Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Екіншіден, шындық пен білім үшін күрес ымырасыздықпен жүргізіліп, шынайы күшке қуат берді. Ертедегі грек ойшылдары үшін философия дегеніміз - болмыстың алғашқы бастамасы мен себебін іздеу, мән жөніндегі ілім, шындықты пайымдау, болмысты құдірет күш - аллатағаламен теңестірудің баламасын табуға үйрететін қабілеттілік деп түсінді.

Парасат пен дүниені ұғыну өздігімен  келмейді, күресте қалыптасады. Ал күрес білім мен практиканың көкжиектерін кеңейтті, мифологиялық наным мен теріс ұғыныстардың қай - қайсысына болмасын бөгет жасады. Әлеуметтік дертке қарсы күресте адам да, қоғам да, олардың көзқарастары да мәдениеттің жаңа сатысына көтерілді. Билікке қарсы ымырасыздықтың барысында ескі мифологиялық санадан жаңа философиялық білімге бетбұрыс басталды.

Ой жүйесінің жоғарғы деңгейі - дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге философиялық көзқарас дегенде дүниені, табиғи және қоғамдық құбылыстарды ой жүзінде түсініп - ұғыну, табиғат пен адам арасындағы байланыстар, әрекеттің және қарым - қатынастың санада ерекше бейнелеу формасын айтамыз.

Адамдардың  жаџанды танып - білуге, тіршілік болмысының мән - жайын ұғынуға және болашаққа  көз жеткізуіне көмектесетін идеялар, принциптер, теориялар, мақсат- мұраттар дүниеге философиялық көзқарасты құрайды. Сонымен бірге сана қызметін реттеуші ой - пікірлер, адамның әлеуметтік позициясын бейнелейтін білімдер бағдары да оған негіз болады.

Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені зерттейді. Сана дүние  туралы ой, бейне мен ол ойдан  тысқары тұрған әлем арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, карастырылады. Басқаша айтқанда, философ өз ойлауының жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қиял пікірдің ара жігін ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінеді.

Философия таным процесінде ненің дәлелді, дұрыстығын және керісінше, ненің дәлелсіз, қателігін көрсететін мәселелерді қарастырады, теориялық ойланудың жалпы танымдық мәселелерімен шұғылданады. Философияның тарихында дүниеге көзқарас ұдайы өзгеріп, толысып отырады. Дегенмен дүниетанымдық процесте үнемі кезігіп отыратын мәселе де бар. Ойлаудың болмысқа қатынасы туралы мәселе .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№2 тақырып: “Философиялық  білімнің дамуындағы тарихи сатылары”  

 

“Ежелгі Шығыс философиясы” деп бүкіл дүние жүзіне әйгілі үш өркениеттің: Үнді, Қытай және Мысырды  айтамыз.

Шығыс философиясының қалыптасуына әсер тигізген көптеген алғышарттар  бар, олар: мифтік сананың дағдарысы, өндіргіш күштердегі секіріс; ақшалай-заттай қатынастардың пайда болуы; ойлау  еңбектің ауыр жұмыстан бөлініп шығуы; рулық-тайпалық құрылымның әлсіреуі; алғашқы  мемлекеттердің пайда бола бастауы; дәстүрлі дінге оппозицияның өсуі; ғылыми және ғылыми емес білімдердің  алғышарттарының пайда болуы  т.б.

Үнді философиясының негізгі  классикалық және классикалық емес бағыттары бар, олар “Веды” беделін  мойындаумен немесе мойындамаумен  байланысты.

Ертедегі Қытай философиясының негізгі бағыттары: конфуцийшылдық (Конфуций), даосизм (Лао-цзы), легизм (Гуан Чжун, Шан Ян), “инь” және “ян” мектебі. Олардың философиялық ілімдеріндегі  қағидалар “адам-әлем” жүйесіндегі  бүкіл даналықты қамтиды десек  артық емес. Олар бүгінгі тәлім-тәрбиенің, адамгершіліктің өмір мектебіне  айналып, өзінің мәнін эвристикалық педагогикалық іс-әрекетте көрсетіп, көзқарастық, танымдық және методологиялық концепцияларға айналып отыр. 

 

Антикалық философия

Антикалық философия өзінің көптеген мектептерімен, бағыттарымен ерекшеленеді.

Көне грек философиясы  халықтың тарихи-әлеуметтік, экономикалық өмірімен тығыз байланысты бола отырып, құл-иеленушілік демократияны дамытқан қоғамның дамуын сипаттайды. Бұл қоғам  сол кездегі философияның әдебиет  пен мәдениеттің кеңінен өркендеуіне  жол ашты.

Антикалық философияда жаңа бетбұрыс Платон, Сократ, Аристотельдің  философиялық көзқарастарымен, даналығымен  байланысты. Жалпы антикалық философиялық ойлардың ерекшелігі туралы бірнеше  концепциялар бар: мифологиялық; гносеогендік; социоморфтық.

