Философияның пәні және әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 17:35, реферат

Описание

Философияның бұл үш мағынасы оның тарихында мәселе түрінде, немесе “философия” ғылым ба, әлде рухани қызметтің өз алдына саласы ма деген тұрғыда қойылып келеді.
Философия адамның дүниеде болуының көптүрлі формалары мен жолдарын, сол формалар мен жолдардың ең алдымен мәнділігі мен мәндігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басының өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызмет.

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (2).docx

— 186.95 Кб (Скачать документ)
fy">Философиялық мәселелерді  шешуде онтологиялық тәсілдің дамуы  Демокриттің (460-370жж.б.д.д) атомизмімен  байланысты.Демокриттің онтологиясы екі негізгі тұжырымнан тұрады:

1.     Барлық заттар атомдардың құрылысынан жасалынады: дүниенің барлық көптүрлілігі олардың қосылысы мен бөлінуінен шығады, сондықтан заттар өздерінің атомдарының санымен, формасымен, тәртібімен және жағдайымен ерекшеленеді.

2.     Атомдар қоршаған бос жерде мәңгі қозғалады: Бір атомның алатын орны басқа атомға қатысты кездейсоқ болып табылады. Демокриттің теориясы спекулятивтік мазмүнда, өйткені атомдар сезімдік қабылдауда кездеспейді; бірақ ол элеаттармен қойылған қозғалыстың және көптүрліліктің тіршілік етуі проблемасын шешуге талпыныс болды.  

 

 

   4.Софистер және  Сократ философиясындағы адам  мәселесі.

Өзінің қалыптасу кезеңінде  адамның танымы объективті дүние  бағытталған. Қоғамдық өмірдің өзгеруі, жаңа қоғамдық қажеттіліктердің туындауы, білім көлемінің философияда  жинақталуы философиялық мәселелердің дамуында әрі қарай қадам жасады. Табиғатты қарастырудан кейін адам мәселесі, оның өмірін әр қырынан қарастыруға көшті. Философияда жаңа бағыт пайда болды, оның өкілдері софистер және Сократ.  

Софистер термині б.д.д. 5-4 ғғ. көне грек ойшылдарының тобын айтады. Оның көрнекті өкілдері Протагор, Горгий, Гиппий, Антифонт. Б.д.д. 4 ғ. екінші жартысынан «софист» сөзі философия оқытушысын, философ-профессионалдың негізгі түрін білдірді.  

Софистер даналықты өздеріне қажетті, пайдалыны дәлелдейтін  біліммен, дағдымен байланыстырған. Олар барлық жағдайларда дәлелдеуге болатынды, барлығын дәлелдеуге болатындығын тұжырымдады.   

Софистер философиясында адам жалғыз болмыс болып табылады. Олардың тұжырымы бойынша адамнан  тыс болмыс тіршілік етпейді, адам тек қана өзінен ақиқатты таба алады. Софист Протогор мынандай ой айтқан: «Адам барлық заттың өлшемі.» Софистер құқықтық нормалардың мемлекеттік заңдардың және моральдық бағалардың келісімділігін көрсетті.  

Софистердің шәкірті, кейін  олардың аппоненті болған Сократ (470-399жж б.д.д.). Сократ үшін барлық заттардың  өлшемі болып зерделі ойлы адам табылады. Адамның негізгі ерекшелігі болып  жоғарғы және нақты білім бере алатын зерде табылады. Бірақ білімді дайын түрде алуға болмайды. Адам оны табу үшін қажетті күштерді жұмсауы керек.  

Сократтың адам ойын тудыруға көмектесетін әдісі ретінде ирония табылады. Қоршаған ортаға ирониямен қарай отырып Сократ оларды жалпы қабылданған ақиқаттарға күман тудыруға шақырды және оларды ойлауға, өзіндік позиция жасауға шақырды. Осыдан Сократтың ойынша барлық білімдер адамда алдын ала бар. Адамның толық білімдері бар, сана барлық ақиқат түсініктерін өзінен алады. Философияның міндеті ол адамға жаңа өмірге келуге көмектеседі, дұрыс және ақиқи моральдық нормаларды табуға көмектеседі. 

 

 

 

5.Платон және  Аристотель – көне грек философиясының «шыңы». 

