозғау және алдын-ала тергеу жүргізу сатысы
4.1. Қылмыстық іс қозғау және оның негіздері.......................…………………...35
4.2. Алдын-ала тергеу жүргізу тәртібі және оны жүргізу барысындағы
алдын-ала тергеу амалдары.................……………………………………..…….39

5- Тарау. Бірінші сатыдағы сотта, аппеляциялық және қадағалау
сатысындағы іс жүргізу.
5.1. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу тәртібі және сот тергеуі………………...45
5.2. Аппеляциялық сатыдағы іс жүргізу............................…...………………..…49
5.3. Қадағалау сатысындағы іс жүргізу..............................……………………….50

ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................……………….64

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................…………

Работа состоит из  1 файл

Кылмыс ис баст тергеу ЮКГУ.doc

— 592.50 Кб (Скачать документ)

г) жарықтандырғыштардың болуы және бүтіндігін;

д) табылған заттарды, іздерді, басқа да заттай дәлелдеулерді орап-буу үшін арналған заттардың болуын (полиэтиленті қаптар және сүлгілер, тығыз қағаз, шпагат, қақпағы бар шыны банкалар, арнайы заттар).

6.                           Лас жағдайларда жұмыс жүргізу үшін арнайы киімнің

(кезекшілік жүргізіліп жатқан жерде) болуы (комбинезон; плащ, жеңге киетін, резеңке етік, клеенкалы алжапқыш, резеңке қолғаптар).

Оқиға болған жерге шығу үшін арналған көліктің болуы және оның дайындығын тексеру, арнайы жылжымалы криминалистикалық лабораторияны шақыру мүмкіндігін анықтау.

Шығуды қажет ететін оқиға туралы ақпаратты қабылдағаннан кейін, тергеушінің міндеті:

1.                           Хабарлаған адамнан білу керек: не болғанын, оқиға болған жерде

полиция қызметкерінің қайсысы бар екенін,орналасқан жерін, тергеушінің тез арада келуі қажет па екенін;

2.                           Оқиға болған жерді қорғау бойынша шаралар қолданды ма екенін

анықтау, болмаса оқиға болған жердегі немесе аудандағы міндетті тұлғаларға қорғауды ұйымдастыру бойынша нұсқау беру;

3.                           Қарауға қатысу үшін қажетті шұғыл қызметкерлерді, сонымен

қатар басқа мамандарды (сот медицинасы жағынан маман, ІІМ шұғыл-криминалистика бөлімшесінің қызметкерлері) шақыру.

4.                           Егер оқиға жері тұрғыны аз ауылда орналасса немесе шығу

қажеттілігі түнгі уақытта болса (соған байланысты айқындаушыларды табу қиын) айқындауышыларға қойылатын талаптарға сәйкес айқындаушыны тергеушінің кезекшілік орнына жақын тұратын жерден табу керек.

5.                           Тергеу бөлімінің бастығына оқиға болған жерді қарастыратыны

туралы хабарлап, қылмыстық іс қозған жағдайда оны кім қабылдайтыны туралы мүмкіндігінше анықтау қажет.

6.                           Оқиға болған жерге шығу барысында міндетті түрде тергеу

портфелін (чемодан) және фотокомплект алу керек.

Тергеуші оқиға болған жерге келгендегі әрекеті:

1.      Оқиға жеріне келген уақыты тіркеу;

2.      Жәбірленушіге көмек көрсету үшін шаралар қолдану

3.      Соңғы оқиғаларды жою бойынша жедел шараларды қабылдауға

қатысу (өрт сөндіру, құнды мүлікті сақтау);

4.      Оқиға жері күзетімтінін тексеру. Қажет болса күзетті ұйымдастыру,

оның жүзеге асырылуы бойынша қосымша нұсқауларды күту;

5.      Оқиға жерінен барлық бөтен адамдарды шектеу;