Дүниежүзілік ғылым мен  мәдениеттің дамуын едәуір үлес қосқан ортағасырлық шығыс ойшылдары болды. Шығыс ренессансының тамаша ғалым-ғұламалары әлемге танымалы болған Аль-Кинди, Аль-Фараби, Ибн Сина, Аль-Газали, Ибн Рушд, Абу-Райхан Беруни және т.б. олардың негізгі  философиялық ой-толғамдары, дүниеге  деген көзқарасы, шығыс перипатетизмі, ислам, мұсылман ортодоксиясының философиясын құрайды. Өздерінің ілімдерінде  олар антикалық, білімді терең түсініп, тіпті шығармашылық деңгейге көтеріп  көп еңбектер жазған. 

 

Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заман философиясы

Бұл тарихи кезең өзін антикалық  мәдениеттің, антикалық өмір салтының, ойлау тәсілінің және сезімталдығының  жаңаруы, жаңғыруы деп сезінді. Сондықтан  бұлар “Ренессана” деген терминмен  сипатталған.

Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп  айтуға болады, өйткені оның өзегінде тұрған – адам. Қайта өрлеу заманында  табиғатты зерттеуге бербұрыс, пантеистік бағыт ерекше орын алды.

Жаңа заман философиясы  белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болып табылады. 

 

Классикалық неміс  философиясы

Классикалық неміс философиясы  бүкіл философия тарихындағы  өзіне дейінгі мұраға сын көзбен қарап, философияның рухани дамуының байлығын бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы  мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кездегі қоғамдық дамуды терең  талдай отырып, жаңа диалектикалық  әдістің, таным теориясының, логикалық  шығуының қайнар көзі болды. Оның өкілдері И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг болды. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Хуайнань-цзы-Древнекитайская философия: эпоха Хань. – М., 1990.

2.     Шанкара и индийская философия. – М., 1991.

3.     Нысанбаев А.Н., Әбжанов Т.И. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999.

4.     Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – Алматы, 2001.

5.     Философиялық сөздік. – Алматы, 1996.

6.     Чайковский Ю.В. Античная философия как рбщеобразовательный предмет. В.ф. – 2002. - №9.

7.     Августин А. О порядке.// Антология мировой философии. – М., 1989.

8.     Ибн-Халдун. Мукаддима. Дайындаған Сулейман. Ұлудағ. – II том. – Стамбул, 1983.

9.     Аль-Фараби. Тахсил ұл-Саада (Бахытқа жетудің жолы) аударған Ахмет Арслан. – Анкара, 1999.

10.                 Нысанбаев А.Н., Әбжанов Т.И. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999.

11.                 История философии: Запад-Россия-Восток. – М., 1995-1996.

12.                 Бэкон Ф. Великое восстановление наук. Соч. в 2 т. – М., 1977. 

 

№3 тақырып: “Философиядағы болмыс проблемасы. Материя және сана – философияның алғашқы категориялары”  

 

Лекцияның тезистері:

“Болмыс”, “материя” философияның түбегейлі категориялары болып  табылады, өзінің негізінде жалпы  реалдылықты, табиғаи пен адамның, материалдық әлем мен адамзат  рухының біртұтас негізін бейнелейді. Болмыстың өзі әртүрлі формаларға ие:

1.     Заттардың табиғат дүниесіндегі болмысы;

2.     Адам болмысы;

3.     Руханилық болмыс;

4.     Әлеуметтік болмыс;

Өз кезегінде болмыстың  бұл формаларының өз деңгейлері болады. Әлемді философиялық тұрғыдан түсінудегі субстанция ұғымы, субстанция мәселесі “алғашқы бастама” жөніндегі идеяны негіздеуге бастаған ұмтылыс ретінде  пайда болды. Осы ұмтылысты жүзеге асыруда әр түрлі бағыттар болды, олар:

1.     Монизм (материалистік немесе идеалистік).

2.     Дуализм.

3.     Плюрализм

Материалистік монизм бойынша  болмыстың негізі ретінде материя  танылады. Ұзақ тарихи уақыт барысында  ғалымдар материя ретінде белгілі  бір заттың негізгі қасиетін таныды, бұл материяны жаратылыстың ғылыми тұрғыдан анықтауының белгісі болды. Сонымен бірге, материя ұғымы  материяны философиялық тұрғыдан анықтауда  көрініс беретін философиялық аспектіге  ие.

Материя мәселесінің қойылуы  сана мәселесін тудырады, нақ осы  екі ұғымдардың қатынасы философияның негізгі мәселесі болады.

Материяның өмір сүруінің тәсілі мен формалары қозғалыс, кеңістік және уақыт бір-бірімен де тығыз  байланысты. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Абишев К.А. Философия. – А., 1998.

2.     Тұрғынбаев Ә.Х. Философия. – А., 2001. 

