Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат
Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.
Дүниеге көзқарас – ол интегралды
білім беру.Оның құрамына жалпылы
білімдер кіреді: өмірлік – практикалық
күнделікті, кәсіби, ғылыми. Дүниеге
көзқараста адамзат өмірінің барлық
жақтары мағыналанады,нақты
Дүниеге көзқарас – ол сананың жинақы формасы, ол адамзат тәжірибесінің әр түрлі қабаттарын қамтиды. Дүниеге көзқарас уақыттың, нақты орынның және күнделіктінің тар жиектерін өзгерте алады, бұрын өмір сүрген және болашақта өмір сүретін адамдармен нақты адамды жақындастырады.Дүниеге көзқараста адамзат өмірінің мағыналы негізін түсіну тәжірибесі жинақталады, жаңа ұрпақ адамдары арғы атаның, атаның, әкелердің, замандастардың рухани өмірінің кейбір жерлеріін сақтай отырып, кейбіріне қарсы шыға отырып араласады.
Рух пен материяның қарым – қатынасы туралы сұрақтың шешілуіне байланысты дүниеге көзқарас идеалистік және материалистік, діни және атеистік болады.
Адамгершілік – психологиялық көзқарастан оптимистік және писсимистік болып дүниеге көзқарас мінездемеленеді.Дүниеге көзқарас сонымен бірге тар мағынада да қолданылады: философиялық, саяси, өнерлік дүниеге көзқарас бөлінеді, сонымен бірге дәрігерлік, физикалық және т.б.
Таптық қоғамда феодалдық, буржуазиялық, крестьяндық, пролетарлық дүниеге көзқарас болуы мүмкін.
Әр дәуірде дүниеге көзқарас жүйесінің әртүрлі типтері қалыптасқан. Олардан мыналарды көрсетуге болады:
1. Космоцентризм, көне демократиялық философияның негізгі сипаты болып табылады. Табиғат құбылыстарының және денелердің көптігінен б.д.д. 7 – 6ғғ. эллиндік данышпандар бір мәнді табуға ұмтылған. Космостың таусылмас күші, үйлесімділігі гректердің көзімен қоғамдық дүниенің негізі, көмегі ретінде көрінген.
2. Теоцентризм, ол орта ғасыр философиясы мен мәдениетіне тән. Бұл кезеңде орта ғасырлық ойлаудың негізгі ұғымдары Құдаймен байланысты болды.
3. Антропоцентризм, 14 – 16 ғғ. қайта өрлеу дәуіріне тән. Бұл уақытта адам Әлемнің орталығы болып табылады.
2. Дүниеге көзқарастың құрылымы.
Дүниеге көзқарас интегралды білім болып табылады. Дүниеге көзқараста танымдық, құндылықтық жүйелер және олардың байланыстары берілген.
Дүниеге көзқарастың құрылымдық компоненттерін көрсетуге болады:
- біріншіден, ол дүниенің тұрақты көрінісі, онда дүние туралы нақты – тарихи көріністер беріледі;
- екіншіден, идеалдар жүйесіне сүйенетін өмірді бағалау;
- үшіншіден, құндылықтар жүйесіне бағытталған мақсатты көрсететін идея.
Осылайша философиялық дүниеге көзқарастың мәнін үш «бастапқыдан»: шындық, құндылық, мағынадан тұратын дүние құрастырады.
Дүниеге қөзқараста интеллектуальды
және эмоциональді құрастырушылар көрсетіледі.
Дүниеге көзқарастың
Дүниені сезіну адам мен
дүниені байланыстыратын
Философия мен ғылым жататын дүниеге көзқарастың теориялық деңгейі ойлар мен әрекеттерді қалыптастыратын көзқарастарды мағыналандыру мен негізгі сыни анализді жасайды. Ол адамға әртүрлі нақты жағдайда көмектесетін дүниеге көзқарасты толықтыруды үнемі жасау керек.
3.Философиялық дүниеге көзқарас, оның пайда болуының алғышарттары.
Философия дүниеге көзқарастың теориялық деңгейін құрайтын негізгі формасы болып табылады. Дүниеге көзқарастың философияға дейінгі формалары мифология мен дін.
А) Мифология дүниеге көзқарастың формасы ретінде.