6.      Тергеушімен бірге келмеген болса айғақтаушыны шақырту, оның

анықтаушыға койылатын талаптарға сай екендігін тексеру;

7.      Қажет жағдайда оқиға жеріне қарастыру барысында алынған

мәліметтерді таратуға болмайтыныдығы туралы айғақтаушыға ескерту керек;

8.      Оқиға жеріндегі полиция қызметкерлерінің мәліметіне және анық

көргендердің (жеке-жеке)айтуына негіздеге отырып оқиға туралы және оған қатысқан тұлғалар туралы қысқаша мәлімет алу керек;

Анық көргендерді жеке-жеке сұрастырғанда диктофон қолдануға болады.

Оқиға жерін қарастырудың алдында айғақтаушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек.

Айғақтаушы ретінде шақыртуға болмайды:

1.      Кәмелет жасына толмағандарды;

2.      Заң қорғаушы ұйымдарының қызметкерлерін және тергеушінің қоғамдық көмекшілерін;

3.      Табиғи кемшілігі бар адамдарды, яғни айғақтаушы міндетін

атқаруға кедергі болса (көруі, естуі нашар);

4.      Психикалық сапасы бойынша жарамсыздарда (эмоциональді турақсыз);

5.      Сауаты аз адамдарды;

6.      Айыбын өтеушілерді (мысалы, бұзақылық, алып-сатарлық);

7.      Берілген аймақта турақты турмайтындарды (қажет болған жағдайда сотқа шақыру қиындайды).

Қарау кезінде айғақтаушылар әркезде тергеушінің қасында болу керек және тергеу әрекеті кезінде анықталғашының барлығын зерттеу керек.

Қажет болса, айғақтаушылар оқиға жерін қарау барысында анықталған мәліметтерді таратпауына міндетті ететін қолхатпен алдын ала танысып қол қояды. Осы кезде мәліметтерді таратқаны үшін 355 УК РК бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі.

Қарау барысында маман:

1.                             Өз білімін және тәжірибесін қолдана отырып дәлелдерді табу,

тіркеу және айғақтау үшін тергеушіге көмектеседі.

2.                             Дәлелдерді анықтаумен, табумен және тіркеумен байланысты жағдайларға тергеушінің нащарын әрекетін түсіндіреді.

Жоғарыда аталған дайындық шараларын жүзеге асырғаннан кейін тергеуші оқиға жерін жалпы қарайды, оның мақсаты:

1.      Қаралатын территорияның шекараларын анықтау;

2.      Қараудың басты нүктесі туралы сұрақты шешу;

3.      Оқиға жағдайын зерттеудің ретті әдісін анықтау;

4.      Оқиға жерін қарауға қатысатын шұғыл қызметкерлердің санын өсіру қажеттілігін анықтауң (олардын келуі үшін шаралар қолдану);

5.      Үлкен территорияны зерттеу туралы сұрақты шешу және қажет болса қоғам өкілдерін шақыру (жоғары оқу орны және техникумда оқиғандарды, жоғарғы сынып оқушыларын).

Оқиға жерін қарау барысында бағдарлаушы және шолушы съемка жасайды. Жалпы шолу процесі кезінде алынған мәліметтерге байланысты тағайындалады:

1.                                         Өндірістер мен  ұйымдардың бөлмелерін және

территорияларын қарайтын жағдайда өкілдерді шақырту;

2.                                         Кеңесі және техникалық көмегі қажет болатын жағдайда, егер

тергеушімен бірге келмесе арнайы мамандарды шақыру үшін шаралар қолдану.

Заңға сәйкес, оқиға жеріндегі мәйіттің сыртқы  қараулына сот медицинасы аймағындағы арнайы дәрігер маман қатысады, ал оның қатысуы мүмкін емес болса – міндетті түрде басқа дәрігер қатысуы қажет. Одан басқа әрдайым мына саладағы мамандар шақырылады:

а)               Көлік, темір жол және әуе жол оқиғалары бойынша қарайтын

маман;

б)  Техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу қылмысын қарау бойынша

маман;

в)    Көлік заттары, сындыру қаруы, аяқ іздерінің (аяқ киім) саны көп

болған оқиға жерін қарау маманы;

г)  Киноға түсіру және видеозапись жасау, іздеу заттарын қолдану, заттай

дәлелдерге алдын-ала  зерттеу жүргізу.