Алдында болған барлық философияға жүйелілік жасап үлкен жұмыс жасаған Платон (427-347жж б.д.д.) мен Аристотель (384-322жж.б.д.д.). Олардың жүйелерінде өткен ғасыр философиялық жүйелері анағұрлым жүйелік мазмұнды табады. Платон мен Аристотель көне грек философиясының дамуындағы классикалық кезеңге қорытынды жасайды.  

Платон объективті идеализмнің  аса көрнекті өкілі. Платон ойынша дүние  табиғаты бойынша екі жақты: онда өзгермелі заттардың көрінетін дүниесі және көрінбейтін идея дүниесі. Идеялар дүниесі ақиқат болмыс болып табылады, ал нақты, сезіммен қабылданатын заттар – ол болмыс пен болмыс еместің ортасы: олар идеяның тек қана көлеңкесі, көшірмесі.   

Идеялар – олар заттардың  образдары, әлдебір жоғарғы мәндер. Жоғарғы идея – ол абсолютті жақсылық идеясы немесе Әлемдік зерде. Дүние осы зердеменжасалған, ол оған тәртіп пен өлшемді әкеледі. Платонның ойынша адамның жаны ол туылғанша таза ойлар және әсемдік патшалығында болады. Одан кейін ол күнахар жерге түседі, онда адам денесінде тұтқын ретінде уақатша болып идеялар дүниесін есіне алады. Жан өмірінің негізгі мәселелерін туылмай түрып шешеді: жарыққа келгенде білу қажет нәрселердің барлығын біліп туылады. Жан ол мәңгілік мән; ойлау процесінде ол активті, іштей қарама-қарсы, рефлексивті. Платон жанның идеялар патшалығында білгенін, көргенін сақтау қажеттілігін негіздейді. Ұмытылғанды және аса құндыны қайта жаңғырту – ол ұғыну, сүйіспеншілік және махаббат. Аристотель Платонның шәкірті болса да өзінің ұстазымен келіспейтін принципиальды сұрақтары болған. Ол платондық сезімдік заттар дүниесі мен идеялар дүниесінің арасын ашуды асып өтуге ұмтылды.  

Объективті материяның бар  екендігін мойындап, Аристотель оны  мәңгі, қайталанбайтын, жойылмайтын  деп санады. Бірақ материя жалғыз өзі пассивті, инертті, ол тек заттардың  көптүрлілігінің шынайы пайда болуының мүмкіндігін ғана көрсетеді. Осы мүмкіндікті шындыққа айналдыру үшін, материяға келісімді форма беру керек. Форма - о– активті творчестволық фактор, ол бір типті материялардан заттардың құрылу себебі. Дүниенің негізгі қозғаушы күші Құдай дүниенің шыңы ретінде, барлық формалардың формасы ретінде анықталады.    

Құдай сонымен бірге барлық бастамалардың бастамасы, бірінші себептілік. Ол дүниеге мақсат пен тапсырманы береді. Осымен қатар заттар негізінде – материалдық, формальды және қозғалмалы себептер жатыр. Мақсатты себептілік материалдыққа қарағанда қозғалмалыны және мақсаттылықты қамтиды. Бірақ Аристотельде Құдай барлық жерде емес. Адамға сана берілген, дүниені тани отырып адам өз өмірінің саналы өлшемін табуы керек.   

Аристотельдің көзқарастарының  негізінде шәкірттері дамыта отырып, аристотелизм бағыты пайда болды: тар  мағынада – ілім, кең мағынада –  Аристотельдің шығармаларын түсіндіру, тарату. 

 

6.Эпикур және  стоицизм философиясындағы дананың  көне антикалық идеалы.

Грек философиясының дамуының классикалық кезеңін Аристотель аяқтайды. Эллинизм кезеңінде (4 ғ. б.д.д. – 5 ғ. б.д.) философияның дүниетанымдық  бағыты өзгерді, оның қозғаушылығы жеке адам өміріне бағытталады. Платон мен Аристотельдің Әлеуметтік этикасы эпикурліктердің индивидуальды этикасына орын береді – Эпикур ілімін жалғастырушылар мен стоиктер – стоицизм өкілдері. Эллинизм философтары бақытты өмірдің негізгі жағы деп адамның сыртқы орта билігінен және саяси сферадан босануын есептеді.    

