Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)

Ф.Аквинский өз еңбектерінде Құдай болмысының бес дәлелін  құрастырды:

1.     Егерде қозғалысты тек механикалық деп алмай толығымен алса бірінші қозғаушыға, яғни Құдайға келмеуге болмайды.

2.     Егерде дүниедегі барлығының себебі болса, онда бірінші себеп болуы керек, яғни Құдай.

3.     Дүниедегі мүмкіндіктер мен кездейсоқтықтардың көптігінің бәрі қажетті абсолютті себептілікпен басқарушы керек, яғни Құдаймен.

4.     Дүниедегі барлығының жоғарғы дәрежесін өлшеу үшін барлық жоғарғылардың абсолютті өлшемі болуы керек, яғни Құдай.

5.     Барлық дүниедегі тіршілік етушілер анық мақсаттылық дәрежесі бар, сондықтан соңғы және негізгі мақсат Құдай болуы керек.   

Ф.Аквинский ілімі христиан шіркеуімен жоғары бағаланды, ол құдіреттілердің қатарына кірді. 

 

4.     Номинализм және реализм. 

Орта ғасыр философиясының көптеген ерекшеліктері бірнеше  ғасыр бойы реализм мен номинализм күресінен шығады.  

Реализм ілімінде таза шындық ретінде жалпылы ұғымдаруниверсалиилер  табылады, Универсалийлер заттарға дейін құдайлық зердеде тіршілік етеді, осыған байланысты зерде заттардың мәнін тануға жағдайында. Сондықтанда реалистер үшін таным тек зерде арқылы болады, өйткені зерде ғана жалпылықты тануға мүмкіндігі бар.  

Бұған қарама-қарса бағыт номинализм деп аталады. Номинализм – жалпы ұғымдардың онтологиялық мағынасын терістейтін және олардың шындықта емес, тек ойда тіршілік ететінін тұжырымдайтын философиялық бағыт.  

Номиналистердің айтуынша жалпы  ұғымдар – ол тек атау ғана, олар жалқы заттарсыз өз бетінен тіршілік ете алмайды. Сондықтан универсалийлер заттарға дейін емес, олардан кейін өмір сүреді. Соңында номиналистер шынайы тек жалқылық, ал жалпылық – адам ойында да тіршілік етпейтін тек иллюзия.  

Номиналистер мен реалистер  арасындағы талас пікір Аристотель көтерген жалпылылық пен жалқылылық мәселесіне байланысты шықты. 

 

5.     Европалық орта ғасыр философиясындағы жан және тән проблемасы.

Жан және тән мәселелерін  түсінуде орта ғасырда екі бір-бірімен тығыз байланысқан христиан догмалары жатыр – құдайлануы және қайта туылуы. Бірінші доғмаға байланысты құдай ұлы Логос немесе Иисус Христос адамзаттың күнәларының кешірімі үшін және адамдар құтқару үшін адам кейпіне келіп, өзін кресте өлтіруге келісті. Басқа догма бойынша уақыты келгенде адам толығымен өзіндік тәндік бейнесінде тірілді, өйткені жан тәнсіз тіршілік ете алмайды.  

Христиан догмаларын жүйеге келтіруге және осының негізінде  адам туралы ілімді жасауға тырысқан бірінші философ Ориген (3ғ.) болды. Оның ойынша адам рухтан, жаннан және тәннен тұрады. Рух адамға жатпайды, оны адамға Құдай сыйлайды және ол үнемі жақсылыққа және ақиқатқа бағытталған. Жан біздің өзіндік «Менімізді» құрастырады, ол бізде индивидуалдылықтың басы болып табылады және жақсылық пен жамандық арасын таңдайды. Табиғатқа байланысты жан рухқа, тән жанға бағынуы керек. Бірақ жанның екі жақтылығын оның төменгі бөлігі кейде жоғарғы бөлігінен асып кетеді. Бұл әдетке айналса адам жаратушымен жасалған табиғи тәртіпті ауыстырушы күнәлі тіршілік  етуші болып табылады. Ол жоғарғыны төменгіге бағындырады, осы жолмен дүниеге жамандық келеді. Осыған орай жамандық Құдайдан шықпайды, табиғаттан шықпайды, тәннен шықпайды, ол құдайлық сыйлықпен – бостандықпен көп қолдануынан адамнан шығады.   