3.                                         Егер қарау барысында күрделі тактикалық және  техникалық

сұрақтарды шешу қажет болса, кеңес және техникалық көмек көрсету үшін криминалистті шақыру;

4.                                         Автокөлік шақыру үшін және арнайы техникалық заттарды

жеткізу үшін шаралар қолдану;

5.                                         Тергеушінің жұмыс орны  тиімді жабдықталуы үшін

шаралар қабылдау (қол хатты қайда және неде жазатыны, қарауға қатысатындардын жеке заттарын және анықталған объекттерді қайда орналастыратына, жеткілікті жарықтанумен қамтамасыз ету, қол жуу үшін арналған су және т.б.). Оқиға жерінде темекі тартуға жол бермеу. Темекі тартуға, қоқыстарға (қажет емес парақтар, қалдықтар) арналған орынды белгілеу.

6.                                         Егер оқиға жеріне кинологпен қызметтік іздестіру ит болса,

оны қолдану мүмкіндігін анықтау (бұл сұрақ қарау алдында шешіледі);

7.                                         Шұғыл оперативті шараларды  жүргізу туралы полиция қызметкерлеріне тапсырма беру.

Тергеушінің нұсқауы бойынша полиция қызметкерлері орындауға міндетті тапсырмалар

Тергеушінің тапсыруымен полиция қызметкерлері келесі әрекеттерді орындайды:

а) оқиға жерін күзету, бөтен адамдарды қатыстырмау;

б) жәбірленушіге көмек көрсету және оқиға салдарын жою;

в) «ізін суытпай» қылмыскерлерді аңду және тұтқындау, шектеу шараларын жүргізу;

г) қызметтік іздестіру итін қолдану;

д) азаматтармен әнгімелесу, көргендерді және басқа қуәларді оқиға туралы сұрастыру жолымен алғашқы ақпаратты алу;

е) тергеушіге қажетті мәліметтерді алу үшін қылмсыстық тіркеу берілгендерін қолдану;

ж) жасалған қылмыс және қылмыскерлердін белгілері туралы полицияның басқа бөлімшелеріне, қажет  жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне кеден бекеттеріне ақпарат беру;

з) жасырылған қылмыскерлерді іздестіру;

и) танымаған мәйіттін танылуы үшін шаралар қолдану;

к) оқиға жерін қарау кезінде тергеушіге басқұа көмек көрсету;

Оқиға жерін қарастыру барысында куәларды анықтау

Оқиға жеріндегі полицияның оперативті қызметкеріне тапсырылатын бастапқы маңызды әрекеттердің бірі – куәларды табу;

а) оқиға жеріндегі;

б) оқиға жерінен кеткен;

в) оқиға берілгендеріне байланысты куз бола алатын тулғалар;

Оқиға жерінің қаралатың шаралары

              Оқиға жерінің қаралатын шекаралары алғашқұы кезде шолу барысында анықталады, кейінен оларды бекітеді және кеңейтеді. Шекараларын бекітіп, тергеуші жоспарға сай, маңызды заттарды және іздерді анықтау мақсатында барлық жерлерді және бөлмелерді зерттейді.

Оқиға жерінің қаралатын шекараларына жатады:

1.         Зерттелініп жатқан жағдай болған немесе заттай дәлел сипатты бар

іздер мен заттарды анықтаумен байланысты жер.