Мифология – ол қоғамдық
сананың формасы, қоғамдық дамудың
алғашқы сатыларындағы
Миф адамзаттың рухани мәдениетінің көне формасы ретінде діни сенімдерді, саяси көзқарастарды, өнерді, философияны жинақтады. Мифтегі ойлар нақты эмоциональді, саяси образдарда және метафораларда көрсетілді. Мифологияда табиғат құбылыстары және мәдениеттер жақындасты, адамдық сипаттар қоршаған дүниеге, космосқа, басқа табиғат құбылыстарына ауысты, жандандырылды, адамдандырылды. Бұнда дүние мен адамның, ой мен эмоцияның, білім мен шығармашылық образдың, идеалдық пен заттылықтың, объективті мен субъективтінің нақты шекаралары болмады.
Мифологияда дүниеге көзқарастың сұрақтардың негізгі шешілу принципі болып генетикалық табылады. Дүниенің негізі туралы, табиғи және қоғамдық құбылыстардың пайда болуы туралы түсініктері кім кімді тудырды мәселесіне әкелінді.
Миф көптүрлі функцияларды атқарды. Оның көмегімен бұрынғы қазіргімен, болашақпен байланысты, ұрпақтардың рухани байланысы қамтамасыз етілді. Мифологиялық сана сонымен бірге табиғат пен қоғамның, дүние мен адамның бірлігін іздеді, қарама – қарсылықтардың, үйлесімділіктің, адамзат өмірінің ішкі келісімін шешуді қамтыды.
Б) Дін дүниеге көзқарастың формасы ретінде.
Дүниеге көзқарастың екінші тарихи қалыптасқан түрі болып дін табылады.
Дін – ол дүниеге көзқарас және дүниені сезіну, сонымен бірге құдайдың немесе рухтың баарына сенімнің негізделген спецификаалық іс - әрекеттер. Дін өзіне мазмұндық элемент ретінде мифологияны жатқызады, ол одан жоғарғы жаратылыстың қарым қатынасына бағытталған дәстүрлі іс - әрекеттермен, догмалармен, бекітілген ритуалдармен ерекшеленеді.
Дүниетанымдық конструкциялар дәстүрлі жүйеге қосыла отырып сенім туралы мазмұнды ие болады. Дін дәстүрдің көмегімен махаббат сезімін, жақсылықты, шыдамдылықты, қайрымдылықты, борыштылықты, әділдіктің негізгі құндылығын көрсете отырып, олардың барлығын қасиеттімен, жоғарғы күшпен байланыстырады. Ол дүниеге көзқарасқа негізгі рухани – практикалық мазмұн береді.
Діни – мифологиялық көзқарастың тарихи ерекшеліктері адамдардың шындықты түсінуінің денгейінің төмендігімен, табиғаттың танылмаған, бағынбаған күштері мен қоғам дамуының бағынбауымен, сонымен бірге оның танымдық аппаратының толық дамымауымен байланысты.
В) Философия дүниеге көзқарастың формасы ретінде, оның айрықша ерекшеліктері.
Үшінші тарихи қалыптасқан дүниеге көзқарастың формасы ретінде философия табылады. Ол мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалдық бағалаудан, зерде позициясынан туындады. Философия – ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас. Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады, ол ұғым мен пікірге сүйенеді.
Философия дүниеге көзқарастың иетеллектуалдық аспектілерін бірінші орынға қойды, қоғамдағы дүние мен адамды танудағы қажеттіліктің өсуін білім тұрғысынан көрсетті.
Шындықты философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі себебі болып универсализм табылады. Философия – ол болмыстың жалпылы негізін тану формасы. Ол мәдениеттің барлық тарихында жалпылы білім немесе рухани – адамгершілік өмірдегі жалпылы принциптерді жасауға ұмтылған.
Шындықты түсінудегі философиялық тәсілдіңкелесі ерекшелігі субстанционалдық табылады. Субстанция, яғни мән – ол заттардың сезімдік көптүрлілігін және олардың құрылымының өзгермелілігін бір тұрақтылыққа, өзіндік өмір сүруге әкелу. Субстанционалдық философтардың дүниенің құрылымы мен дамуын бір нақты бастамадан екендігін түсіндіруге ұмтылуынан көрінеді.
Енді бір философиялық ойлаудың негізгі ерекшелігі болып күмандану табылады.Философия алғашқыда – ақ күнделікті сананы, дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған.
Тапсырмалар:
1. Дүниеге көзқарас ұғымына анықтама беру.
2. Мифтің белгілі анықтамаларын салыстыру.
3. Мифологиялық сананың ғылыми және философиялыққа өтуінің әртүрлі ұсыныстарын қарастыру.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1. Дүниеге көзқарастың қандай түрлері бар, дүниеге көзқарастың ауысуы немесе дамуы неден тәуелді ?