Жан мен тәннің қатынасы мәселесін шешуден келіп орта ғасырлық аскетизм пайда болады. 

 

6.     Европалық орта ғасыр философиясындағы зерде мен сенім мәселелері.  

Европалық орта ғасыр философияда  христиан дүниетанымының негізделуі мен  қорғалуы әдістері, формалары туралы сұрақ қойылды. Бұл сұрақты шешуде екі тәсіл қарастырылды: діни интеллектуализм және діни антиинтеллектуализм. Бірінші бағытты адам санасындағы зерделі бастамаға сүйенуге ұмтылу нақты көрсетілген, және интеллектуалдық тәжірибеге, таза мағынаға бағытталу қажет. Діни интеллектуализмнің мақсаты адамда діни ілімдерді саналы түрде қабылдауы жасау болды.  

Августин Аврелий сенім  мен зерде үйлесімділігі туралы теорияны жасады, онда адамдарды дінге  үйретудің екі жолын қабылдауы  талап етті: ұғымдық-рационалды және рационалды емес.  

Діни еркін ойлаудың өкілдері жоғарғы Құдайдың басқармасына бағынатын, жоғарғы тәртіптің барлығын мойындап, сонымен бірге адам зердесінің мүмкіндігі мен құқықтарын талап етті.  

Сенім мен зерде үйлесімділігі  туралы Фома Аквинскийде өз пікірін айтты. Ол сенім зердеге қарама-қарсы тұрмауы керек деп есептеді. Ғылым мен философия теологиядан салыстырмалы түрде еркін.   

Діни антиинтеллектуализмнің өкілдері дінге деген зерделі  тәсілде творчестволық бастаманы, еркіндікті, жоғарғы күшті ескермейді. Құдайдың әрекеттері зерденің заңына бағынбайды. Құдай абсолютті түрде еркін, оның әрекеттері алдын ала айтылмайды. Құдайға деген жолда зерде кедергі болып табылады. Құдайға келу үшін білгеніңнің бәрін ұмыту керек, білімнің бар екенін де ұмыту керек. Антиинтеллектуализм өкілдері антика мәдениетін өзіндік көзқарастар табиғатына қарсы, жалған ретінде қарастырды.  

 

7.     Европалық орта ғасыр философиясындағы еркін ерік мәселесі.   

Христиан догмаларына  сәйкес, Құдайда еркін ерігі бар. Соған қатысты адамда да бірінші орынға ерік қойылады. Августин үшін барлық адамдар еркін. Адам жақсылықты біледі, бірақ ерік оған бағынбайды, сондықтан ол жасағысы келгенді жасайды. Орта ғасыр ілімдеріне байланысты адам өзінің күнәлі іс-әрекеттерінен құдайдың көмегінсіз асып өте алмайды.   

Христиан Құдайы өзіне  деген жеке қатынасты талап етеді, сондықтан орта ғасыр философтарының пәні болып адамның ішкі жан дүниесі  табылады. «Ішкі адам» түгелімен  жаратушыға бағытталған, оның жанының  тереңдігі өзіне де жасырын, ол тек Құдайға ғана түсінікті. «Ішкі адамнан» біз өзімізде өзіміздің тіршілік етуіміз туралы білімді аламыз. Орта ғасырда «Мен» ұғымының қалыптасу процесі басталады, ол Жаңа дәуірдің рационализмінің басталу пункті болды. 

 

 

 

Тапсырмалар:

1.     Христиан философиясының қалыптасуының кезеңдерін суреттеңіз.

2.     Діннің негізгі монистік түрі ретіндегі христиандыққа анықтама беріңіз.  