2.         Қылмыс жасаудың алдында қылмыскер болған аймақ немесе бөлме

(мысалы, құрбанын күткенде);

3.         Қылмыскердің оқиға жеріне келу және кету жолдары;

4.         Зерттелініп жатқан қылмысқа қатысы бар іздермен заттар бола алатын басқа бөлмелер мен аймақтар. (Мысалы, нәтижесінде жұмысшы қайтыс болған электрді қасқан басқару пульті)

Қаралған кезде тергеу жұмысы үшін мәні бар бірде-бір мекенді немесе бөлмені, бірде-бір затты немесе ізді көру алаңынан қалдырмау керек.

Оқиға жеріндегі объекттерді қарау кезеңі

Қарауды орталықтан бастайды, яғни тергеу жұмысы үшін мәні бар заттар мен іздердің ең көп саны жинақталған жер (мәйіт, бұзу жері және т.б.)

Қарауды шеттен бастайды егерде:

1.                              Оқиғаның орталық жері анықтамаса (мысалы, дене жарақаты

немесе өлтіру әрекеті кезінде жәбірленушіні ауруғанаға жібергенде, оқиға жерінің әртүрлі орнында күрес, қан іздері, сынған  мүлік және т.б. анықталады)

2.                              Орталықта орналасқан іздердің жойылу қаупі болмай, шеткері

орналасқан іздердің жойылу мүлкіндігі болса. (мысалы, дүкенді тонау кезінде орталық ретінде бүтіндікті бұзу орны, күзетшілердің іздері, орталықта орналасқан заттар сақталып, шеткеріде – дүкен айналасында орналасқан – аяқ іздері, көліктер, киімдер және т.б.  заттай дәлелдер кез-келген уакытта жоғалуы мүмкін).

3.                              оқиға жерінің орталығына жақындаған сайын шеткеріде

орналасқан іздер жойылуы мүмкін болса (мысалы, мәйіт тар коридордын соңында жатса, ал коридор басының еденіндеәртүрлі іздер мен заттар болса)

Қарау кезінде тергеуші оқиға жеріне келгенге дейін өзгертілген жағдайларды ескеруі қажет.

Бұл өзгерістер мыналардың нәтижесінде пайда болуы мүмкін:

а) қылмыскер және басқа да қызығушылық танытқандар;

б) оқиға  жерінде бола қалған тасқа түлғалар;

в) оқиға жеріне тергеушіден  бұрын келген оперативті  қызметкерлер (мысалы,  полиция  қызметкерлері, өрт сөндірушілер)

Өзгерістер сонымен қатар табиғи күштердің (жаңбыр, жел) немесе жануар, кептер, шіркейлердің  әсерінен болуы мүмкін.

Оқиға жерін қарастыру кезінде болжамдарды шығару және тексеру

Оқиға жеріне қарастыру кезінде тергеуші куәлардың айтқанына, қоғам өкілдерінің ақпараттарына және анықтау органдарының берілгендеріне сүйене отырып, ненің болғаны туралы өз болжамын шығарады:

-         оқиға (мысалы, кісі өлтіру, өзін-өзі өлтіру, төтенше жағдай).

-         қылмыс жасаған адамдар.

Оқиға жерін қарастырған кезде анықталған келеңсіз жағдайлар

Келеңсіз жағдайлар дегеніміз тергеу кезінде анықталған, тергеушінің болжағаны немесе нақты тұлғалардың түсіндірген болжауларына қарсы болатын жағдайлар.

Оқиға жерін қарастыру кезінде анықталатын бұл жағдайлар кісі өлтіруде (мәйіт орналасуы мен оныңң денесі және киімдеріндегі қайталанған жерлердің бағыты сәйкес келмеуі, лас жерде жатқан мәйіт аяқ киімінің табанының лас болмауы), тонауда (бөлменің ішінен жасалған бұзып-сындыру), көлік қылмыстарында (дененің зақымдалуы көп болса да мәйіт астында қанның болмауы), зорлауда (зорлаушыға қарсы күш көрсетседе жәбірленушіде күресу іздерінің болмауы).

Информация о работе Кылмыс істерін тергеу