 

№4 тақырып: “Философиядағы әдіс мәселесі” 

 

Лекцияның тезистері:

Диалектика – болмыстың  әмбебап байланыстары, оның өзгеруі  мен дамуы жөніндегі ілім. “Диалектика” ұғымының пайда болуының мәселесі дербес, өз алдына бір философиялық мәселе болып табылады. Диалектиканың алғашқы  мәні сұхбаттасу, әңгімелесу (грек тілінен dialegu mai) деген ұғымды білдіреді. Әрі  қарай диалектика қарама-қайшылықтар  принципіне негізделген шындықты меңгерудегі  тәсілдер мен әдістер жүйесі деген  мәнге ие болып, дамудың жалпы  заңдары жөніндегі ілім деп анықталды.

Сонымен бірге оның сыни-рефлексивтік функциясын да айта кету керек. Диалектикадан  басқа ойлаудың да тәсілдері бар, олар: метафизика, софистика, эклектика. Болмыстың әмбебап байланыстары диалектиканың заңдар мен категорияларында көрініс береді. Диалектиканың негізгі заңдары бар, олар: мөлшерлік және сапалық өзгерістердің бір-біріне өту заңы; қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы, терістеуді терістеу заңы.

Классикалық неміс философиясы  диалектиканы жеке мен жалпының, құбылыс  пен мәннің, бөлік пен бүтіннің, элемент пен құрылымның, ұғым мен  жүйенің, кездейсоқ пен қажеттіліктің, мүмкіндік пен шындықтың контекстінде, яғни детерминизм және диалектикалық  заңдар концепциясында қарастырады.

Гегельдің диалектикалық  жүйесі мөлшерлік және сапалық өзгерістердің  табиғатын көрсетеді: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі, терістеуді терістеудің  қайшылығы кез-келген жүйенің немесе құбылыстың даму процесі “прогресс”, “регресс”, “даму” ұғымы мен тығыз  байланысты. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Введение в философию. В 2-х частях / Под ред. Фролова И.Т. – М., 1991.

2.     Спиркин А.Г. Философия. – М., 2001. 

 

№5 тақырып: “Адам болмысы  – философиялық мәселесі” 

 

Адам болмысы философиядағы  басты мәселелердің бірі болып табылады. Адамның табиғаты, мәні, бағыт-бағдары  философиядағы антропологиялық  мәселелердің өзектілігін және ерекшелігін  анықтайды.

Адамның философиялық концепциясы  ғылымдардың жалпы философияның негізі ретінде көрініс бере отырып, еңбек, сана, ұжымдылық деген сияқты адамның тектік мәнінің негізгі  формаларын талдайды. Мұнда антропосоциогенез  процесінде сананы, сонымен бірге  заттық-тәжірибелік қызметті қалыптастыратын  негізгі факторлар болып табылатын  тіл мен еңбектің рөліне көп көңіл  бөлінеді. Адамның тіршілігін үйлестіруге, оның құндылығы мен мәнін анықтауға  деген ұмтылыстар идеалды адам концепцияларында жүзеге асырылып, философияда гуманистік дәстүрді тудырды. Адамның индивидуалды тіршілігінің ақыры, өмірі, өлім және мәңгі  өлмеу (бессмертие) мәселелері, “өлуге құқығы” (эвтаназия) мәселелері, адам өмірінің әлеуметтік және биологиялық  және әлеуметтік жалғастығы сияқты философиялық гуманизмнің классикалық мәселелері қазіргі заманымызда да маңызды.

Бірыңғай әлемдік қауымдастықты  қалыптастырып, дамыту сияқты интеграциялық  үрдістер қазіргі заманда адамзат  тағдырын ғаламдық тұрғыдан қарастыру  идеясын адам мен адамзаттың бір-біріне өзара қарым-қатынасы философиялық негіз етіп алады. 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.     Фролов И.Т. Проблема человека. – М., 1987.

2.     Әлеуметтік философия. Хрестоматия. – А., 1999.

3.     Фролов И.Т. О смысле жизни, о смерти и бессмертии человека. – М., 1989.  

 

№ 1 дәріс тақырыбы:

«Дүниеге көзқарас, оның мәні және негізгі типтері» 

 

Жедел-дәріс материал:

1.Дүниеге көзқарас, оның мәні және негізгі типтері

«Философия» терминін негізінен  үш мағынада қолданады:

-         біріншіден, философия – дүниеге көзқарастың бір формасы;

-         екіншіден, философия – ол өзінің зерттеу пәні бар негізгі ғылым;

-         үшіншіден, философия – шындықтың бір жағын бейнелейтін, қоғамдық сананың негізгі формасы.  

Дүниеге көзқарас – ол объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның оны қоршаған шындыққа және өзіне деген көзқарастар жүйесі, сонымен бірге осы көзқарастармен негізделген негізгі өмірлік  тұжырымдар, идеалдар, таным және іс-әрекет принциптері, құндылықтық бағыттар.   

Информация о работе Философияның пәні және әдісі