 

Өзін өзі тексеру  сұрақтары:

1.     Европалық орта ғасыр философиясындағы патристика және схоластика кезеңдерін қалай айыру керек?

2.     Орта ғасыр философиясының негізгі принциптерін қалыптастырып, олардың мәнін түсіндіріңіз.

3.     «Универсалийлер» туралы талас дегеніміз не? Ол философтарды қалай және неге бөлді?

4.     Орта ғасыр патристика тарихында А.Аврелий неге аса негізгі философ болып саналды?

5.     Ф.Аквинский іліміндегі философия және теология, сенім және зерде қатынасының жаңа түсінігінің мәні неде? 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

 

Негізгі:

1.     Хейзинга И. Осень средневековья. М., 1988г.

2.     Хамидов А.А. Категории и культура. А., 1990г.

3.     Эйкин Г.  История и система средневекового миросозерцания. М., 1969г.  

 

Қосымша:

1.     Августин А. О порядке. Антология мировой философии. Т.1. М., 1969г.

2.     Бицилли П.Элементы средневековой культуры. СПб., 1995г.

3.     Косиченко А.Г. Темы человека в контексте религиозного отношения к жизни. Всемирный философский конгресс. Доклады казахстанской делегации. А., 1993г.

4.     Малиновский Б. Магия. Наука. Религия. М., 1998г. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

Лекция тақырыбы № 6

“Марксизм философиясы”  

 

Экспресс-лекциялық  материалдар:

1. Марксистік философияның  пайда болуындағы тарихи жағдайлар  мен жаратылыстану ғылымдарының  алғышарттары.

Марксистік философия  өзіне дейінгі концепцияларды дамыта отырып, европалық және әлемдік мәдениеттің  дамуына үлкен секіріс әкелді, соңымен қатар жаңа білімнің қарқындауына аса үлесін қосты.

Диалектикалық материалистік  философияның қалыптасуы, К. Маркс және Ф. Энгельстің есімімен байланысты, романтизм  және утопизмнің элементтерімен бірлесе  келген ғылымды қарама-қайшылықтарға  толы күрделі процесс ретінде  қарастырыу қажет. Классикалық марксизм Х1Х ғасырдың 40-90 жылдарында пайда  болды. Батыс европалық қоғам  тарихи даму барысында оның мәнің  нақтылап саралады.

Тарихи жағдайлардың ықпалымен  пайда болған маркстік философия  Х1Х ғасырдың ортасындағы батыстық өркениетке алып келген әлеуметтік экономикалық, саяси және жаратылыстану ғылымдарының жиынтығының нәтижесінде түсіндірілді.

Диалектикалық материалистік  көзқарастың қалыптасуындағы әлеуметтік экономиканың алғышарттары капитал  мен еңбектің арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісе түсуін, капиталистік қатынастың жылдам дамуын айқындап берді. Өнеркәсіптің бірінен соң бірі тұралай бастауы, өнеркәсіптің қысқаруына, жұмыссыздыққа, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайларының күрт төмендеуіне  алып келді. Орын алған осы бейберекетсіздіктің  барлығын түсіндіріп беруге әлеуметтік философияның теориялық қауқары жетпеді. Қоғамдағы осы болып жатырған процессті талдауға жаңа методологиялық әдіс және оларға ғылыми қорытындылар қажет болды.

Франция, Германия, Англия тәрізді  елдердегі саяси жағдайлар күрделілігімен және қарама қайшылығымен ерекшеленіп  тұрды. Тарихи процесстің жаңа субьектісі қалыптасты-пролетарат, яғни ХY111 ғасырдың аяғы мен-Х1Х ғасырдың бірінші жартысындағы алдынғы теоретиктермен бітімге келмеді. Х1Х ғасырдың 30-40 жылдары ол өзінің ашық экономикалық, әлеуметтік, саяси құқықтары туралы жариялай бастады. Буржуазиямен пролетариаттардың класстық күресі өткір сипатқа ие  болды.