Эпикурдың философиялық-этикалық жүйесі индивидтің бақытты өмірге жетудегі мүмкіндік пен қажеттілік туралы идеяны негіздеуге бағытталған. Ол үшін адам құдайлар мен өлім алдындағы қорқынышты жеңіп шығуы керек, өзінің тілектеріне қатысты іс әрекет жасауда сенімді болуы керек. Адам үшін жоғарғы жаксылық болып ләззатқа жету табылады. Бірақта ұзақ та, мықтысы рухани ләззат алу, достық және білім сияқты.

Рахаттанудың жоғарғы  формасы – ол жанның толық тыныштықтағы жағдайы, осы өмірдегі барлық проблемалардан қашу – атараксия.  

Стоицизм барлық тіршілік етушінің алдын ала анықталуы мен шығады. Табиғат пен қоғамда болып жатқан барлық жағдайлар қатал заңдылықтарға бағынады.   

Адам заттар тәртібінде ештеңені өзгерте алмайды. Стоицизм этикасының бірінші принципі – саналы түрде табиғатпен бірге өмір сүру, өйткені табиғат зердеге тепе-тең.  

 

 

   7. Кинизм философиясы  және антика философиясының құлдырауы.

Көне грек философиясының құлдырауы мен терең дағдарысқа ұшырауының көрінісі киниктер философиясы болды. Осы атпен көне грецияның сократтық мектебі аталды, олардың аса көрнекті өкілдері болып Антисфен, Кратет, Диоген Снопский табылады.  

Антисфен байлық пен ләззатқа бағытталған кейбір қажеттіліктерден бас тартты, ол табиғатқа жақын болуға шақырды. Оның ойынша үкімет, жеке меншік, неке болмауы керек. Ол қарапайым адамдармен араласты, солар сияқты киініп, сөйледі. Оның ізбасарлары құлдыққа қарсы болды.   

Антисфеннің оқытушысы –  Диоген моральдық еркіндік тілектерімізден  құтылғанда табылады, байлыққа ұмтылмаудан қорқыныштан арылуға болады. Дүние жаман, сондықтан одан тәуелсіз өмір сүру керек.   

Киниктер философиясы  антика философиясының құлдырауын білдірді, өйткені көне грек қоғамының рухани және әлеуметтік-саяси өмірінің құлдырауын көрсетті. Әлеуметтік тұрақсыздық және полистің құлдырауы, әлеуметтік қақтығыстардың тоқтатылмауы, саяси деспотизмнің басым болуы мәдениет пен философияның құлдырауына әкелді. Олар рационализмге және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке негізделген. 

 

 

 

Тапсырмалар:

1.     Көне грек мәдениетінің, мифологиясының ерекшеліктерін анықтау.

2.     Бірінші грек философтарының Фалес, Гераклит, Демокрит т.б. көзқарастары мен идеяларының негізгі мәселелерінің ерекшеліктерін түсіну. 

 

Өзін өзі тексеру  сұрақтары:

1.     Антика философиясының ерекшелігі неде және оның негізгі мәселелері қандай ?

2.     «Сократқа дейінгілер » деген кім және олардың философиясының ерекшелігі неде ?

3.     Философиядағы «адам мәселесін» кім ашты: софистер не Сократ.

4.     Платон ілімін Аристотельдің сынауының себебі неде және философиялық білімнің дамуында Аристотельдің ролі қандай ?

5.     Платон ілімінің қандай жақтары батыс философиясына мазмұнды болды?

6.     Эпикуреизм, скептицизм, стоицизм ілімдерін не байланыстырады?

7.     Антика философиясын неге неоплатонниктер ілімі аяқтайды? 

 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

 

Негізгі:

1.     Аристотель. Аналитики. М., 1998г.

2.     Аристотель. Политика. М., 1998г.

3.     Античная литература. Греция. Антология.  М., 1989г.

4.     Философия древности и средневековья. М., 1995г. 

 

Қосымша:

1.     Виндельбанд В. История древней философии. К., 1995г.

2.     Иегер В., Тайдей А. Воспитание античного грека. М., 1997г.

3.     Рассел Б.  Мудрость Запада: исторические исследование в связи с общественными и политическими обстоятельствами. М., 1998г.

4.     Хайдеггер М.  Учение Платона об истине. Времия и бытие. М., 1993г.

5.     Лосев А.Ф. Античная философия и общественно-историческая формация. Два очерка. Античность как тип культуры. М., 1987г. 

 

№ 4 дәріс тақырыбы:

«Орта ғасыр философиясы.»  