2. Философиялық дүниеге көзқарастың негізгі белгілері мен ерекшеліктері қандай ?
3. Миф және мифологиялық көзқарастың қандай анықтамаларын білесіз ?
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгісі:
1. Миголатьев А.А. Философия. М…,2001г.
2. Мамардашвили М.К. Как я понимаю философию.М.,1990г.
3. Касабек А.К. Предмет философии: история и современность.Предмет и специфика философского знания на арене 20 века. Алматы,2000г.
4. Ортега – и – Гассет Х. Что такое философия ? М., 1991г.
Қосымша:
1. Зорин В.И., Заринова И. Мудрость – любовь моя. Акмола,1996г.
2. Лосев А.Ф. Дерзание духа. М., 1989г.
3. На переломе. Философские дискуссии 20-х годов: Философия и мировоззрение.М., 1990г.
4. Ильенков Э.В. Философия и культура. М., 1991г.
№ 2 дәріс тақырыбы:
«Философия функциялары. Мәдениет жүйесіндегі философияның орны.»
Жедел – дәріс материал:
1. Философия ғылым ретінде.
Философия – ол қоғамдық сана формасы; адамның дүниеге қатынасы туралы, болмыс пен танымның жалпы принциптері туралы ілім; табиғат, қоғам, ойлаудың дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Әрбір ғылым сияқты философияның зерттеу объектісі және пәні, өзіндік ұғымдары, өзінің негізгі сұрағы, құрылымы, функциялары, зерттеу әдістері бар.Ол басқа ғылымдармен тығыз байланыста - әлеуметтік, гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану. Философия басқа ғылымдардың методологиялық негізі ретінде шығады, ол барлық ғылымда қолданылатын ғылыми танымның жалпылы әдістері.
Дүниені философиялық түсіну әртүрлі философиялық теориялар қалыптасуымен жүреді. Теория ұғымы кең мағынада құбылыстарды түсіндіруге бағытталған идеялар, көзқарастар жинағын білдіреді. Теория тар мағынасында – ол ғылыми білімнің ұйымдасуындағы жоғарғы, дамыған формасы.
Әрбір философиялық теория практикада міндетті түрде тексерістен өтеді. Практика – адамның материалды, сезімдік-заттық, мақсаттанған іс-әрекеті.
2. Философияның объектісі және пәні.
Ғылыми және философиялық әдебиеттерде «объект»термині «субъект» терминімен әрқашанда қарым-қатынаста. Субъект – объектіге бағытталған заттық-практикалық іс-әрекетті және танымды алып жүруші. Зерттеуші субъект болып жеке индивид және бүтін әлеуметтік топ табыла алады. Объект – ол танымдық іс-әрекетте субъектіге қарсы тұрушы. Философиялық зерттеудің объектісі ретінде барлық объективті шындық, барлық материалдық және рухани дүние, және адам табылады.
Көне грек философиясының
зерттеу объектісі табиғат
Әрбір ғылым пәні – ол зерттеу іс-әрекетінің нәтижесі. Философияның пәні болып табиғат, қоғам дамуының жалпы заңдары, қоғам және адам ойы табылады. Кейбір кездерде философиялық зерттеудің пәні ретінде қазіргі кезде немесе нақты дәуірдегі мәселелер түсіндіріледі.
3. Философияның негізгі сұрағы.
Дәстүрлі түсіндірілуде Ф.Энгельстың ұсынуымен философияның негізгі сұрағы болып ойлаудың болмысқа қатынасы сұрағы табылады. Оның екі жағы бар. Бірінші жағы мынадай сұрақта көрінеді – не бірінші, ал не екінші, өндірілген – рух немесе табиғат, сана не материя ?
Осы сұраққа жауап берілуден үш философиялық бағыт пайда болған: материализм, идеализм, дуализм. Материализм – ол философияның негізгі сұрағын материя, табиғат, болмыс бірінші деп, ал рух, ой, сана, психикалық, субъективтіні материяның қасиеті деп санайды.
Материя – дүниедегі барлық тіршілік ететін объектілер мен жүйелердің шексіз көпшілігі, қозғалыс формаларының, қатынасының, байланыстардың субстраты. «Материализм» ұғымына жақын «натурализм» ұғымы болып табылады – ол барлық мәнді түсіндіретін жалпылылық ретінде, бір бүтін ретінде табылатын табиғатқа, дүниеге деген көзқарастар.Идеализм – ол сананы, ойды, руханилықты бірінші деп, ал материя, табиғат, физикалық – екінші, тәуелді деп тұжырымдайтын философиялық ілім.