Өнеркәсіптер капиалистік  дамудың эволюциясы қоғамның дамуына  философиялық, әлеуметтік және саяси  теориялардықажет етті, сонымен қатар  тек адекватты бағасын беріп  қана қоймай альтернативтік көзқарастарында  ұсынып отырды. Антогонистік қарама қайшылықтарды  шешудегі бибітшілік тәсілдер ақыры  утопияға алып келді.Қоғам жаңа философия  мен социологияны қажет етті, яғни қоғам мен табиғат, қоғам мен  адамдар арасындағы байланысты,   әлеуметтік қайшылықтар мен оларды шешуге әсерін тигізетін әдістерді.

Х1Х ғасырдың ортасында  материалистік диалектиканың принциптерін теориялық тұрғыдан негіздеуге ғылымның шырқай дамуы үлкен мүмкіндік  туғызды. Бұл кезендері  ғылымның физиология, эмбрилогия, геология тәрізді салалары жақсы дамыды.

Немістің биологының Т. Шван мен М. Шлейдонныңжануарлар мен  өсімдіктер организмдерінің клетклық құрылымының ашыуы, неміс ойшылдары  Р. Майер мен Г. Гельмгольцтің  және ағылшын физигі Дж. Джоулдің энергияға  айналу мен сақталу занының ашыуы, Ч. Дарвиннің эволюциялық теорисының ашылуы табиғат процессінің диалектикалық  сипатта екендігін нақтылай түсеті.

Марксистік философияның  тарихи теоретикалық өзегіне ежелгі грек ойшылдарының, Қайта өрлеу дәуірінің идеялары және Ағартушылық кезендер әсерін тигізсе, неміс ойшылдары: Г. Лессингтің, И. Гердердің, Ф. Шиллердің, И. Гетенің, Г. Гейненің және басқалардың тікелей ықпалы болды. Ең негізгі алдынғы қатарда классикалық философияның өкілдері И. Кант, Г. Гегель, Ф. Шеллинг, Л. Фейербахтар болды. 

 

2.  К. Маркстің және Ф. Энгельстің диалектикалық материализмі, оның негізгі сатылары.

Марксизм философиясы  негізінен екіге бөлінеді: диалектикалық  және материалистік материализм болып. Осы орайда диалектикалық материалистік концепция анықталған тұтастық ретінде  айта кеткен жөн.

Маркс пен Энгельс өзінің концепциясында философ Гегель, сондай-ақ Фейарбахтың біржақтылықты жағдайларын, шектеулі тұстарын асып өтуге тырысты.Олар гегелдік диалектика мен фейербахтық материализмді синтездей отырып, бұл философиялық ілімді түбірімен қайта өндеп шықты.

Маркс пен Энгельс күнделікті практикалық іс әрекеттерде, табиғат  пен қоғам арасындағы айқын өмір процессінде орын алып жататын Гегельдің нақтылы және логикалық талдау жасалынған фундаметальдық диалектикасына негізгі назарды аударды. Диалектикалық зандылықтардың сырына үнілгендігін олардың кез келген еңбегінен көруге болады. Ф. Энгельс “Анти-Дюринг” және “Табиғат диалектикасы” атты еңбектерінде толық, ретімен және айқын түсіндіруге тырысты, яғни өлі заттар мен тірі табиғат арасындағы, қоғам дамуындағы, рухани шығармашылықтағы диалектиканың заңдылықтары мен категорияларының мәнің, соңымен қатар марксистік көзқараста әлемді түсінудегі маңызының зор екендігін айтты.

Әлемді механикалық зандылықтардың негізінде түсіндірмекші болған, алдынғы кезенде өмір сүріп кеткен материалистерден айырмашылығы, Маркс пен Энгельс құбылыстардын ақиқаттылығын түсіндіруде зандылықтардың көптүрде болатындығын айтты. Олардың ойынша, әлем, материя әрдайым қозғалыс пен даму үстінде, яғни табиғаттың барлық заттары мен құбылыстарына және әлеуметтік ортаға тән қарама-қайшылықтардың күресінен тұрады.

Информация о работе Философияның пәні және әдісі