 

Жедел-дәріс материал:

1.     Орта ғасыр европа философиясының шығуының тарихи жағдайы.

Орта ғасыр европа философиясы  философия тарихында мазмұнды, қажетті  кезеңді алады, ол 5-15 ғғ. қамтиды. Б.б. 5 ғ. аяғында Батыс Рим империясы сібірден келген герман тайпаларымен басып алынды, олар өздерінің жеке мемлекеттерді солардың территориясына көшірді. Осы уақыттан бастап Батыс европада жаңа қоғамдық құрылыс – феодализм дамыды, оның  негізгі белгісі болып жерге феодалдық жеке меншік табылады. Біртіндеп ерікті  крестяндарды ығыстырып, оларды жер иелері – феодалдарға бағындыру жүрді.  

Феодалдық коғамның негізгі  идеологиясы болып христиан діні орнықты, ол 4 ғ. рим империясының негізгі діні болып нақтыланды. Осы уақытқа нақты христиан ілімдері және рим папасы басқарған шіркеу құрылды. Қоғамдағы негізгі роль үшін феодалдар арасында күрес жүре басталды.    

Орта ғасыр кезеңінің  философиялық ойларының дамуы діни мәселелерге толы болды. Шіркеу ғылыми білім мен білім беру процесінің дамуына тікелей ықпал жасады. Осындай жағдайда философия тек қана шіркеуге байланысты дамыды. Оның мағынасы мен дамуы түгелдей теологиядан ықпалды болды.  

Орта ғасыр философиясы  тарихында екі кезеңге бөлінеді: патристика (6-10ғ.) және схоластика (11-15ғ.). Патристика теологиялық, философиялық және саяси-әлеуметтік доктриналардың бірлігін көрсетеді. Схоластика – діни философияның бір түрі. Ол Батыс Европада толық даму мүмкіндігін алды. Жалпы орта ғасыр философиясы мынадай жақтарымен ерекшеленеді:

-         біріншіден, оған библиялық традиционализм мен ретроспективтілік тән болды, Библия әр философиялық теорияның бастамасы және бағалау өлшемі болды;

-         екіншіден, Библия Құдайдың заңдар жинағы ретінде түсіндірілді, негізгі мағынаны экзегетика – Заветтің ережелерін түсіндіру мен дұрыс талқылану өнері алды;

-         үшіншіден, орта ғасыр философиясына өсиеттік және ұстаздық тенденциялар тән болды. 

 

2.     Діни-философиялық дүниетанымның негізгі принциптері.

Христиан ілімінің негізгі ережелері діни философияда және теологияда басқарушы бекітулер формасын алады. Христиан дүниетанымының негізгі идеясы болып Құдай идеясы табылады. Орта   ғасыр дүниетанымы теоцентрлік, өйткені христиандық үшін әлемдегі барлық мән болып жоғарғы бастама Құдай табылады. Сондықтан даму, тарих мазмұны және дүниетаныым, адамзат мақсаттары және құндылықтар тарихи және күнделікті жағдайлардан жоғарлап негізгі әлемдік ракурстан жоғарлайды. Бұл негізгі діни-философиялық принцип супранатурализм деп аталады. Ол христиан теологиясында мынандай принциптермен негізделеді: сотериологизм – адамның барлық өмір іс әрекеттерінің жанды сақтауға бағытталуы; ревеляционизм – құдайға ашықтылық принципі. Теоцентризм сонымен бірге креационизммен – дүниені құдай жаратты ілімімен, антропоцентризммен – Құдайдың жаратылуларының арасында адамның ролін ысыру ілімімен, провиденционализммен – адамның жоғарғы тағдырға белгілену ілімімен; эсхатологизммен – дүниенің ақыры туралы іліммен мінезделеді. 

 

3.     Фома Аквинскийдің философиялық ойлары. Құдай болмысын дәлелдеу.

Фома Аквинский (1225-1274жж.) – орта ғасыр философиясының орталық  фигурасы, көрнекті философ, ортодоксальды  схоластиканы жүйелендіруші, томизм бағытының  негізін қалаушысы. Ф.Аквинскийдің философиясының негізгі категориясы  болып болмыс табылады. Ол бар және ол ақиқат. Соңғы шындық болып Құдай табылады және оның күші үнемі іс-әрекетте.  

Информация о работе Философияның пәні және әдісі